Мемлкет және құқық туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.

Содержание

1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі және теориялық негіздері
4.Құқықтық норма, оның құрылымы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық лекция.docx

— 134.61 Кб (Скачать документ)

асыруға негізделген. Сайлауға қатысуға мәжбүрлеуге немесе азаматтың еркін шектеуге ешкімнің қақысы жоқ. Бұл принциптер ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі.  Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады.

Сайлау органдары: Сайлауды әзірлеу мен өткізуді ұйымдастыратын мемлекеттік органдар- сайлау комиссиялары. Сайлау комиссияларының жүйесі: 1)орталық сайлау комиссиясы; 2) аумақтық сайлау комиссиясы; 3) округтік сайлау комиссиясы; 4)учаскелік сайлау комиссияларынан тұрады. Сайлау комиссияларының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін саяси партиялардың ұсыныстары негізінде тиісті маслихаттар сайлайды. Әрбір партия тиісті сайлау комиссиясына бір кандидат ұсына алады. Ұсынылған кандидат ұсынып отырған партияның мүшесі болмауы қажет. Сайлау комиссиясын құруға бір ай уақыт қалғанға шейінгі мерзімде саяси партиялар өз кандидаттарын ұсынбаса, маслихаттар сайлау комиссиясының мүшелерін басқа қоғамдық ұйымдардан жоғары тұрған сайлау комиссиясыныі ұсынысымен сайлайды. Ұсынылған кандидаттар сайлау комиссиясының жұмысына қатысатыны туралы өтініштрін қоса тапсыруы керек.Сайлау комиссиясының төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы  оның алғашқы отырысында сайланады. Сайлау комиссиясын құру туралы шешім, оның құрамы,орналасқан жері бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады. Сайлау комиссиясының өз құзіреті шеңберіндегі қабылдаған шешімдерін тиісті аумақтағы барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар лауазымды адамдар орындауға міндетті. Орталық сайлау комиссиясы республикалық сайлау комисияларының біртұтас жүйесіне басшылық жасайтын  тұрақты орган болып табылады. ОСК президенттің ұсынуы бойынша Парламент Мәжілісі сайлайды және қызметтен босатады. ОСК төрағасын, оның орынбасарын және хатшысын мәжіліс сайлайды. ОСК аппараты құрылады. ОСК жұмысы мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

Орталық сайлау комиссиясының қызметі:

1)сайлау туралы заңның орындалуын  бақылайды, бірыңғай қолданылуын  қамтамасыз етеді;

2)өз құзіреті шеңберінде Республика  аумағында міндетті шешімдер  қабылдайды. Президент Парламент  Мәжілісі депутаттарының сайлауын  әзірлеуге, өткізуге басшылық жасайды;

3) парламент Мәжілісінің депутаттарын  сайлауға сайлау округтерін құрады, оларды нөмірлерін бекітеді, оны  ақпарат құралдарында жариялайды;

4)сайлау науқанын өткізуге жұмсалатын  шығыстардың сметасын жасап, оны  ҚР үкіметіне ұсынады;

5)сайлау комиссияларына басшылық  жасап, олардың шешімдерін жояды  немесе тоұтата тұрады;

6)республикалық бюджеттің сайлау  науқанын өткізуге арнап бөлген  қаражатын сайлау комиссияларына  бөледі;

7)аумақтық және округтік комиссиялардың  шешімдері мен әрекеттеріне байланысты  түскен шағымдар мен арыздарды  қарайды;

8)саяси партиялардың өкілдерімен  сайлауды ұйымдастыру мен өткізу  жөнінде семинарлар өткізеді;

9)сайлау жүйелері саласанда  халқаралық ынтымақтастықты жүзеге  асырады;

10) республика бойынша Президентті, Парламент депутаттарын сайлау  қорытындыларын шығарады, оларды  тіркейді, бұл туралы ақпарат  құралдарында жариялайды;

11)Президент және Парламент депутататрын  сайлау кезінде қайта дауыс  беру мен қайта сайлауды тағайындайды  және өткізілуін ұйымдастырады;

12)Сайлау туралы конституциялық  заңның бұзылуына байланысты  тиісті сайлау комиссиясының  қызметін тоқтату туралы өтінішпен  сайлау комиссиясын құратын органға  немесе сотқа жүгінеді;

Аумақтық сайлау комиссияларына- облыстық ( республикалық маңызы бар қалалар мен респулбика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары жатады. Аумақтық сайлау комиссиялары жеті адамнан тұрады. Қызметі:

1)Президент, Парламент және маслихаттар депутаттарын сайлауды әзірлеу мен өткізуді жүзеге асырады;

2)төменгі тұрған округтік және учаскелік сайлау комиссияларының қызметіне басшылық жасайды, олардың шешімдерінің күшін жояды немесе тоқтата тұрады;

3)сенат депудаттарнын сайлауда  кандидаттарды тіркейді, тиісті куәліктер береді;

4)мәслихаттар депутаттарын сайлау  жөнінде сайлау округтерін құрады, олардың тізімдерін жариялайды;

5)мәслихаттар депудаттарын сайлаудың  қорытындысын шығарады, оларды тіркейді. Округтік және учаскелік сайлау  комиссияларының әрқайсысы жеті адамнан тұрады. Округтік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен кешіктірілмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

3-дәріс. Қазақстан Республикасының  мемлекеттік басқару 

органдарының жүйесі 

 

1. Мемлекеттік биліктің жоғарғы  органдары, олардың қызметі

2. Жергілікті өкілетті және атқарушы  органдар. 

 

1. Мемлекеттік биліктің  жоғарғы органдары, олардың қызметі

Мемлекеттік билік үш тармаққа бөлінеді: заң шығанушы, атқарушы және сот билігі. Заң шығарушы биліктің жоғарғы органы -  парламент, атқарушы биліктің жоғарғы органы – үкімет, және сот билігінің жоғарғы органы – жоғарғы сот. Жергілікті басқаруды жүзеге асыратындарға жататындар: 1)жергілікті өкілетті орган – маслихаттар, олар облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ(оған теңестірілген  қалалық) болып бөлінеді.

2)жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер, олар облыстық, аудандық, округтік (ауылдық) болып бөлінеді.

3) жергілікті сот билігін облыстық (оған теңестірілген қалалық), аудандақ (оған теңестірілген  қалалық) соттар және әскери соттар құайды                                                    

Мемлекет басшысы президент биліктің үш тармағының жұмысын үйлестіре отырып басқарады.

Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындап, ел ішінде және халықаралық қатнастарда Қазақстан Республикасы атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға. Мемлекет басшысы – президент лауазымы ең алғаш рет АҚШ –та пайда болған. Қазіргі кезде президент қызметі көптеген елдерде орнықты. Республика президенті мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының үйлесімді жұмыс істеуін, мемлекеттік органдардың халық алдында жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Қазақстан Республикасының. президенті конституцияның 41- бабына сәйкес жалпыға бірдей тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы 5 жыл мерзімге сайланады. Республика президенті болып тумысынан республика азаматы болып табылатын, 40 жасқа толған, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, респулбикада кемінде 15 жыл тұрған республика азаматы ғана сайлана алады. 

ҚР президентінің қызметі конституция және «Қазақстан Республикасының президенті туралы» (26.12.1995ж.қаб.19.06.2007.ж.өзгертілген) конституциялық   заңымен реттеледі. Аталған конституциялық заңда

Қ,Р. Президентінің Парламентке қатысты уәкілеттігіне: 1)парламенттің кезекті және кезектен тыс сайлауын шақырады: 2)сенаттың 15 депутатын тағайындайды 3) конституцияда көрсетілген негізде парламентті немесе парламент мәжілісін таратып жіберуге құқы бар; 4) парламентке конституцияға түзетулар мен өзгерістер енгізуге ұсыныс жасауға;4) парламент   палаталарының            кез келген отырыстарына қатысуға уәкілеттілігі  жатады.  ҚР Президентін Үкіметке қатысты уәкілеттілігіне жататындар: 1)үкімет басшысы премьер министрді тағайындайды және жұмыстан босатады; 2)үкіметтің құқрылымын анықтайды министрліктер мен ведомтсволардықұру қайта құруға құқы бар, үкімет мүшелерін тағайындайды және босата алады. 3) үкімет мүшелерінің антын қабылдайды; 5)үкіметке заң жобаларын мәжіліске ұсынуды тапсырады; 6)үкіметті және оның жекеленген мүшелерін отставкағажібереді;  Президенттің ҚР жоғарғы сотына қатысты уәкілеттілігі: 1) жоғарғы сот екңесінің ұсынуымен сенатқы жоғарғы соттың төағасы мен судьяларын ұсынады 2) жоғарғы сот кеңесінің ұсынуымен жерлгілікті соттардың төағаларын тағайындайды және жұмыстан босатады Сенаттың келісімімен 5 жылға ҚР бас прокурорын тағайындайдыжәне басатады; ҚР орталық Сайлау комиссиясының төрағасын және екі мүшесін тағайындайды; Праламент сенатының келісімімен ҚР ұлттық банкінің төрағасын және оның көмекшілерін тағайындайды және қызметәнен босатады;референдум өткізу туралы шешеім қабылдайды;халыққа жыл сайын жолдау жолдайды; ҚР азаматтығына қабылдайды; азаматтарға жасаған қылмыстары үшін кешірім жасайды; ҚР бүкіл аумағында заңдық күші бар актілер қабылдайды

Қазақстан Республикасының Парламенті – заң шығару қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді орган. Парламент қызметі «Қазақстан Республикасының парламенті туралы» конституциялық заңында (16.11.1995 ж. Қаб. 19.06.2007 ж. өзгертілген) қарастырылған.Тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан, сенат және мәжілістен тұрады. Сенат– 47 депутаттан тұрады. Ол жанама сайлаумен  жасырын дауыс беру арқылы 6 жылға сайланады. Депутаттардың жартысы 3 жыл сайын қайта сайланып тұрады.  

Мәжіліс – 107 депутаттан тұрады. Мәжіліс депутаттарының өкілеттілік мерзімі 5 жыл. Жасы 25 –ке толған, жоғары білімі бар, республика аумағында үш жыл тұрған республика азаматы парламент депутаты болып сайлана алады. Заң шығару бастамасы тек мәжілісте ғана жүзеге асырылады. Президент, парламент депутаттары, үкімет заң шығару бастамасын жасай алады.

Қазақстан Республикасының Үкіметі – атқарушы билікті жүзеге асырады. Қызметін «Қазақстан Республикасының үкіметі туралы» конституциялық заңы негізінде атқарады. Үкіметке салалар бойынша министрліктер, комитеттер және агенттіктер қарайды. Үкіметтің қызметі президенттің уәкілетті мерзімімен белгіленед.і Үкімет қаулылары үкімет мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданып, премьер министрдің қолымен бекітіледі. Үкімет басшысы-премьер министр. Ол нұсқаулар шығарады. Үкімет қаулылары мен премьер министрдің нүсқаулары бүкіл республика аумағында орындалуға міндетті..Үкіметтің қаулысын Президент немесе Үкімет өзі күшін жоюуы мүмкін. Қазақстан Республикасының үкіметі қызмтінің негізгі бағыттары жоғарыда аталған конституциялық заңда айқындалған.

Қазақстан Республикасының соттар жүйесі республикада сот төрелігін жүзеге асырады. Соттар жүйесі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, облыстық  соған теңестірілген соттар, аудандық (калалық) соттар және әскери соттардан құралады. Соттарды ұйымдастыру ҚР конституциясы және Қазақстан Республикасының «Соттар жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен (25.12.2000 ж.) ал олардың қызметі сот істерін жүргізу заңдарымен, азаматтық істерді жүргізу кодексі және қылмыстық істерді жүргізу кодексімен реттеледі.

2. Жергілікті өкілетті  және атқарушы органдар, олардың  қызметі   

 «Қазақстан Республикасының  жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңында: «жергілікті өкілдік органдар маслихаттар – халық сайлайтын, халықтың еркін білдіретін оны жүзеге асыру үшін шаралар белгілейтін жүзеге асырылуын бақылайтын ораган» делінген. Аталған заңда маслихаттардың қызметінің негізгі бағыттары анықталған.   

 Маслихаттың өз құқығы шеңберінде  қабылданатын шешімдері оның  актілері болып табылады Маслихаттардың  жергілікті бюджеттің кірістерін  қысқартуды немесе шығыстарын  ұлғайтуды көздейтін шешімдері  әкім құптаған жағдайда ғана  қарауға енгізілуі мүмкін. Ал  азаматтардың құқықтар мен бостандықтарына, міндеттеріне қатысты шешімдері  заңға сәйкес ресми жариялануы  тиіс. Маслихаттар депутатардың жалпы санының үштен екісінің дауысымен әкімге сенімсіздік білдіруге, ҚР президентіне әкімді қызметінен босату туралы мәселе қоюға құқылы. Әкім ұсынған аумақты дамытудың жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларды, бюджеттің орындалуы туралы есептерді маслихаттың екі рет бекітпеуі заңға сәйкес әкімге сенімсіздік білдірудің негізі болады. 

 Жергілікті атқарушы органдар - әкімшіліктер әкім басқаратын  өз құзіреті негізінде тиісті  аумақта мемлекеттік басқаруды  жүзеге асыратын алқалы атқарушы  орган. Жергілікті атқарушы органдардың  қарауына аумақты дамыту жоспарларын, экономикалық және әуеуметтік  бағдарламаларын, жергілікті бюджетті  әзірлеу, олардың орындалуын қамтамасыз  ету, коммуналдық меншікті басқарут.б.жатады

4-дәріс

Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары  

 

1.Қазақстан Республикасындағы  сот және соттар жүйесі.

2.Құқық қорғау органдары, олардың қызметі 

 

1.Қазақстан Республикасындағы  сот және соттар жүйесі.

Соттарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасының конституциясы және  «Соттар жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» конституциялық заңымен (25.12.2000 ж.) ал олардың қызметі сот істерін жүргізу заңдарымен, азаматтық істерді жүргізу кодексі және қылмыстық істерді жүргізу кодексімен реттеледі. Заң бойынша Қазақстан территориясында мамандандырылған соттар (шаруашылық, салықтық, отбасы, соттары, кәмелетке толмағандардың істерін қарайтын соттар т. б.) құруға болады. Бұндай соттардың мәртебесі аудандық (қалалық) соттармен тең. Сонымен қатар округтік сотар құруға болады.  Аталған соттар бір-бірімен соттың әртүрлі звеносы ретінде байланысады. Мәртебесі  тең соттар сот жүйесінің бір қатарын  (звеносын) құрайды. Қазақстан Республикасының сот жүйесі үш қатардын тұрады: аудандық (қалалық), облыстық, жоғарғы сот.

Соттар қызметінің негізгі принциптері:

1) заңдылық;

2) соттардың тәуелсіздігі,

3) азаматтардың  заң және сот  алдындағы теңдігі;

4) тараптардың теңдігі мен өзара  бәсекелестігіне негізделу;

5)кінәсіздік презумпциясы;

6)істерді соттық талқылаудың  жариялылығы принципі;

Инстанция-соттық істерді қарау мен тексерудің ретін көрсетеді. Қазақстан Республикасында төрт инстанциядан тұратын сот жүйесі бар.

1) Бірінші инстанция соттары  қылмыстық істерді нақты қарайды; 2)апплеяциялық соттар- екінші инстанция  соттары бірінші инстанция соттың  әлі күшіне енбеген  шешіміне  аппеляциялық шағымдарды қарайды;

3)кассациялық соттар-үшінші инстанция  соттары,әлі күшіне енбеген бірінші  инстанция соттрының шешімдеріне  және аппеляциялық соттар шешіміне  кассациялық шағымдарды қарайды;

4) қадағалау инстанциясында соттар  әлі күшіне енбеген өзіне дейінгі  соттардың шешімдері мен үкімдеріне  шағымдар мен қарсылықтардың  негізінде істерді қарайды;

2. Құқық қорғау органдары, олардың қызметі

Елімізде заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын жүзеге асыратын мемлекеттік органдар құқық қорғау органдары деп аталады. Құқық қорғау органдарының қызметіне:

Информация о работе Мемлкет және құқық туралы түсінік