Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Ақша-несие теориясының дамуы
1.2 Ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)
2.3 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу
3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 732.50 Кб (Скачать документ)

Қазақстанның банктік секторының 2003-2008жж аралығындағы экономикадағы рөлін талдаудан соңғы жылдардағы коммерциялық банктердің экономиканың өсуін қамтамасыз етуге тигізген ықпалын кереміз (3-кесте).

2002 жылдан бастап, экономикалық өсуді  жыл сайын орта есеппен 10% тұрақты өсуге ие болуына банктердің активтерінің өсу ықпал еткендігі белгілі. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін банктік сектордың активтерінің ЖІӨ-гі үлесі 25,1%-дан 87,7%-ға дейін 3,5 есе өскен. 2002 жылдан бастап, 2008 жылдың 1 қаңтарына дейін несиелік қоржынның ЖІӨ-гі үлесі де 15,9 % -дан 66,6 %-ға дейін 4,2 есе өскендігі байқалады.

Жасыратыны жоқ біздің отандық банктеріміздің капиталы өте төменгі жағдайда. 2008 жылдың I қаңтар айына капиталдың мөлшері 1 781,8 млрд. теңгені немесе 14,8 млрд АҚШ долларын құрайды. Мұны салыстырмалы түрде қарасақ, АҚШ-ғы банктердің капиталының ЖІӨ-ге қатысты шамасынан 10 есе кіші немесе шығыс Еуропа елдерінен 35 есе кіші, Германиядан 25 есе кіші [26].

Кесте 3

Қазақстан банк секторының экономикадағы рөліне талдау

Көрсеткіштер

2004 ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

ЖІӨ, млрд теңге

4 612,0

5 870,1

7453,0

10 139,5

12 849,8

 

 

15907,0

Активтердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

36,3

45,8

60,6

87,5

90,9

74,7

Несиелік

қоржынның ЖІӨ-ге катынасы, %

23,6

30,9

41,1

59,1

69,0

58,1

Меншікті

капиталдың ЖӨ-ге қатынасы, %

5,1

5,9

7,9

11,5

15,2

12,3

Депозитгердің ЖІӨ-ге қатынасы, %

21,1

27,4

33,9

46,5

53,5

43,2


 

Егерде әлемдегі үш ірі банктің жиынтық капиталы 145 млрд. АҚШ долларын құраса, онда оның мөлшері біздің отандық банктеріміздің капиталынан 10 есе үлкен болып келеді. Екінші деңгейдегі банктердің активтері 2002 жылы 527,9 млрд теңгені кұраса, ал бұл көрсеткіш 2008 жылдың аяғына дейін 22 есеге артып, 11 683,4 млрд теңгені құраған.

Қазақстандық банк жүйесіне қатысты халықтың сенімінің артуын - соңғы жылдардағы банктердегі депозиттердің көлемінің артуынан байқауға болады. Соңғы 8 жыл ішінде банктердің депозиттері 12 есе артып, нәтижесінде 2008 жылы 3 480,7 млрд теңгені кұрады. Ал депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы 2002 жылы 11,3 %  және 2006 жылы 39,1%-ға дейін ескен [27].

 

 

     

 

 

 

 

 
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           
           

Сурет 2 - Қазақстандағы қаржылық қатынастардың даму «тереңдігі»

Ескерту: *-ЖІӨ бойынша деректер жылдық көрсетумен келтірілген


 

Қаржылық қатынастардың  даму «тереңдігі». Айтарлықтай сыртқы күйзелістердің болмауы жəне қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктура қаржы секторының, əсіресе банктердің белсенділігін қалпына келтіруге себепші болды. Егер дағдарыстың шиеленісті кезеңінде банктердің кредиттік белсенділігіне сыртқы міндеттемелердің орнына жүрген мемлекет тарапынан қорландырудың есебінен қолдау көрсетілген болса, 2010 жылдың бірінші – үшінші тоқсандарында дағдарысқа қарсы пакет шеңберінде қаржыландыруды жəне ынталандыру шараларын ішкі нарықта депозиттерді тарту есебінен қорландырумен алмастырудың баяу үдерісі басталды. Сондай-ақ үш банктің (БТА Банк, Альянсбанк жəне Темірбанк) сыртқы борышын қайта құрылымдауды табысты аяқтау шетелдік инвесторлар жəне қазақстандық қаржы институттары үшін қазақстандық қаржы жүйесіндегі тəуекелдердің азайғанын білдіретін белгі болып табылғанын атап айту қажет. Осылайша, болжанып отырған болашақта қаржы институттары белсенділігінің бірқалыпты ұлғаюын күтуге болады.

2009 жылы әлемдік экономика  рецессиядан шыға бастады, әлемдік тауар және қаржы нарықтарындағы конъюнктура жақсарды, Қазақстанның макроэкономикалық дамуындағы, оның ішінде банк секторында да оң үрдістер байқалды. Тиісінше, 2009 жылы резидент еместердің шоттарын қоса есептегенде, банктердегі халықтың салымдары 29,1%-ға қарқындап өсті, алайда валюталық жинақ ақшаның басымдық үрдісі сақталды. 2009 жылы халықтың шетел валютасындағы салымдары 74,4%-ға ұлғайды, ұлттық валютадағы салымдар 3,5%-ға төмендеді.

Бұл ретте мұндайда депозиттер бойынша статистика валюталық бөлігін ресми бағам бойынша қайта санай отырып теңгемен жүргізілетіндіктен, 2009 жылғы ақпанда жүргізілген теңгенің құнсыздануынан шетел валютасындағы депозиттердің көлемі айтарлықтай ұлғайтылғанын да ескеру қажет.

Алайда, 2010 жылғы қаңтар-қыркүйекте Қазақстанда қаржылық қатынастарды дамыту «тереңдігінің» көрсеткіші біршама төмендеді. Мəселен, депозиттердің ЖІӨ-ге қатынасы коэффициентінің мəні 2009 жылдың аяғындағы 38% салыстырғанда 2010 жылғы үшінші тоқсанның аяғындағы жағдай бойынша 36,5% болды. Бұл, бір жағынан экономиканың нақты сегментіндегі ЖІӨ-нің өсуі жəне банктердің кредиттік белсенділігінің төмен болуына байланысты кредиттік портфельдің жиынтық көлемінің қысқаруы жəне сыртқы борышын қайта құрылымдауды аяқтаған банктердің үмітсіз борыштарының айтарлықтай көлемін есептен шығару салдарынан болды (2-сурет).

2010 жылы банк жүйесіндегі  депозит базасының өсуі байқалды. Мәселен, резиденттер депозиттерінің  көлемі 2010 жылдың 11 айында 13,3%-ға 7451,3 млрд. теңгеге дейін көтерілді, бұл  ретте заңды тұлғалардың депозиттері 13,4%-ға, жеке тұлғалардікі 13,2%-ға өсті. 2010 жылдың 11 айында шетел валютасындағы депозиттер 8,1%-ға 2640,6 млрд. теңгеге дейін төмендеді, шетел валютасындағы депозиттер 30,0%-ға 4810,7 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.

Банктердің кредиттік белсенділігі төмен болған кезде олардың өтімділіктің жоғары деңгейіне негізделген саясаты барынша төменгі деңгейде өтімділікті тарту құнын тұрақтандыруға себеп болды. ҚРҰБ осындай жағдайда, 2009 жылғы қарашадан бастап ҚҚБ-да кері репо операцияларын жүргізуді тоқтатты, ал 2010 жылғы қыркүйектен бастап (БТА Банкті қайта құрылымдау аяқталғаннан кейін) екінші деңгейдегі банктерге өтімділікті беру бойынша операцияларды жүргізуден толықтай бас тартты.

2010 жылғы 9 айдың қорытындысы  бойынша банк секторындағы шоғырлану біршама төмендеді: аса ірі бес банктің активтерінің үлесі бұл кезеңде 73,9%-дан (2009 жылдың аяғындағы жағдай бойынша 74,0%) 73,2%-ға дейін төмендеді. Бұл ретте БТА Банкі активтері үлесінің, негізінен, үмітсіз кредиттерді баланстан есептен шығару есебінен болған азаюы Қазкоммерцбанктің, Халық Банкінің жəне ЦентрКредит Банкінің активтері үлестерінің өсуімен өтелді. Институционалдық шоғырланудың айтарлықтай төмендеуі жеке тұлғаларға заемдар портфелінде байқалады: жеке тұлғаларға аса ірі бес банк берген кредиттердің үлесі 66,5%-дан 58,2%-ға дейін азайды. Кредит нарығының осы сегментіндегі шоғырландырудың азаюы басым түрде ірі банктер бестігі үлесінің 73,1%-дан 45,9%-ға дейін төмендеген тұтынушылық кредиттеу сегментінің есебінен болды. Мұндай жағдай банктердің нарықтың осы сегментіндегі белсенділігі төмен деңгейде болған кезде тұтыну кредиттерін өтеу мерзімінің қысқалығымен түсіндіріледі

Көптеген Қазақстандық банктердің қаржылық нәтижелері соңғы жылдары тұрақтылыққа қол жеткізді. Банктің рентабельдік көрсеткіштері бойынша біздің банктеріміз Орталық Еуропа елдерінің банктерінің осындай көрсеткіштерімен тең түсуде (4- кесте.)

 

Кесте  4

ЕДБ-дің табыстары мен рентабельдігі, мерзімнің соңына

 

Көрсеткіштер

2001ж

2002ж

2003ж

2004 ж

2005ж

2006ж

2007ж

2008ж

2009ж

Таза пайда, млрд теңге

7,1

7,4

20,6

30,1

34,'9

53,1

127,5

266

27,1

RОА, %

1,3

0,9

1,8

1,8

1,2

1,8

1,4

2,3

0,23

RОЕ, %

7,3

6,1

12,8

13,5

9,2

14,1

14,6

18,6

1,88

Ескертпе -ҚҰБ-нің статистикапық бюллетенінен және ҚҚА-нің есептік материалдарынан алынған сандық мәліметтер негізінде


   

 

Кестеден көріп отырғанымыздай 2001 жылы таза пайданың көлемі 7,1 
млрд теңгені құраса, 2008 жылдың соңына оның мөлшері 266 млрд теңгеге 
дейін жеткен. Таза табыс көлемі 2001-2008 жж аралығында 37 есе өскен. Оған ЕДБ-дің активтерінің, соның ішінде банктің клиенттерге берген несиелерінің өсуі себеп болып отыр. 

Ал 2009 жылғы көрстекіштер өткен жыл көрсеткіштеімен салыстырғанда айтарлықтай төмендеген. 2009 жылғы 1 қаңтарда екінші деңгейдегі банктер табыс салығын төлегеннен кейін 10,7 млрд. теңге мөлшерінде (2008 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 216,9 млрд. теңге) жиынтық таза кіріс алды. Кірістердің жиынтық мөлшері 2 930,9 млрд. теңге болды (2008 жылғы 1 қаңтарда – 1 794,8 млрд. теңге), шығыстар – 2 920,1 млрд. теңге (2008 жылғы 1 қаңтарда – 1 532,3 млрд. теңге) болды. Табыс салығы төленгенге дейінгі таза кірістің жиынтық активтерге қатынасы (ROA) 0,23% (01.01.08ж. жағдай бойынша – 2,55%) болса, табыс салығы төленгенге дейінгі таза кірістің меншікті капиталға қатынасы (ROE) – 1,88 % болды (01.01.08ж. жағдай бойынша – 22,87%).

Қазақстандық банктік сектордың бәсекелестігін тежейтін басты факторлардың бірі ретінде коммерциялық банктің капитал құрылымының қалыптасуын талдауға, оның қазіргі жағдайына баға беруге әдістемесін жасауға байланысты болып келеді.

Қазақстанның  бүгінгі қаржы және банк секторы  ТМД мемлекеттері арасында мойындалып отырған, барынша бәсекеге қабілетті  саласы дей тұрсақ та, антимонополиялық заңнамаға енгізілген толықтырулар мен өзгертулер елдегі екінші деңгейлі банктер мен шетелдік банктердің еншілестерінің қызметіне қолайсыздық тудыруда.

Ұлттық банк пен Қаржылық бақылау агенттігінің пікірлері ескерілмей ҚР Парламенті депутаттарының екі палатасынан  өткен аталмыш заң екінші деңгейлі банктердің кірісін азайтып, шығысын көбейтіп қана қоймай, сыртқы, яғни халықаралық нарықтағы қатынастарды күрделендіріп отыр.

 

 

Сурет 3 -  Көрсеткіштердің өзгеру серпіні

 

Банктерде өтімділікке  қатысты уақытша қиындықтар туындаған  жағдайда монетарлық биліктің оған көмек  көрсету мүмкіндігі мен құралдары  жеткілікті. Өзге инвесторлар болмаған жағдайда әлемдік банк дағдарысына  төтеп беру тәжірибесіне сәйкес мемлекет меншік иесі ретінде банк жұмысына қатыса алады.

 

Сурет 4 -  Күмінді активтер мен шартты міндеттемелер

 

Шетелдік  инвесторлардың республика қаржы нарығына деген қызығушылығы ылғи да өсу үстінде. Соңғы үш жылда бірқатар шетел банктері, соның ішінде ресейлік "Сбербанк" пен итальяндық UniCredit тобы бірқатар екінші деңгейлі отандық банктерді сатып алған болатын. Бірқатар шетел банктері Қазақстанда өздерінің еншілес банктерін ашуға ниет білдіріп отыр. Бұл шетелдік инвесторлардың отандық қаржы жүйесіне деген сенімі мен Қазақстанның даму әлеуетінің жоғары екендігін көрсетеді. Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру перспективасын есепке алсақ, Қазақстандағы қаржы ұйымдарының шетелдік компанияларға жұтылуы әрі қарай да жалғаса бермек. Былайша айтқанда, шетелдік капиталдың рыноктағы үлесі арта түседі.

Енді «Қазкоммерцбанк» АҚ-ның ақша-несие саясатының бағыттарына талдау жасайық.

Бизнес энергиясы жобасы аясында кәсіпкерлерге арналған «Бизнес-инвестиция» атты несиелеу бағдарламасы – тиімді шарттар негізіндегі қаржының қайнар көзі. «Бизнес-инвестиция» бағдарламасының артықшылығы: 

- несиелеу сомасы: 1 млн. АҚШ долларына дейін (немесе 150 000 000 теңге);

- сыйақы мөлшерлемесі - сома мен несие мерзіміне байланысты;

- несиелендіру мерзімі: 10 жылға дейін;

-қамсыздандыруға Қазкоммерцбанкке салынған салым ұсынса, сыйақы мөлшерлемесі төмендетілуі мүмкін;

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты