Мемлекеттик баскарудын теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

manage_9.doc

— 497.00 Кб (Скачать документ)

Сондай-ақ зейнетақы қамтамассыз  етудің нормативті-құқық базасын  жетілдіру қажет. Негізі зейнетақы  салымдарына қордың проценттері  айдару тәртібі мен оларды жылдық (квартал сайын, ай сайын) өсуін есептеу әдістері нақты айқындалу қажет. Себебі қазіргі зейнетақы келісімдерінде салымшылар мен қорлар арасында бұндай пунктілер аталмаған /30/.

Мемлекеттік инвестициялаудың әлеуметтік сфера объектілеріндегі рөлі икемді, әсіресе елдің азаматтары үшін ең басты өмірлік қажетті (емдеу-профилактикалық, медико-диагностикалық, білім қызметтері және тағы басқа салаларда болу қажет. Бірақ әлеуметтік сферадағы инвестиуиялық процессті, әлеуметтік қызмет пен игіліктерді тұтынушылар ортасын қажетті деңгейде үстап тұру; біздің ойымызша дағдарысты экономикалық жағдайдың болуынан инвестиция рыногының жеке және профессионалды қатысушылардың экономикалық қызығушылықтарын көтеретін жағдайларды жасаудан мемлекеттік инвестициялық қолдау арқылы еркін ақша құралдарын әлуметтік сфераның объектілеріне салу қажет.

 

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. ҚАЗАҚСТАННЫҢ НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ

 

3.1 Мемлекеттік басқару. Негізгі экономикалық басқару бағдарламалары

 

 

Экономиканы реттеудің  нарықтық мехонизмдерін  ұйымдастыру  мен қолдану мәселелерінің теориялық  аспектісі – сұраныс пен ұсыныс – жалпы экономикалық заңының  маңызынан туындайды. Олардың теңгермешілігіне нарықтық қатынастардың барлық қатысушылары ұмтылады. Егер олардың бұл ұмтылысы ең соңында  мемлекеттің  макроэкономикалық тұрақтылық пен тиімді теңгермешілікке  ұмтылысының  негізін құрайтын болса, онда оның реттеуші рөлі, негізінен  келесі жағдайларға келіп  саяды:  а)  манаполияға және  инфляцияға  қарсы  тиімді  саясатты  нақтылы жүзеге  асыру;  ә)  меншіктің  көптеген түрлері  (мемлекеттік  және жеке)  жағдайында  нарықтық  қатынастар  өрісінің  кеңеюін  ынталандыру  үшін  барлық  қажетті  әкімшілік –экономикалық және  құқтық  жағдайларды  қамтамасыз ету; б)  өндірістік, экономикалық  және  әлеуметтік  және  т.б. салалардағы дағдарыстық жағдайларды ескеру жөніндегі шараларды алдын ала қабылдау. Жоғарыда аталған пікірлердің маңызынан олардың микроэкономика саясына бағытталған мемлекеттік реттеуді  ұйымдастырудың  негізін құрайтындылығын  көруге  болады.

        Аймақтық – шаруашылық  жүйлерінің  дамуын  реттеу  барысында   ҚР  Конституциясы 85 — 88- баптарының  негізгі  тұжырымдары  мен   іс  жүзіндегі  әкімшілік —  аймақтық  таксондардың  экономикалық  және  әсіресе  әлеуметтік  теңестіру  қағидасы  негізгі  құралдар  ретінде  қолданылуы  керек.  Бұл жерде  қор  жөнінде  қолдау  көрсету  мен  бюджет  шығындарын  жоспарлау  барысында  мемлекеттің  қолдау  механизмдерін  қолдану  үшін  алғашқы  кезектегі  аймақтарды  анықтауға  иаңызды  көңіл  бөлінеді.

        Соңғы  жылдардың  тәжірибесі  мемлекеттік  реттеу  жөніндегі   шаралар  оның  ғылыми,  методологиялық  және  ұйымдық  негіздерінің  бірлігін  талап  ететіндігін   көрсетеді.  Осы  үш  бөлінімнің  біреуінің  әлсіреуі  экономикалық,  сондай-ақ  әлеуметтік  жағдайларды  реттеудің  түгелдей  тізбегінде  жағымсыз  жайттарды  тудырады.  Яғни  оған көптеген мысал  келтіруге  болады.  Нарықтық  экономикаға,  оның  ғылыми  негізін  жасамайақ ,  халық  шаруашылығын  басқарудың  жаңа  моделінің жоқ кезінде оның  ескісін тез арада жою арқылы  өтуге жасалған  әрекетті  атап  өту жеткілікті.  Нәтижесінде макро және  микроэкономикалық жағдайларды, ақша – несие және  әлеуметтік  қатынастар  саласын, сыртқы  экономикалық  байланыстарды  және  т.б. басқарудың  “тізгінін” босаттық  немесе  одан  айрылып  қалдық..

Ұйымдық   тұрғыдан ,  макроэкономикалық   және нарықтық  реттеу механизмдерінің жалпы сипатталған  өзара байланысының ішкі иерархиялық  құрылымы бар екендігін атап өту маңызды. Макроэкономиканың барлық негізгі мәселелері, ең соңында, халық шаруашылығының бастапқы салаларының деңгейінде, олардың ведомстволық бағыныштылығы мен меншік түріне байланыссыз шешіледі. Бұл әрекет, әрине, реттеу жөніндегі жалпы мемлекеттік шараларды қарастырған кезде орынды болмақ, ал оларды жүзеге асыру кезінде әлеуметтік-экономикалық даму жоспарлары мен мәселелі бағдарламаларды жасап-дайындау мен орындау басты рөлді атқарады. Мысалға, ҚР Министрлер Кобинеті Президиумының 1993 жылғы 28 желтоқсандағы отырыс хаттамасында 1994 жылға арналған жоспар жобалары мен 1996-2000 жылдарға арналған республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуының орта мерзімді жоспар жобасын жасап-дайындаудың қажеттілігі кездейсоқ атап өтілмеген. Жекелеген салалар мен жергілікті, бір жердің шеңберіндегі мәселелер туралы сөз болғанда әңгіме біршама басқаша. Онда олардың шешілу барысын реттеу көбінесе қаржы-бюджеттік, ақша-несие, салық баға, лицензиялық- кедендік, нарықтық және т.б. механизмдерін кеңінен қолдану арқылы анықталады.

Президенттің Қазақстан  халқына Жолдауына сәйкес Қазақстан  Республикасы Үкіметінің 2003-2005 жж арналған стратегиялық бағытында ауыл проблемалар  басымдық болып айқындалған 2002 ж. маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің  Жарлығымен агро азық – түлік кешенінің тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды көздейтін осы кезеңге арналған Мемлекеттік агроазық – түлік бағдарламасы бекітілген болатын.

Сонымен қатар, жалпы  экономикалық өсу аясында қала және ауыл тұрғындарының тұрмыс деңгейіндегі алшақтық күшейе түсуде, табыстардың өңірлік айырмашылықтары да елеулі. Ауылдық жерде ел халқының 43% тұрады. Ресми статистика деректеріне қарағанда олардың үштен бірінің табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен. Бұл халдің одан ары орнығуы ел халқының тұрмыс деңгейі бойынша жіктелуін күшейтеді, қоғамның әлеуметтік -  саяси ахуалына кері әсерін тигізеді, елдің адамдық даму көрсеткіштері мен инвестициялық бет – бейнесіне көрініс береді.

Елдің жалпы ішкі өніміндегі ауыл шаруашылығының үлесі шамамен 8,5% құрайды және де таяудағы және ұзақ мерзімді келешекте елеулі өзгермейді, мұның өзі мұнай өндіруші салалардағы көлемдердің өсуімен, тағам өнімдерінің ішкі нарығының шектеулі сыйымдылығымен, ауыл шаруашылығы өнімдерінің сыртқы нарықтарының тұрлаусыздығымен, үлкен көлік шығыстары мен агротехнологиялардың төмен деңгейі салдарынан Қазақстан өнімдерінің әлсіз бәсекелестік қабілеттілігімен байланысты. Мемлекеттік агроазық – түлік бағдарламасына сәйкес ауыл шаруашылығы өнімдерінің болжамды өсімі 2006 жылдың соңына қарай 10% сәл ғана жоғары болмақ..

Республика ауыл шаруашылығының ЖӨ-дегі ең жоғары үлес Қостанай (14,2 %), Алматы (13,6%), Оңтүстік Қазақстан (12,3%), Солтүстік  Қазақстан (12,1%), Ақмола (11,7%) және Шығыс  Қазақстан (9,9%) облыстарының еншісінде. Ең төмен үлес Маңғыстау (0,2%), Атырау (1%), Қызылорда (1,9%) облыстарына келеді.

Ауыл шаруашылығының республикалық ЖӨ-дегі өсімдік шаруашылығы  мен мал шаруашылығының арақатнасы 58,5% және 41,5%. Негізінен өсімдік шаруашылығымен  Ақмола, Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарында, мал шаруашылығымен Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау облыстарында айналысады. Қалған облыстарды шамамен бірдей ара – қатынас байқалады.

Ауыл тұрғындарының  тіршілігін қамтамасыз етудің көгейге  қонымды деңгейін қамтамасыз АЕМ ( ауылдық елді мекендер ) кірістілігін арттыру мақсатында экономикалық қызметтің барлық салаларын кеңейту жөнінде шаралар қолдану қажет.

Агроөнеркәсіп кешенінің өсуін  қамтамасыз ету саласында бюджет қаражатын бөле отырып, мемлекеттік  қолдаудың негізгі шаралары Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 5 маусымдағы № 889 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік агроазық – түлік бағдарламасы мен облыстық агроазық – түлік бағдарламаларында көзделген.

Ауыл шаруашылығы өндірісінің  өсуі бәсекеге қабілетті өнім өндіру және ішкі және сыртқы рыноктарда сату көлемдерін ұлғайту жолымен қамтамасыз етілетін болады. Егістік алқаптарының құрылымын оңтайландыру, ғылыми негізделген  егістік айналымдарымен егіншілікте жаңа прогресивті технологияларды ендіру; су сақтаушы технологияларды ендіру; тұқым шаруашылығының базасын жаңарту, минералдық тыңайтқыштарды, ұлағыштар мен гербециттердің пайдалануын арттыру; селекциялық – асыл тұқымдандыру жұмысын интенсификациялау; аналық мал басын жоғары өнімді өндіргіштердің ұрығымен жасанды ұрықтандырумен барынша қамту; мал жаңа тұқымдарын дамыту үшін жағдайлар тұғызу; мамандандырылған орта және ірі тауарлы өндірісті қалыптастыру, ұлттық  ветеринария жүйесін сапалық жаңа деңгейге көшіру жөніндегі шаралар көзделеді.

Мысалы, Алматы облысында ауыл шаруашылығ өндірісін өсіруді экономикалық тиімді дақылдарын егістік алаңдарын кеңейту мен шығындылығын арттыру есебінен қамтамасыз ету жоспарлануда. Облыста арнайы жер қоры бар, оның алаңы 1095,7 мың га, оның ішінен 70,4 мың га – егістік, олардың ішінен шаруа және қосалқы қожалықтар ұйымдастыру үшін жер беріледі. Келешекте негізгі иеленушілер жекеше жер пайдаланушылар шаруа қожалықтар және акционерлік қоғамдар болады. 2005 жылдың соңына қарай шаруа (фермер) қожалықтарының саны 39500-ге, заңды құрылымдардың саны 900-ге жетеді.

Айналымға 1020 га тыңайған жарамсыз, соның ішінде 403 га суғармалы  жерді тарту есебінен ауыл шаруашылығы  мақсатында жерлерге егістікті ұлғайту  орын алады. Жұмыс істеп тұрған сүт зауыттар мен цехтарының, қант зауыттары мен жүнді бастапқы өңдеу жөніндегі фабрика қуаттарының жүктемесін ұлғайту белгіленген.

Шығыс Қазақстан облысында астық себуші аудандарда дәнді дақылдарды өндіруді ұлғайту мақсатында тыңайған жерлерді падалану есебінен егістік алқаптарын кеңейту көзделуде, егістіктің құнарлылығын ұстап тұру (минералдық тыңайтқыштар енгізу, гербициттерді, пестициттерді қолдану) жөніндегі іс – шаралар белгіленген, тұқым шаруашылықтарда жер ісі одан әрі дамуға ие болады.

2003 жылдан бастап Ұжар ауданының шаруашылықтарында соя өсіру қайта жаңғыртылады. Суландыру жүйесінің желісін салу жүргізілген (Дүние жүзілік Даму банкінің қаражаты есебінен), Күршім ауданында 3,5 мың гектарға дейін суғармалы жер алқабы картоп, көкеніс және дәнді дақылдар өндіруге пайдаланатын болады. Қатон қарағай ауданында марал өсіру, басқа аудандарда етті мал өсіруді дамыту жөнінде шаралар белгіленген.

Қостанай облысында мал шаруашылығында асыл тұқымды жылқы өсіруді дамыту, жылқының Қостанайлық тұқымын көбейту және оның негізінде қазақ – бірегей тұқымды қасиеті бар міністік тұқымын шығару жөнінде шаралар көзделеді. Осы мақсатта 2005 жылы жылқы өсіру кешенінің - ат зауыты мен халықаралық санаттағы ат шабардың (иподромның) құрылысы басталды. Арқалықта , Амангелді, Жангелдин аудандарында бір – бірден үйірлі жылқы өсіретін асыл тұқымды шаруашылық құру белгіленген. Өсімдік шаруашылығында халықаралық рынокта үлкен әрі тұрақты сұранысқа ие бидайдың күшті және қатты сорттарын, сондай-ақ елдің өсімдік майына, жармаға, тығыздалған жемдерге, қайта өңдеуші салалар үшін шикізатқа деген ішкі қажеттіктерін қамтамасыз ету мақсатында жемдік астық, маслина, бұршақ және жарма дақылдарын: кемінде 2746,7 мың тонна бидай дақылын, арпа – 270,4 мың тонна, қарақұмық – 3,6 мың тонна өндіруді ұлғайтуға бағытталған, нарықтық коньюктураны ескере отырып, астық өндірісінің құрылымын оңтайландыру жөнінде шаралар көзделген.

Оңтүстік Қазақстан  облысында Қызыл құм және Келес алаптарының құрылысын жалғастыру көзделген, мұның өзі мақта егілетін суармалы жер алқабын 90 – 95 мың гектарға арттыруға және ауыл тұрғындары табыстарының қосымща көздерін жасауға мүмкіндік береді.

Жер – жерде АЕМ-де ауылдық кәсіпкерлік, соның ішінде мыналар дамуға ие болады:

Шығыс Қазақстан облысында жидектерді, саңырау құлақтарды қайта өңдеу жөніндегі, шұжық секторымен балық өнімдерін қайта өңдеу жөніндегі цехтар, киіз байпақ басу цехы, наубайханалар мен диірмендер құрылатын болады;

Солтүстік Қазақстан  облысында 83 жаңа жұмыс орнын құра отырып, нан – тоқаш, макарон және кондитерлік өнімді, алқа көлсіз сусындар мен консервіленген балық шығару жөнінде 21 жаңа кәсіпорынды ( өндірістерді) іске қосу күтіледі. 4 тоқтап тұрған қайта өңдеуші өндірістерді, соның ішінде Ақжар ауданында 3 және Шал ақын ауданында біреуін қалпына келтіру белгіленген;

Қостанай  обылысында 15 ауданының даму әлеуеті бар АЕМ – де әртүрлі өнімдерді қайта өңдеу және шығару жөніндегі 69 жаңа өндірістер диірмендер – 14 бірлік, жалпы қуаты 5000 т, наубайханалар – 20 бірлік, жалпы қуаты – 8000 бөлке, макарон цехтар – 7, мұздатқыш косапханалар – 2 (1т/тәулік), жарма өндіру жөніндегі цехтар – 2, өсімдік майын өндіру жөніндегі цех – 3 (10т/жыл), кондитерлік цехтар – 3(133т/жыл) және т.б.ашу жоспарлануда;

Маңғыстау облысында Каспидің жағалау аймағында орналасқан АЕМ – де балық аулау және сақтау, оны қайта өңдеу жөніндегі өндірістер құрылатын болады;

Оңтүстік Қазақстан облысында жеміс – көкеніс косервілерін өндіру жөніндегі 3 цех, вино материалдарын өндіру жөніндегі 3 цех, шикі мақтаны өңдеу жөніндегі – 3 цех ашу белгіленеді;

Алматы облысында 7 АЖМҚ, 3 ТҚКС, 52 шаштараз үш тегін цехі қатарға қосылады;

Қостанай облысында ауылдарда 308 обьектіні ашу көщделеді: жалпы сауда алаңы 6 мың м/кв болатын 196 дүкен, отыратын орындарының жалпы саны 700 болатын 29 кофе мен бар, 33 шаштараз, 14 дәріхана, 5 жаңа автобус бағыттары және т.б. ашу көзделеді.

Қарағанды облысында ауылда кірістерді арттыру мақсаттарында 27 дайындау – сатып алу пунктін ашу көзделеді, Шығыс Қазақстан облысында ет өндіруге маманданған шалғайдағы аудандардың АЕМ де терең мұздатқыш камералары бар мал сою цехтарын құру жоспарланады. 2 ірі АЕМ – де – оларды тоңазытқыш – танкерлермен жарақтай отырып, сүт дайындау пунктерін құру жоспарланады. Қой шаруашылығы аудандарында Семей ЖӨБ фабрикалары мен тері – мех комбинатының қаражаты есебінен жүн мен тері шикізатын жинау жөніндегі дайындау пунктерінің желісі құрылатын болады.

Туристік инфроқұрылымын обьектілерін дамыту туристік базаларды, сауықтыру кешендерін, мейманханаларды, туризм бойынша құрал-жабдық пен  жарақтарды өндіру жөніндегі цехтар салу көздейді.

Информация о работе Мемлекеттик баскарудын теориясы