Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Ақша-несие теориясының дамуы
1.2 Ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)
2.3 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу
3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 732.50 Кб (Скачать документ)

М1 - ақша агрегаты айналыстағы қолма-қол ақшаның және банктік емес заңды тұлғалардың және халықтың теңгедегі аударылатын депозиттерінің жиынтығы ретінде есептеледі.

 М2 - ақша агрегаты М1 ақша агрегаты және теңгедегі басқа депозиттер, банктік емес заңды тұлғалардың және халықтың шетел валютасындағы аударылатын депозиттеріне тең.

 М3 - ақша агрегаты Ұлттық Банктің және банктер баланстарының шоттарын шоғырландыру негізінде айқындалады. Ол айналыстағы қолма-қол ақшадан және заңды тұлға-резиденттер мен жеке тұлға-резиденттердің ұлттық және шетел валютасындағы аударылатын және басқа депозиттерінен тұрады [14].

 Қорыта айтқанда, әрбір келесі ақша агрегаты өзінен алдынғылардың барлық элементтерін өзіне біріктіріп ақша масассын құрайды. Ақша айналысының жылдамдығы экономиканың монетарлық деңгейіне байланысты болды, ол ақша жиынының ЖІӨ-ге қатынасымен анықталады. Айналыс жылдамдығы төмен болған сайын, монетарлар деңгейі жоғарылайды.

Ақша мультипликаторы  – ақша базасы бір бірлікке өскенде, ақша ұсынысының қалай өзгеретіндігін көрсетеді. Ақша мультипликаторының мөлшері  міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резерв банктер мен несие ресурстарының көзі ретінде пайдаланылмайды, сонымен қатар айналымдағы қолма-қол ақшаның үлес салмағына байланысты болады.

Экономикадағы ақша айналысының  жылдамдығы Ұлттық банк арқылы тікелей  реттелмейді, бірақ онық мөлшері  инфляция деңгейіне әсер етеді және ақша-несие саясаты үшін үлкен мәні бар. Экономикадағы ақша айналысы жылдамдығының азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді инвестициялдық несие салымдарының өсуін көрсетеді, бұл тек қана жалпы экономиканың тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім болғанда ғана мүмкін, керісінше, ақша айналысының жоғарғы жылдамдығы ұлттық валютаға деген сенімнің көрсеткіші болып, ақша жиынындағы қолма-қол ақша үлесінің өсуімен, ұзақ мерзімді жинақтардың төменгі үлес салмағымен, шаруашылық субъектілерінің ұлттық валютасын сенімді активтерге аударумен бірге жүреді.

Ақша базасына (резервтік  ақша) Ұлттық Банктің кассасындағы қолма-қол ақшаны қоспағанда Ұлттық Банк айналысқа шығарған қолма-қол  ақша (Ұлттық Банктен тыс қолма-қол  ақша), банктердің аударылатын және басқа депозиттері, банктік емес қаржы ұйымдарының аударылатын және басқа депозиттері, мемлекеттік және мемлекеттік емес қаржы ұйымдарының Ұлттық Банктегі теңгедегі ағымдағы шоттары кіреді.

Тар ақша базасы банктердің Ұлттық Банктегі депозиттерін қоспағандағы ақша базасын білдіреді.

 Міндетті резервтер  – бекітілген нормативке сәйкес  Ұлттық банктегі арнайы шотта  сақталуға міндетті банк депозиттерінің  бір бөлігі.

Ақша-несие саясатының әдістері – ақша-несие саясатының субъектісінің объектісіне әсер етіп, алға қойған мақсаттарына жету үшін қолданылатын тәсілдер мен құралдардың жиынтығы болып табылады.

Ақша-несие саясатында реттеудің тікелей және жанама әдістері қолданылады.

Тікелей әдіс дегеніміз  – Орталық банкінің өзінің іс-әрекеттерін   әкімшілік – құқықтың өкілеттігімен орындауы, ал жанама әдіс дегеніміз – ақша нарығының хал-ахуалына ақшаның эмитенті ретінде әсер етуі болып табылады.

 Ақша-несиелік реттеудің  тікелей және жанама әдістерінің  арасындағы айырмашылықты екі жақты қарастыруға болады. Тікелей әдістер тауарлардың бағаларын немесе көлемін орнату немесе шектеуді құрастырады, ал жанама әдіс – нарық арқылы сұраныс пен ұсынысқа әсер етеді. Тікелей әдістер негізінен несиелік шектеулер түрінде коммерциялық банктердің балансына қатысты қолданылады, ал жанама құралдар орталық банк балансының сапасын жақсарту үшін қолданылады. Тікелей әдістерді өтпелі кезеңде, ақша нарығының әлсіз кезеңінде қолданған тиімді болса, ал жанама әдістерді қолдану ақша қаражаттарының несие-қаржылық институттарынан қарыз капиталының ұйымдастырылмаған нарығына ағуын тоқтатады. Орталық банк жанама әдістерді қолдана отырып резервтік қорлардың ұсынысын анықтай алады, сонан соң ұсыныс пен сұранысты резервтік қорлардың қалдықтарына теңестіре отырып, банктердегі өтімді қаражаттарға ықпал етеді, сөйтіп банктік және банкаралық ақша нарықтарындағы пайыздық қойылымдарды өзгертеді.

 Орталық банк тікелей  және жанама әдістер мен қатар  ақша-несие саясатын жүзеге асыруда  жалпы және таңдамалы әдістерді  де қолданады. Жалпы әдістер көп жағдайда жанама әдістер қызметін атқарады және ақша нарығына үлкен әсерін тигізеді. Таңдамалы әдістер несиелердің белгілі бір түрін реттеп, нарықты тікелей реттейді және белгілі-бір тапсырмаларды шешумен байланысты болады. Олар банктердің несиелердің кейбір түрлерін беруін немесе кейбір несиелердің шектеулі түрде берілуін, сондай-ақ кейбір коммерциялық банктердің жеңілдіктерді қолдана отырып, несие беруін көздейді.

 Көптеген елдерде  басқару және реттеу мақсатында  мемлекет әкімшілік құралдармен  жұмыс істей отырып, негізінен экономикалық әдістерді қолдануға тырысады. Ресми ақша-несие саясатының белгілі-бір тұрақты шарттарына сәйкес, банк қызметтеріне әсер ететін құралдар мен басқарудың тиімді әдістері анықталады. Орталық банк ақша-несие саясатының өзіне тән құралдар жиынтығы мен реттеудің экономикалық және әкімшілік әдістерінің нақты үйлесімдігіне қарай екі негізгі түрі арасында таңдау жасайды.

 Рестрикциялық ақша-несие  саясаты, кейде «қымбат ақша»  саясаты деп те аталады, коммерциялық  банктердің несиелік операцияларының көлемін шектеуге және шарттарын қатаңдатуға, пайыздық қойылым деңгейін жоғарлатуға бағытталады. Оны жүргізу, әдетте, салықтарды ұлғайтуға, мемлекеттік шығындарды қысқартуға, сондай-ақ инфляцияны жеңілдетуге бағытталған басқа да әр түрлі іс-шаралармен бірге жүреді. Рестрикциялық ақша-несие саясаты инфляциямен күресу мақсатында емес, іскерлік белсенділіктің циклдық өзгерісіне әсер ету үшін қолданылады.

 Ал экспанциялық  ақша-несие саясаты несие көлемін  ұлғайтуға, айналымдағы ақша санының  өсімін бақылауды жеңілдетуге, пайыздық деңгейді төмендетуге бағытталады. Басқаша бұл әдістер жүйесін «арзан ақша саясаты» деп те атайды.

 Ақша-несие саясатының  экспанциялық және рестрикциялық  типтері жалпы немесе селективті  сипатқа ие болады. Жалпы сипаты – монетарлық саясатта орталық банктің іс-шаралары банктік жүйенің барлық ұйымдарына әсер етсе, ал селективті сипатта – жекелеген несиелік институттарға немесе оның белгілі-бір топтарына, банктік қызметтердің жеке түрлеріне әсер етеді [15].

 Ұлттық Банк ақша-несие саясатын жүзеге асыратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтық қойылымдарына әсер ету мақсатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша мынадай ресми сыйақы қойылымдары белгілейді:

  • ресми қайта қаржыландыру қойылымы;
  • ресми есептік қойылым;
  • РЕПО жәнекері РЕПО операциялары бойынша сыйақы қойылымы;
  • Овернайт заемдары бойынша сыйақы қойылымы;
  • Овердрафт заемдары бойынша сыйақы қойылымы;
  • Банктерден тарайтын депозиттер бойынша сыйақы қойылымы.

 Ақша-несие саясатын  іске асыру мақсатында Ұлттық Банкі мынадай операция түрлерін жүзеге асырады:

  1. қарыздар беру;
  2. валюталық интервенциялар;
  3. Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару;
  4. мемлекеттік және басқа да бағалы қағаздарды сатып алу және сату;
  5. коммерциялық вексельдерді қайта есеке алу.

 Ұлттық Банк ақша-несие саясатының қабылданған бағдарларына сәйкес банктердің қарыз алуының жалпы көлемін реттейді: банктерге берілетін қарыздарды беру мен өтеу тәртібін, талаптарын, түрлерін, мерзімдерін және лимиттерін айқындайды. Ұлттық Банк қарыздарды өтімділігі жоғары және қауіпсіз бағалы қағаздармен және басқа активтермен қамтамасыз ете отырып та, қамтамасыз етпей де бір жылдан аспайтын мерзімге береді, бұл мерзімді тек Ұлттық Банктің Басқармасы ұзартуы мүмкін.

 Валюталық интервенция  деп – ұлттық валюта бағамына әсер ету мақсатында Ұлттық Банктің шетел валютасын сату және сатып алу жолымен валюталық нарықтағы операцияларға араласуын айтады [16].

 Айналыстағы ақша  массасына ықпал ету мақсатында  Ұлттық Банк айналысқа өзінің  қысқа мерзімді ноталарын шығарады. Қысқа мерзімді ноталарды орналастыру Ұлттық Банкпен қысқа мерзімді ноталармен операциялар жасау туралы келісім-шарт жасаған және нақты ұстаушылар ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығын беретін бағалы қағаздар нарығында кәсіби қатысушылары арқылы жүргізіледі.

Ең төменгі резервтік  талаптар Ұлттық Банктің ақша-несие  саясатын жүргізудегі бір құралы болып табылады және коммерциялық банктердің Ұлттық Банктің корреспонденттік шоттары  мен кассадағы ұлттық және еркін  конвертацияланатын валюта түріндегі  қолма-қол ақшалардың міндеттемелер сомаларының міндетті үлесін көрсетеді.

Ақша нарығындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етуде, банктерге берілетін  несиелер көлемін реттеуде, банктің  өтімділік деңгейін реттеуде және олардың  міндеттемелері бойынша төлемсіздікті  төмендетуде, сол сияқты банктің салым иелері мен акционерлерінің мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық Банк ең төменгі резервтік талаптар механизмін қолданады Бұл – сыйақының қойылымын ұстап тұру, жекелеген салалардың дамуын ынталандыру немесе тежеу мақсатында несиенің нақты түрлерін реттеу болып табылады. Ұлттық Банк тікелей сандық шектеуді ақша-несиелік реттеудің жанама әдістерімен инфляциялық процестерді тоқтату мүмкін болмаған жағдайда қолдануға құқылы.

Соңғы бес жылда ең төменгі резервтер механизмі  үш рет өзгерді:

  • 2006 жылы шілде айында біріңғай қойылым 6%-ды құрап, 2 категорияға дифференцияланды, ішкі талаптар бойынша – 6% және басқа міндеттемелер бойынша – 8% болды;
  • 2007 жылы қазан айында, бұл кезде өзгерістер тікелей резервтік активтердің құрылымына, банктің ішкі және өзге міндеттемелерінің тізіміне, сонымен қатар міндетті резервтік талаптар нормативтерінің орындалуын бақылау нормаларына қатысты болды;
  • 2008 жылы шілде айында, ішкі міндеттемелер бойынша ставка 5%-ға дейін, ал басқалары бойынша 7%-ға дейін төмендетілді.

2007 жылы коммерциялық  банктердің міндетті резервтік  талаптар нормативтерінің орындалу  тәртіптерін жетілдірудің келесі қадамы – «Минималды резервтік талаптар туралы ережені бекіту» туралы үкімге өзгерістер енгізу болып табылады. Өзгерістер резервтік активтердің құрылымына, банктің ішкі және басқадай міндеттемелер тізімдемесіне, сонымен қатар міндетті резервтік талаптар нормативтерінің орындалуын бақылау нормаларына қатысты болды. Банктің ішкі және басқадай резидент алдындағы міндеттемелер тізімдемесінен ағымдағы өтімділікті ұстап тұруда қолданылатын қысқа мерзімді міндеттемелері – РЕПО, овернайт, сонымен қатар оның көрсеткіштер бойынша есептелген шығындары алынып тасталды. Басқа міндеттемелер тізімдемесінен субординацияланған қарыздар мен мерзімсіз қаржылық құралдар, көрсеткіштер бойынша есептелген шығындар алынып тасталды. Сонымен қатар банктің резервтік активтерінің құрылымына еркін конвертацияланатын валютадағы банктің кассасындағы қолма-қол ақшалардың енуі – бұл құрылымды ұлғайтты.

Ал қазіргі кездегі заңға сәйкес міндетті резервтік талаптар туралы ережеге өзгертулер мен толықтырулар екінші деңгейлі банктердің қысқа мерзімді өтімділікті реттеу қажеттілігінен туындады.

Сонымен қатар басқа  да міндеттемелер бойынша нормативтің  төмендеуі сыртқы ресурстарға қазақстандық банктердің енуін шектеу шарттарында банктің резидент еместердің алдындағы міндеттемелерін төмендету есебінен, банктің қосымша өтімділігін босатуға мүмкіндік береді. Ұлттық Банк банктердің депозиттері мен заемдары бойынша сыйақы көлемдері мен ставкаларын реттеу мақсатында ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін пайдаланады және ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін банктер міндеттемелер соммасының пайызы ретінде есептейді.

Банктердің есеп айырысуы үшін қабылданатын міндеттемелерінің құрылымын, ең төменгі резервтік талаптарды орындау шарттарын және оларды резервтеу тәртібін, сондай-ақ ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін Ұлттық Банк белгілейді. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін өзгерту осындай шешім қабылданған күннен бастап бір айдан ерте қолданысқа енгізілмейді. Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері бұзылған кезде банктер Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.

Қазіргі кезде ең төменгі  резервтік талаптар – бұл барлық несие мекемелерінде болуы қажет өте өтімді активтер болып табылады, әрине, міндетті түрде олар банктердің кассаларында қолма-қол ақша түрінде немесе орталық банкте депозит түрінде өтімді формада сақталынады.

Резервтік талаптардың  нормативі өз алдына заңды түрде ең төменгі резервтер сомасының пассивті және активті операциялардың абсолютті немесе салыстырмалы көрсеткіштеріне пайыздық қатынасын көрсетеді.

Ең төменгі резевтік талаптар нормасының өзгеруі несиелік мекемелердің рентабельділігіне де әсер етеді. Себебі резервтік талаптардың өсуі пайданы толық ала алмауға әкеп соқтырыды, сондықтан, көптеген батыс экономистерінің пікірі бойынша бұл әдіс өте тиімді антиинфляцияық құрал болып табылады.

Ақша резервтерінің  нормасының төмендеуі ақша мультипликаторының өсуіне әкеледі, демек, ақша массасы да  ұлғаяды. Егер орталық банк резервтік талаптар нормасын өсірсе, онда бұл банктердің артық резервтерінің азаюына әкеледі. Монетарлық саясаттың бұл құралы өте күшті болып табылады, себебі ол банктік жүйенің барлық мәселесін қозғайды. Бұл әдіс ашық нарықтағы операциялар сияқты күнде бір рет емес, он жылда бір рет пайдаланады [17].

Ұлттық Банктің ресми  сыйақы қойлымы ақша нарығының жалпы  жағдайына, заемдар бойынша сұраныс  пен ұсыныс көлеміне, инфляция деңгейі  мен инфляциялық болжамға байланысты белгіленеді. Ұлттық Банктің заң актілері, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері негізінде немесе Ұлттық Банк Басқармасының жеке қаулылары бойынша жүргізілетін заем операциялары бойынша қолданылады.

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты