Мемлекеттик баскарудын теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

manage_9.doc

— 497.00 Кб (Скачать документ)

Қазіргі мемлекет, объективтік жағдайлардың негізінде қызмет етеді. Елдегі объективтік жағдайларға бейімделусіз белгілі бір мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының моделін көшіріп алу мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының тиісті тиімділігін қамтамасыз ете алмайды.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымына басқарылатын объектілердің орналастырылуы және күйі көпшілігінде күштірек анықтаушы ықпалын тигізеді.

Басқару (мемлекеттік  аппарат) субъектісі қоғамдық жүйенің  барлық байланыстарын және элементтерін өзінде ұдайы өндіріп отыруға тиіс емес, ол тек басқарылатын объектілердің маңыздырағын бөліп алып, олардың басқарушы параметрлеріне ықпал етуді қамтамасыз етіп отырса жеткілікті.

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымында басқару оргаңдарының келесі "блоктары" бөлінеді:

а) Экономикалық процестерді; б) әлеуметтік-мәдениеттік процестерді; в) әкімшілік-саяси процестерді басқару блоктары. Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы үшін объективті фактор ретінде мемлекеттің қоғамдық қызметтері, оның жүргізіп жатқан саясаты және осылардың негізінде туындайтын мемлекеттік басқарудың мақсаттары мен қызметтері болып табылады. Әдетте, мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымында мемлекеттің қоғамдық қызметтерін (саяси, әлеуметтік, экономикалық және халықаралық) нәтижелі және толық түрде іске асыруға  жететіндей ұйымдастырушылық потенциал шоғырлануы қажет. Және де бұл потенциал көбінесе мемлекеттік басқарудың өзінде, орын алатын ішкі жағдайлармен және факторлармен анықталынады: 1. Мемлекеттік аппараттағы саяси және мемлекеттік әкімшілік қызметін атқарушы адам потенциалы. 2. Мемлекеттік басқарудың ақпараттық қамтамасыз етілуі. Ақпараттың рөлі басқарудағы объективтікті және субъективтікті біріктіруге шақырады және кез келген басқарушылық процестердің объективтілігін арттырады. Егер де осындай ақпарат жоқ немесе онысы жеткіліксіз болса, онда мемлекеттік басқару не босқа немесе үлкен бөгеліспен жұмыс істейді. 3. Қоғамның мемлекет (оның аппараты) алдына өздерінің мәселелерін, ұсыныстарын еркін және әрқашанда ұсынуға, басқаруға өзінің интеллектуалдық потенциалын қосуға мүмкіндік беретін мемлекеттік басқарудағы демократизм. 4. Ең ақырғысы - бұл мемлекеттік басқару стилі.

Стиль арқылы кадрлардың басқарушылық қабілеттілігі жүзеге асырылады, осы мақсат үшін қазіргі ғылыми және басқарудың техникалық   құралдары игеріледі қоғамдық басқару процестерінің ең оңтайлы және тиімді жақтары пайдаланылады.                                              

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымының құру моделін (үлгісін) таңдап алу үшін ұйымды белгілі қоғамдық құбылыстың қасиеттері, дәлірек айтсақ оның қоғамдық құбылыстың қайнар көзі (генератор) деп түсіну өте маңызды. Ұйым - бұл өзара байланысқан элементтердің комплексі (кешені). Бұл элементтерге біріншіден, мақсаты, мәселесі; екіншіден, мәселелерді жұмыстардың жеке түрлеріне бөлу және мақсаттарды жүзеге асыру үшін шаралар жүйелерін әзірлеу; үшіншіден, тиісті бөлімшедегі жеке жұмыстарын интеграциялау (біріктіру); төртіншіден, ұйым мүшелерінің көзқарастарын, мінез-құлықтарын, өзара әрекеттерін мотивациялау;  бесіншіден,  ұйымның мақсаттарын  орындау үшін маңызды шешімдерді қабылдау, коммуникация, ақпараттың ағымдары, бақылау, қолдау және жазалау; алтыншыдан, бірыңғай ұйымдық жүйесі, бұған жету үшін жоғарыда аталған ұйымның барлық элементтерінің аралық байланыстығы өзара ішкі келісушілік жағдайында болғанда ғана орындалады. Ұйымдық құрылымдарда, соның ішінде мемлекеттік басқаруда, тиісті құрылымдарда қалыптастыратын бірнеше ұйымдық негіздер пайдаланылады.

1. Сызықтық (немесе таза  сызықтық) негіздеме органдардың  бір  бағыттылық  бағынушылығы, сатыластығы  басым болып келетін құрылым құрайды. Сөйкесінше, бұл жерде дара басшылық орын алады, әрбір сатылас мемлекеттік органында басқарушылық процестердің жүргізілуі бір кісінің аясында шоғырланады. Бұл  жағдайда  атқарушылық  бұйрықтар  бір кісіден екіншісіне қатал түрде беріледі.          

Құрылымның сызықтық типі қатал нысандандырылған, бұнысы оған тұрақтылық, сенімділік, жүйелік береді. Бұл негіз билік талаптарын жүзеге асыруға қолайлы болып келеді. Бірақта мұнда кері байланыстар әлсіз бейнеленген, өмірдің әр алуан салалары шектелініп көрсетілген. Бұлар болса оның универсалдығын (әмбебаптығын) және тиімділігін төмендетеді.

2.   Функционалдық  (атқарымдық)   негіздеме  басқарудың  нақтылы     қызметтерін     арнайы     жүргізуге   ыңғайланған мемлекеттік  органдарды, қалыптастырады.   Бұл  басқарудың жүзеге   асырылатын   қызметтерінің   әрқайсысына   жоғары кәсіпқой    мамандарды    таңдап    алуға    мүмкіндік    береді. Сонымен қатар атқарымдық негіздемесі атқарымдық аралық үйлестіруінің мейлінше күрделі мәселесін туғызады, бұнысы арнаулы басқарудың жеке қызметтерін шектейді.        

3.  Сызықтық-атқарымдық  негіздеме сызықтық және атқарымдық негіздемелерінің біріктірілуін қамтамасыз етеді және құрылымның құрылу мүмкіншілігін береді, сонда олардың бір органдары   басқарушылық   шешімдерін   қабылдайды   және оларды жүзеге асырады, ал    басқалары      олардың консультациялық   ақпаратпен,   статистикалық,   жоспарлаушылық, үйлестірушілік және басқа қасиеттерін қамтамасыз етеді. Нетижесінде   мемлекеттік   басқарудың   нәтижелілігі жоғарылайды.

4.    Соңғы   жылдары    көптеген,   елдерде   багдарламалық мақсатты негіздемеге ерекше көңіл бөлінуде, соған сәйкес ұйымдық құрылымның негізіне белгілі бір мақсат (немесе мақсаттардың жиынтығы) немесе кешенді бағдарламалар қойылады және оларға сәйкес элементтері мен олардың өзара байланыстықтары бағынады. Бұнысы өзекті қоғамдық мәселелерді шешу мақсатында интеллектуалдық,  табиғаттық, өндірістік, ақпараттық және басқа қорларды интеграциялау (біріктіру) мүмкіндігін береді.                                        

Басқарудың багдарламалық мақсатты негіздемесінің болашағы зор. Бұл тұрғыдан басқару құрылымдарының матрицалық (қалыптамалық) негіздемесі деп аталуы өзінің рөлін атқаруы мүмкін. Ол сызықтық және багдарламалық мақсатты басқаруды бірлестіре атқарады.            

Мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымдарын немесе оның жеке ішкі жүйелерін жобалаушылардың  қолдарында көптеген ұйымдық негіздемелер (типтік үлгілер) бар. (оларды объективтік және субъективтік жағдайлармен, факторлармен орынды байланыстыра отырып нетижелілігі жоғары мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын құруға болады.

Әдетте, мемлекеттік органның құрылымы деп  оның бөлімшелерінің жиынтығын, ондағы лауазымдық орындарын, органға міндеттелген өкілеттік пен қызметтер схемасын бұл бөлімшелердің және лауазымдықтардың өзара қатынастар жүйесін түсінеміз. Мемлекеттік органның құрылымы органның мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымындағы орнына, оның компетенциясының (құзыретінің) мазмұнына, көлеміне байланысты. Ол бүтіндей мемлекеттік органның құзыреттігін жүзеге асыруына бағынышты және жоғарыдан төмен құрастырылады. Ол үшін “штаттық кесте” атты синоним жиі пайдаланылады. Әр түрлі мемлекеттік органдардың құрылымдары аралығында ұйымдық өзара байланыс бар. Нақты мемлекеттік органның құрылымдық мәнін тек оның басқарылатын объектілердің құрылымымен және басқа мемлекеттік органмен байланысын ашу арқылы түсінуге болады. Басқарылатын объектілерімен тікелей байланысқан органдар қоғамдық процестерге "тікелей ықпалдарын тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ  МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ

 

2.1Қазақстан Республикасындағы басқарудың билік түрлері-министрліктер, агенттіктер: құрылымы және қызметтері.

 

 

Қазақстан Республикасындағы  мемлекеттік құрылыс және басқару  тәжірбиесін рационализациалаумен дамыту теориясында методологиялық негізде жасалған, мемлекеттік басқарудың  қазіргі концепциялары аса маңызды ролдерін атқарады. Бұл жерде мәселе, республикадағы саяси және әлеуметтік-экономикалық құбылыстарды тездетуге арналған, мемлекеттік аппараттың тәжірбиелік жұмысының принципиалды жаңа бағыттары туралы. Ел Президентінің  Қазақстан халқына жіберген «Қазақстан-2030» бағдарламасында олар, республика дамуының бағыттары ретінде жазылған. Осыған байланысты мемлекеттік басқарудың мемлекеттік қызметкерлердің профессионалды қызметі ретіндегі сапалық ерекшеліктерін қарастырамыз, өйткені құрылым себептерін және мемлекеттік аппаратты функциялау, принциптердің құрылуын функцияларын, тәсілдерімен мемлекеттік басқару формаларын дәл осыдан іздеу керек.

 Министрлік мемлекеттік басқарудың  сәйкес салаларын салааралық координацияны басқаруды заң шығарушылармен қарастырылған шектеуге жүзеге асыратын Республиканың атқарушы органы болып табылады, яғни өз құзіреті шегінде атқаруға, мемлекеттік басқару және бақылау қызметін орындауға уәкілетті.

    Министрлік Республиканың Премьер-министрінің ұсынысы бойынша Республика Президенті тарапынан құрылады, қайта құрылады және таратылады.

    Министрлік Республика үкіметінің құзіретіне жатпайтын сұрақтар бойынша қз құзіреті шегінде шешім қабылдауға өкілетті.

    Министрлікке негізгі қызмет болып үкіметтің қоюымен бекітілген министрлік жайындағы ереже табылады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасы конститутциясы және басқа да заң Республика Президентінің актілерінің кепілдігін сақтау үшін жүзеге асырады. Сонымен қатар берілген министрліктің қызметсаласына қатысты жалпы мемлекеттік саясатқа араласады.

    Министрлік келесідей сәйкес атрибуталары бар заңды тұлға: елтаңбалы мөр, белгіленген үлгілі бланк, банктегі шоты.

    Әр министрліктің қызметі министрлікпен реттелетін өзінің қызметсаласына сай әркелкі болады.

    Барлық министрлікке тән келесідей қызмет түрлерән бөліп көрсетуге болады:

   -реттеліп саланың дамуының  мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу  мен жүзеге асыру;

   -реттеліп саладағы  субьектілердің Республиканың коститутциясы мен басқа да заңдық актілерін орындауын бақылау;  

-  экономикалық өсуге,  сонымен қатар реттелетін саланың  дамуына,  егер де ол экономикалық  сипатта болса жағдай туғызу.                                                                   

Министрлікті Президент тағайындайтын Премьер-министр басқарады. Министрдің бірнеше орынбасарлары болады, яғни Вице-министрлер, оның ішінде біреуі Вице-министр (яғни министрдің бірінші орынбасары). Вице-министрді министр тағайындайды (2-қосымша).                                           

Министрліктің құрылымы сәйкес министрмен бекітіледі. Министрліктің құрылымдық бөлімшелері болып ведомстволар, департаменттер және басқармалар болады. Осы жерде негізгісі болып ведомстволар, одан кейінгілері департаменттер болып табылады. Олар өз алдына басқармаларға, ал олар бөлімдерге бөлінеді. Құрылымдық бөлімшелерге жатудың негізгі критерийі болып оның функционалдық өкілеттігі табылады (3-қосымша).1        

Департамент — министрліктің  құрамына тікелей кіретін ең ірі құрылымдық бөлімше. Ол өз құрамына бірнеше ішкі салаларды алатын бір немесе екі үлкен саланьің қызметін жүзеге асырады. Департаментті қызметіне министр тағайындайтын және босататын директор басқарады. Директордың министр тағайындайтын бірнеше орынбасарлары болады. Департамент директоры департамент жұмысын басқаруды ұйымдастырады және жүзеге асырады, сондай-ақ департаменттің алған тапсырмасын жүзеге асыруына жеке жауап береді. Департаменттің құрылымы мен штаттар саны директордың    ұсынуы    бойынша    министрмен    бекітіледі.

Департаменттің ведомстводан айырмашылығы, ведомствоның заңды тұлға мәртебесінің болуы, ал департаментте ондай мәртебе жоқ. Тәжірибе көрсеткеніндей, департаменттің штаттақ саны 50-60 адамнан аспайды.

Департамент тәртіп бойынша өз алдына басқармаларға бөлінеді. Басқарма — департамент құрамына кіретін және басқаруын департамент жүзеге асыратын бөлек сала ішіндегі реттеу бойынша қызметтерді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше. Басқарма басшылығын департамент директорының ұсынуы бойынша министр тағайындайтын басшы атқарады. Басқарма саны тәртіп бойынша 20-25 адамнан тұрады.

Басқарма өз кезегінде, бөлімдерге бөлінеді. Бөлімдер сала іші  сұрақтарының белгілі бір бөліктерін реттеумен айналысады. Бөлімді орынбасары болатын, кейде болмайтын бөлім бастығы басқарады. Бөлім саны тәртіп бойынша он адамға дейін бола алады. Бөлім жүктелген тапсырмалардың көлеміне сай департамент директорының қарауымен секторларға бөлінуі мүмкін.

Кей жағдайларда департамент  министрдің меншігіне және оған жүктелген тапсырмалар көлеміне байланысты тікелей бөліктерге бөлінуі мүмкін. Мысалға, Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық қамтамасыз ету және энергетика, индустрия және сауда Министрлігінің халықаралық ынтымақтастық департаменті. Ол төрт бөлімнен тұрады.

1)  нормативтік   құқықтық   құжаттарды   дайындап   және экспертиздеу бөлімі;

2)  зандық бөлім;

3)  халықаралық ғылыми-техникалық бағдарлама және қор бөлімі;

4)  Халықаралық ынтымақтастық  бөлімі.

Қазіргі таңда Қазақстан  Республикасында 1999 жылғы 22 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" деген Жарлығына сәйкес 14 министрлік бар.

1)  Қазақстан Республикасының  сыртқы істер министрлігі.

2)  ҚР-ның қорғаныс министрлігі.

3)  ҚР-ның ішкі істер  министрлігі.

4) ҚР-ның мемлекеттік кіріс министрлігі.

5)  ҚР-ның қаржы министрлігі.

6)  ҚР-ның әділет министрлігі.

7)  ҚР-ның   мәдениет,   ақпарат   және қоғамдық келісім министрлігі.

8)  ҚР-ның ауыл шаруашылық  министрлігі.     

9)  ҚР-ның    еңбек    және    халықты    әлеуметтік қорғау министрлігі.

10)  ҚР-ның энергетика, индустрия және сауда министрлігі.

11)  ҚР-ның   табиғи   ресурстар   және   қоршаған   ортаны қорғау министрлігі.                           

12)  ҚР-ның экономика  министрлігі.                

13)  ҚР-ның білім және ғылым министрлігі.

14)  ҚР-ның көлік  және коммуникация министрлігі.                    

  ҚР-ның сыртқы істер министрлігі мемлекеттің сыртқы экономикасын қарастырады және әзірлейді және жүзеге асырады, әлемдік аренада мемлекет атынан уәкіл болады. Қызметінің мақсаты болып мемлекеттің позициясын әлемдік қоғамдастықта нығайту, қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ұлттық мүддені қорғау және Қазақстанның дамуына көркейуіне жағдай жасау болып табылады. Қарастырылып отырған министрлік Республиканың бірегей дипломатиялық қызмет жүйесін басқарады.                                              

Информация о работе Мемлекеттик баскарудын теориясы