Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Ақша-несие теориясының дамуы
1.2 Ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)
2.3 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу
3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 732.50 Кб (Скачать документ)

                                    (2)

     Онда:

    А мөлш. – айналыс құралы және төлем құралы қызметтеріне қажет ақша     мөлшері;

     Стб – сатылуға  тиіс тауарлар бағасының сомасы;

     Стбн – несиеге сатылған тауарлар бағатының сомасы;

     Ст – қарыз  және басқа міндеттемелер бойынша төленетін сома;

     Сө - өзара өтелетін талаптар мен міндеттемелердің сомасы;

     Ақ – ақша  қоры;

     Ажылд. – айналыс құралы және төлем құралы қызметіндегі ақша айналымының орталық саны.

     Осы теңдіктегі  ел экономикасында сатылған тауарлардың  бағасынан айналыста әлдеқайда  кем ақша массасының жүруінің  себебі төлемеушілік проблемасының  болуынан. Сол кезде Ст мөлшері теріс сан болады. Бірақ бұл Қазақстан және басқа да директивалы экономика үлгісінен нарықтық үлгіге өтуші мемлекеттерде кездесіп отырған кәсіпорындар арасындағы төлемеушілік проблемасы жай ақша массасын ұлғайтумен шешіледі дегенді көрсетпейді.

     Айналысқа  қажетті ақша мөлшері өндірістің  даму жағдайларына әсер ететін  көп факторларға байланысты өзгереді: айналыстағы тауарлар мөлшеріне,  тауарлар мен қызмет бағасының  деңгейіне және т.б. айналысқа  қажетті ақша мөлшері ақша  айналысының жылдамдығына кері пропроционалды өзгереді. Ал ақша айналысына әсер етеді.

     Ақша айналымының  екі жағының бірлігі, олардың  бір формасының екіншісіне алмасуы  қажет етеді. Себебі ақша массасы  ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі бір мерзім арасында  және белгілі бір күнге ақша айналымының сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс – шаралар жүргізу үшін әр түрлі көрсеткіштер қолданылады. Ақша массасының нақты құрамы әр мемлекеттің өзіне тән ақша несие жүйесімен анықталады.

Жалпы мемлекеттік заңдармен  реттелген елдегі ақша айналысын  ұйымдастыру ақша жүйесі болып саналады.

Ақша жүйесінің элементтеріне  жататындар:

  1. Ақша бірлігі. Бұл тауар бағасын анықтап өлшеу үшін қолданылады. Қазақстанда – теңге.
  2. Баға масштабы. Бұл мемлекет анықтаған ұлттық қағаз ақша данасының металға бағаланған салмақ мөлшері.
  3. Ақша түрлері. Бұған жататындар: мемлекет шағаратын банкноттар, монеталар, қазыналық билеттер.
  4. Эмиссиялық жүйе – айырбасқа арнап заңды түрде ақша мен құнды қағаздар шығару тәртібі.
  5. Ақша жүйесінің институттары – ақша айналымын реттеп отыратын мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер.
  6. Валюталық паритет – екі валюта арасындағы шекті қатынасты білдіреді [5].

Ақша түрлеріне байланысты айналыс жүйесі екі типке бөлінеді:

  • металл ақшаның айналыс жүйесі – айналыста алтын және күміс монеталар жүреді, несие ақшалар металл- ақшаға еркін айырбасталады.
  • несие және қағаз ақшаның айналыс жүйесі.

Бұл жүйеде айналыстан алтын  шығарылады. Қазіргі кезеңде ақша өз айналысында қолма-қолдан қолма-қолсыз ақшаға және терісінше өтеді. Ақша массасы дегеніміз халық шаруашылығындағы тауарлар мен қызметтің айналымын қамтамасыз ететін сатып алу мен төлемдердің жиынтығы. Ақша массасының көлемі көптеген факторларға тәуелді, алдымен ақша нарығының көлемі мен конъюнктурасын белгілейтін, ақшаның ұсынысы мен сұранысынан. Ақшаның ұсынысы – бұл осы мезгілде экономикада айналыста жүрген төлем құралдарының жиынтығы. Ақшаға сұраныс – оның айналыс құралы және жинау құралы қызметінен туындайды. Ақша массасының динамикасына көп факторлар әсер етеді. Ақшаның сандық теориясының өкілі американдық экономисі Фишер келесі формуланы ұсынады:

M · V = P · Q                                                   (3)

мұнда: M – айналыстағы ақшаның саны;

V – ақшаның айналыс жылдамжығы;

Р – бағаның орташа деңгейі;

Q – барлық тауарлар мен қызметтердің саны [6].

Ақша жалпы  сұраныс процент мөлшерлемесінің берілген шамасында, адамдар мен фирмалар мәмілеге келу үшін және бағалы қағаздар сатып алу үшін, өздерінің қарамағында болғанын ұнататын ақшаның жалпы көлемі.

Ақша массасының құрамы әр мемлекеттің өз несие-ақша жүйесімен, яғни ақша нарығы құралдарының дамуымен анықталады. Біздің республикамыздағы айналыстағы ақша қаражатының құрылымына келсек, онда ол мынадай агрегаттардан құралады:

  1. Мо –айналыстағы қолма-қол ақшалар.
  2. М1= Мо + есеп айырысу немесе басқа депозиттік есеп - шоттардағы қалдықтар + чектік және аккредитивтік есеп-шоттар + талап еткенге дейінгі салымдар.
  3. М2= М1+мерзімді салымдар.
  4. М3 = М2 + мемлекеттік облигациялары.

Ақша нарығындағы маңызды  элементтерінің бірі несие. Несие дегеніміз  қарыз қорының болмысының формасы, қарыз қорына меншіктің жүзеге асырылуының ерекше формасы. Несие төмендегі принциптер бойынша беріледі:

  1. Несиені қайтару прнциптері – белгіленген уақытта алынған құралдарды пайдаланғаннан кейін қайтару қажет болады.
  2. Мерзімдік принцип – келісімшарт бойынша белгіленген уақытта қайтару.
  3. Төлем приципі – несиені пайланғаны үшін ақы төлеу.
  4. Материалдық қамтамасыз ету – қарыз алушы өзінің міндеттемесін бұзғанда кредитордың мүддесін қамтамасыз етуді қорғау қажеттілігі.
  5. Несиенің дифферециалды сипаттамасы - әртүрлі қарыз алушыларға ыңғайлы бапты несие бөлу.

 

 



 

 


 

 


 

 

Сурет 1 - Несиенің түрлері [7]

 

Несие функциялары:

  1. Ынталандыру функциясы- экономикада ақша айналымын жылдамдату арқылы процестерді жылдамдату.
  2. Орын басу функциясы – қолма-қол ақшаның орнына несие ақшалар жүреді.
  3. Жинақ функциясы – ақша капиталын жұмылдыру, іске тарту.
  4. Қайта бөлу функциясы –несиенің көмегімен әртүрлі салалардың арасында қаржылық құралдар қайта бөлініп отырады.
  5. Реттеу функциясы – нарықтық экономикада несие экономиканы реттеу құралы ретінде қолданылады.

Коммерциялық несие  тауарлар мен қызметтердің өтуін  тездету мақсатымен, төлем мерзімі  кешіктірілген тауардың сатылуында қолданылады. Оның объектісі тауарлық формадағы құралдар. Коммерциялық несие  формасында жасалатын келісім құжатының қызметін вексель атқарады.

Банктік несиесін кәсіпкерлерге  және басқа қарыз алушыларға ақшалай  қарыз формасында банктер береді. Несие беруші болып банк табылады.

Мемлекеттік несиеде  қарыз алушы мемлекет, ал несие  беруші көбінесе халық болады. осы несие мемлекеттік қарыз, мақсатты процентсіз қарыздар, қазыналық міндеттемелер түрін алады.

Несие жүйесінде негізгі  рөл атқаратын банк. Банк – (итальян  сөзі - орындық) – уақытша басы бос  ақшаларды жинақтап, оларды пайыз  алу арқылы қарызға (несие) беретін негізгі экономикалық институт. Банктер активтік және пассивтік операциялар жүргізеді. Пассивтік операциялар арқылы банк ақша ресурстарын тартып жинақтайды, ал активтік операицялар арқылы соларды орналастырады.

Банктердің функциялары:

  1. Есеп айырысу мен несие беруде делдалдық қызмет атқару.
  2. Ақшалай табыстар мен жинақтардың бір бөлігі капиталға айналдыру.
  3. Айналымға несие құрылымдарын шығару (вексель, чек, банкнот)

Функциялар және операция жүргізу сипаты бойынша банктер  бөлінеді:

  • орталық эмиссиялық,
  • коммерциялық депозиттік, инвестициялық,
  • жинақ,
  • арнайы бағытағы банктер.

 

 

1.2 Ақша-несие теориясы  мен саясатының байланыстылығы

 

Монетарлық саясат өте  күрделі табыстау механизмінен тұрады. Жалпы саясаттың тиімділігі әр бөліктің сапалы жұмысына тәуелді. Ақша-несие саясатының төрт түрлі табыстау механизмін қарастыруға болады:

1) Орталық банк саясатының салдарынан нақты ақша ұсынысының мәнінің өзгеруі;

2) Ақша нарығыңдағы пайыз мөлшерлемесінің өзгеруі;

3) Пайыз мөлшерлемесінің динамикасына байланысты жиынтық шығындардың (әсіресе инвестициялық шығындардың) реакциясы;

4) Жиынтық  сұраныстың   өзгеруіне   байланысты өнім көлемінің өзгерісі .

Ақша ұсынысының өзгерісі мен жиынтық ұсыныс реакциясының арасыңца тағы екі аралық баспалдақ жатыр, осы жағдайлар соңғы нәтижеге көп ықпал етеді.

Нарықтық пайыз мөлшерлемесінің  өзгерісі экономикалық агенттердің  қоржын активтерінің құрылымының өзгеруіне  байланысты болады, ал бұл өзгерістер Орталық банктің ақша саясатын кеңейтуінің салдары. Мұндай саясаттың салдары ретінде активтің басқа түрлерін сатып алу, несиесінің арзандауы, нәтижесінде пайыз мелшерлемесінің төмендеуі байқалады.

Ақша нарығының реакциясы  қисығының тікшелеу болуынан ақшаға сұраныстың сипатына, түріне тәуелді болады.

Ақшаға сұраныс пайыз  мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты сезімтал болса, онда ақша жиынының өсуіне, пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгеруі әсер етеді. Және керісінше, ақшаға сұраныс пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіне әлсіз әсер етсе, онда ақша ұсынысының өсуі пайыз мөлшерлемесінің едәуір төмендеуіне алып келеді [8].

Келесі қадам, пайыз  мөлшерлемесінің өзгерісіне байланысты жиынтық сұранысты түзету болады. Әдетте пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық шығындар әсер етеді деп есептеледі. Егерде ақша нарығында пайыз мөлшерлемесінің едәуір өзгерісі болды деп жорамалдасақ, онда пайыз мөлшерлемесінің динамикасына инвестициялық сұраныстың сезімталдығы байқалады. Басқа жағдайлар тұрақты болса, онда осы шарттан жиынтық табыстың мультипликаторлык мәнінің кеңейуі пайда болады.

Табыстау механизмі қадамдарының бұзылуына байланысты ақша саясатының төмендеуі немесе мүлдем нәтижесіз болуы мүмкін.

Мысалы, ақша нарығында  пайыз мөлшерлемесінің болымсыз өзгерісі немесе пайыз мөлшерлемесіне жиынтық сұраныс реакциясының болмауы, онім көлемі мен ақша жиынының арасындағы байланысты үзеді. Мүңдай құбылыс нарықтық экономикаға көшіп жатқан мемлекеттерде байқалады. Ақша саясатын жүргізуде табыстау механизмінің сапалы жұмысынан басқа да қиындықтар кездеседі. Орталық банктің пайыз мөлшерлемесін өзгертуі экономикаға өр уақытта дүрыс әсер ете бермейді, сондықтан да Орталық банк пайыз мелшерлемесін бір тұрақты деңгейде ұстап тұру арқылы инвестицияны тұрақтандырады, демек мультипликатор арқылы өнім көлеміне әсер етеді. Егер экономикада өрлеу болса және жалпы Ұлттық өнім өссе, оңда ақшаға трансакциялық сұраныс өседі. Нақты ЖҮӨ ақшаға сұраныстың бір параметрі:

 

Ақша    ұсынысының   тұрақты жағдайында пайыз мөлшерлемесі өседі, демек ақша ұсынысын бұрынғы қалыпты жағдайда ұстау үшін, Орталық банк ақша ұсынысын өсіруі қажет. Мұндай жағдай ЖҰӨ өсуін қосымша ынталандырады және инфляцияның пайда болуына әкеледі [9].

Экономикадағы құлдырау және ақшаға сұраныстың азаюы жағдайында Орталық банк пайыз мөлшерлемесінің төмендеуін болдырмау үшін, ақша ұсынысын азайтуы қажет. Бірақ мүндай жағдай жиынтық сұранысты төмендетіп, экономикадағы құлдырауды шиеленістіре түседі.

Ақша-несие саясатының жанама әсерлерін де ескерген жөн. Мысалы, егерде Орталық банк ақша ұсынысын өсіру қажет деп есептесе, онда ол құнды қағаздар нарығынан облигация сатып алу арқылы ақша базасын кеңейте алады. Бірақ ақша ұсынысының өсуімен қатар пайыз мөлшерлемесі төмендей бастайды. Бұл жағдай екі коэффициентке әсер етуі мүмкін (сг және гг.). Халық депозиттегі қаржыларының бір бөлігін нақты ақшаға айналдыра алады, онда өседі, банктер артық резервтерді өсіреді, ол мәнін өсіреді [10].

Мұндай шаралардан кейін ақша мультипликаторы төмендейді, бұл жағдай ақша жиынын кеңейту тенденциясының төмендеуіне әсер етеді.

Ақша-несие саясаты  келемді сыртқы кешеуілдеуге ие бола алады (шешім қабылданғаннан бастап, нәтижеге дейін), өйткені экономикадағы инвестициялық белсенділік өзгерісіне байланысты пайыз мөлшерлемесі тербелістері ЖҮӨ көлеміне әсер етеді, мұндай құбылыстар ұзаққа созылады.

Мемлекеттік несиенің дамуы мемлекеттің қарызын басқарудың құрылымын жасауды қажет етеді. Мұндай шаралардың негізгілеріне жаңа заемдардың көлемін шығарудың уақытын, казначейлік міндеттеме бойынша пайыздың мөлшерін, оларды орналастыруды анықтау жатады. Мемлекеттік заемдар әр түрлі мерзімге шығарылады, осы белгісіне қарай қысқа, орта және ұзақ мерзімді деп бөлінеді. Олардың айырмашылықтары шартты. Қысқа мерзімді заем, әдетте 1 жылдан 5 жылға, орта мерзімді 3-тен 5, ұзақ мерзімді 5 жылдан ұзақ уақытқа шығарылады.

Сонымен, мемлекеттің  қарыз мәселесі ақша айналасының  күрделі кешенімен, бюджет саясатымен, мемлекеттің экономикалық белсенділік  ықпалымен және әлеуметтік процестермен тікелей байланысты.

Ақша-несие саясаты  – бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін  өзгертуге, жалпы банк жүйесінің  қызметін реттеуге бағытталған шаралар  жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі- Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қолсыз ақша массасының жиынтығы жатады. Шаруашылық жағдайына байланысты ақша-несие саясатының екі түрі бар:

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты