Мемлекеттик баскарудын теориясы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2013 в 17:40, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан Президентінің «Қазақстан-2030» Стратегиясында қазіргі заманғы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару белгіленген. 1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі жарияланып, өз территориясында толыққанды билігі бар демократиялық мемлекет ретінде жаңа өмірмен бастады. Сол уақыттан бері 15 жыл ішінде Қазақстан өз мемлекеттілігін қалыптастыруда улкен жұмыстар жасады: көптеген халық-аралық ұйымдарға мүше болды, жүзден аса мемлекетке өз егемендігін танытты, экономикасын микродеңгейде тұрақтандырып нарықтық механизмдерге көшіруде.

Прикрепленные файлы: 1 файл

manage_9.doc

— 497.00 Кб (Скачать документ)

 Мысалға: Ақмола облысында – инвестициялық жобалар есебінен дамитын “Бурабай” курорттық аймағы туристік инфроқұрылымының обьектілерін дамыту көзделеді;

Батыс Қазақстан облысында “Ақжайық” шипажай – профилакторииін қайта жаңарту жүргізілетін болады, облыстың барлық аудандарында (Шыңғырлаудың өзге) аудандық туристер станцияларын салу жоспарланады. Станцияның базасында экология, өлке тану және археология бөлімдерін ашу жоспарланады. Туристердің материалдың техникалық базаларын нығайту үшін Чапаева с., Бөрлі а., Шыңғырлау а., Дариьнское с. құрал – жабдықтар мен жарақтар өндірісі дамитын болады. Шетелдіктерді қажетті және уақытылы ақпараттармен қамтамасыз ету үшін 2005 жылы Бөрлі ауданында ақпараттық туристі орталық салу жоспарланады (Бөрлі селосы). Туристік өлке тану және қорықты жерлердің бірегей орналасуына байланысты 2006 жылы Новопетровка селосында (Қарағаш қорығы) және Жымпиты селосында туристер үшін демалыс базасын, Бөкей Ордасы ауданын Орда селосында туристік - өлке тану кешені салу жоспарланады;

Солтүстік Қазақстан облысында Шалқар көлінің жағалауында 2004 жылы туристік – сауықтыру кешенін салу белгіленген;

Маңғыстау облысында туристік инфроқұрылым құру жөнінде іс шаралар жүзеге асырылатын болады, бұл әдетте жұмыс істейтін бағыттарда қызмет көрсету обьектілері – жедел тамақтану нүктелері, мейрамханалары және басқалары құрылатын  болады.

Әрбір АЕМ бойынша  алу халқының көкейге қонымды  табыс деңгейімен қамтамасыз етілуіне мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстан  Республикасының Статистика жөніндегі агентігіне тиісті статистикалық формаларды әзірлеуді және ауыл округтерін статистиктеріне деректер жинауды тапсыру қажет. Бұның өзі мемлекетке жыл сайын келешекті АЕМ – ді қолданудың қабылданған шараларына тиімділігін әзірлеу отыруға және ауыл халқының табысын одан әрі арттыру жөніндегі қадамдарды айқындауға мүмкіндік береді.     

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтің 18 ақпанда  Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолындағы  халыққа жолдауында өз сөзін былай бастады: Біз экономиканы диверсификациялауға бағытталған Индустриялық – инновациялық стратегияны іске асыра бастадық. Бұл болашақтың бағдарламасы.

Біз бәсекеге қабілетті  экономиканың үлгісін таңдай отырып, бәсекелестікке қарымы мол басым салаларды дамытуға кірістік, сол арқылы қазақстандық кластерлер жүйесінің дамуына жол аштық..

Биылғы жылдың ортасына қарай біздің қолымызда нарықтың туризм, мұнай-газ машиналарын жасау, тампақ және тоқыма өнеркәсібі, көлік- логистикалық қызмет көрсету, металлургия және құрылыс материялдары сияқты салаларда кемінде 5-7 кластерін жасау мен дамытудың жоспары болу керек деп санаймыз. Ел экономикасының шикізаттық емес салаларындағы ұзақ мерзімдік мамандануын, міне солар айқындайтын болады.

Біз өзімізді жаңа технологиялар мен жаңа экономика әлеміне енгізетін экономикалық дамуды басқаратын түбегейлі жаңа жүйесі - Ұлттық инновациялық жүйе жасауды қолға алдық.

Индустриялық – инновациялық дамудың инфрақұрылымы қазірдің өзінде қалыптасты. Мемлекеттік даму институттарын капиталдандыру жыл басында 730 млн. АҚШ долларын құраса, инвестициялық жобалар портфелі 1 млрд. 200 млн. АҚШ долларынан асып отыр.

2004 жылы 204 инвестициялық  жоба іске асырылса, соның тең  жартысы даму институттарының  қолдауымен жүзеге асты.

Біздің стратегиялық міндетіміз – бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу. Сондықтан да мемлекет пен жеке меншік сектор өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатнастарын жолға қоюы керек.

Жапония, Германия, Бельгия, Италия сияқты елдерде шағын және орта бизнес олардың барлық кәсіпорындары санының 90%-дан астамын құрайды, көптеген дамыған елдерде олар ЖІӨ-нің 50%-дан астамын береді.

Сондықтан да біздің шағын және орта кәсіпкерлікті дамытудың түбірінен жаңа идеологиясын түзуіміз қажет. Біз кәсіпкерлік ортаның бастамашылығын іске асыру үшін қолайлы жағдай туғызуымыз керек.

Әрбір іскер қазастандық  осы ортаға кірігіп, инновациялық экономикадағы  өз орнын табуға тиіс.

Қазақстандықтардың бастамашылығына  кең өріс ашу үшін жағдай жасалды, кәсіпкерлер ендігі жерде осы мүмкіндіктерді пайдалана білсе игі!

Мен өңірлерді экономикада  өршіл болуға шақырамын.

Ендігі жерде жаңа идеологияға сәйкес заңнаманы сапалық  жағынан жақсарту міндет.

Қысқасы, сөзден іске көшетін, мемлекеттік кәсіпорындар мен мегахолдингтердің, ең алдымен ірі мемлекеттік компаниялар мен монополиялардың өздеріне үлеспейтін міндеттерін шағын және орта бизнеске беру жөніндегі жұмысты тындыратын сәт туды. Сол арқылы біз бизнеске тың тыныс ашамыз.

Бұл ретте бір қатар  стратегиялық маңызды мемлекеттік компаниялар акцияларының пакеттерін басқаруды арнайы құрылатын мемлекеттік холдинг компаниясына беру қажет. Әлбетте бұл шараларға қарсыласу да, сөзбұйдаға салу да болмай қоймайды. Бірақ Үкіметтің батылдық танытып, бұл іске мықтап кірісетін кезі келді.

Келесі бір мәселе туралы. Даму банкі мен Инвестициялық  қорға барлық кәсіпкерлердің қолы жете бермейді. Сондықтан “Шағын кәсіпкерлікті  дамыту қоры” өзіндік бір “үлкен қаржылық маркетке” айналуға тиіс. Біз Қорға биылғы жылы республикалық  бюджеттен қосымша 10 млрд. теңге бөлеміз, сонда шағын бизнес субьектілерін кредиттеу мүмкіндігі 25 млрд. теңгеге дейін өседі. Биылдан бастап, банк кредиттеріне кепілдік беру мен сақтандыруды жүзеге асыруды қолға алу керек. Мұның өзі қомақты мемлекеттік қолдау болмақ.

       

3.2 Әлеуметтік басқару бағдарламалары.

 

 

XXI ғасырда білімін  дамыта алмаған елдің тығырыққа  тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз қажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз.

Демек, барлық  деңгейдегі техникалық және кәсіптік білім беруді дамытуға бюағытталған тиісті шаралар  қолдануымыз шарт деп Қазақстан  Республикасы Президенті атап кеткен. Бұл мәселе туралы ол 2004 жылы қазан айында Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаның мақсаты адам ресурстарын даярлау сапасын арттыру және жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарларының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жаңғырту болып табылады.

Бағдарламаның негізгі  міндеттері:

халықтың барлық жіктері  үшін сапалы білімге қол жеткізуді 

қамтамасыз ету;

білім беруді басқаруды  одан әрі демократияландыру 

негізінде білім берудің  ұлттық жүайесінің жұмыс істеуінің 

нормативтік құқықтық базасын  жетілдіру;

қазақстандық патриотизмге, төзімшілікке, биік мәдениетке,

адам құқықтары мен  бостандықтарына құрметтеуге 

тәрбиелеу;

мемлекеттік тілді басым  дамыту;

отандық  дәстүрлер, әшлемдік тәжірибе және тұрақты даму

қағидаттары негізінде  білім берудің мазмұны мен 

құрылымын жаңарту;

12 жылдық жалпы орта білім беруге БХСЖ өлшемдеріне

сай көшу;

білім беру және кадрларды  даярлау жүйесін қайта 

құрылымдау;

әлемдік білім беру кеңістігіне  ықпалдасу;

білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесін құру;

білім берудің біріңғай ақпараттық ортасын құру;

білім беру жүйесінің  материалдық – техникалық базасын 

нығайту.

Бағдарлама кезең –  кезеңімен іске асырылатын болады.

Бірінші кезең ( 2005-2007 жылдар).

Өңірлік деңгейде білм беруді басқарудың бір ізділік жүйесі құрылатын  болады.

Мектепке дейінгі тәрбиемен оқыту жүйесінде әйелдерге жұмыс істеуге мүмкіндік беретін және әлеуметтік жағынан қорғалмаған және тұрмысы төмен отбасыларға қолдау көрсететін әлеуметтік институт ретінде мектепке дейінгі білм беру ұйымдарын дамыту жөніндегі нормативтік құқықтық база және ғылыми - әдістемелік негіздер әзірленетін болады.

Балабақшалар салу және білім беру ұйымдарының базасында  мектепке дейінгі шағын орталықтарды құру есебінен мектепке дейінгі ұйымдар  желісі кеңейді.

Орта білім беруде:

12 жылдық оқытуға көшудің  нормативтік – құқықтық және

ұйымдастырушылық жағдайлары жасалады;

“Оқулық” ғылыми - әдістемелік  орталығы құрылады;

сыртқы ағымдағы және қорытынды бағалау жүйесі құрылады;

оқытуды ұйымдастыру  қағидаттары мен оқушының білім  – білікті және дағдыны енжар  “алушы” ролі білім беру процессінің белсенді субьектісіне өзгереді;

мектептегі оқытудың күтілетін нәтижелерін және мониторинг деректерінің негізінде оларға қол  жеткізу жолдарын талқылау процессіне күллі жұртшылықты тарту жүйесі құрылады;

аудандық білм бөлімдері жанындағы әдістемелік кабинеттерді қалпына келтіру арқылы әдістемелік қызмет жетілдіріледі;

оқытудың жаңа педагогикалық, ақпараттық және денсаулық сақтайтын  технологиялары енгізілетін болады.

Жыл сайын  54 мың педагог, оның ішінде 31 мыңы мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен біліктілігін арттырудан өтетін болады.

Ауылдық аумақтарды дамыту мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ауыл  мектептерін салу жүзеге асырылатын болады. Бұдан басқа, республикалық  бюджет қаражаты есебінен қалалық жерлерде қосымша 2005 жылы 7 мектеп, 2006 жылы 8 мектеп және 2007 жылы 11 мектеп салу жүзеге асырылатын болады.

Көру қабілетінде ақауы  бар балаларға арналып 2005-2007 жылдары 2 мектеп – интернат салынады, бұл 500 мұқтаж баланы оқытумен қамтуға мүмкіндік  береді.

2005 жылы – 780, 2006жылы – 880, 2007 жылы – 970 білім беру обьектісін жөндеу көзделеді.

2005 жылы – 2746, 2006 жылы  – 1628, 2007 жылы – 1864 білім беру  ұйымдары лингафон және мультимедиа  кабинеттерімен қамтамасыз етіледі,  бұл оқушылардың тілдік дайындығын  жақсартуға әсерін тигізеді.

Кәсіптік білім беруде :

кәсіби кадрларды даярлауды  ұйымдастыруға экономиканың нақты  ұйымдарын тартудың нормативтік  құқықтық негізі жасалады;

еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін кәсіптік білм берудің қол жетімділігі мен беделі өседі;

техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің жұмыс берушілермен әрі шағын және орта бизнес субьектілерімен  байланысы нығаяды, әлеуметтік серіктестік  субьектілерінің ынтымақтастығының  тиімділігі артады;

жұмыс берушілер мен  МЖБС-нің қазіргі талаптарына келетін жаңа оқу, оқу - әдістемелік әдебиет, оқу құралдары жасалады;

кредиттік оқыту жүйесі енгізіледі, техникалық және орта білімнен кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын  жоғары білім бағдарламаларымен  үйлестіру қамтамасыз етіледі;

техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарында  компьютерлер саны 25 оқушыға 1 компьютерден келу арақатнасына дейін жеткізіледі.

Жоғары оқу орындарының  кадрлық және материалдық – техникалық қамтамасыз етілуінен қойылатын  біліктілік талаптарын көтеру нәтижесінде азаматтық жоғары оқу орындарының және олардың филиалдарының желісі ретке келтіріледі.

Жыл сайын жоғары оқу  орындары үшін саны 100 – ге жететін  оқулықтар мен оқу-әдістемелік  құралдар және оқу әдістемелік кешендер әзірленетін болады ( әрі оның 30% - ға жуығы мемлекеттік тілде) 300-ден астам шетелдік оқу әдебиеттері , оның ішінде магистратураның жаңа білім беру бағдарламаларының пәндері және Ph.D докторлық  бағдарламалары бойынша сатып алынады.

Аспирантураны, дәстүрлі докторантураны Ph.D докторантурасына кезең – кезеңімен өзгерту және кадрларды даярлаудың үш деңгейлі жүйесі ( бакалавриат – магистратура – докторантура ) толығымен көшу жүзеге асырылады. Жаңа бағдарламалар бойынша магистратураға жыл сайын мемлекеттік тапсырыспен қабылдау 2500 – ден астам адамды құрайтын болады. Шығыс Еуропаның, Реғсейдің таңдаулы жоғары оқу орындарына кәсіптік жоғары білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстанның 3000 азаматы жыл сайын жіберілетін болады.

Бағдарламаның орындалуы  нәтижесінде білім берудің біріңғай ақпараттық ортасының негіздері қаланатын болады, ол :

2005 жылдың соңына дейін  республика мектептерінің 75%-ын  интернетке қосуға;

2007 жылы мектептердегі  копмпьютерлер санын 35 оқушыға  1 компьтер арақатынасына дейін  жеткізуге;

республиканың жоғары оқу  орындары мен өңірлерінде білім берудің ақпараттық ресурстар орталықтарын құруға.

Екінші кезең (2008 – 2010 жылдар)

Балаларға үш жастан бастап міндетті білім беруге біртіндіп  көшу есебінен мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың барлық нысандарына  ортақ қол жеткізу үшін жағдайлар жасалатын болады. Мектепке дейінгі тәрбие жүйесінің әлеуеті мен ресурстары:

  1. 23 мың орындық 164 мектепке дейінгі ұйымдардың құрылысы;
  2. білім беру ұйымдарының базасында 20 мың орындық 800 мектепке дейінгі  шағын орталықтар құру;
  3. мүмкіндіктері  шектеулі балаларды мектепке дейінгі білім беру жүйесіне тарту үшін 380 түзеу және инклюзивті білім беру кабинеттерін ашу есебінен артады.

Информация о работе Мемлекеттик баскарудын теориясы