Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:36, реферат
«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.
1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі және теориялық негіздері
4.Құқықтық норма, оның құрылымы.
Оқиғалар – адам еркіне байланысты емес өмір жағдайы. Әрекеттер – адамның еркіне байланысты пайда болатын заңды айғақтар. Әрекеттер құқыққа сай (заңды әрекет) және құқыққа қарсы (заңсыз әрекет) болып бөлінеді. Заңды әрекет –заңның талаптарына сәйкес келетін, субъектілірдің құқықтарын бұзбайтын мінез- құлық. Заңсыз әрекет- заң талаптарын бұзатын, субъективтік құқықтарға нұқсан келтіретін әрекет.
Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті, кінәлі, жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік.
Құқық бұзушылықтың түрлері: теріс қылық және қылмыс. Теріс қылық әкімшілік, азаматтық және тәртіптік болып бөлінеді. Қылмыс теріс қылықтан шектен тыс қауіптілігімен ерекшеленеді. Сондықтан қатаң жазаланады.
Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
1. Конституциялық құқық және оның әдіс - тәсілдері мен жүйесі.
2. ҚР-ның конституциялық
3.Адам және азаматтың
4. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі
1. Конституциялық құқық және оның әдіс- тәсілдері мен жүйесі.
Конституциялық құқық – Қазақстан мемлекеті мен қоғамының құрылысын, мемлекеттік билікті ұйымдастыруды, азамат пен мемлекет арасындағы қатнастарды реттейтін құқық саласы.
Конституциялық құқық нормаларымен мемлекет пен қоғам өмірінің саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени салалары реттеледі. Конституциялық құқық Қазақстан Республикасының құқық жүйесінің жетекші саласының бірі болып табылады. Конституция деген (термин) ұғым латынның constututio деген сөзінен шыққан, жарлық, жарғы деген мағынаны білдіріді. Ең алғашқы конституция 1787 жылы АҚШ-та сонан соң 1789 жылы Францияда қабылданды. Конституция қоғам мен мемлекетте ең жоғарғы заңдық күші бар негізгі заң болып табылады. Конституциялық құқықтың қайнар көздеріне ҚР Конституциясы, ҚР конституциялық заңдары, ҚР заңдары, ҚР президентінің заңдық күші бар жарлықтары, Парламент пен үкімет шығарған заңдық актілер, ҚР басқа мемлекеттермен жасалған келісімдері, жалпыға танымал халқаралық нормативтік актілер, ҚР конституциялық кеңесінің актілері, жергілікті мемлекеттік басқару органдарының актілері жатады.
Конституциялық құқық төрт түрлі әдіспен реттеледі. Олар: міндеттеу, тыйым салу, рұқсат ету және тану. Конституция дегеніміз мемлекет пен азаматтардың, азаматтардың өзара қатнастарын реттейтін, мемлекеттік органдар жүйесі, қоғамдық құрылыс пен мемлекттік құрылымды бекітетін жоғарғы заңдық күші бар нормативтік акт. Конституция мемлекеттің негізгі заңы ретінде мынандай қызметтер атқарады:
1) құқықтың басты қайнар көзі ретінде заңдық қызмет атқарады.;
2)идеологиялық қызметі. Қоғамдағы
ең жоғарғы құндылық адам
3) мемлекетік билікті жүзеге асырудың құқықтық негізін анықтайды;
4) экономикалық қызметі. Конституция елдегі меншіктің формалары мен меншіктік қатнастарды анықтайды;
Конституцияның басқа нормативті құқықтық актілерден бірнеше қасиеттерімен ерекшеленеді:
1) конституцияның үстемдігі; Ол ең жорарғы заңдық күші бар, нормативті акті. конституцияның үстемдігін сол конституцияның өзі бекітеді.
2) құрылтайлық сипаты, конституция
мемлекеттік құрылыс пен
3) конституция тура және тікелей
әрекетімен сипатталады, оның нормалары
заң шығарушы, атқарушы және сот
билігінің органдары үшін
4) конституцияны қабылдау мен
өзгертудің ерекше тәртібінің
болуы; конституцияны қабылдау, оған
толықтырулар мен өзгертулер
енгізу тек конституцияда
5) конституцияны құқықтық қорғау;
яғни конституциялық
Конституцияның негізгі қағидаттары(принциптері):
1.Экономикалық қағидат
2) Демократиялық қағидат
3) Билікті бөлу қағидаты
4) Қазақстандық патриотизм қағидаты
Қазақстан Республикасының қазіргі конституциясы бесінші ата заң болып табылады.(1926ж., 1937ж., 1978ж., 1193ж., 1995ж.) Қазіргі қолданыстағы конституция 1995 жылы 30 тамызда республикалық референдум арқылы қабылданған және оған 2007 жылы маусымда өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Конституция кіріспеден (преамбуладан),негізгі мәтіннен, қорытынды және өтпелі ережелерден тұрады. Кіріспеде Ата Заңды қабылдаудың себептері мен мақсаты айтылады. I-бөлім «Жалпы ережелер» деп аталып, Қазақстан республикасының конституциялық құрылымына жалпы сипаттама береді. II бөлім «Адам және азамат» деп аталады. Ол Қазақстан Республикасындағы тұлғаның конституциялық мәртебесін айқындайды. « Президент» деп аталатын III бөлім мемлекет басшысының мәртебесін ашады. IV –VIII бөлімдерде мемлекеттік органдардың (Парламент,Үкімет, соттар т.б.) мәртебесі, қызметі туралы айтылады. «Қорытынды және өтпелі ережелер» деп аталатын IX бөлім жаңа Конституцияны күшіне енгізу нормаларын бекітеді. Бұрынғы конституцияның қай кезден бастап жойылғанын нақтылайды.
2.Қазақстан Республикасының
конституциялық қоғамдық
Конституциялық құрылыс деп қоғам мен мемлекеттің саяси және әлеуметтік- экономикалық ұйымын, ондағы жеке адамдардың конституция нормаларымен бекітілген қоғамдық қатнастарының жиынтығын айтамыз.
ҚР қоғамдық конституциялық құрылымы конституцияның жалпы бөлімінде айқындалған Демократиялық мемлекетте мемлекеттік құрылым үш принцип негізінде қалыптасады. Олар:
1) халықтың билігі, биліктің үш тармаққа бөліну принципі; 2) заң үстемдігі;
3) азаматтың құқықтары мен
Қазақстан Республикасының
қоғамдық құрылымының
1.ҚР территориясы
2.Республикалық басқару
3.Халық билігі; Конституция 1-бабаында ҚР демократиялық мемлекет деп атап көрсетілген. ҚР халық конституцияны қабылдауға референдумға қатыса алады, мемлекет басшысы президентті парламент сайлап белгіленген уақыт өткен соң оларды қайта сайлауға құқықы бар. Мемлекет ұлтына, жынысына нәсіліне, дініне қарамастан азшылықтың мүддесі ескеріліп құқықтырын қорғауды жүзеге асырады. Азаматтарға сөз бостандығы, ар-ождан бостандығы, ұлты мен тілін таңдау, ұйымдар құру, мемлекеттік қызметке тең дәрежеде қатысуға мүмкіндік береді.
4.Заң үстемдігі, мемлекеттің құқықтық сипаты; Мемлекет заң үстедігі, биліктің үш тармаққа бөлінуі, мемлекет пен азаматтардың заң алдында өзара жауапкершілігіне негізделген мемлекет құру;
5.Мемлекеттің зайырлылық
6.Мемлекеттің әлеуметтік
7.Унитарлық сипаты; ҚР унитарлы мемлекет екендігі, онда дербестігі бар территориялардың жоқтығы мен мемлекеттің біртұтастығынан көрінеді.
8.Саяси және идеологиялық плюрализм;
Республикада идеолгиялық
9.Экономикалық плюрализм
10.Адам және азаматтың құқықтыры мен бостандықтарының қоғамдағы ең жоғарғы құндылық болуы. Азаматты құрметтеу, оны қорғау мемлекеттің негізгі атрибуты міндеті болып табылады
( констит.6 бап) .
11.Адам және азаматтың
3.Қазақстан Республикасындағы
адам және азаматтың
1. Адамның жеке құқықтары мен
бостандықтары Бұл құқықтыр
2.Саяси құқықтары. Бұл құқықтар
мен бостандықтар адамның мемлекеттік
билікті жүзеге асыруға
3.Әлеуметтік- экономикалық құқықтары
мен бостандықтары: Демократиялық
мемлекетте азаматтардлың
Азамат- өз отанының ұлы (немесе қызы) деген ұғымды білдіреді. Мысалы заң кепілдігіне әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы корғау, білікті заң көмегін алу құқықтары, кінәсіздік презумпциясын жатқызуға болады. ҚР азаматтарының конституциялық міндеттері:
1) ҚР конституциясы мен заңдарын сақтауға, басқа адмдардың құқықтарын, бостандықтарын, ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуге;
2) өз отаны ҚР қорғауға;
3) салықтар мен алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеуге;
4) тарихи және мәдени мұралар мен ескерткіштерді қорғауға міндетті;
5) табиғатты сақтап табиғи байлықтарды ұқыпты қарауға;
6) орта білім алуға міндетті;
Азаматтық дегеніміз – азаматтың мемлекетпен өзара құқықтық саяси байланысы. Азаматтық Қазақстан Республикасының 1991жылы 20 желтоқсанда қабылданған «Азаматтық туралы» заңымен реттеледі. Заң бойынша азаматтық үш элементтен тұрады:
1)адамның мемлекетпен
2)адамның мемлекетпен
3)мемлекет пен азаматтың
Қазақстан Республикасының азаматтығы мынандай төрт жағдайда беріледі:
1) туу бойынша;
2)Қазақстан Республикасы
3) Қазақстан Республикасы
4) Қазақстан Республикасы
Азаматтықтан айыру:
1)басқа мемлекетте әскери
2)азаматтықты жалған
3)Қазақстан Республикасының
4)Қазақстан Республикасынан
Азаматтық мәселелері бойынша шешім қабылдау Қазақстан Республикасының Президентінің өкілеттілігіне жатады.
4.Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі
Сайлау құқығы конституциялық құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады. ҚР сайлау құқығының қайнар көздеріне ҚР конституңциясы, Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» конституциялық заңы (28.09.1995.қаб. 21.06..2007ж. өзгертіген, толықтырылған) және ҚР «Жергілікті өкілдік және атқарушы органдар туралы» (10.12.1993 ж.) заңы жатады. Қазақстан Республикасының президентін, парламент төменгі палатасы мәжіліс депутаттарын, сенат депутаттарын және жергілікті өкілдік органдар маслихаттар депутаттарын сайлау жалпыға бірдей сайлау құқығы негізінде жүзеге асырылады.
Сайлау жүйесі дегеніміз өкілетті органдарға және басқарудың әртүрлі сатыларына елде қалыптасқан заңға сәйкес азаматтардың өзі қалаған өкілдеріне дауыс беруін ұйымдастыру және өткізу жүйесі. Сайлау құқығы екі мағынада қолданылады. Объективті және субъективті Объективті сайлау құқығы – мемлекеттік органдардың сайлауды ұйымдастыруы мен өткізу тәртібін реттейтін құқық саласы. Субъективті сайлау құқығы – азаматтардың сайлау және сайлану құқығы.Субъективті сайлау құқығының 2 екі түрге бөлінеді:
1) белсенді сайлау құқығы-
2) бәсең сайлау құқығы
Сайлау президенттік, парламенттік, жергілікті басқару органдарына сайлау болып жіктеледі. Қазақстан Республикасында сайлауды ұйымдастыру мен өткізудің негізгі принциптері: 1) сайлаудың жалпыға бірдейлік принципі сайлау мен сайлану құқығына қойылатын талаптар мен шектеулер ҚР конституциясымен анықталады; 2)Сайлауға қатысуға теңдік принципі ; әрбір сайлаушы бір дауысқа ие бола алады; 3) Тікелей сайлау құқығын жүзеге асыру принципі; ҚР президенті, мәжіліс және маслихаттар депутаттарын халық тікелей дауыс беру арқылы сайлайды. Ал сенат депутаттарын сайлау жанама сайлау негіізінде жүзеге асады. 4) жасырын дауыс беру принципі; бұл принцип ҚР аумағында өткізлетін сайлаудың барлық түрлерінде сақталып қамтамасыз етіледі. Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жердегі ҚР азаматтарының сайлауға қатысуы жүзеге асырылады. 5) сайлау бостандығы принципі сайлау құқығын еркін жүзеге