Мемлкет және құқық туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.

Содержание

1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі және теориялық негіздері
4.Құқықтық норма, оның құрылымы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық лекция.docx

— 134.61 Кб (Скачать документ)

4)Кінәсіздік презумпциясы. Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы іс  қозғалған адам кінәсі дәлелденбейінше  және судьяның, органның (лауазымды  адамның) заңды күшіне енген қаулысымен  белгіленбейінше кінәсіз деп  есептеледі;

5)Кінә қағидаты.Тек кінәсі анықталған  құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік  жауаптылықта болуға тиіс;   

6)Қайта әкімшілік жауаптылыққа  тартуға жол бермеушілік. Бір  құқық бұзушылық үшін ешкімді  де екі рет әкімшілік жазаға  тартуға болмайды;

7)Ізгілік (гуманизм) қағидаты. Құқық  бұзушылық жасағанға әкімшілік  жаза қолданғанда адамның қадір  касиетін қорлауды жазаның мақсаты  етіп қоюға болмайды;

8)Жеке басқа қол сұқпаушылық .Тек әкімшілік кодексте белгіленген  негіздерде және көзделген тәртіппен  ғана азаматтарды ұстауға, жеке  заттарын тексеруге, қамауға алуға  т.б. шараларды қолдануға болады.ӘҚБ  туралы іске қатысушыларды қатыгездік  немесе адамның қадір қасиетін  қорлайтын әрекеттерге ұшыратуға  ешкімнің хақысы жоқ;

9)Жеке бастың ар-ожданы мен  қадір-қасиетін құрметтеу. Адамның  жеке өмірі туралы және құпия  сақталуы қажет деп есептейтін  мәліметтерді әкімшілік кодексте  көзделмеген мақсаттарда жинап  пайдалануға жол берілмейді. Мемлекеттік  органдар мен лауазымды адамдардың  заңсыз әрекеттері, адамға келтірген  моральдық залал заңда белгіленген  тәртіппен өтелуі тиіс;

10)Жеке өмірге  қол сұқпаушылық. Хат жазысу, телефонмен сөлесу, поштамен  телеграф арқылы және өзге  де хабарлар алысу құпиясы. Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы іс  жүргізуде осы құқықтарды шектеуге тек заңмен тікелей белгіленген жағдайларда, және заңда көрсетілген тәртіппен жол беріледі;

11)Меншікке қол сұқпаушылық. Меншікке  конституциямен және заңдармен  кепілдік берілген. Ешкімді сот  шешімінсіз өз мүлкінен айыруға  болмайды. Ол әкімшілік кодексте  көзделгн жағдайларда ғана жүргізіліуі  мүмкін;

12)Судьялардың тәуелсіздігі. Соттардың  сот төрелігін іске асыру жөніндегі  қызметіне қандай да болмасын  араласушылыққа жол берілмейді;

13)Іс жүргізу тілі. ҚР ӘҚБ туралы  істер мемлекеттік тілде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда орыс  тілі немесе басқа тілдер мемлекеттік  тілмен тең қолданылады;

14)Куә айғақтарын беруден босату. Ешкім өзі өзіне жұбайына және  заңда көрсетілген шектегі туыстарына  қарсы айғақтар беруге міндетті  емес;

15)Білікті заң көмегін алуға  құқықтарды қамтамасыз ету;

16)Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы іс жүргізудің жариялылығы. Соттар мемлекеттік органдар, лауазымды  адамдар ӘҚБ туралы істерді  ашық түрде жүргізеді. Заңға сәйкес  мемлекеттік құпия мәліметтерге  қатысты істер және  коммерциялық, отбасылық, азаматтардың жеке өмірінің  құпияларын сақтауды сұрап өтініш  білдіргенде ғана жабық түрде  өтеді

17)Іс жүргізуде қауіпсіздікті  қамтамасыз ету. Істі жүргізуде  қауіпсіздікті сақтау мақсатында  оған катысушыларды тексеру жүргізіледі;

18)Іс жүргізу іс әрекеттері  мен шешімдеріне шағымдану  бостандығы. Іс жүргізу іс әрекеттері мен  шешімдеріне шағымдану  кодексте  белгіленген.Заң бойынша істі  қайта қаратуға құқы бар.

19)Адамның құқықтарын, бостандықтарын  және заңды мүдделерін сот  арқылы қорғау. Әркімнің өз құқықтары  мен бостандықтарын сот арқылы  қорғауға құқығы бар;

 Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы істерді қараудың төрт  сатысы бар:

1)Әкімшілік тергеу жүргізу. Бұл  сатыда әкімшілік құқық бұзушылық  фактілері анықталады.

2)Істі қарау. Уәкілдігі бар орган (немесе лауазымды адам)  істі  қарап қаулы қабылдайды 

3)Қаулыны қайта қарау. ( факультативті  саты)   Қабылданған шешім бойынша  азаматтың шағымы немесе прокурордың  наразылығы болған жағдайда қаулыны  күшінде қалдырумен, оны өзгертумен  немесе бұзумен аяқталады 

4)Қаулыны орындау. Қаулыны қабылдағаннан  немесе шағым мен наразылықты  қарағаннан кейін- ақ бірден басталады.

6-дәріс. Қазақстан Республикасы  азаматтық құқығының негіздері 

 

1.Азаматтық құқық және азаматтық  құқықтық қатнастар туралы түсінік

2.Мәмле, оның түрлері

3.Меншік және зияткерлік меншік  құқығы. Міндеттемелік  құқық. 

 

1.Азаматтық құқық және  азаматтық құқықтық қатнастар  туралы түсінік 

Азаматтық құқық дегеніміз – бір тараптың екінші тарапқа бағынбауына, қатысушылардың теңдігіне негізделген тауар-ақша қатынастарын және өзге де мүліктік қатынастарды, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы. Азаматтық құқықпен реттелінетін қатынастарға мүліктік және мүліктік емес қатынастар жатады. Азматтық құқықтың қайнар көздері: Қазақстан Республикасының «Азаматтық кодексі». Ол екі бөлімнен тұрады. Олар: жалпы бөлім және ерекше бөлім. «Азаматтық кодексі» жалпы бөлім (27.12.1994ж.) Азаматтық кодекстің ерекше бөлімі (01.07.1999ж) қабылданды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарынан, Қазақстан Республикасының президентінің заң күші бар жарлықтарынан, парламенттің қаулыларынан , парламенттің сенаты мен мәжілісінің қаулыларынан тұрады. Азаматтық құқық қатынастар мынадай түрлерге бөлінеді: меншік құқығы, зияткерлік меншік құқығы, мәміле, міндеттемелік құқық, мұрагерлік құқық.   Кез келген құқық қатынас оның субъективтік құқықтар мен міндеттерді таратушылар ретіндегі қатысушылардың құқықтық байланысы болып табылады. Субъективтік құқықтар мен міндеттер азаматтық құқық қатынасының мазмұны болып табылады. Субъективтік құқықтық мазмұнын субъектіге берілген немесе заңмен рұқсат етілген мүмкіндіктер құрайды. Мысалы, меншік құқығы белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін меншік иесіне тиесілі мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету мүмкіндігін береді. Екіншіден, басқа адамдардың бәрінен сол мүмкіндіктерді жүзеге асыруға кедергі жасамауын талап етеді.Үшіндіден, меншік құқығы бұзылған жағдайда құқық бұзушылықты жою үшін сотқа жүгінуге дейінгі құқық қорғау тәртібін пайдалану мімкіндігін қамтиды. Жеке тұлға Қазақстан Республикасының азаматтары, басқа елдердің азаматтары және азаматтығы жоқ  адамдар. Азаматтық құқық қатынастарының объектілері деп аталған құқық қатынасы бағытталған және белгілі бір ықпал жасайтын нәрсе түсініледі. Адамдар арасындағы олардың өзара іс-қимыл нәтижесінде белгіленетін қоғамдық байланыс ретінде азаматтық құқық қатынасы адамның мінез-құлығына ғана ықпал етеді. Сондықтан азаматтық құқық қатынастарының объектісін оның субъектілерінің  алуан түрлі материалдық игіліктері мен материалдық емес игіліктері жатады. Мысалы, азаматтық кодекстің 115-бабында атап көрсетілгендей азаматтық құқық объектілеріне: заттар, ақша оның ішінде шетелдік валюта, қоғамдық қағаздар, жұмыс, көрсетілген  қызмет, шығармашылық, жеке қызметтің объектілендірілген нәтижелері және фирма атаулары, тауар белгілері және бұйымдарды дараландырудың өзге де құралдары мен мүліктік  және мүліктік емес құқықтар жатады.

Азаматтық құқықтың субъектілері: жеке тұлғалар заңды  тұлғалар, мемлекет әкімшілік-аумақтық бірлілестіктер. Олардың құқықтық қатнастары тең құқықты, бір-бірінен тәуелсіз, заңда көсетілген немесе көрсетілмеген негіздерде туындауы мүмкін, көбінесе өзара келісім негізінде жүзеге асады; Мүліктік жеке игіліктерге жеке адамның өмірі, денсаулығы, қадір-қасиеті, ар-ождан, атақ, абырой, жеке және отбасылық құпиясы мен авторлық құқықтар жатады. Мүліктік емес жеке құқықтар адамның жеке басымен тығыз байланысты. Азаматтардың  құқықтық жағдайы олардың құқық қабілетілігі мен әрекет  қабілетілігі арқылы сипатталады. Азаматтық құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтардың азаматтық құқықтарға ие болу және азаматтық міндеттерді атқару қабілетін айтамыз. Азаматтық құқық қабілеттілігі баршаға бірдей болғандықтан оған шек қоюға болмайды. Шек тек азамат қылмыс істеген және сол үшін жаза алған жағдайда ғана қойылуы мүмкін. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі азаматтың өз әрікеттері мен азаматтық құқықтарға ие болу және оларды жүзеге асыру. Өзі үшін міндеттер туғызу және оларды орындау қабілеттілігі. Азаматтың толық әрекет қабілеттілігі кәмелеттік жасқа толғаннан кейін, яғни 18 жасқа келген кезден бастап пайда болады. Сондай-ақ заң құжаттарында 18 жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап, толық көлемде әрекет қабілеттілігіне ие болады. Әрекет қабілеттілігі екі түрлі жағдайда шектеледі: біріншіден, табиғи түрде шектеу, екіншіден, сот органдарының шешімі негізінде шектеу. Сондай-ақ 6- жастан 14-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жартылай әрекет қабілеттілігі болады. Ал 14-жастан 18-жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігі болады.Азаматтық құқықтық қатнастардың пайда болу негіздері- заңды фактілердің туындауы: 1)Келісімдер мен мәмлелердің жасалуы; 2)Әкімшілік актілердің шығуы; 3)Сот шешімі бойынша;  4)Мүліктік құқықтардың пайда болуы мен өзгеруі 5)Әдеби және ғылыми шығармалар, өндірістік үлгілер т.б. шығару;  6)Басқа  да жеке және заңды тұлғаларға мүліктік шығын келтіру;  7)Азаматтық құқықтық жауапкершілікке тартылу; Заңды тұлға дегеніміз – меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы өзіндік оқшау мүлкі бар және сол мүлікпен өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта жауапкер және талапкер бола алатын ұйым. Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы және оның атауы жазылған мөрі болады.Заңды тұлғаның құқық субъектілігі дегеніміз – онда құқық субъектісінің қасиеті болуы, яғни құқық қабілеттілігі мен әрекет қабілеттілігі болуы. Азаматтық құқық қатынастарын реттеу төмендегідей тәсілдерге сүйенеді: 1) азаматтық құқықтық қатынаста қатысушылардың заңдық теңдігі;2) жеке және заңды тұлғалар азаматтық құқық пен азаматтық міндетті өз ниеттерінің негізінде жүзеге асыруы; 3) азаматтық құқықтық қатынастарды жүзеге асыру мүмкіншілігінің   теңдігі;

2.Мәмле, оның түрлері.

Азаматтық құқықтың негізгі ұғымдарының бірі - мәміле. Мәмілелер деп жеке және заңды тұлғалардың өз азаматтық құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, тудыруға, өзгертуге, тоқтатуға бағытталған әрекеттерді айтамыз Мәмлелердің түрлері:

1)мәмілелер нысанына қарай: ауызша  және жазбаша болып бөлінеді. Егер мәміле ешбір құжатсыз  адамның тікелей қабылдауы арқылы  жасалса ол ауызша нысанда  жасалған болады. Жазбаша нысанның  жай және нотариалды түрлері  болады. Нотариус арқылы бекітілген  мәміле нотариалды жазбаша түрге  жатады.

2) тараптардың санына қарай бір  жақты және екі немесе көпжақты  болады. Жасалуы үшін қатысушы  бір тараптың ерік білдіруі  қажет және жергілікті болатын  мәміле біржақты деп аталады. Біржақты мәмілеге сыйға беру, мұраға қалдыру мәмілелері жатады. Жасалуы үшін екі немесе бірнеше  тараптың еркін қажет ететін  мәміле екі немесе көпжақты  мәміле болып саналады. Оған мысал: сатып алу-сату немесе бірлескен  туралы мәмілелер. Екі немесе  көпжақты мәмілелер шарттар деп  аталады.

3)ақылы және ақысыз болып  бөлінеді. Тараптар өз міндеттерін  орындағаны үшін ақы немесе  өтеуіне өзге нәрсе алуға тиіс  болатын мәміле ақылы мәміле  болып табылады. Бір тарап екінші  тарапқа ақы немесе өтеуге  өзге де нәрсе алмай беруге  міндеттенетін мәміле ақысыз  мәміле деп танылады. Ақысыз мәмілеге  мүлікті тегін пайдалану немесе  сыйға беру мәмілелері жатады.

4)жасалған деп саналатын уақыт  мәніне қарай мәмілелер нақты  және консенсуалды болып бөлінеді. Мәміле жасалған деп саналатын  уақыт мәніне қарай мәмілелер  нақты және консенсуалды болып  бөлінеді. Консенсуалды мәміленің  пайда болуы үшін мәміле жасау  туралы келісімге қол жеткізу  жеткілікті. Нақты мәміле жасалған  деп есептелу үшін бір тараптың  белгіленген іс-әрекет жасау қажет. Нақты мәмілеге жүк тасымалдау  шартын жатқызуға болады. Бұл  мәміле жасалды деп есптелуі  үшін жүк жөнелтушінің жүкті  тасымалдаушыға беруді қажет  етеді.

5)негідемесіне байланысты каузалды  және абстрактілі мәмілелер болып  бөлінеді. Каузалдық мәміленің заңды  күші оның негіздемеге толығымен  байланысты болады. Абстрактілі  мәміленің заңды күші оның  негіздемесіне байланысты болмайды.

6)жасалған кезде қойылған шарттарға  байланысты шартты және фидуциарды  мәмілелер болып бөлінеді. Жасалған  кезде қандай да бір шарт  қойылатын мәміле шартты деп  аталады. Мысалы: бір тарап екінші  тарапқа пәтерді жалға беру  мәселесін жасайды. Бірақ жалға  берушінің баласы басқа қаладан  келсе, жалға алушы пәтерді босатып  беруге міндетті екені мәміледе  көрсетіледі. Бір адамның сенім  арқылы басқа бір адам үшін  жасайтын мәмілелері – фидуциарлы  мәмілелер деп аталады.

3.Меншік және зияткерлік  меншік құқығы. Міндеттемелік құқық.

Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заңды актілермен белгіленген және қорғалатын мүлікті иелену, пайдалану және билік ету құқығы. Иелену құқығы дегеніміз – мүлікті ңс жүзінде заң жүзінде қамтамасыз етудің мүмкіндігі. Пайдалану құқығы дегеніміз – мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Билік ету құқығы – мүліктің заң жүзіндегі тағдырын белгілеудің заңмен қамтамасыз етілген мүмкіндігі. Заңға сәйкес меншіктің келесі нысандары бар: жеке және мемелекеттік. Жеке меншік азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың меншігі ретінде қарастырылады. Мемлекеттік меншік республикалық және коммуналды болып екіге бөлінеді. Республикалық меншік республикалық қазынадан және республикалық заңды тұлғаларға бекітілп берілген мүліктен тұрады. Республикалық қазынаға: республикалық бюджет қаражаттары, алтын-валюта қоры, алмас қоры, жер, оның қойнауы, су, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар жатады. Коммуналды меншік жергілікті қазынадан және коммуналды заңды тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Екі немесе бірнеше тұлғаның бір мүлікке меншік құқығы ортақ меншік болып табылады. Заң ортақ меншіктің екі түрін анықтайды: үлестік және бірлескен ортақ меншік. Егер мүлікке меншік иелерінің әрқайсысының нақты үлестері белгілі болса және көрсетілсе, онда ортақ меншік үлестік болып табылалы. Ортақ бірлескен меншікте нақты үлестер белгіленбейді және қатысушылардың үлестері тең деп есептеледі. Меншік құқығының пайда болу негіздерінің бастапқы және туынды тәсілдері бар. Бастапқы тәсіл негізінде меншік құқығы бірінші рет пайда болады, яғни бұрын мүлік ешкімнің де иелену, пайдалану және билік ету құқығында болмаған. Бастапқы тәсілге жаңадан жасалған затқа меншік құқығын жатқызуға болады. Туынды тәсіл – мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өту нәтижесінде пайда болатын меншік құқығын алу тәсілі (сатып алу-сату). Меншік құқығын қорғаудың негізгі тәсілдері: виндикациялық және негаторлық тараптар. Виндикациялық талап – меншік иесінің мүлікті өзгенің заңсыз иеленуінен талап ету. Негаторлық талап – меншік иесінің құқықтарын иеліктен айырумен ұштаспаған бұзушылықтан қорғау талабы. Бұл талап меншік иесінің өз мүлкін пайдалану және билік ету құқығына нұқсан келтірген кезде қойылады.

Зияткерлік меншік дегеніміз азаматтың немесе заңды тұлғаның шығармашылық интеллектуалдық қызметінің нәтижелеріне, заңды тұлғалардың дараландыру құралдарына, жеке немесе заңды тұлғаның өз өнімдеріне (фирмалық атау, тауар белгісі, қызмет көрсету белгісі т.б.)ерекше құқығы.  Зияткерлік құқықтың объектілеріне:

Информация о работе Мемлкет және құқық туралы түсінік