Мемлкет және құқық туралы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Февраля 2014 в 19:36, реферат

Краткое описание

«Құқық негіздері» пәні қоғамдық ғылымдардың бір саласы ретінде мемлекет пен құқық құбылыстарының пайда болуын және олардың бір- бірімен байланысын, осы құбылыстардың теориялық негіздерін, құқықтың салаларын, олардың әдіс-тәсілдерін біліп түсінуге мүмкіндік беретін, пән. Сонымен қатар бұл пән қазіргі кезеңде қалыптасып келе жатқан мемлекеттің жаңа түрі құқықтық мемлекетті, оның белгілері мен ерекшеліктерін оқып түсінуге, бұндай мемлекттік дамудың демократия мен азаматтық қоғам орнатуға алғы шарттар жасауға көмектесетінін түсіндіретін қоғамдық пәннің бір саласы.

Содержание

1.Құқық негіздері пәні, әдістері және жүйесі.
2.Мемлекет ұғымы, түрлері, құрылымы және теориялық негіздері.
3.Құқық ұғымы, құрылымы, жүйесі және теориялық негіздері
4.Құқықтық норма, оның құрылымы.

Прикрепленные файлы: 1 файл

құқық лекция.docx

— 134.61 Кб (Скачать документ)

7)Берілуі заңдарда көзделген  ақпаратты жеке және заңды  тұлғаларға беруден негізсіз  бас тарту,оны кешіктіру,бұрыснемесе  толық емес ақпарат беру;

8)Жеке немесе заңды тұлғалардың  табыс етуі заңдарда көзделмеген  ақпаратты бұл тұлғалардан талап  ету;

9)Мемлекеттік қаржы ресурстары  мен материалдық ресурстарды  жекелеген кандидаттардың немесе  қоғамдық бірлестіктердің сайлау  қорына беру;

10)Жеке және заңды тұлғалардың  арыз-өтініштерін қараудың және  өз құзіретіне кіретін өзге  де мәселелерді шешудің заңда  белгіленген тәртібін бұзу;

11)Ізеттілік пен қонақжайлылықтың  жалпы қабылданған нормаларына  сәйкес,сондай-ақ хаттамалықжәне  өзге ресми шаралар өткізу  кезіндегі мезіреттік ілтипат  көрсету белгілері мен мезіреттік  кәдесыйларды қоспағанда,жоғары  тұрған ресми адамдарға сыйлықтар  тарту және қызметтен тыс қызмет  көрсету;

12)Жеке немесе заңды тұлғаларға  олардың құқықтары мен заңды  мүдделерін іске асыруда көріне  кедергі жасау;

13)Кәсіпкерлік қызметті мелекеттік  реттеу,сондай-ақ оған бақылау  жасау өкілеттігін сондай қызметті  жүзеге асырушы жеке немесе  заңды тұлғаларға беру;

13)Мемлекеттік бақылау мен қадағалау  міндеттерін мелекеттік орган  мәртебесі жоқ ұйымдарға беру;

14)Қызметі немесе жұмысы жөнінен  жоғары немесе төмен тұрған  не өздерімен өзге де түрде  тәуелді лауазымды адамдармен  ақша  немесе өзге де мүлік  салынатын сипаттағы құмар ойындар  ойнауға қатысу әрекеттері 2.Мемлекеттік  міндеттерді атқаруға уәкілеттік  берілген адамдардың немесе оларға  теңестірілген адамдардың осы  баптың 1-тармағында аталған қандай  да болсын құқық бұзушылықтарды  жасауы,егер онда қылмыстық жазаланатын  әрекеттің белгілері болмаса,қызметінен  төмендеуге,қызметінен босатуға  немесе мемлекеттік міндеттерді  атқарудан өзге де түрде босатуға  не заңда белгіленген тәртіптік  жаза қолдануға әкеп соғады.

Алғашқы құқық бұзушылық үшін тәртіптік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде аталған құқық бұзушылықтардың кез-келгенің қайталап жасау заңда белгіленген тәртіппен қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзгедей түрде босатуға әкеп соғады.

3.Қазақстан Республикасы Парлментінің  депутаттары немесе осы заңның 3-бабы 3-тармағының 2-тармақшасында  аталған адамдар осы баптың 1-тармағында  аталған құқық бұзушылықтардың  қандайын болса да жасаған  жағдайда сыбайлас жемқорлыққа  қарсы күрес жүргізуші органдар  бұл жөнінде тиісті сайлау  комиссиясына хабарлайды,ол бұларды  материалдар келіп түскен күннен  бастап бес күннің ішінде Парламенттің  назарына жеткізуге міндетті.

Игіліктер мен артықшылықтарды заңсыз алуға байланысты сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар.

1.Мемлекеттік міндеттерді атқаруға  уәкілеттік берілген адамдардың  немесе оларға теңестірілген  адамдардың мынадай әрекеттері  игіліктер мен артықшылықтарды  заңсыз алуға байланысты сыбайлас  жемқорлықпен құқық бұзушылықтар  болып табылады:

1)Өздерінің мемлекеттік немесе  оған теңестірілген міндеттерін  атқарғаны үшін,егер заңдарда  өзгедей көзделмесе,өзі тиісті  міндеттерді атқармайтын ұйымдардан ,сондай-ақ жеке тұлғалардан ақша,көрсетілген  қызмет және өзге де нысандар  түрінде кез-келген сыйақы қабылдау.

Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамның немесе оған теңестірілген адамның шотына келіп түскен,аталған адам білмейтін ақша қаражаты,сондай-ақ оның осы тармақшаның бірінші абзацы бұзыла отырып,тиісті міндеттерін атқаруға байланысты алған қаражаты ол анықталғаннан кейін екі аптадан аспайтын мерзім ішінде тиісті салық органына мұндай қаражат түсуінің мән-жайы туралы түсініктеме табыс етіле отырып, республикалық бюджетке аударылуға тиіс;

2)Ізеттілік пен қонақжайлылықтың  жалпыға бірдей қабылданған нормаларына  сәйкес немесе хаттамалық және  өзге де ресми шараларды өткізу  кезіндегі мезіреттік ілтипат  көрсету белгілері мен мезіреттік  кәдесыйларды қоспағанда,өзінің  мемлекеттік немесе оған теңестірілген  міндеттерін атқаруына байланысты  не қызметі бойынша өздеріне  тәуелді адамдардың сыйлықтарын  алу немесе қызметін қабылдау.

Аталған адам білмей келіп түскен сыйлықтар,сондай-ақ оның осы тармақшаның бірінші абзацын бұза отырып тиісті міндеттерді атқаруына байланысты алған сыйлықтары жеті күн мерзім ішінде арнаулы мемлекеттік қорға тегін өткізілуге тиіс,ал адамға нақ сондай жағдайлар кезінде көрсетілген қызмет үшін республикалық бюджетке ақша қаражатын аудару арқылы ақы төлеуге тиіс.Өзіне сыйлықтар келіп түскен адам жоғары тұрған лауазымды адамның келісімімен оларды аталған қордан тиісті жерде қолданылып жүрген нарықтық бөлшек сауда бағасы бойынша сатып алуға хақылы.Сыйлықтарды сатудан түскен ақша қаражатын арнаулы мемлекеттік қор республикалық бюджетке аударады.

13-дәріс Қазақстан Республикасының  іс жүргізу құқығы 

 

1.Іс жүргізу құқығының жалпы  сипаттамасы

2.Қылмыстық және азаматтық процесс: субъектілері, сатылары, дәлелдер, бұлтартпау  шаралары

3. Іс жүргізудегі бақылау және  құзырлы органдардың жауапкершілігі  

 

1.Іс жүргізу құқығының  жалпы сипаттамасы

Қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттардан қорғау және құқықтық тәртіпті нығайту үшін мемлекет жүзеге асыратын шараларды орындауда басты роль атқаратын құқық қорғау органдары және сот. Заңмен бекітілген тәртіп бойынша алдын-ала тергеу жұмысы аяқталған соң қылмыстық іс заңдылықтың сақталуын қадағалайтын прокурорға жіберіледі, онда тексерілгеннен кейін қылмыстық істі жүргізу сотта қарап шешумен аяқталады.    Сот төрелігі дегеніміз – соттың қылмыстық істермен қатар басқа да (азаматтық) істерді қарап шешу үшін мемлекет атынан атқаратын қызметі.

 Істерді жүргізу сотқа дейінгі  және сотта өттетін кезеңдерден  тұрады. Қылмыстық іс жүргізу-заңмен реттелген құқық қорғау органдарының   қоғам мен азаматтардың мүдделерін қылмыстық қиянаттан қорғауды   орындау  мақсатында  жеке тұлғаларды  қатыстыра  отырып  атқаратын  қызметі және осы салада  туындайтын құқықтық  қатынастар  жүйесі.

2.Қылмыстық және азаматтық  процесс: субъектілері, сатылары, дәлелдер,бұлтартпау  шаралары

Қылмыстық  іс  жүргізу   сатылары:

1.Қылмыстық  істі  қозғау ;

2.Қылмысты алдын-ала тергеу (анықтау  немесе алдын-ала тергеу жүргізу);

3.Басты сот талқылауын тағайындау;

4.Басты сот талқылауы;

5.Апелляциялық  саты бойынша  сотта іс жүргізу;

6.Сот үкімін орындау.

Қылмыстық  іс жүргізу  субъектілері,яғни  қылмыстық  іске қатысушылар үш топқа бөлінеді.

1) мемлекеттік органдар мен  олардың лауазымды тұлғалары  жатады: сот,судья,прокурор,тергеуші, тергеу  бөлімінің  бастығы,анықтау органдары, анықтаушы, анықтау органның бастығы.Бұл  топтың субъектілеріне тән жағдай-олар  қылмыстық істерді жүргізу мемлекеттік  оргадар рөлін атқарады.

2) өз құқықтары мен мүдделерін  немесе басқа  адамдардың  құқықтары  мен мүдделерін қорғап процеске  қатысушылар. Олар: сезікті, айыпталушы, қорғаушы, жәбірленуші, жеке айыптаушы, азаматтық талапкер,азаматтық жауапкер  және олардың өкілдері.

3)өзге де іске қатысушылар  жатады. Олар: эксперт, маман, аудармашы, куә, сот отырысының хатшысы,сот приставы. Бұлар қылмыстық іс жүргізудің міндеттерін орындауда қамтамасыз ететін субъектілер.

Азаматтық іс жүргізу құқығы –азаматтық істерді қарау және шешу тәртібі және онымен байланысты қатынастарды реттейтін құқықтық  нормалар жиынтығы. Азаматтық істерге азаматтық, отбасылық,еңбек,тұрғын ұй, экологиялық,қаржы, салық және ведомстволық бағынышты соттардың қарауына жатқызылатын даулар жатады.Азаматтық іс жүргізу құқығының  қайнар көзі-1999 жылы 13 шілдеде қабылданған «Қазақстан Республикасының Азаматтық  іс жүргізу кодексі».Азаматтық іске қатысушы субъектілерге: мемлекеттік органдар, сот, жеке тұлға, куәгер, сарапшы т.б. Азаматтық істерді жүргізу құқығын реттеу әддісі императивті- диспозитивті сипатта болады. Соттық істі жүргізу әрекеттері (императивті) шешімдер, ұйғарымдар, нұсқаулар билік сипатында жасалады, оны мемлекеттік билік органдары шығарады. Ол мәжбүрлеу күші бар құқық нормасына негізделген.Ал іске қатысушы (тараптар) тұлғалар іс жүргізу ірекеттері диспозитивті сипатта болады. Яғни іс талап етушінің  талап- арыздан бас тартуы бойынша немесе тараптардың келісімге келуіне байланысты қысқартылуы мүмкін. Азаматтық іс жүргізудің басқа іс жүргізуден айырмашылығы осында. Азаматтық іс жүргізу сатылары:

1.Сотта азаматтық істің қозғалуы;

2.Істі сотта қарауға әзірлеу;

3.Істі бірінші сатыдағы сотта  мәні бойынша қарау;

4.Істі апелляциялық тәртіппен  қарау;

5.Заңды күшіне енген сот шешімдерін,ұйғарымдарын,қаулыларын  қадағалау тәртібі бойынша қайта  қарау;

6.Заңды күшіне енген сот шешімдерін ,ұйғарымдарын,қаулыларын жаңадан  ашылған мән-жайлар бойынша қайта  қарау;

7.Атқару ісін жүргізу.

Сотта азаматтық іс :

1)өзінің құқығын немесе заңды  мүддесін қорғау үшін өтініш  жасаған тұлғаның талап арызы  бойынша;

2).прокурордың арызы бойынша;

3)заң бойынша басқа тұлғалардың  құқықтарымен мүдделерерін қорғау  үшін сотқа жүгіне алатын мемлекеттік  басқару,жергілікті өзін-өзі басқару  органдарының ,кәсіподақтарының ,мекемелердің,ұйымдардың  және азаматтардың мәлімдеуі  бойынша қозғалады.І

Істі сотта қарауға әзірлеу 7 күн ішінде жүргізіледі.Күрделі істер бойынша судья  мынадай міндеттерді шешеді:

1)дәлелдеу нысанасы,яғни істі  сот отырысында қарау кезінде  сот нақтылауға  тиіс заңдық  фактілер шеберін дұрыс анықтау;

2).тараптардың арасындағы құқықтық  қатынасты анықтайтын қандай  басшылыққа алатынын шешу;

3)іске қатысатын  тұлғалардың  құрамын анықтау;

4) іске қажетті барлық айғақтардың  бәрін шоғырландыру.

Сот отырысы төрт бөлімнен тұрады:

1) дайындық;

2) істі мән-жайы бойынша қарау;

3) сот жарыссөздері;

4)сот шешімін шығару және  хабарлау; Шешімге қанағаттанбағандар  шешім шыққыннан кейін бес  күн ішінде аппеляциялық шағым  беруге құқы бар.

3. Іс жүргізудегі бақылау  және құзырлы органдардың жауапкершілігі

Іс жүргізу барысында азаматтар мен заңды тұлғалардың , мемлекеттің құқықтары мен бостандақтарын, заңды мүдделерін толық қорғап жан-жақта қамтамасыз ету үшін ароцесске қатысушылардың барлығы заңда көрсетілген барлық талаптарға сай әрекет етуі қажет. Осы мақсатта заңда  бірқатар кепілдіктер беру қарастырылған. Олар: 1)конституциялық кепілдіктер  (барлық адамдардың заң  мен сот алдында теңдігі, соттардың тәуелсіздігі, т.б.),

2)сотта айыпталушының (қорғаушы  алуға құқығы, кінәсіздік презумпциясы  т.б.) құқықтырын қорғауға кепілдіктер. Бұл жағдайда процессуалды қатнастар  екіжақта сиаптта болады, бір  жақтың құқықтарын қорғау екінші  жақтаң міндеттерін орындау арқылы  қамтамасыз етіледі.Сондықтанмемлекет  заңда азаматтардың құқықтарын  бекіте отырып оны нақт қамтамасыз  етуге  міндеттеннеді. Ол үшін  осы  қызметтерді атқаратын құқық  қорғау органдарының іс жүргізу  қызметін бақылау маңызды  роль  атқарады.

Іс жүргізудегі бақылау:

1. Сот істі бірінші инстанция  сотында қарамас бұрын өзіне  дейін істі жүргізген, тексерген, органдардың шешімдеріне сүйене  тоырып үкім шығарады.

2. Азаматтар іс жүргізген мемлекеттік  орген немесе лауазымды тұлғаның  заңды бұзған шешімдері мен  іс-әрекеттеріне шағымдануға құққығы  бар.

3.Соттың шығарған шешім мен  үкіміне қарсы прокурордың адвокаттың  айыпталушының, жәбірленушінің т.б. шағымдану құқығы

4. Іс жүргізудегі прокурорлық  бақылау: 1) Прокурор жедел іздестіру, істі тексеру, анықтау жұмыстарын  бақылайды; 2)Әкімшілік істерді жүргізудібақылауға  құққығы бар; 3)Сот шешімдеріне  наразылық білдіруге құқылы, ондай  жағдайда прокурордың шағымы  жоғары тұрған сотта қаралады; Іс жүргізудегі бақылаудың тағы  бір түрі – ведомстволық бақылау. Ведомстволық бақылауға ішкі  істер органының басшысының істерді  тексеру, анықтаумен, әкімшілік істерді  жүргізумен айналысатындардың жұмысын  бақылауынжатқызуға болады. Бақылаудың  келесі бір түріне - іс жүргізуге  қатысушылардың құқық қолданатын  органдардың қызметін бақылап, олардың  заңсыз әрекеттеріне  шағымдануын  жатқызуға болады.Сонымен қатар  ҚР Конституциялық кеңесінің  шешімі бойынша әркімнің өз  құқығын қорғауға, соның ішінде  сот арқылы қорғауға мүмкіндігі  бар 

14-дәріс. Қазақстан Республикасының  экология құқығының жалпы ережелері.  

 

1.Экология ұғымы және экология  құқығы.

2.Табиғатты пайдалану құықығы

3. Экологиялық құқық бұзушылық пен экологиялық жауаптылық 

 

1.Экология ұғымы және  экология құқығы.

Ғылым ертінде экология- тірі организмдер мен олардың өмір сүруінің қоршаған  табиғи ортамен қарым-қатнасты туралы ілім.Эколгия тирминін ғылымға алғаш рет неміс биологы Эрнст Геккель Экология құқығы ұғымын  үш түрлі мағынада қарастыруға болады.1) құқық саласы ретінде; 2) оқу пәні ретінде; 3)ғылым саласы ертінде.

Экологиялық құқық – табиғат пен қоғам арасындығы қоғамдық қатнастарды, табиғи ресурстарды пайдалану және оны қорғау саласындағы қоғамдық қатнастарды реттейтін құқықтық нормалар жиынтығы.

Экология  құқығының пәніне:

1) қоршаған табиғи ортаны қорғау;

2) табиғи ресурстарды тиімді  пайдалану;

3)жеке және заңды тұлғалардың, мемлекеттің экологиялық құқықтары  мен мүдделерін қорғау мен  қамтамасыз етуде туындайтын  қатнастар; жатады.

Экологиялық құқық кешенді құқық саласы болып саналады себебі ол әрқайсы дербес жер құқығы, су құқығы, орман құқығы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін пайдалану құқығы т.б. сияқты бірнеше құқық салаларынан құралуымен қатар, ондағы экологиялық  қатнастар конституциялық құқық, әкімшілік, азаматтық, қаржылық, қылмыстық, кәсіпкерлік т.б.құқық салаларының нормаларымен реттеледі.

Информация о работе Мемлкет және құқық туралы түсінік