Мемлкет және құқық туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.

Содержание

1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі және теориялық негіздері
4.Құқықтық норма, оның құрылымы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық лекция.docx

— 134.61 Кб (Скачать документ)

Ішкі мемлекеттік заемдарды ерікті, қайтарымды және ақылы түрде жеке және занды тұлғалардан алу кезінде мемлекет борышқор, ал тұлғалар қарыз берушілер болып есептелінеді.

Сыртқы мемлекеттік заемдар барысында мемлекет қарыз алушы немесе қарыз беруші ретінде болуы мүмкін. Мемлекеттік несиенің тағы бір өзіне тән ерекшелігі, оның бір уақытта тиісті бюджеттің кірісі және шығысы түрінде көрініс табуы. Мемлекеттік несиені екі тұрғыдан, яғни экономикалық және құқықтық категориялар ретінде қарастыруға болады. Экономикалық категория ретіңде мемлекеттік несие деп, мемлекеттің заңды және жеке тұлғалардың ақша қаражаттарын уақытша пайдалану үшін оларды ерікті, ақылы түрде және кайтарымды негізде бюджет тартуына байланысты туындайтын экономикалық қатынастардың жүйесін айтамыз. Ал құкықтық категория ретінде, мемлекеттік несие дегеніміз, бюджетті қалыптастыру, бюджеттік тапшылықтарды жою және ақша айналымын реттеу мақсатында, ерікті, ақылы, қайтарымды, мерзімді негізде мемлекеттің занды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын бюджетке жұмылдыру барысындағы құқықтық қатынастар. Ішкі мемлекеттік заемдар облигация, қазынашылық бондар немесе қазынашылық вексельдер нысанында болады.Енді банктік несие немесе мемлекеттік кредиттеу туралы. Мемлекетімізде бірінші деңгейдегі ¥лттық Банктен басқа екінші деңгейдегі мемлекеттік банктер де (өзге банктер де) бар екенін білеміз. Осы мемлекеттік банктердің негізгі атқаратын қызметтерінің ішіндегі ең бастысы несиелеу, яғни банктік ссуда беру болып табылады. Мемлекеттік банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік органдары болғаңдықтан өз қызметтерін жүзеге асыру барысында мемлекет мүддесін көздейді, ал табатын табыстары мемлекеттік орталықтандырылған ссудалық қорын қалыптастырады.Сонымен банктік несие (кредиттеу) деп, несие беруші банктің (кредитор) карыз алушы тұлғаға (клиентке) озінін ссу-далык қорынан акша қаражаттарын белгілі мерзімге, акылы түрде және кайтарымды негізде уакытша пайдалануға беруін айтамыз. Банктік несие беру тек кредиттік шарттың негізінде жүзеге асырылады. Кредиттік шарт дегеніміз, банктік ссуда беру жөнінде қарыз беруші банк (кредитор) пен қарыз алушы - клиенттін арасында жасалған келісім.

Банктік несие беру кезінде мына келесі бірнеше қағидалар басшьшыққа алынады: жоспарлық, мақсаттылық, материалдық.

9- дәріс. Қазақстан Республикасының  салық құқығының негіздері 

 

1.Салықтық құқық, оның әдістері

1.Салықтық міндеттеме, оны орындау

3.Салықтық бақылау, оның түрлері

4. Инвестициялық қызметті құқықтық  реттеу 

 

1.Салықтық құқық, оның  әдістері

Салық құқығы - заңды және жеке тұлғаларыдан заң жүзінде белгіленген салықтар және басқада бюджетке төленетін міндетті төлемдерді алу кезінде туындайтын қатынастарды реттейді Еліміздегі салықтық қатнастар «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдар туралы Кодексімен» (2009ж) реттеледі.

   Салық құқығы нормалары  мемлекеттің салық жүйесін белгілейді, мемлекеттік салық қызметі органдарының  құрылымын айқындап, олардың салық  салу аясындағы құзыреттерін  белгілейді, сондай-ақ салықтарды  белгілеу, алу және осы процестің  заңды негізде жүзеге асырылуына  салықтық бақылау жүргізу қағидаларын  айқындайды. Мемлекеттің салықтық  қызметінің негізгі бағыттары: 1) салықтар мөлшерін белгілеу; 2)мемлекеттің  салықтық құрылымын айқындап, оның  қалыпты қызметін қамтамасыз  ету; 3)салықтық міндеттемелердің  орындалуын бақылау; 4)салықтың төленуін  қамтамасыз ету, төленбеген жағдайда  күш қолдану; 5)салық заңдарын  бұзғаны үшін  жауапкершілікке  тарту негіздерін белгілеу; Салықтар  мен басқа да міндетті төлемдерді  белгілеу мен өтеудің негізгі  принциптері:

1) Салықтар мен басқа да төлемдердің  жалпыға міндеттілігі;

2) Салықтар,  міндетті төлемдердің  мөлшерінің нақтылық принципі;

3) Салықтық міндеттемелерді белгілеудің  әділеттілік принципі, салықтар  мен басқа да төлемдерді белгілеу  мен өтеуде ешкімге жеңілдіктер  қарастырылмайтындығынан және берілмейтінінен  көрінеді;

4) ҚР салық жүйесінің біртұтсатығы  принципі, белгіленген салықтар  мен міндетті төлемдер бүкіл  Қазақстан территориясында жалпыға  бірдейлігі;

5) Салықтардың жариялылық принципі, салықтар мен басқа ды төлемдер  туралы заңдар міндетті түрде  баспасөз беттерінде жариялануы; 

 Салық құқығының әдістеріне императивтік (өктем-әмірлі) және диспозитивтік әдістер жатады.Осы жерде, салық салу аясында мемлекет тарапынан баса қолданылатын әдіс императивтік әдіс болып табылады.

 Салықтар – жалпы мемлекеттік қажеттіліктерді  қанағаттандыру мақсатында заң негізінде және заңда белгіленген мөлшерде және уақытта заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын қайтарымсыз, ақысыз, міндетті төлем. Салықтар экономикалық категориялардың бірі болғандықтан мына қызметтер оларға тән болады: 

-фискальдық қызметі;

-қайта бөлу қызметі;

-реттеуші қызметі;

-бақылау қызметі.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағында алынатын салықтардың түрлеріне:

1.карпорациялық табыс салығы;

2.жеке табыс салығы,

3.қосылған құн салығы;

4.акциздер;

5.жер қойнауын пайдаланушылардың  салықтары;

6.әлеуметтік салық;

7.жер салығы;

8.көлік құралдары салығы;

9. мүлік салығы жатады.

 Жеке салықтар – салық  төлеушінің табыстарына салынатын  салықтар. Салық субъектісіне қарай  салықтар: жеке тұлғаларға салынатын  салықтар және заңды тұлғаларға  салынатын салықтар болып бөлінеді. Аумақтық деңгейіне байланысты  салықтар: жалпы мемлекеттік және  жергілікті болып бөлінеді. Жалпы  мемлекеттік салықтар республикалық  бюджетке, ал жергілікті салықтар  жергілікті  бюджетке кіреді.  Реттеуші салықтар  бюджеттерді  реттеу мақсаты мен жыл сайын  әр түрлі бюджеттерге ауысып  отырады. Пайдалану сипатына қарай  салықтар: жалпы және мақсатты  салықтар болып бөлінеді. Жалпы  салықтар бюджетке төленгеннен  кейін барлық бюджеттік кірістермен  араласып пайдаланғанда нақты  іс- шараларға қатыссыз жұмсалады. Мақсатты салықтар нақты іс  – шараларға жұмсалады. Мақсатты  салыққа мысал - әлеуметтік салық . Сонымен, Салықтар мен өзге деміндетті  төлемдердің арасындағы ерекшелік  салықтар баламасыз болса, алымдар  мен баждар және төлемдер біршама - баламалы (қызмет көрсетілгені  немесе құқық берілгені үшін) болып табылады. Қазақстан Республикасында салықтардан басқа міндетті төлемдер: алымдар, баждар, төлемақылар  алынады.

Алымдар-мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан өтінуші-келуші тұлғаларға  көрсетілген тиісті  қызметтер мен берілген құқықтар ,рұқсаттар үшін  сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын мақсатты-бағдарлы, біршама-баламалы, міндетті ақшалай төлемдер.Алымдарға,заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым тағы басқалар жатады.

Баждар- арнайы мамандандырылған құзырлы органдар тарапынан өздеріне өтінуші – келуші тұлғаларға қатысты жасалған заңи маңызы бар белгілі бір іс – қимылдар және берілген ресми құжаттар үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама – эквивалентті, міндетті ақшалай төлемдер. Мемлекеттік баждар төмендегідей бөлінеді: маусымдық; демпинкке қарсы; өтемдік; кедендік баждар.

Төлемақылар–мемлекеттік құзырлы органдар тарапынан өздерінен өтінішпен келуші тұлғаларға көбінесе материалдық көрініс табатын,  айрықша сипатта пайдалынатын белгілі бір объектілерді, немесе соларға байланысты рұхсаттарды, құқықтарды бергені үшін сол заңды немесе жеке тұлғалардан алынатын біршама – баламалы, міндетті ақшалай төлем. Қазақстан Республикасындағы төлемақылардың түрлері: жер учаскілерін пайдаланғаны үшін төлемақы; қоршаған ортаның ластанғаны үшін төлем ақы; су- ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы; орманды пайдаланғаны үшін төлемақы; сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақылар тағы сол сияқтылар. Салық төлеушінің құқықтары:

1) салықтар және басқа да төлемдер  туралы ақпарат алуға;

2) өз өкілі немесе салық консультанты  арқылы өз мүддесін қорғауға;

3) салықтық тексерудің қортындыларымен  танысуға;

4) бюджетке төленген салықтары  туралы есептің көшірмесін алуға;

5) салықтық орган қызметкерлерінің  қызметіне  және салықтық тексерудің  нәтижесіне наразылық білдіруге;

6) салықтық құпияны сақтауды  талап етуге ;

7) салық  мөлшерін белгіленуге  және оны төлеуге қатысы жоқ  құжаттарды көсетпеуге құқы бар.

Салық төлеушінің міндеттері:

1) салықтар және басқа да міндетті  төлемдерді заңда көрсетілген  мөлшерде және уақытында төлеуге;

2) салық органдары қызметкерлерінің  заңды талаптарын орандауға,

3) Салық салу объектісі болып  табылатын мүлікті салық қызметкерлерінің  талабы сай көсету, құжаттарын  тексертуге;

4) салық кодексінде көрсетілген  талаптарға сай салық төлегені  туралы есеп беруге;

5) сауда мен қызмет көсету  кезінде тұтынушылармен есеп  айырсуда  кассалық аппаратпен  чектер беру арқылы жұмыс істеуге  міндетті.

Салық агентінің міндеттері: 1)заңда көсетілген мөлерде және уақытында салық мөлшерін анықтау; 2) төленгент салықты бюджетке аудару;3) әрбір салық төлеуші және оның төлеген салығы туралы есеп жүргізу; 4) салық органдарына өз жұмысы туралы есеп беріп отыру;

Салық агентінің міндеттері: 1)заңда көсетілген мөлерде және уақытында салық мөлшерін анықтау; 2) төленгент салықты бюджетке аудару;3) әрбір салық төлеуші және оның төлеген салығы туралы есеп жүргізу; 4) салық органдарына өз жұмысы туралы есеп беріп отыру;

2.Салықтық міндеттеме, оны  орындау

Салықтық міндеттеме дегеніміз  салық заңдарына сәйкес салық төлеушінің мелекет алдындағысалықтар мен басқа да төлемдерді төлеу міндеттемесі. Салықтық міндеттемені орындау үшін салық төлеуші:

1) салық органдарына; 3)салық объектілеріне, заңда белгіленген салық ставкаларына  сәйкес тіркеледі;

2) Салық объектілерін есептейді  салық және басқа да міндетті  төлемдерді бюджетке төлейді; 4) салық  органдарына төлеген салықтары  туралы есеп береді; 5) белгіленген  салық ты дұрыс төлемеген жағдайда  пенялар мен айыппұлды төлейді. 6) Салық төлеуші салықтар мен  басқа да міндетті төлемдарді  мерзімінен бұрын төлеуге құқы  бар

3.Салықтық бақылау, оның  түрлері

Заңдылықтың сақталуын бақылау және қамтамасыз ету мемлекеттің басты қызметінің бірі. Салықтық тексеру мемлекеттік бақылаудың мамандандырылған, арнайы түріне жатады. Салықтық бақылау  сипаты жағынан күрделі ұйымдастырушылық жүйе болып табылады Ол бірнеше элементтерден  тұрады: 1) бақылау субъектісі; 2) объектісі; 3)салық салынатын мүлік немесе қызмет; 4)бақылаудың мақсаты; 5)бақылау әдістері мен тәсілдері; Салықтық тексерудің субъектісі мемлекеттік салық органдары мен оның қызметкерлері. Объектісі салық төлеуші жеке және заңды тұлғалар. Салықтық бақылаудың мақсаты:

1)Салықтар мен басқа да төлемдерді  заңда көрсетілген мөлшерде және  уақытта төленуін бақылау, салық  заңдарын бұзушылықты анықтау; 2) кінәлілірді жауапқа тарту; 3) дұрыс  төленбеген төлемдерді қайтартып  мемлекеттің мүддесін қорғау;4) Салық  заңдарын бұзуға жол бермеу;

Жүргізілу түріне қарай салықтық т ексеру екі түрге бөленеді: тікелей тексеру, салықтық тексеру салық объектісін тікелей тексеріп, салықтың мөлшерінің дұрыс белгіленгенін анықтайды; 2) Салықтық құжаттарды тексеру арқылы жүргізілетін тексеру, онда салықтың объектісі мен субъектісі тікелей байланысқа түспей-ақ жүргізіледі.

4. Инвестициялық қызметті құқықтық реттеу

Инвестициялық әрекетті негізінен Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» заңы реттейді. (  08.01.2003 ж.). Инвестициялар деп – кәсіпкерлік немесе басқа да қызмет объектілеріне салынатын, табыс табу немесе белгілі бір әлеуметтік нәтижеге қол жеткізу бағытталған материалдық және интелектуалды құндылықтарды айтамыз. Инвестициялар:  тұтыну, экономикалық , қаржылық және интелектуалды инвестициялар  болып бөлінеді. Тұтыну инвестициялары деп жылжымайтын мүлікті немесе ұзақ пайдаланатын тауарларды сатып алуды айтамыз. Ұзақ пайдалану тауарларына келешекте табыс әкелетін мүліктік құндылықтарды жатқызуға болады. Экономикалық инвестициялар – табыс табу мақсаты мен тауарлар шығару немесе қызмет көрсетумен байланысты  реалды активтерге қаражат салу. Қаржылық,  инвистициялар – табыс табу мақсаты мен бағалы қағаздараға қаражат салу. Интелектуалды инвестициялар – мамандарды дайындауға олардың біліктілігін арттыруға, тәжірибемен алмасуға салынатын қаражаттар. Меншік нысанына қарай инвестициялар: мемлекеттік және жеке меншік инвестициялар болып бөлінеді.

10-дәріс. Қазақстан Республикасының  еңбек және әлеуметтік қамтамасыз  ету құқығының негіздері 

 

1.Еңбек құқығы, принциптері, әдіс- тәсілдері

2.Жеке және ұжымдық еңбек  шарты

3.Еңбек даулары, оны құқықтық  реттеу.

4.Азаматтардың әлеуметтік қамсыздандыру  құқығы, әлеуметтік қамсыздандырудың  түрлері 

 

1.Еңбек құқығы, принциптері, әдіс-тәсілдері.

Еңбек құқығы дегеніміз – меншігі мен шаруашылық түріне байланыссыз жұмысшылардың барлық санаттарының еңбекке байланысты қоғамдық қатынастарын реттейтін құқық саласы. Еңбек қатнастарын реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексі»(15.05.2007 ж.) Еңбек құқығының пәнін еңбекке қабілеттілікті іске асыру, еңбекті ұйымдастыру мен басқару жөніндегі мемлекеттік және жеке ұйымдарда азаматтардың еңбегін қолдану барысында қалыптасатын жеке және ұжымдық қатнастар құрайды. Еңбек құқығы 4 түрлі әдіс арқылы реттеледі:

1) еңбек жағдайларын орталықтан  мемлекеттік реттеу;

2)еңбектегі құқықтық қатынастардың  шартты түрде ғана пайда болуы, өзгеруі және жойылуы;

3)еңбек қатынастарын реттеуге  еңбек ұжымдарын және кәсіподақ  ұйымдарын қатыстыру;

4)өзара міндеттемелерді орындау  мен еңбекті қорғау құқығын  қамтамасыз етудің ерекше тәртібі.

Еңбек құқығының принциптері- еңбек қатнастарын және олармен тығыз байланысты қоғамдық қатнастарды реттеу кезінде басшылыққа алынатын бастапқы постулаттар. ҚР конституциясында еңбек саласындағы қатнастарды құқықтық реттеудің мынандай принциптері белгіленген: еңбек бостандығы және өзінің еңбекке қабілеттілігіне еркін билік ету; қызмет пен кәсіп түрін таңдау мүмкіндігі; мәжбүрлі еңбекке тыйым салу және жұмыссыздықты  қорғау (Конст.24 бап); денсаулықты қорғау құқығы (Конст.29 бап), құқықтар мен бостандықтарды заңмен тыйым салынбаған барлық әдістермен қорғау құқығы, еңбегі үшін ешқандай кемітушіліксіз, жалақының ең төменгі мөлшерінен кем емес сыйақы алу құқығы (Конст. 24, 28 баптар), демалу құқығы ( Конст.24-бап) т. б.  Осы конституциялық прнициптермен қатар ҚР «Еңбек кодксінде»еңбек құқығының төмендегідей принциптері айқындалған :  
 1) адам мен азаматтың еңбек саласындағы құқықтарының шектелуiне жол бермеу; 
 2) еңбек бостандығы; 
 3) кемсiтушiлiкке, мәжбүрлi еңбекке және балалар еңбегiнiң ең нашар түрлерiне тыйым салу; 
 4) қауiпсiздiк және гигиена талаптарына сай келетiн еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету; 
5) өндiрiстiк қызмет нәтижелерiне қатысты алғанда қызметкердiң өмiрi мен денсаулығының басымдығы; 
  6) еңбегi үшiн жалақының ең төменгi мөлшерiнен кем емес, әдiлеттi сыйақыға құқығын қамтамасыз ету; 
7)тынығу құқығын қамтамасыз ету; 
8)қызметкерлердiң құқықтары мен мүмкiндiктерiнiң теңдiгi; 
9) қызметкерлер мен жұмыс берушiлердiң өздерiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғау үшiн бiрiгу құқығын қамтамасыз ету; 
10) әлеуметтiк әрiптестiк; 
11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау мәселелерiн мемлекеттiк реттеу; 
12) қызметкерлер өкiлдерiнiң Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүзеге асыру құқығын қамтамасыз ету болып табылады. Еңбек құқығының субъектілері жұмысшы мен жұмыс беруші. Бұлардың арасындағы қарым-қатынас келісімдік-шарттық негізінде құрылады. Мысалы, жұмысшы (қызметкер) еңбегі үшін шартта алдын ала келісілген жалақы алады немесе сол ұйымның тапқан пайдасының белгілі бір мөлшеріне ие болады. Еңбек құқығының негізгі институттарына жеке және ұжымдық еңбек шарты жатады. Жеке және ұжымдық еңбек шартына жеке тұлғалар мен ұжым қатысады. Бұлардың арасындағы қарым-қатынас келісім-шарттық негізінде құрылады, мысалға алатын болсақ, жұмысшы (қызметкер) еңбегі үшін шартта алдын ала келісілген жалақы алады немесе сол ұйымның тапқан пайдасының белгілі бір мөлшеріне ие болады. Еңбектік құқық қатынастарының өзіне тән мынадай белгілері болады: біріншіден, бұл қатынастар сол кәсіпорын, мекеме, ұйымның ішкі тәртібінің шегінде жүреді; екіншіден, бұл қатынастар тек қана жұмысшы (қызметкер) белгілі бір еңбек ұйымына кірген кезде ғана пайда болады; үшіншіден, жұмысшының (қызметкердің) еңбек ұжымына кіруі нақты заңды деректермен белгіленеді (жеке еңбек шартына тұрады, қызметкердің жұмысқа тұруы жөнінде бұйрыққа шығарылады); төртіншіден, еңбек қатынастары сол жұмысшының белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша жұмыс атқаратынын, ал кәсіпорын әкімшілігі аталған жұмыстың орындалуы үшін қажетті жағдай жасауын міндетіне алғандығын білдіреді. Жеке еңбекке негізделген еңбек түрлері, яғни меншік иесінің еңбегі, суретші, ғалым, жазушылардың еңбегі еңбек құқығының нормаларымен реттелмейді. Алайда бұлар белгілі бір еңбек ұғымында қызмет істесе, онда олардың еңбегі еңбектік құқықтық қатынастарға жатады. Сонымен, еңбектік құқықтық қатынастар дегеніміз – азамат бекітілген ішкі еңбек тәртібіне бағына отырып, белгілі бір жұмысты атқару үшін еңбек ұжымына кірген кезде пайда болатын өндірістік қатынастардың бір түрі. Демек, еңбектік қатынастарға жалданып еңбек етуге байланысты қатынастардың барлығы және сондай қатынастар, солардан пайда болатын басқа да қатынастар болады.Жұмыс берушілер мен барлық жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек қатнастарын реттейтін негізгі заң Қазақстан Республикасының «Еңбек кодксі»(15.05.2007 ж.)

Информация о работе Мемлкет және құқық туралы түсінік