Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 17:40, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.
Қарама-қарсы
идеологиялық позицияларда
Адамның
тіршілік ететін ортасында
Мемлекеттің
тағы бір айта кететін
АҚШ-тың 200 жылдық
тарихын зерттеп, басқа
Мемлекеттік басқарудың функционалдық құрылымын ұйымдастырушы мемлекеттік басқарудың құрылымдық-функционалдық принциптерінің арасынан келесілерді атауға болады.
1.Құқықтық нормаларды
шығару арқылы қызметтерді
2. Бір органның құзіреттерінің
шеңьеріндегі бір реттік
3.Шоғырландыру-белгілі
органға тиісті басқарушылық
қызметтерді жүктеу және
4.Комбинациялау-яғни
әр-түрлі басқарушылық
5.Жеткілікті әр-түрлік-саны және мазмұны бойынша басқару жүйесінің сол немесе басқа компоненттерінің басқарушылық қызметтерінің басқарушылық қажеттіліктеріне сәйкес болу қажеттігін талап етеді.
6.Басқарылатын
Мемлекеттік басқарудың
ұйымдық құрылымының құрылысына
қатысты мемлекеттік басқарудың
құрылымдық-ұйымдық
1.Мемлекеттік-басқарушылық
процестерінің әсерлігін,
2.Аймақтарға, өндіріс
және қызмет көрсету
3.Мемлекеттік басқару жүйесіндегі жергілікті өзін-өзі басқарумен мемлекеттік билік органдарының түрлі деңгейлік ұйымдық өзара әрекестіктерін көрсететін ұйымдық байланыстардың әр алуандығы.
4.Жергілікті өзін-өзі
басқару және мемлекеттік
5.Мемлекеттік басқарудыың
ұйымдық құрылымында
Мемлекеттің басқарушылық қызметін ұйымдастырушы және кең қолданыс тапқан құрылымдық-іс жүргізу принциптеріне келесі принциптер жатады.
1.Мемлекеттік билік
органдарының және өзін-өзі
2.Басқарушылық қызметтінің
және оның нәтижелері үшін
жеке жауапкершіліктің
3.Оңтайлы және тиімді
басқарушылық қызметке
Мемлекеттік басқару субьектісінің ұйымдастырылуы және қызмет етуі неғұрлым осы айтылған принциптер жүйесінің талаптарына сәйкес болса соғұрлым мемлекеттік басқарудың нәтижелігі арта түседі.
ХХғ. соғыстармен революцияларға, глобальдік және локальдік масштабтағы трагедияларға қарамастан, адам және қоғам өміріндегі мемлекеттің ролі мен орнын нақты анықтап, ашқан жоқ. Бүгінгі күнге дейін либералдармен этатистердің арасындағы дискуссиялар басылған жоқ, мемлекет зорлық машинасы, қысым көрсету құралы дейтін біржақты трактовкалар сақталды. Кейде мемлекетті сол мемлекеттің ішіндегі билік етіп отырған күштер немесе жеке тұлғалардың меншігі ретінде қарастырады. Мемлекетті әр-бір адамға көмек көрсетуге жақсылық беруге міндетті ұйым, деп те айтатын жазулар аз емес. Бірақ көптеген қиындықтарға және формалармен механизмдерге қарамастан,мемлекет органдарымен құрылатын заң шығару жүйесі көпшілікті қанағаттандырады, өйткені оның мазмұны көпшілік ойын, рухани құндылықтарын, идеяларын, қажеттіліктерін бір жаққа қосқан.
Мемлекеттің мазмұны тағы да, өзінің мақсаттары мен функцияларын жүзеге асыру үшін, өз аппаратын көпшіліктің ойларымен қажеттіліктерін анықтай алатын, прфессионалды адамдармен қамтамасыз етумен көрінеді. Бұл аппарат жанжақты және құрылымы бойынша өте күрделі болады. Оның бір жағы заң шығару қызметін атқарады- заңдарды жүзеге асырады және азаматтарды құқықтық қорғайды, яғни мемлекеттік басқарудың функционалдық түсінігімен тікелей байланысты, ал екіншісі ішкі тәртібті және сыртқы тұрақтылықты, мемлекеттік қауіпсіздікті, оның халықаралық ұйымдармен қарым-қатынасын қолдайды.
Аппараттың көрінісі, оның қоғаммен байланысы немесе қоғамнан тыс болғандығы, иерархиялық құрылымының көлемі, персоналының сапасы және тағы басқа параметрлер қоғаммен мемлекеттік басқарудың негізгі мағынасын білдіреді.
Қоғам ретінде мемлекет, бірмезгілде қоғамның өзін-өзі басқару құрылысы және механизмі болып шығады. Көптеген уақыт бойы елді патшалық және тоталитарлық басқарудан кейін, мемлекеттің қоғамнан алыстығын, қоғамнан жоғары жақта екендігі, тіпті аспаннан өзінің ұлы заңдарын жерге жібереді деп адамдардың санасына кіріп кеткен. Мемлекетті құдайдың патшалығы ретінде адамдарға жеткізген жағдайлар да болды. Осындай мемлекеттер адамдарды қате жолмен апарды.
Бірақ қалай айтқанда да, мемлекет ол, қоғаммен құрылған және қоғамдық проблемаларды шешетін құқықтық институт және ол жерде қызмет ететін адамдардың барлығы қоғаммен тәрбиеленіп, қоғаммен сол қызметтерге сайланады. Мемлекет “қоғам” атынан жүреді және оның қажеттіліктеріне, ойларына, мақсаттарына жұмыс істеуі тиіс. Яғни, мемлекеттік-құқықтық институттар, тікелей қоғамдық институттар болып табылады. Мемлекет қоғамға қажетті институттарды пайдалануы керек немесе қолдануы керек және мүмкіндігіше көп азаматтарды құрамына функционалдау керек. Бұл пікірден мемлекеттің қоғамға деген ашықтығы және азаматтарды өзінің жұмыс істеу процессіне тартуы ең бастысы мемлекеттің демократиялық және қоғамдық құқықтық ретінде жетілгенін сипаттайды.
Мемлекет өзін Дүние Жүзілік аренада, басқа елдермен қарым-қатынаста қоғаммен адамдардың біртұтасы ретінде көрсетеді. Мемлекет арқылы дипломатикалық қатынастар орнатылады, халықаралық келісімшарттар орындалады, аймақтық және Дүние Жүзілік организациялармен ұйымдар құрылады, адамдардың бостандықтары мен құқықтары унифицирланып қорғалынады. Ашық ұйымдардың құрылуы интеграциялық халықаралық қатынастарды күшейтеді, бұдан мемлекеттердің халықаралық қатынастарды реттеудегі және Дүние Жүзілік тәртібті күшейтудегі ролін арттырады.
Осындай тәсілмен мемлекет өзінің ішіндегі көпқоғамдақ және сонымен қатар қоғамның жағдайы мен дамуына үлкен ықпал ететін күрделі ұйым болады. Мемлекетпен қоғам арасында тікелей және жанама байланыс бар, олар бір-бірімен ақпаратпен ауысып отырады. Қысқаша айтқанда, мемлекет қоғамды ашық және легитимдік түрде билейтін күш.
Адамдардың тарихи драмасы және қазіргі заманы билеуші күш және қоғам арасындағы қарым-қатынаспен, билеуші күштің қоғамнан қаншалықты алыстығынан, оған қарсы ма, немесе керісінше оны қорғап жүреді ме, бұл билеуші күш өзімен нені бейнелейді, қоғамды қандай мақсаттармен құндылықтарға апаратындығы арқылы анықталады.Бұл күрделі сұрақтар теориялық және тәжірбиелік саясатқа ортақ ізденуге итермелейді, бірақ қайткенде де, бұл сұрақтарға жәй жауаптар жоқ.
Жоғарыда атап өткендей, мемлекеттік басқарудың субьектісі бүтіндей мемлекет болып табылады. Бірақ-та олардың барлық органдары, кәсіпорындары, ұйымдары және мекемелері міндетті түрде басқаруға қатысады деуге болмайды. Мемлекеттік қызметтердің көп қырлылығы, оның қоғаммен әр-алуан байланыстылығы, әр түрлі мемлекеттік органдар және олардың бөлімшелерінің, қызметкерлерінің мемлекеттік-басқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруға және қалыптастыруға түрліше қатысатындығына себеп болады.
Мемлекеттік басқарудың
ұйымдық құрылымы бұл ерекше мемлекеттік-құқықтық
құбылыс. Бұл мемлекеттік-құқықтық
құбылыс қоғамдық-саяси
Ғылыми еңбектерде мемлекеттік органның әр түрлі сипаттамаларын байқауға болады: функционалдық, әлеуметтік, заңдық ұйымдық.
Бұл тақырыпта мемлекеттік органның ұйымдық қасиеттері және олардың мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымына ықпалы туралы сөз етіледі.
Әдетте, мемлекеттік органды мемлекеттік меншік негізінде экономикалық қызметін жүзеге асырушы мемлекеттік кәсіпорыннан, әлеуметтік және рухани қызметтер атқаратын мемлекеттік мекемеден, әр түрлі қоғамдық сфералардағы ұйымдық қызметтерін орындаушы мемлекеттік ұйымнан ажырата білуіміз қажет. Біріншісінде, басқарушылық шешімдері мен әрекеттері, ал қалғандарында материалдық, әлеуметтік, рухани қызметтер жасалынады және жүзеге асырылады. Шындығына келгенде демократия жағдайларында мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы, оның халқы (елдің барлық азаматтары) егеменділікті қорғайтын, елдегі биліктің бірден-бір қайнар көзі болып табылатындай жағдай жасалуы керек.
Мемлекеттік баскарудың ұйымдық құрылымының негізін-биліктің атқарушы органдары құрайды. Сөйтіп, бұлар мейлінше көлемді және күрделі мемлекеттік аппарат бөлігін кұрайды. Бұл органдар өзіне барлық басқарушылық ақпаратты және маңызды мемлекеттік мәжбүрлеу құралдарын жинақтаған. Олардың мұндай болуы адамдардың санасына, мінез-құлқына, қызметіне және коғамдық процесске тікелей басқарушылық әрекетін жасауға мумкіндік береді.
Сондықтан, атқарушы билік басқарушылық ақпараттардың айқындалуын, саралануын және өтуін қамтамасыз етуші, тармақталған тікелей түрдегі сатыластыққа ие болуы кажет.
Кейбіреулер қайткен күнде де жергілікті өзін-өзі басқару органдарын мемлекеттік билік органдарынан ажыратып тастауға тырысады. Сөйтіп, атқарушы сатыластықты "бұзып тастағысы" келеді. Басқарушылық шешімдердің заң жүзінде орыңдалуын қадағалау прокуратураға міндеттелінеді.
Сонымен мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымы тек атқарушы биліктің жиынтық оргаңдарын ғана емес, сонымен бірге өзіне ұйымдық байланыстар жүйесін кіргізеді.
Демек, бұл құрылым мемлекеттік-басқарушылық әрекеттерді жүзеге асыруда және қалыптастыруда барлық мемлекеттік билік органдарын және жергілікгі өзін-өзі басқаруды керекті дәрежеде іске қосады.
Элементтердің өзара әрекетін, орнын, нақтылы көрінісін, олардың сатыластық және деңгейлік байланыстылығын, байланыс түрлерін, олардың мүмкіндіктерін мемлекеттік басқарудағы ұйымдық құрылым көптеген объективті және субъективті жағдайлардың және факторлардың ықпалы нәтижесінде алады. Бұл факторлардың әр түрлі мемлекеттерде өздеріне тән ерекшеліктері бар. Сондықтан осындай ерекшеліктерін есепке алмай мемлекеттік басқарудың ұйымдық құрылымын түсіну қиынға түседі.