Мемлкет және құқық туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.

Содержание

1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі және теориялық негіздері
4.Құқықтық норма, оның құрылымы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық лекция.docx

— 134.61 Кб (Скачать документ)

2. Жәрдемақылар. Жәрдемақылар белгілі бір мақсатта тағайындалады.Олар белгілі себептермен жұмысқа жарамсыздыққа байланысты ( уақытша жұмысқа жарамсыздық, жүкті болу мен бала тууға байланысты, жұмыссыздыққа байланысты) Жәрдемақылар мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылады.

3 Қызмет көрсету. тегін медициналық қызмет көрсету, және тегін әлеуметтік қызиет көрсету;

4.Төлемақылар.Төлемақылар (компенсациялар) азаматтарға материалдық және мүліктік жағдайларына байланыссыз негізгі табыс көзі ретінде тағайындалады. Оған әскери қызметтегі әйел адамдарға бала туу мен күтуге байланысты 1,5 жылға төленетін төлемақылар, 16 жасқа шейінгі мүгедек баланы күтуіне байлынысты жұмыс істей алмаған азаматтарға төленетін төлемақылар, еңбек шарты бойынша төленетін төлемақылар,  кәсіпорынның жұмыс ының тоқтатылуына байланысты ақысыз демалыс алған қызметкерлерге төленетін төлемақылар жатады. Төлемақылар мемлекеттік бюджеттен әртүрлі деңгейлерінен төленеді.

11- дәріс. Қазақстан Республикасының  қылмыстық құқығы 

 

1.Қылмыстық құқық пәні, міндеттері, принциптері.

2.Қылмыс ұғымы, белгілері, түрлері, құрамы

3. Іс-әрекеттің қылмыс екенін  жоятын мән-жайлар

4. Жаза, оның мақсаты, түрлері, жаза  тағайындау және  жазадан босату.  

 

1.Қылмыстық құқық пәні, міндеттері, принциптері.

Қылмыстық   құқық -іс-әрекеттің  қылмыс  екендігін  айқындайтын,  оны істегені  үшін  жаза  тағайындау  тәртібін,  жаза  түрлерін  және жауапкершіліктен  босату  себептерін  белгілейтін құқықтық  нормалар  жиынтығы. Қылмыстық  құқықтың  қайнар көзі - Қазақстан  Республикасының   Қылмыстық  Кодексі ( 16.07.1997). Қылмыстық құқықтың пәні мемлекеттің, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау барысында туындайтын қоғамдық қатнастар. Қылмыстық құқықтың міндеттеріне : азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті,қоршаған ортаны, ҚР конституциялық құрылымы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғажатады.; Қылмыстық  заңның міндеттері: 1)қылмыстан қорғау; 2)қылмыстың алдын алу; 3)қылмыс жасамауға тәрбиелеу;

Қылмыстық  құқықтың  принциптері:

1) Заңдылық  принципі. Ол  қылмыспен күресуді  заң  шеңберінде  және  оның  талаптарын  мүлтіксіз  орындай  отырып  жүргізуді  көрсетеді.  2) Заң  алдында  азаматтардың  теңдігі  принципі.  Ол  адамның  тегіне,әлеуметтік,  лауазымдық ,  мүліктік жағдайына,  жынысына ,  нәсіліне,  ұлытына, тіліне, діни көзқарасына,  тұрғылықты  жеріне қарамастан  қылмыстық  заңның  алдында  бірдей  жауап  беретінін  көрсетеді. 3) Қылмыстық  жауапкершіліктің  тумай  қоймайтындығы  принципі.  Әрбір  қылмыс  жасаушы қолымен  істегенді  мойнымен  көтеретінін  біліп  жүруі   тиіс.  4)  Жеке  жауапкершілік  принципі.  Қылмыс  жасағаны  үшін  заңды  тұлғалардың  емес,  тек  жеке  тұлғалардың  қылмыстық  жауаптылығын  көрсетеді.  5) Айыпты  жауаптылық  принцпі.  Қылмытық   әрекет  үшін  басқа  адамдардың ( ата-анасы, баласы) емес  нақ  сол  қылмысты  жасаушы  адамды  жауапқа  тарту,  сонымен  қоса  айыпты  түрде  жасаған  адам  айыпты  екенін  көрсетеді .  6)  Әділдік  принципі .  Объективті ,  жеткілікті,  заңға  сәйкес  мәліметтерге  сүйеніп  қана  қылмыстық  жауапқа  тартуға  болатынын  , айыптының  жасаған  ісі  мен  тартқан  жазасының  сәйкес   болуы,  бір  қылмыс  үшін  қайталап  жазаға   тартуға   жол  берілмейтінін   көрсетеді. 7) Демократизм принципі. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде істі қатысушылар білетін тілде жүргізу, сотталушы қажет етсе аудармашымен қамтамасыз етуді көрсетеді. 8) Гуманизм принципі. Кішігірім қылмыстарды алғаш рет жасаған адамдарға кешіріммен қарап, жеңіл жаза пайдаланып, керісінше  ауыр қылмыс  жасағандарға,баукеспелерге,  ұйымдасқан  қылмыстық  құрылымдардың  мүшелеріне  неғұрлым  ауыр  жаза қолдануды  көрсетеді. 9)Қылмыстық  қудалау  шараларын   орынды  қолдану  принципі . Мемлекет  қылмыстық  қудалауды  қылмыс  жасаушыны  түзеудің  басқа  жолдары  қалмағанда  қолдануға  болатынын  көрсетеді.   10)Интернационализм  принципі.  Ұлттық  теңдікті  бұзғаны  үшін , басқа  мемлекет  мүддесіне , халықаралық  қауіпзіздікке ,ұлттар  арасындағы  бейбітшілікке  қарсы  қылмыстар  үшін  жауапкершілікті    белгілейтін  нормаларда  көрініс  табады.

2.Қылмыс ұғымы, белгілері, түрлері және құрамы

Қылмыс   дегеніміз -  қылмыстық  заңмен  жазалау  қаупімен   тиым салынған  кінәлі ,  қоғамдық  қауіпті  іс-әрекет  немесе  әрекетсіздік. Қылмыс  белгілері: заңға  қайшылық, қоғамға  қауіптілік,  кінәлілік, жазаланушылық. Қылмыстың  түрлері;1) онша ауыр емес, орташа ауыр, ауыр, аса ауыр қылмыстар.Онша ауыр емес қылмыстар-жасалғаны  үшін ең  ауыр жаза  екі жылға  бас  бостандығынан  айырудан  аспайтын  қасақана әрекет,  сондай-ақ  жасалғаны  үшін ең ауыр жаза   бес  жылдан  асатын   мерзімге  бас  бостандығынан  айыру  көзделетін  абайсызда  жасалған    әрекет. 2)Ауырлығы ораташа қылмыстарға жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес жылға  бас  бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекет, сондай-ақ  жасалғаны үшін ең ауыр жаза бес  жылдан асатын мерзімге бас бостандығынан айыру көзделетін абайсызда жасалған әрекеттер жатады. Сонымен қатар, бас бостандығынан айыру  жазасы он жылдан аспайтын абайсызда жасалған қылмыстар жатады. 3)Ауыр  қылмыстарға жасалғаны үшін ең ауыр жаза он екі  жылға  бас бостандығынан айырудан аспайтын қасақана әрекеттер жатады; 4) Аса  ауыр  қылмыстарға жасалғаны  үшін  он екі  жылдан  астам  мерзімге  бас  бостандығынан  айыру түріндегі жаза  немесе  өлім  жазасы  көзделген қасақана қылмыстар жатады;

Қылмыстың  құрамы дегеніміз - әрекеттің  қылмыс  ретінде  қоғамға  қауіптілігін  сипаттайтын   объективтік  және  субъективтік   белгілердің   жиынтығы.Қылмыс   құрамының  элементтері- объектісі,  суъбектісі,объективті  жағы,  субъективті  жағы.  Қылмыс  объектісі- қылмыс  бағытталған   және  қылмыстық  заңмен   қорғалатын   қоғамдық  қатынастар. Қылмыс  субъектісі-  қылмыс  істеген   адам .Қылмыс  суъбектісі  болып  тек  16 жасқа  толған,  ақыл – есі  дұрыс адам  бола  алады.  Кейбір  ауыр  қылмыстар  үшін  қылмыстық  жауапкершілік 14 жастан  басталады. Қылмыстың  объективті  жағы  қылмыстың  сыртқы  жағын  бейнелейді .  Қылмыстың  объективті  жағына жататын  элементтер, қылмыскердің  қоғамға  қауіпті  іс- әрекеті  немесе  әрекетсіздігі, сол  іс- әрекет  немесе  әрекетсіздіктен  туындаған  қоғамға  қауіпті  нәтиже, іс- әрекет немесе  әрекетсіздік және одан туған қоғамға қауіпті нәтиже арасында себепті байланыс, тағы  басқа  қылмыстың  сыртқы  жағын  сипаттайтын  белгілер  ( қылмыстың  жасалу  орны, уақыты, құралдары т.б).Қылмыстың  субъективті  жағына  қылмыстың  ішкі  жағы  жатады .            Қылмыстың  суъбективті  жағына  адамның  істеген  қоғамға  қауіпті  іс-әрекеті  немесе  әрекетсіздігіне  және  одан  туындайтын  қауіпті  нәтижеге  психикалық  қатнасы.  Қылмыстың  суъбективті  жағының элементтері: кінә,ниет  (мотив),  мақсат.  Кінә  екі  нысанада  көрінеді, қасақана  және  абайсызда  жасалған  қылмыстар.  Қасақана  кінәнің  өзі   тиісінше  , тікелей  қасақаналық  және  жанама  қасақаналық  болып бөлінеді.Тікелей  қасақаналық  дегеніміз  адам  өз  әрекетінің  қоғамға қауіптілігін  ұғынып,  оның  қоғамға  қауіпті  зардаптарының  болуының   мүмкіндігін  немесе  болмай  қоймайтындығының  алдын  ала  біліп  және  осы  зардаптардың  тікелей тілеп жасауы. Жанама   қасақаналық  кезінде  адам  өз  әрекетінің  қоғамға  қауіптілігін  ұғынып, оның қоғамға қауіптілігін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болу  мүмкіндігін  біліп, оны тікелей  қаламаса  да  оған  саналы  түрде  жол  береді  немесе  немқұрайлы  қарайды .  Абайсыздық  екіге  бөлінеді, менмендік және  немқұрайлылық.  Егер адам- өз  әрекетінің  қоғамға  қауіп  туғызу  мүмкіндігін  білсе , бірақ  бұл  зардаптарды  жеткілікті  негіздерді  жеңілтектікпен болғызбау  мүмкіндігіне сенсе, қылмыс  менмендікпен жасалды  деп  танылды. Егер  адам  өз әрекетінің  қоғамдық  қауіпті зардаптарының  болуын болжап білмесе, бірақ қажетті ұқыптылық пен сақтылық  болғанда ол бұл зардаптарды болжап біле алатын болса , қылмыс немқұрайлылықпен жасалған болып  танылады.  Қылмыс ниеті(мотиві)-суъбектінің қылмыс жасау  кезінде басшылықа  алған  ішкі ниеті , қозғаушы күші. Қылмыс  мақсаты-субъект қылмыс жасай отырып ұмтылған нәтиже.   Қылмысты жасау  сатылары:  қылмысқа дайындалу , қылмысқа оқталу,аяқталған  қылмыс.Қылмысқа  дайындалу тікелей  ниетпен  қылмыс құралдарын  немесе қаруларын іздестіру ,әзірлеу, бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды  іздестіру , қылмыс  жасауға  келісу немесе қылмыс  жасау  үшін өзгеде қасақана жағдайлар жасауды  айтамыз. Қылмысқа қатысу  деп- екі немесе одан да  көп  адамның  қасақана қылмыс  жасауға  бірлесіп қатысуын  айтамыз .  Қылмысқа  қатысушылардың  түрлері: қылмысты орындаушы, ұйымдастырушы айдап салушы,көмектесуші. 1)Қылмысты тікелей  жасаған  немесе  оны  жасауға  басқа  адамдармен  (қоса  орындаушылармен)  бірге тікелей  қатысқан адам  қылмысты  орындаушы деп танылады .  2)Қылмыс  жасауды  ұйымдастырған  немесе  оның  орындалуына  басшылық  еткен  адам, сондай-ақ  ұйымдасқан    қылмыстық  топ  немесе  қылмыстық  қауымдастық  құрған  не  оларға  басшылық  еткен  адам, сондай-ақ ұйымасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдыстық құрған  не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады. 3)Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту немесе басқа жолдармен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. 4)Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпаратпен, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе  қаламысты жасауға кедергіледі жоюмен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды, қылмыс іздерін немесе қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты сол заттарды сатып алуға немесе өткізіп беруге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.

3. Іс-әрекеттің қылмыс  екенін жоятын мән-жайлар

Іс-әрекеттің қылмыс еместігін айқындайтын мән-жайлар:  

1) қажетті қорғану;

2) аса мәжбүрлі қажеттілік;

3) қылмыскерді ұстау кезінде  зиян келтіру;

4) жедел-іздестіру шараларын жүзеге  асыру;

5) орынды тәуекел;

6) күштеу немесе психикалық мәжбүрлеу;

7) бұйрықты немесе өкімді орындау

4. Жаз түсінігі, мақсаты, түрлері, жаза тағайындау мен  жазадан босату. Қылмыстық жаза соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Қылмыстық жазаның мақсаты - құқықтық  әділдікті орнына келтіру, қылмыстың алдын алу, қылмыскерді тәрбиелеу. Қылмыскерді тән азабына салу және оның ар-намысын қорлау қылмыстық  жазаның мақсатына жатпайды. Қылмыстық жаза түрлері негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі жаза түрлері: айыппұл салу; белгілі бір лауазым атқару немесе қызметпен айналасу құқығынан айыру; қоғамдық жұмыстарға тарту; түзеу жұмыстары; әскери қызметтен шектеу; қамауға алу; тәртіптік әскери бөлімде ұстау; бас бостандығын шектеу;бас бостандығынан айыру; өлім жазасы. Қосымша жаза түрлері:айыппұл; арнаулы әскери атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік наградалардан айыру;мүлкін тәркілеу.Негізгі де, қосымша жаза да бола алатын жаза түрлері:айыппұл салу; белгілі бір лауазым атқару немесе қызметпен айналасу құқығынан айыру. Айыппұл - Қылмыстық кодексте көзделген щекте, заңмен бейгіленген және жаза тағайындауц сәтінде қолдалынып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде немесе сотталған адамның жалақысының немесе басқада табыс көзінің мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу. Белгілі бір лауазымды аттқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін - өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды аттқаруға, немесе белгілі бір кәсіптік немесе өзге де қызметпен айналысуға тыйым салудан тұрады. Бұл жаза негізгі жаза ретінде 1 жылдан 5 жылға дейін, ал қосымша жаза ретінде 6 айдан 3 жылға дейінгі мерзімге тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарға тарту сотталушының негізгі жұмыснан немесе оқуынан бос уақытында тегін қоғамдық жұмыстарды орындауынан тұрады, жұмыстардың  түрлерін жергілікті артқарушы немесе өзін-өзі басқару органдары белгілейді. Қоғамдық жұмыстар 60 сағаттан 240 сағатқа дейін белгіленеді және күніне 4 сағаттан аспайтын  уақытқа өтеледі. Түзеу жұмыстары сотталушының негізгі жұмыс орны бойынша өтеледі және табыстың 5 процентен 25 процентке дейінгі шекте мемлекеттік кірісіне ұстап қалынады. Түзеу жұмыстары 2 айдан 2 жылға дейін тағайындалады. Әскери қызмет бойынша шеттеу - келісім шат бойынша әскери қызметін өтеп жүрген әскери қызметшілердің, сондай ақ шақыру бойынша әскери қызметін өтеп жүрген офицерлердін үлес қаражатынан 20 процентен аспайтын мөлшерде мемлекет кірісіне ақша ұсталып қалынады және осы мерзім ішінде сотталғандардың әскери шені және лауазымы көтерілмейді. Бас бостандығынан шеттеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнулы мекемеде 1 жылдан 5 жылға дейінгі мерзімге оны қадағалау жағдайында ұстаудан тұрады. Қамау сотталған адамы тағайындалған жазанын бүкіл мерзімінде қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Ол 1 айдан 6 айға дейінгі мерзімге тағайындалады. тәртіптік әскери бөлімде ұстау шақыру бойынша тағайындалады. Бас бостандығынан айыру сотталушының колония - қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режимдегі түзеу колонияларына отыпғызу жолымен оқшаулаудан тұрады. Кәмелетке толмағандар бас бостандығынан айыруға кесілсе жалпы немесе ерекше режимдегі тәрбиелеу колонияларына орналастырылады. Бас бостандығынан айыру 6 айдан өмір бойы мерзімге дейін белгіленеді. Өмір бойына бас бостандығынан айыру өмірге қастандық жасалынатын аса ауыр қылмыстар үшін берілетін өлім жасасына балама ретінде беріледі. Ол әйелдерге, 18 жасқа толмаған және 65 жасқа толған еркектерге тағайындалмайды. Арнаулы әскери атағынан , сыныптық шенінен, дипломатияалық  дәрежесінен, біліктілік сыныбынан  және мемлекеттік  наградаларынан  айыру ауыр немесе аса ауыр  қылмыс жасағаны  үшін қосымша жаза  ретінде  белгіленуі  мүмкін.  Мүлікті  тәркілеу  дегеніміз  сотталған адамның  меншігі  болып  табылатын  мүліктің  бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің  меншігіне  мәжбүрлеп өтеусіз алу.ҚР Қылмыстық кодексінің 49- бабын сәйкес өлім жазасы-ату жазасы адам өміріне қол сұғатын аса ауыр қылмыстар үшін, соғыс кезінде немесе ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, әскери қылмыстар жасағаны үшінең ауыр жаза ретінде қолданылады.Өлім жазасы әйелдерге, он сегіз жасқа толмаған қылмыскерлерге, және сот үкімі шыққан кезде 65- жасқа толған еркектерге тағайындалмайды.Қазақстанда өлім жазасы әзірге жаза ретінде қолданылады, әрі тағайындалады. Бірақ, ҚР Президентінің 2003ж.17 желтоқсандағы жарлығымен өлім жазасын орындауға мараторий енгізілді. Сондықтан өлім жазасы туралы үкімді орындау мараторий қолданылған уақытта тоқтатыла тұрады, яғни мараторий өлім жазасын тағайындауға емес, оны орындауға жарияланған. ҚР Қылмыстық Кодексінде Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың бес негізі қарастырылған: 1) шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Қылымыс жасаған адам айыбын мойындап құқық қорғау органдарына келсе,қылмысты ашуға көмектессе, немесе келтірген зиянды өзгеше қалпына келтіргенде (65-бап); 2)қажетті қорғану кезінде шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.Қылмыстанболған үрейлену,қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқанда соттың шешімімен (66-бап); 3)жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату ауыр емес, орташа ауыр қылмыстарда қолданылады (67-бап); 4)жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату. Сот қараған кезде жағдайдың өзгеруіне байланысты жасалған әрекет қоғамға қауіпті емес деп танылса (68-бап); 5)ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату; Егер қылмыс жасағаннан бастап мынандай мерзімдер өтсе қылмыстық жауаптылықтан босатылады:1)кішігірім қылмыс жасағаннан кейін екі жыл; 2) орташа ауырлықтағы қылмыс жасағаннан кейін бес жыл;3) ауыр қылмыс жасағаннан кейін он жыл; 4)аса ауыр қылмыс жасағаннан кейін он бес жыл; (69-бап); Рақымшылдық(амнистия) жасау жөніндегі актіні ҚР Парламенті шығарады. Актінің негізінде сотталған адамдаржазадан босатылуы,жазаның қысқартылуы немесе неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін. Және жазаның қосымша түрінен босатылуы мүмкін.жазадан босатылғандардың соттылығы да алынып тасталады. Мысалы 2006 жылы 9 қаңтарда ҚР Парламенті «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеуге байланысты рақымшылыұ жасау туралы» заңын қабылдады. Заңның орындалуын құқық қорғау органдары 6-ай ішінде қамтамасыз етуге тиісті болды. Жеке адамға, ол жөніндегі айыптау үкімі күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні ҚР Президенті шығарады. Соттылық Сотталушы  адам үкім заңды күшіне енген  сәтінен  бастап  сотталғандықты  жойғанға  немесе  алып  тастағанға  дейін  сотталған   болып  есептеледі.  Сотталғандық  келесі  мерзімде  жойылады:1)шартты  түрде сотталған  адамдар  бойынша--сынақ мерзімі  өтуі бойынша; 2) онша ауыр  емес  және орташа  ауыр қылмыстар  үшін бас бостандығынан  айыруға  сотталған  адамдар  бойынша жазасын  өтегеннен  кейін  үш  жыл өтуі  бойынша; 3)ауыр  қылмыстар  үшін  бас  бостандығынан  айыруға  сотталған  адамдар жазасын өтегеннен кейін алты жыл өткеннен кейін;

4) аса ауыр  қылмыстар  үшін  бас  бостандығынан  айыруға  сотталған  адамдарға жазасын  өтегеннен  кейін сегіз жыл өткеннен кейін;  

 

12-дәріс. Қазақстан Республикасындағы  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  

 

1.Сыбайлас жемқорлық туралы  түсінік. Мемлекеттің сыбайлас жемқорлықпен  күресу бағытындағы саясаты

2.Сыбайлас жемқорлықпен күрестің  принциптері және түрлері

3.Сыбайлас жемқорлықпен байланысты  қылмыстар үшін жауапкершілік 

 

1.Сыбайлас жемқорлық  туралы түсінік. Мемлекеттің сыбайлас  жемқорлықпен күресу бағытындағы  саясаты. 1998 жылғы шыққын Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңының 1-бабында: « Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп- қатерден Қазақстан Республикасынның ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланыстықұқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау,оның  жолдарын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою, кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған»деп атап көрсетілген. және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерінайқындап,сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық түрлерін, құқықтық жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы заңның 2- бабында: «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз мемлекеттік қызметті атқаратын адамдардың, оларға теңестірілген адамдардың, лауазымды өклеттілігін, және соған байланысты мүмкіндіктерінпайдалана отырып, жеке өзі немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүліктік игіліктер мен артықшылықтарды беруі немесе алуы».-делінген. ҚР  президентінің жарлығы бойынша Қаржы департаменті ҚР экономикалық  қылмыстар және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі агенттік болып өзгертілді. Агенттікке ІІМ министрлігінің

Тоғызыншы бөлімшесінің қызметі, экономикалық қылмыстар мен сыбайлас жемқорлыққа байланыстықылмыстарды анықтау, жедел іздестіру, алдын-ала тергеу жұмыстары жүктелді.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылық субъектілері.

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтар үшін осы Заңның негізінде барлық лауазымды адамдар,Парламенттің,мәслихаттардың депутаттары,судьялар,сондай-ақ осы бапта аталған,мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге де адамдар және соларға теңестірілген адамдар жауапты болады. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілдік берілген өзге адамдарға:

1)Қазақстан Республикасының мемлекеттік  қызмет туралы заңдарына сәйкес  барлық мемлекеттік қызметшілер;

2)Құқық қоғау органдары мен  арнаулы қызметтердің лауазымды  адамдары жатады;

 Осы Заңды қолданған кезде  мемлекеттік міндеттерді атқаруға  уәкілдік берілген адамдарға:

1)Жергілікті өзін-өзі басқару  органдарына сайланған адамдар;

2)Заңда белгіленген тәртіппен  Қазақстан Республикасының Президентіне,Қазақстан  Республикасы Парламенті мен  мәслихаттардың депутаттығына,сондай-ақ  жергілікті өзін-өзі басқару сайланбалы  органдардың мүшелігіне кандидаттар  ретінде тіркелген азаматтар;

3)Жергілікті өзін-өзі басқару  органдарында тұрақты немесе  уақытша жұмыс істейтін,еңбегіне  ақы төлеу Қазақстан Республикасы  мемлекеттік бюжетінің,мемлекеттік  органдар немесе жергілікті өзін-өзі  басқару органдары құратын бюджеттен  тыс қорлардың қаражатынан төленетін  қызметшілер;

4)Мемлекеттік ұйымдардың немесе  жарлық капиталында мемлекеттік  меншіктік жиынтық үлесі кемінде  отыз бес процент  құрайтын  ұйымдардың лауазымды адамдары  теңестіріледі.

5)Сыбайлас жемқорлық пен құқық  бұзушылық субъектілерінің қатарына  лауазымды адамдарға және мемлекеттік  міндеттерді атқаруға уәкілдік  берілген өзге де адамдарға  немесе соларға теңестірілген  адамдарға заңға қайшы мүліктік  игіліктер мен артықшылықтар  беретін жеке және заңды тұлғалар  да жатады.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заң  Қазақстан Республикасының күллі аумағында барлық жеке және заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.Осы Заң Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде,егер халықаралық шартта өзгеше көзделмесе,Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тіркелген заңды тұлғаларға қатысты қолданылады.

2.Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрестің  принциптері және  түрлері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің  принциптері;

1)Барлық адамдардың зат пен  сот алдыңдағы теңдігі;

2)Мемлекеттік органдардың қызметін  анық құқықтық регламенттеуді,мұндай  қызметтің заңдылығы мен жариялылығын,оған  мемлекеттік және қоғамдық бақылауды  қамтамасыз ету;

3)Мемлекеттік аппараттың құрылымдарын,кадр  жұмысын жеке және заңды тұлғалар  құқықтары мен заңды мүдделерін  қозғайтын мәселелерді шешу рәсімдерін  жетілдіру;

4)Жеке және заңды тұлғалардың  құқықтары мен заңды мүдделерін,сондай-ақ  мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық,саяси-құқықтық  ұйымдық-басқару жүйелерін қорғаудың  басымдығы;

5)Қазақстан Республикасы Конституциясы 39-бабының 1-тармағына сәйкес лауазымды  адамдар мен мемлекеттік міндеттерді  атқаруға уәкілдік берілген басқа  да адамдардың,сондай-ақ соларға  теңестірілген адамдардың құқықтары  мен бостандықтарын шектеуге  жол берілуін тану;

Информация о работе Мемлкет және құқық туралы түсінік