Мемлкет және құқық туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.

Содержание

1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі және теориялық негіздері
4.Құқықтық норма, оның құрылымы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық лекция.docx

— 134.61 Кб (Скачать документ)

1)конституциялық бақылау;

2)сот істерін жүргізуді ұйымдастыру;

3)әділ сот төрелігін жүзеге  асыру;

4) прокурорлық бақылау;

5)қылмысты істерді ашу мен  тексеру;

6)іс жүргізу барысында  азаматтардың  құқықтары мен бостандықтарын  қорғау үшін заңдық көмек көрсету  жатады. Құқық қорғау қызметінің  прициптері:

1.Құқықтық заңдылық принципі;

2.Адамның және азаматтың құқықтары  мен бостандықтарының басымдылығы;

3. Азаматтар мен заңды тұлғалардың  заң алдында теңдігі;

4.Жариялылық принципі;

5.Жан- жақтылық, толықтық, дәлелдік  принципі;

6.Әркімнің білікті заңгерлік  көмек алуға және қорғану құқығына  кепілдік  принципі;

Прокуратура ҚР конституциясының 83 бабы және  «ҚР прокуратурасы туралы» 12.12.1995 ж заңы бойынша  ҚР Президентіне бағынышты және оған есеп беретін мемлекеттік орган.

Прокурорлық қызметтің мақсаты- заңдылықтың сақталуын, заң үстемдігін қамтамасыз ету, азаматтардың, ұйымдар мен бірлестіктердің, жалпы мемлекеттің  экономикалық-әлеуметтік, саяси құқықтырын қорғауды қамтамасыз ету.

Ішкі істер органдары  ҚР президентінің заңдық күші бар « ҚР ішкі істер органдары туралы»  жарлығына сәйкес (21.12.1995ж қабылданып 09.12.1998ж түзетулер енгізілген) ішкі істер органдары анықтау, алдын ала тергеу және жедел іздестіруді жүзеге асыратын, қоғамдық тәртіптің сақталуын қамтамасыз ететін азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін қылмыстық істерді тауып, тексеретін, қылмыстармен күресетін, оларды болдырмау үшін  бақылау, қадағалау, тексеру, анықтау, тәрбиелеу жұмыстарын жүргіетін органдар болып табылады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті ҚР президентінің заңдық күші бар « ҚР ұлттық қауіпсіздік органдары туралы» (12.12.1995 ж.)  жарлығына сәйкес тікелей президентке бағынатын мемлекет пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін республиканың конституциялық құрылымын,суверенитетін,территориялық тұтастығын, экономикалық, ғылыми техникалық және қорғаныс потенциалын қорғауды жүзеге асыратын арнайы органдар болып табылады.

Адвокаттар алқасы  конституцияның 13 бабы бойынша әрбір азамат сотта өз құқықатыр мен бостандықтарын қорғау үшін білікті заңдық көмек, адвокаттық көмек алуға құқықы бар деп көрсетілген.  «Адвокаттық қызмет туралы» (05.12.1997 ж.) заңда адвокатура заңды және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға әкімшілік, азаматтық және қылмыстық істірді жүргізгенде заңды көмек көсететін  ұйым деп атап көрсетіледі. Адвокаттар алқасы - тәуелсіз, өзін-өзі қаржыландыратын, коммерциялық емес мемлекеттік ұйым.

Нотариат нотариаттық қызмет Қазақстан Рспубликасының «Нотариат туралы» (14.07.1997 ж.) заңы бойынша жүзеге асырылады. Нотариустар нотариалдық әректтер жасау арқылы жеке және заңды түлғалардың құқықтары мен бостандықытарын, заңды мүдделерін қорғайды. Нотариус төмендегідей қызмет атқарады:

1)мәмлелерді заңдастырады;

2) шаруашылық құжаттарды заңдастырады;

3) мұрагерлікке қалған мүлікті  қорғайды;

4) мүлікке мұрагерлік құқық беретін  құжаттарды береді;

5) ортақ мүліктеі әркімнің үлесі  туралы куәлік береді;

6) мүлікті иелену мен пайдалану  құқығынан айырады және иелену  мен пайдалану құқығын қайтарады;

7) құжаттардың көшірмелерін заңдастырады;

8) құжаттарды басқа тілге аударғанда  оның көшірмеснің заңды екенін  куәландырады;

9) құжаттарды сақтайды; т.б. нотариаттық  әректтер жасайды.

Әділет органдары  Қазақстан Республиасының «Әділет органдары туралы» (18.03.2002 ж.)заңы негізінде өз құзреті шеңберінде мемлекеттік органдардың мемлекеттік кызмет атқарушы лауазымды адамдардың  қызметінде заңдылықтың сақталуын қадағалай отырып жеке азаматтар мен ұйымдардың құқықтары, бостандықтары және заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын  атқарушы орган болып табылады.Әділет органдарының қызметі жоғарыда аталған заңда нақтыланған

 Салық және кеден органдары  ҚР Президентінің 22 қаңтар 2001жылы  шыққан «Құқық қорғау қызметін  жетілдіру шаралары туралы» жарлығына  сәйкес бұғанға дейінгі мемлекеттік  салық полициясы  үкімет құрамына  кірмейтін Қазақстан Республикасныңі  қаржы полициясы болып құрылды. Бұл органға  экнономика және  қаржы саласындағы  құқық бұзушылықпен  күресу жүктелді. Қаржы полициясының  департаменті  қаржы саласындағы  құқық бұзушылықты тауып, жедел  іздестіру, анықтау және алдын-ала  тексеру жұмыстарын жүргізуге  құқылы. Департамент өз мүлкі, символдары, мөрі, банкте есеп шоты бар  заңды тұлға болып табылады. 2003 жылғы 23 желтоқсандағы ҚР  президентінің  жарлығы бойынша Қаржы департаменті  ҚР экономикалық  қылмыстар және  сыбайлас жемқорлықпен күрес  жөніндегі агенттік болып өзгертілді. Агенттікке экономикалық қылмыстар  мен сыбайлас жемқорлыққа байланысты  қылмыстарды анықтау, жедел іздестіру, алдын-ала тергеу жұмыстары жүктелді. Агенттіктің құзреті мен  мақсат- міндеттері ҚР үкімет інің 29 қаңтар 2004 жылы шыққан  ережесінде нақтыланған. Агенттіктің қызметі:

1) елдегі кримогендік жағдайға, экономикалық қылмыстарды  туғызатын  жағдайларды анықтап, оған талдау  жасау;

2)салық полициясы органдарының  жұмысының негізгі бағыттарын  анықтау;

3) Өте күрделі салықтық және  экономикалық қымыстарды тексеру; т.б.

 Кеден  ісінің міндеті -  ҚР  кедендік шекара арқылы  елдің  территориясына келетін товарлвр  мен транспортқа кедендік  салық  мөшерін белгілеу, салықты жинау, кедендік құжаттарды беріп кедендік  бақылауды жүзеге асыру. Кеден  ісі Қазақстан Республикасындағы  «Кеден ісі туралы»  заңымен  айқындалады.

5-дәріс. Қазақстан Республикасы  әкімшілік құқығының негіздері 

 

1.Әкімшілік құқығы пәні, әдіс-тәсілдері  және жүйесі

2.Әкімшілік құқық бұзушылық  және әкімшілік жауаптылық 

 

1.Әкімшілік құқығы пәні, әдіс-тәсілдері және жүйесі

Әкімшілік құқық қоғамдық қатнастарды реттейтін, мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асыруға қажет, оның бірізділік жұмысын қамтамасыз ететін құқық саласы болып табылады. Әкімшілік құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді және өклетті органдар мен лауазымды адамдар, жеке азаматтар үшін тиісті мінез-құлық ережелерін бекітеді. Әкімшілік құқық нормалары экономика саласында (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, күрделі құрылыс, көлік пен байланыс, сауда , қызмет көрсету т. б.)әлеуметтік- мәдени салалардағы (білім, денсаулық сақтау, мәдениет, ғылым, спорт т. б.), әкімшілік саяси құрылыстағы (қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік, сырқы істер, ішкі істер т. б.) мемлекеттік басқаруды ұйымдастыруға байланысты пайда болатын басқару қатнастарын реттейді. Сондықтан әкімшілік құқықтың пәнін басқарушылық қоғамдық қатнастар, яғни атқарушы билікті нақтылы жүзеге асыруда пайдаланылатын қатнастар  құрайды. Әкімшілік құқықтың мақсаты- жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін, жек меншікті, қоршаған ортаны, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, мемлекеттің билікті жүзеге асыруының белгіленген тәртібін құқық бұзушылықтан қорғау. Әкімшілік құқықтың дерек көздеріне: ҚР Конституциясы, конституциялық заңдары, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі», Қазақстан Республикасы Президентінің, Праламентінің, Үкіметінің, жергілікті басқару органдарының актілері, әкімшілік соттық прецеденттер, әкімшілік шарттар т.б. жатады. Әкімшілік құқықтың пәніне:

-         мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байлынысты қатнастар;

-         әкімшілік билікті жүзеге асыру кезіндегі мемлекеттік атқарушы органдардың  азаматтармен, түрлі ұйымдармен қатнастары;

-         әкімшілік құқық бұзушылық пен әкімшілік жауаптылық т.б. жатады.

Әкімшілік құқықтың әдістері; өктемдік ету, міндеттеу, мәжбүрлеу, тыйым салу, рұқсат ету.

Әкімшілік-құқықтық нормалардың түрлері:

1.Мазмұны жағынан материалды  және процессуалды болып бөлінеді. Материалды нормалар - әкімшілік-құқықтық  қатнасқа қатысушылардың құқықтары  мен міндеттерін, жауапкершіліктерін  айқындайтын нормалар. Процессуалды  нормалар – материалдық нормаларды  жүзеге асырудың тәртібін айқындайды.

2.Нысаны бойынша: міндеттейтін, тыйым  салатын, рұқсат ететін, ынталандыратын,  ұсынылатын нормалар болып бөлінеді.

3. Кеңістіктегі ықпалы бойынша  республикалық және аумақтық  болып бөлінеді.

4.Салалық жағынан салааралық  және салалық, локальдық нормалар  болып бөлінеді.

 Әкімшілік құқықтық қатнастарда  бір жақтың екінші жаққа үстемдігі  байқалады. Әкімшілік құқықтық қатнастар  вертикальді және горизантальді  болып бөлінеді. Вертикальді қатнастарда  жоғарыда айтылған әдістер қолданылса, гоизантальді  құқықтық қатнастарда  тараптардың теңдігі сақталады. Әкімшілік құқықтың қайнар көздеріне: Конституциясы, әкімшілік құықтық  нормалар бар заңдар, «Әкімшілік  құқық бұзушылық туралы кодексі», басқа да салалық кодекстер  Қазақстан Республикасы Президентінің, Праламентінің, Үкіметінің, жергілікті  басқару органдарының актілері, әкімшілік соттық прецеденттер, әкімшілік шарттар т.б. жатады.

Әкімшілік құқықтық қатнастар - әкімшілік құқықтық нормалармен реттелетін, атқарушы биліктің аясындағы қоғамдық қатнастар.

Әкімшілік құқықтың негізгі институтының бірі – мемлекеттік басқару Мемлекеттік басқару – бұл мемлекеттік билікті, мемлекеттік өкілеттілікті жүзеге асыру жөніндегі Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының қызметі. Мемлекеттік басқару атқарушы биліктің тармағымен жүзеге асырылады. Атқарушы билік ұйымдастырушы-басқарушылық, атқару- үкім ету функцияларын жүзеге асырады. Іс жүзінде бұл  қызметтерді тек атқарушы органдар орындайды. Атқарушы билік органдары қызметінің негізгі бағыттары: болжау, жоспарлау, басқарушы және басқарылушы жүйелерді ұйымдастыру, құқықтық реттеу, бақылау, әдістемелік басшылық жасау т.б.

Атқарушы органдардың бөлінуі:

1.       Қызметінің көлемі бойынша республикалық және жергілікті болып бөлінеді

2.       Құзіретінің сипатына қарай: жалпы құзіретті, салалық құзіретті және салааралық құзіретті органдар болып бөлінеді;

3.       Мәселелерді шешу тәртібі бойынша органдар алқалы және дарабасшалақ болып бөлінеді.

Әкімшілік құқықтың тағы бір институты – мемлекеттік қызмет.

Мемлекеттік қызмет –мемлекеттік қызметкерлердің мемлекеттік органдардағы міндеттерін, қызметтірін мемлекеттік билікті жүзеге асыруға бағытталған қызметі. Мемлекеттік қызмет мәселелері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңымен (23.07.1999 ж.) реттеледі

2.Әкімшілік құқық бұзушылық  және әкімшілік жауаптылық.

«Мемлекеттік немесе қоғамдық тәртіпке, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, басқарудың белгіленген тәртібіне қиянат жасайтын, сол үшін заңдармен әкімшілік жаза көзделегн заңға қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсыз) әрекет немесе әрекетсіздік әкімшілік құқық бұзушылық деп танылады (ӘҚтБК 9- бабы), Әкімшілік құқық бұзушылық ҚР 2001жылы 30 қаңтарда қабылданған  «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексімен» реттеледі.

Әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілері: құқыққа қарсылығы, кінәлілігі, әкімшілік жазалануы. Әкімшілік құқық бұзушылықтың субъектісі болып заңда әкімшілік теріс қылық ретінде көрсетілген әрекетті жасаған адам танылады. Әкімшілік жауаптылыққа  ҚР ӘҚБтК бойынша 16 жасқа толған жеке тұлға және заңды тұлғалар:  мемлекеттік және мемлекеттік емес , коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдар тартылады. Әкімшілік құқық бұзушылықтың құрамына (элементтеріне): объект, объективті жағы, субъект, субъективті жағы жатады. Көрсетілген төрт элементтің ең болмаса біреуінің болмауы құқық бұзушыны әкімшілік жауапкешілікке тартуға мүмкіндік ермейді. Әкімшілік құқық бұзушылық әкімшілік жауаптылықты туындатады.

Әкімшілік жауаптылық- әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жеке және заңды тұғаларға мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан қолданылатын әкімшілік-құқықтық санкцияларды қолдануы.  Заң бойынша әкімшілік жауапкершіліктің мынандай түрлері белгіленген: әкімшілік, тәртіптік және материалды. Әкімшілік жауапкершіліктің белгілері:

1) Мемлекеттің әкімшілік құқық  бұзушылыққа қарсы жауап шарасы  болып табылады.

2) Құқық бұзушыны тәрбиелеу шарасы  болып табылады.

3)Құқық бұзушының ар-намысын  таптау және тән азабын тартқызу  мақсатын көздемейді

Әкімшілік жаза- заң мен уәкілеттілік берілген органдар әкімшілік құқық бұзушылық  жасағаны үшін қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Әкімшілік жазаның түрлері  ӘҚБтК  айқындалған.

Әкімшілік істерді мынандай органдар қарайды:

-соттар;

-кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі  комиссиялар;

-мемлекеттік инспекциялар және  т.б. құзырлы органдар (өрт сөдіру  қызметі, салық, қаржы полициялары  т.б.)

Әкімшілік процесс немесе әкімшілік іс жүргізу- әкімшілік істерді қараудың белгіленген процессуалдық әрекеттерін, сатыларын, кезеңдерін жүйелі түрде жүзеге асыру болып табылады. Әкімшілік процесстің негізгі  ұағидаттары (принциптері):

1)Заңдылық қағидаты, әкімшілік  құқық бұзушылық үшін қолданылатын  шаралар тек әкімшілік кодекспен  белгіленеді;

2)Сот құзіретінің ерекшелігі. Әкімшілік  істерді қараудағы соттың құзіреті, оның юрисдикциялық шегі, сот  төрелігін жүзеге асыру тәртібі  әкімшілік кодексте белгіленген, оны өз бетінше өзгертуге болмайды. Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы  қағидаттарды өзгеше бұзған жағдайда  сот шешімдері заңсыз деп танылып  өз күшін жояды;    

3)Азаматтардың теңдігі. Әкімшілік  құқық бұзушылық жасаған адамдар  тегіне, ұлтына, әлеуметтік лауазымдық  және мүліктік жағдайына қарамастан  әкімшілік жауаптылыққа тартылуға  тиісті;

Информация о работе Мемлкет және құқық туралы түсінік