6)Жеке және заңды тұлғалардың
бұзылған құқықтары мен заңды
мүдделерін қалпына келтіру,сыбылас
жемқорлықпен құқық бұзушылықтың
зиянды зардаптарын жою және
олардың алдын алу;
7)Сыбайлас жемқорлықпен құқық
бұзушылыққа қарсы күреске жәрдем
жасайтын азаматтардың жеке басының
қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
8)Мемлекеттік міндеттерді атқаруға
уәкілдік берілген адамдар мен
соларға теңестірілген адамдардың
құқықтары мен заңды мүдделерін
мемлекеттің қорғауы,аталған адамдар
мен олардың отбасыларына лайықты
тұрмыс дейгейін қамтамасыз ететін
жалақы(ақшалай үлес)мен жеңілдіктер
белгілеу;
9)Осындай қызметті жүзеге асыратын
заңды және жеке тұлғаларға
кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік
реттеуге өкілеттік мберілуін
болдырмау;
10)Сыбайлас жемқорлыққа байланысты
қылмыстарды анықтау,ашу,жолын кесу
және олардың алдын алу мақсатында
жедел-іздестіру қызметі мен өзге
де қызметтерді жүзеге асыру,сондай-ақ
заңда белгіленген тәртіппен
заңға қайшы тапқан ақша қаражаты
мен өзге де мүлікті заңдастыруға
жол бермеу мақсатында арнайы
қаржылық бақылау шараларын қолдану;
11)Осы Заңның 3-бабының 1,2және 3-тармақтарында
аталған адамдар үшін кәсіпкерлік
қызметпен айналысуға,соның ішінде
шаруашылық жүргізуші субьектілерді
басқару органдарында ақы төлннетін
қызметтер атқаруға тыйым салуды
белгілеу негізінде жүзеге асырылады,бұған
мұндай қызметті атқару заңымен белгіленген
қызметтік міндеттерімен көзделген реттер
қосылмайды.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті
жүзеге асырушы органдар.
1.Барлық мемлекеттік органдар
мен лауазымды адамдар өз құзыреті
шегінде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жүргізуге міндетті.Мемлекеттік
органдардың,ұйымдардың,жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының
басшылары өз құзыреттері шегінде
осы Заңның талаптарын орындауды
және онда көзделген тәртіптік
шараларды қолдануды,кадр,бақылау,заң
қызметтері мен басқа да қызметтерді
осыған тарта отырып,қамтамасыз
етеді.
2.Сыбайлас жемқорлықпен құқық
бұзушылықтарды анықтауды,жолын
кесуді,алдын алуды және олардың
жасалуына айыпты адамдарды жауапқа
тартуды өз құзыреті шегінде
прокуратура,ұлттық қауіпсіздік,ішкі
істер,салық,кеден және шекара
қызметтері,қаржы полициясы мен
әскери полиция органдары жүзеге
асырады. Аталған органдар жауапты
мемлекеттік лауазым атқаратын
адамдар жасаған сыбайлас жемқорлық
қылмыстары анықталған барлық
жағдайлар туралы өздерінің өкілеттігінен
туындайтын шараларды қолдануға
және ұлттық қауіпсіздік органдарына
немесе басқа да уәкілетті
органға дереу хабарлауға міндетті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрескем
жәрдемдесетін адамдарға тиіспеушілік
кепілдіктері.
1.Сыбайлас жемқорлықпен құқық
бұзушылық фактісі турулы хабарлаған
немесе сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күреске өзге де түрде
жәрдемдесетін адам мемлекеттің
қорғауында болады.
2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күреске жәрдемдесетін адам туралы
ақпарат мемлекеттік құпия болып
табылады және арнайы органдардың
немесе сұратуы бойынша заңда
белгіленген тәртіппен ғана табыс
етіледі.Бұл ақпаратты жәрия ету
заңда белгіленген жауптылыққа
әкеп соғады.Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес жүргізуші органдар
қажет болған жағдайда сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күреске жәрдемдесетін
адамдардың жеке басының қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді. Бұл ережелер
көрінеу жалған ақпарат хабарлаған
осы Заңға сәйкес жауап беруге
тиіс адамдарға қолданылмайды.
3.Сыбайлас жемқорлықпен
байланысты қылмыстар үшін жауапкершілік,
оның түрлері
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, сыбайлас
жемқорлықпен,құқық бұзушылықпен және
ол үшін жауаптылық нақтылауда заңда төмендегідей
шараларды қолдану белгіленген.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға үміткер
адамдарға қойылатын арнайы талаптар:.
1.Мемлекеттік міндеттерді атқаруға
не осындай міндеттерді атқаруға
уәкілдік берілген органдар мен
ұйымдарда мемлекеттік лауазым
атқаруға үміткер адамдар өздерінің
мәртебесін және соған негізделген
беделін жеке,топтық және өзге
де қызметтік емес мүдделерге
пайдалануға әкеп соғуы мүмкін
іс-әрекеттерге жол бермеу мақсатында
осы Заңмен және өзге де
заңдармен белгіленген шектеулерді
қабылдайды,бұл ретте аталған
адамдар мұндай іс-әрекеттердің
құқықтық салдары туралы хабарлар
етіледі.
2.Аталған адамдардың шектеулерді
қабылдауға келісім жазбаша түрде
тиісті ұйымдардың кадр қызметі
белгілейді.Шектеулерді қабылдамау
ол адамды мемлекеттік не соларға
теңестірілген міндеттерді атқаруға
шақырудан бас тартуға не жұмысынан
босатуға немесе заңдарда көзделген
тәртіппен аталған міндеттерді
атқарудан өзгедей босатуға әкеп
соғады.
9-бап.Қаржы бақылау шаралары.
1.Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік
немесе соларға теңестірілген
міндеттерді атқаруға байланысты
лауазымға кандидаттар болып
табылатын адамдар тұрғылықты
жері бойынша салық органына:
Табыстары туралы мәлімдеме ;
Салық салу объектісі болып табылатын,оның
ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан
тыс жерлерде орналасқан мүлік туралы
аталған мүліктің бағаланған құны мен
тұрған жері көрсетілген мәлімдеме;
Банк мекемесін көрсете отырып, банк
мекемелеріндегі,соның ішінде Қазақстан
Республикасының аумағынан тыс жерлердегі
салымдары мен бағалы қағаздары туралы,сондай-ақ
осы адамдар дербес немесе басқа адамдармен
бірлесіп билік етуге хақылы ақша қаражаты
туралы;
Заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы
қатысуүлесі мен аталған ұйымдардың толық
банк және өзге де реквизиттерін көрсете
отырып,акционері немесе құрылтайшысы
(қатысушысы)ретінде өзінің тікелей немесе
жанама қатысуы туралы;
Егер адам немесе оның жұбайы (зайыбы)жастардың
бенефицары болса,тиісті банк шоттарының
нөмірлерін көрсете отырып,сол жастар
және олар тіркелген мемлекеттер туралы;
Адамға немесе жұбайына (зайыбына )тиесілі
айлық есептік көрсеткіштін мың еселенген
мөлшерінен асатын мөлшердегі материалдық
заттар мен ақша қаражатын ұстау немесе
уақытша сақтау жөнінде онымен шарттық
қатынастары,келісімдері және міндеттемелері
(оның ішінде ауызша да)бар басқа ұйымдардың
атаулары мен реквизиттері туралы мәліметтерді
табыс етеді.
2.Мемлекеттік лауазым атқаратын
адамдар өз өкілеттігін орындау
кезінде жыл сайын,сондай-ақ жағымсыз
себептер бойынша мемлекеттік
қызметтен бостылған адамдар
босатылғаннан кейінгі үш жыл
бойы салық заңдарында белгіленген
тәртіппен тұрғылықты жері бойынша
салық органына мәлімдеме табыс
етіп отырады.
3. Аталған адамдардың жұбайы (зайыбы)тұрғылықты
жері бойынша салық органына
салық салу объектісі болып
табылатын және Қазақстан Республикасының
аумағындағы да,одан тыс жерлердегі
де табыстары мен мүлкі туралы
мәлімдемелер беріп отырады.
4. мемлекеттік қызметкерлер тиісінше
өздері лауазым атқаруға үміткер
органға немесе жұмыс істейтін
жері бойынша осы баптың 1,3-,тармақтарында
көрсетілген мәлімдемелер мен
мәліметтерді алғандығы туралы
салық органынан анықтама әкеліп
тапсырады.
5.Лауазымды адамдардың (мемлекеттік
қызметтен жағымсыз себептер
бойынша босатылған адамдарды
қоспағанда)осы бапта көрсетілген
мәлімдемелер мен мәліметтерді
табыс етпеуі немесе толық,дұрыс
табыс етпеуі,егер жасалған әрекетте
қылмыстық жазаланатын әрекеттің
белгілері болмаса,адамға тиісті
өкілеттік беруден бас тартылу
үшін негіз болып табылады
не оны жұмыстан босатуға немесе
мемлекеттік және оған теңестірілген
міндеттерді атқарудан заңмен
көзделген тәртіппен өзгедей
босатуға әкеп соғады.
6.Адам мемлекеттік немесе оған
теңестірілген міндеттерді атқарудан
босатылғаннан кейін үш жылдың
ішінде алғаш рет жасалған,осы
баптың 5-тармағында аталған әрекет
осы Заңның 6-бабының 2-тармағында
аталған органдардың ұсынуы (хаттамалары)бойынша
әкімшілік тәртіппен сот салатын
елуден жүзге дейінгі айлық
есептік көрсеткіш мөлшерінде
айыппұл төлеуге әкеп соғады.Аталған
мерзімде мұндай іс-әрекеттерді
қайталап жасау осындай тәртіппен
салынатын жүзден екі жүзге
дейінгі айлық есептік көрсеткіш
мөлшерінде айыппұл төлеуге әкеп
соғады.
7.Жауапты мемлекеттік лауазымдар
атқаратын лауазымды адамдардың
табыстарының мөлшері туралы
және олардың көздері туралы
мәліметтер,сондай-ақ сайланбалы
мемлекеттік қызметке ұсынылған
мкезінде кандидаттардың табыстары
туралы мәліметтер заңдарда белгіленген
тәртіппен жариялануы мүмкін.
8.Мемлекеттік міндеттерді атқаруға
уәкілеттік берілген адамдарға
және соларға теңестірілген адамдарға
өз атынан емес бөгде адамдар
атынан ,жасырын,бүркеншік атпен
және басқаша да азаматтық
–құқықтық мәмілелер жасауға
тыйым салынады.Бұл мәмілелер
заңда белгіленген тәртіппен
жарамсыз деп танылады.
9.Мемлекеттік мүлікті басқару
жөніндегі міндеттерді атқаруға
қатысатын жеке және заңды
тұлғалар Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілеген тәртіппен
және мерзімде мемлекеттік меншікке
байланысты мүліктік сипаттағы
барлық мәмілелер мен қаржы
қызметі туралы есепті мемлекеттік
мүлікке қатысты меншік иесінің
құқықтық өкілеттігін жүзеге
асыратын мемлекеттік органға
табыс етеді.
10.Салық органына келіп түсетін,осы
бапта көзделген мәліметтер қызметтік
құпия болып табылады.Оларды жария
ету,егер жасалған әрекетте қылмыстық
жазаланатын әрекет белгілері
болмаса,кінәлі адамды жұмыстан
босатуға әкеп соғады.Бұл мәліметтер
аталған органдардың,сондай-ақ соттың
сұратуы бойынша ғана заңда
белгіленген тәртіппен табыс
етіледі.
Көзделген қаржы бақылау шаралары Қазақстан
Республикасында тұрғын үйді және тұрғын
үй құрылысы үшін құрылыс материалдарын
меншігіне сатып алуға байланысты құқық
қатынастарына қолданылмайды.Тұрғын үйді
және тұрғын үй құрылысы үшін құрылыс
материалдарын сатып алу кезіндегі қаржы
бақылау Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік міндеттерді атқарумен сыйыспайтын
қызмет.
1.Лауазымды және мемлекеттік
міндеттерді атқаруға уәкілеттік
берілген өзге де адамдарға
және соларға теңестіріген адамдарға
педагогтік,ғылыми және өзге де
шығармашылық қызметтен басқа
ақы төленетін қызметпен айналысуға
тыйым салынады.
2. Аталған адамдардың кәсіпкерлік
қызметпен айналысуына тыйым
салынады.
3.Лауазымды адамдар қызметке
кіріскеннен кейінгі бір айдың
ішінде өздерінің тиесілі, пайдаланылуы
табыс табуға жеткізетін мүлікті
Қазақстан Республикасының заңдарында
белгіленген тәртіппен осы міндеттерді
атқару кезеңіне сенімді басқаруға
беруге міндетті,бұған сол адамдарға
заңды түрде тиесілі ақша,сондай-ақ
мүліктік жалға берілген өзге
де мүлік қосылмайды.
4.Осы міндеттерді атқарумен
сыйыспайтын қызметпен айналысатын
адамдар жұмысынан шығарылуға
тиісті міндеттерін атқарудан
заңда белгіленген тәртіппен
өзгедей босатылуға тиіс. Жақын
туыстардың немесе жекжаттардың
бірге қызмет істеуіне жол
бермеу.
1.Мемлекеттік міндеттерді атқаруға
уәкілеттік берілген лауазымды
және өзге де адамдар мен
соларға теңестірілген адамадрадың
өздерінің жақын туыстары(ата-аналары,ерлі-зайыптылар,аға-інілері,апа-сіңлілері,балалары)
немесе жекжаттары (ерлі-зайыптылардың
аға-інілері,апа-сіңлілері,ата-аналары
және балалары) атқаратын қызметтерге
тікелей бағынышты лауазымдарды,заңдарда
көздедген жағдайларды қоспағанда,атқаруына
болмайды.
2. Аталған талаптарын бұзған
адамдар,егер олар аталған жолсыздық
анықталған кезден бастап үш
айдың ішінде оны өз еркімен
жоймаса,мұндай бағыныштылыққа болуына
жол бермейтін қызметке ауыстырылуға
тиіс,ал бұлайша ауыстыру мүмкін
болмаған жағдайда бұл қызметшілердің
біреуі қызметінен босатылуға
немесе аталған міндеттерден
өзгедей түрде босатылуға тиіс.
3.Осы баптың 1-тармағында аталған
негіздер бойынша жұмыстан босатылған
адамдардың басқа органдарға,ұйымдарға
мемлекеттік немесе оған теңестірілген
міндеттерді атқарумен ұштасатын
мемлекеттік және өзге де қызметке
кіруге құқығы бар.
3.Сыбайлас жемқорлыққа
жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар
және олар үшін жауапкершілік.
Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік
берілген адамдардың немесе соларға теңестірілген
адамдардың мынадай сыбайлас жемқорлыққа
жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар
болып табылады:
1)Басқа мемлекеттік органдардың,ұйымдардың
қызметіне заңсыз араласу;
2)Аталған адамдардың не олардың
жақын туыстары мен жекжаттарының
материалдық мүдделерін қанағаттандыруға
байланысты мәселелерді шешу
кезінде өздерінің қызметтк өкілеттігін
пайдалану;
3)Мемлекеттік және оған теңестірілген
қызметке кірген және онда
жоғарылатылған кезде заңда көзделмеген
артықшылықтар беру (тамыр-таныстық,отбасылық-жақындық);
4)Шешімдер әзірлеу мен қабылдау
кезіңде заңды және жеке тұлғаларға
заңсыз артықшылық көрсету;
5)Кімге болса да табыс алуға
байланысты кәсіпкерлік және
өзге де қызметті жүзеге асыруда
заңдарда көзделмеген кез-келген
жәрдем көрсету;
6)Мемлекеттік міндеттерін атқару
кезінде алынған ақпаратты,егер
ол ресми жариялауға жатпйтын
болса,жеке немесе топтық мүдделерге
пайдалану;