Мемлкет және құқық туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.

Содержание

1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі және теориялық негіздері
4.Құқықтық норма, оның құрылымы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық лекция.docx

— 134.61 Кб (Скачать документ)

Дәріс-1

Мемлкет және құқық туралы түсінік. 

 

1.Құқық негіздері пәні, әдістері  және жүйесі.

2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы  және теориялық негіздері.

3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі  және теориялық негіздері

4.Құқықтық норма, оның құрылымы.  

 

1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының  пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің  жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.

Құқық негіздері пәнінің әдіс-тәсілдері:

1.Жалпылама әдістер ( диалектикалық-материалистік)

2.Жалпы ғылыми әдістер ( талдау, жүйелеу, синтездеу)

3.Жекеленген әдістер (салыстырмалы, міндеттеу, социологиялық, статистикалық  т. б.)

Жалпы заң ғылымдары жүйесі жағынан бірнеше топқа бөлінеді:

1.Теориялық заң ғылымдары. Оларға  мемлкект және құқық теориясы  жатады.

2.Мемлекет пен құқық тарихы. Оларға Қазақстан Республикасы, басқа да елдердің мемлекті  мен құқығының тарихы жатады.

3.Салалық заң ғылымдары ( азаматтық, конституциялық, әкімшілік, қылмыстық, еңбек т.б.)

4.Арнаулы заң ғылымдары (криминалистика, сот медицинасы, сот психиатриясы, экспертиза, сот статистикасы т.б.)

2.Мемлекет ұғымы, оның  белгілері, түрлері, құрылымы және  теориялық негіздері.

Мемлекет мәселесін қарастыруды алдымен қоғамнан бастауымыз керек Қоғам- адамдардың ұйымдасуы мен өмір сүруінің нысаны болып табылады. Оның шеңберінде материалдық және рухани игіліктер өндіріліп, тұтынылып  айырбасталауы белгілі бір тәртіпті, адмдар арасындағы қарым-қатнастардың орнықтылығы мен тұрақтылығын нығайтуды қажет етеді  Ол үшін адамдардың мінез-құлығын басқару және реттеуді жүзеге асыратын ерекше құрал керек. Содай құрал ретінде мемлекет пайда болған. Мемлекет  қоғамның негізінде пайда болады және сол қоғамның даму нәтижесі болып табылады. Адамдар алдымен қауымға, содан кейін туыстық жағынан біріккен руларға бірікті. Бірнеше рулар тайпаға айналды.Өндіргіш күштердің дамуы нәтижесінде басы артық өнім пайда болды Соның негізінде жеке меншік шықты, әлеуметтік таптар қалыптасты. Нәтижесінде қоғамдағы қалыптасқан қайшылықтарды  үйлестіріп, оны ұйымдастыратын ұйым мемлекет пайда болды. Мемлекет –  қоғамды басқаруды жүзеге асыра отрырып оның өмір сүруін қамтамасыз ететін адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша формасы болып табылады. Мемлекеттің саяси ұйым ретіндегі белгілері:

1. Аумағының ( территориясының) болуы. Мемлекет сол территорияда  үстемдік  етіп,заң шығарушы, атқарушы және  сот билігін жүзеге асырады.

2.Саяси билігінің болуы. Мемлекет  арнайы ұйымдар армия,  сот,құқық  қорғау органдары арқылы  саяси  билікті жүзеге асырып қоғамның  тұрақтылықғы мен дамуын қамтамасыз  етеді.

3. Тәуелсіздігі және егемендігі; Мемлекет өз билігін ішкі және  сыртқы жағдайлардан тәуелсіз  жүргізеді.

4. Мемлекттік биліктің жариялық  сипаты; Биліктің жариялылығы дегеніміз  сол билікті мемлекет азаматтарының  қолдап, мойындауы, биліктің заң  негізінде жүзеге асырылуы

5. Заң шығару, оған бағындыруды  жүзеге асыруы. Мемлекет қоғамды  заңдар шығару соның негізінде  қоғамдық қатнастарды реттеу  арқылы басқарады.Ол үшін арнайы  органдар құрады.

( сот, прокуратура құқық қорғау  органдары,т.б.)

6.Халықтан салық жинау. Салық  жинау арқылы мемлекет өзінің  өмір сүруіне қажетті қаражатты  қамтамасыз етеді. Осы мақсатта  арнайы органдар құрады. Салық  жинауға тек мемлекеттің ғана  құқығы бар.

7.Мемлекеттік рәміздері мен  мемлекеттік тілінің болуы. Мемлекеттік  рәміздерге мемлекеттің жалауы, гимні,гербі жатады. Ең алғаш жалау  ертедегі гректерде болған. Ал  римдіктер  найзаға байланған  төртбұрышты матадан жасалған  жалауды пайдаланды. Мемлекеттік  жалау қазіргі түрде ең алғаш  Данияда 1219 жылы, Щвейцарияда 1229 жылы, 1785жылы АҚШ-та, 1805жылы Италияда  шықты. Мемлекет  басқару қызметін атқаратын және оның көмегімен қоғамның тіршілігін қамтамасыз ететін, оған қажетті алғышарттар жасайтын ұйым.

Мемлекеттің нысанының түрлері:

1. Басқару нысаны

2. Мемлекеттік  құрылымы

3. Саяси режимі.

Басқару формасына қарай мемлекеттің екі түрі бар. Олар: монархия және республика. Монархия-  мемлекеттік биліктің атадан балаға мұрагерлікпен берілуімен сипатталады.  Монархия абсолютті және конституциялы болып екіге бөлінеді. Республика- мемлекеттік билікті заңмен белгіленген  мерзім ішінде сайланатын  бір немесе бірнеше  органдардың атқаруымен сипатталады. Республиканың үш түрі бар: президенттік республика және парламенттік республика. Аумақтық құрылымы жағынан мем лекеттің үш түрі бар: унитарлы, федеративті, конфедеративті. Унитарлы мемлекет біртұтас, құрамында дербестігі бар (автономды) мемлекеттік құрылымдары жоқ, әкімшілік- аумақтық бөліністерден тұратын мемлекет. Унитарлы мемлекетте жоғарғы билік органдары, басқару, сот органдары бүкіл ел үшін біртұтас, бір конституция, бір құқықтық жүйе, бір азаматтық болады. Федеративті мемлекеттер дегеніміз құрамында екі, үш немесе  одан да көп мемлекеттер немесе бірқатар дербестігі бар мемлекеттік құрылымдар кіретін мемлекет. Конфедерациялық мемлекет дегеніміз бірнеше мемлекеттердің белгілі бір мақсаттарға сәйкес бірігуі немесе одағы. Ондай мақсаттар экономикалық, әскери, дипломатиялық немесе этникалық мақсаттар болуы мүмкін. Конфедерацияға біріге отырып мемлекеттер тәуелсіздігін сақтайды.  Конфедерацияға  бұған дейін конфедерация болып 1781 жылдан бастап федерацияға көшкен АҚШ-ты, 1815-1848 жылдардағы швецар одағын құрған Щвейцарияны  жатқызуға болады. Мемлекеттің басқару түрлерін, мемлекеттің пайда болуын шартты түрде екі түрлі модельге бөліп қарастыруға болады. Олар батыстық және шығыстық модельдер. Саяси режим дегеніміз – мемлекетте саяси биліктің жүзеге асырылу әдістері мен тәсілдері.  Саяси режим демократиялық және антидемократиялық болып екіге бөлінеді. Антидемократиялық режимдерге авторитарлық және тоталитарлық режимдер жатады.

Мемлекттің пайда болуы туралы теориялар:

Мемлекттің пайда болуы туралы теориялар:

1. Теологиялық теория мемлекет  құдай әмірімен жаралды деп  түсіндірді (Ф. Аквинский, А. Аврелли)

2.Патриархалдық теория мемлекеттің  пайда болуын отбасының өсуімен  байланыстырды, және мемлекетте  болып жатқан процесстердің реттелуін  отбасымен сабақтастырды (Аристотель, Платон Фильмер)

3.Органикалық теория мемлекетті  тірі организмге ұқсастырады (Г. Спенсер)

4.Қоғамдық келісім теориясы. Бұл  теория бойынша мемлекет адамдар  арасындағы  ерікті келісім нәтижесінде  пайда болды. Адамдар өзінің күнделікті  тіршілігінде тәртіпті сақтау  үшін, әртүрлі қолсұғушылықтардан  қорғану үшін мемлекетке бірігуге  келіседі, және сол мемлекетке  қажетті билікті береді.(Г. Гротций, Спиноза, Д.Локк, Т.Гоббс,П. Гольбах, Ж.Ж. Руссо Ш.Монтескье)

5.Күштеу теориясы. Бұл теория  бойынша мемлекет бір тайпаның  екінші тайпаны жаулап алып, бағындырылған  тайпаны басқару үшін құрылған. (Е. Дюринг, Л. Гумплович, К. Каутский)

6.Психологиялық теорияның түсіндеруі  бойынша мемлекет адамдардың  бірігіп өмір сүруге психологиялық  қажеттілігінен туындайды.(Петражицкий

6.Материалистік (таптық) теория. Мемлекет  таптардың арасындағы қайшылықтар  нәтижесінде туындайды, мемлекет  бір таптың екіншіні қанау  құралы деп түсіндірді. (К. Маркс, Ф. Энгельс, В. Ленин)

3.Құқық ұғымы, оның белгілері, құрылымы, жүйесі және теориялық  негіздері. Құқық дегеніміз мемлекет шығарған, бекіткен, орындалуы мемлекеттік аппараттың күшімен қамтамасыз етілетін, жалпыға бірдей міндетті, нормаларының жиынтығы.  Ең алғашқы жазбаша құқықтық нормаларға ежелгі Вавилондағы (1901жылы француз археологиялық экспедициясы Сузы қаласынан тапқан) 282 баптан тұратын Хамурппи патшаның  заңдарын жатқызуға болады. Құқықтың қоғам өмірінде қызметі:  1.Реттеушілік қызметі- қоғамдық қатнастырдың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін адамдар арсындағы, адамдар  мен мемлекет арасындағы қатнастарды нақты құқықтық нормалармен реттеуінен көрінеді

2.Қорғаушылық қызметі-азаматтардың  құқықтыры мен бостандықтарын  қауіпті әрекеттерден қорғауда  мемлекеттік органдардың қызметі  нәтижесінде жүзеге асады.

3.Гуманистік қызметі-  құқықтың  қоғамдық әділеттілік, адамгершілік  құндылықтарды насихаттауында

4.Тәрбиелік қызметі- заңды түсініп  біліп, орындауға тәбиелеуінде.

5.Идеологиялық қызметі құқық  белгілі бір құндылықтарды насихаттай  отырып қоғамдық санаға ықпал  етуінде жүзеге асады.

Құқық туралы негізгі теориялар: табиғи, тарихи, реалистік, социологиялық, нормативтік, психологиялық, материалистік теориялар.

Құқықтың белгілері: жүйелілігі, нормативті сипаты, формальді анықтылығы, мемлекеттің күшіне сүйенуі, жалпыға міндеттілігі. Құқықтың жүйелілігінің негізін конституция құрайды басқа заңдар соған сәйкес болуы керек. Құқықтың нормативтік сипаты- рұқсат етілген тыйым, салынған және атқаруға міндетті әрекеттерді нормалап анықтау арқылы қоғамдық қатнастарды реттеуінде. Құқықтың формальді анықтылығы  оның қағидаларының нақтылығынан көрінеді. Заңда әрбір ұғым, әрбір сөз сол заңда көрсетіліп түсіндірілген мағынада ғана қолданылуы тиіс. Құқықтағы тұжырымдарды өздігінше өзгертуге ешкімнің құқы жоқ.. Құқық мемлекеттің күшіне сүйенеді. Мемлекет оның органдары құқықтың жүзеге асуына көмектеседі, жағдай жасайды. Құқық жалпыға бірдей міндетті, әрбір азамат заңдарды орындауға міндетті.

Құқықтық мемлекет дегеніміз бүкіл іс қимылы заң талабы шеңберінде әрекет ететін, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары қамтамасыз етілетін, оған кепілдіктер беретін мемлекет. Құқықтық мемлекеттің белгілері:

1)мемлекеттік биліктің үш тармаққа  бөлінуі;

2)заң үстемдігі;

3)заң алдында адамдардың теңдігі;

4)мемлекет пен жеке тұлғаның  өзара жауапкершілігі;

5)азаматтардың құқықтық санасының  және құқықтық мәдениеттің жоғары  деңгейде болуы;

6)барлық қоғам мүшелерінің заңды  орындауын бақылау; дамыған азаматтық  қоғам, нарықтық экономика, құқық  қорғау органдарының  тиімді жүесінің  болуы, заңдардың халқаралық құқық  нормаларға сәйкестігі т.б.

Құқықтың қайнар көздері: құқықтық әдет, құқықтық прецедент (үлгі), құқықтық нормативтік шарттар, нормативтік- құқықтық актілер. Құқықтық әдет – қоғам тарихында, мемлекеттің қалыптасу кезеңінде пайда болған халықтың әдет- ғұрпымен тығыз байланысты (Ману заңы, вараврлық правдалар, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», «Жеті жарғы» т.б.) Құқықтық прецедент – соттың немесе мемлекеттік органның нақты бір істі қарап, шешім қабылдаған үлгі. Құқықтық нормативтік шарттар – қоғамдық қатнастарды реттейтін екі немесе бірнеше жақтар жасаған шарт (халқаралық шарттар, ұжымдық шарттар т.б.) Нормативті құқықтық актілер – мемлекет қабылдаған және қорғайтын құқықтың қайнар көзі. Нормативті актілер заң және заңға бағынышты актілер болып бөлінеді. Нормативті құқықтық актілерді жасау құқықтық шығармашылық (заң шығармашылық) деп аталады. Заң шығармашылық мынандай сатылардан тұрады:

1) Заң шығару бастамасы

2) Құзіретті органдардың заң  жобасын дайындау туралы қаулы  қабылдауы

3) Нормативті актінің жобасын  дайындау және оны алдын ала  талқылау 

4) Парламентте талқылау

5) Нормативті актіні қабылдау, бекіту

6) Қабылданған актіні жариялау

Нормативтік- құқықтық актілерді жүйелеудің үш түрі бар: кодификация, инкортация, консолидация.

Кодификация- нормативтік актілерді мазмұнын өзгертіп, бір-біріне сәйкестіріп жүйелеу.

Инкортация – нормативтік актілерді мазмұнын өзгертпей сала бойынша, алфавит бойынша немесе шыққан уақытына сәйкес жүйелеу.

Консолидация – бір құқықтық саладағы нормативтік актілерді мазмұнын өзгертпей жүйелеу.

Құқықты жүзеге асырудың төмендегідей тәсілдері бар:

- құқықты сақтау (тыйым салынған  әрекеттерді жасамау, одан бас  тарту);

- құқықты орындау ( жүктелген міндеттерді  орындау үшін белсенді әрекеттер  жасау);

-құқықты пайдалану (тұлғаның өзіне  берілген құқықтыр мен бостандықтарды  пайдалану еркі);

- құқықты қолдану (құзырлы мемлекеттік  органдардың құқықты жүзеге асыруға  бағытталған қызметі);

Құқықтық норма дегеніміз – қоғамдағы қатнас субъектілірінің құқықтыры мен міндеттерін реттеп, басқарып отыратын  жалпыға бірдей, мемлекетпен қамтамасыз  етілетін ереже.

Құқықтық норманың құрылымы үш элементтен тұрады. Олар: диспозиция, гипотеза, санкция.

1.Гипотеза құқықтық норманың  жорамалы, құқықтық норманы қолдану  немесе қолданбау үшін қажетті  мән-жайларды көрсетеді.

2.Диспозиция мінез-құлық ережесі, яғни субъектілердің құқықтары  мен міндеттері.

3.Санкция көрсетілген нақты  диспозицияны орындағаны немесе  орындамағаны үшін қолданылатын  шара.

Құқықтық нормының түрлері:

1.Қоғамның әр саласына қарай  өндірістік, ауыл шаруашылық, құрылыс, мәдениет, экономика,  әлеуметтік  т.б. бағыттағы нормалар;

2. Құқықтың әр саласына қарай  конституциялық, азаматтық, қылмыстық, еңбек, отбасы, әкімшілік т.б. саладағы  нормалар;

3. Атқаратын жұмысына қарай нормалар  екіге бөлінеді: реттеуші және  қорғаушы нормалар;

4. Мазмұнына қарай құқықтық нормалар  үшке бөлінеді: міндеттеуші, тыйым  салушы, ерік беруші;

5.Пайдаланатын тәсіліне қарай  императивтік және диспозитивтік  нормаларболып бөлінеді.

Құқықтық қатнастар дегеніміз – құқыққа байланысты, құқық негізінде туындайтын қатнастар.

Құқықтық қатнастардың түрлері: материалды және процессуалды

Құықтық қатнастың құрамы: субъект, объект, субъективті құқық, заңды міндеттер

Құқықтық қатнастың субъектісі – жеке адам және заңды тұлғалар.

Құқықтық қатнастың объектісі – құқықтық қатнас бағыттталған нәрсе.

Субъективтік құқық – құқықтық қатнасқа түсушілердің құқықтары

Заңды міндеттер – құқықтық қатнасқа түсушілердің міндеттері

Құқықтық қатнастардың пайда болу, өзгеру және аяқталу негіздері – заңды айғақтар болып табылады. Заңды айғақтардың түрлері: оқиғалар және әрекеттер.

Информация о работе Мемлкет және құқық туралы түсінік