Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Ақша-несие теориясының дамуы
1.2 Ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)
2.3 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу
3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 732.50 Кб (Скачать документ)
  1. Рестрикциялық ақша-несие саясаты;
  2. Экспансиялық ақша-несие саясаты.

     Рестрикциялық  ақша-несие саясаты- екінші деңгейлі  банктердің несиелік операциялар  көлемін шектеуге және қатаң  шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы  мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.

Экспансиялық  ақша-несие саясаты- несие беру көлемін  кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне  байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақырғы мақсат:  1) экономиканың өсу; 2) толық жұмысбастылық; 3) бағаны тұрақтандыру; 4) төлем балансын тұрақтандыру.

Аралық мақсат: 1) ақша жиыны; 2) пайыз мөлшерлемесі; 3) айырбас курсы.

Ақша-несие саясатының құралдарын төмендегідей топтастыруға болады:

- несие берудің лимиті, пайыз мөлшерлемесін тікелей  реттеу;

- міндетті резервтер нормасының  өзгеруі;

- есептеу мөлшерлемесінің  өзгеруі;

- ашық рыноктағы операциялар.

Ақша-несие әдістерінің ерекшеліктері  сонда, олардың көмегімен мемлекет тұтас ұсынысқа айырықша ықпал жасауға  тырысады. Мұндай жағдайдағы ең белсенді элемент- инвестициялаумен байланысты себептерге ықпал ету. Салыстыру  үшін айтар болсақ: қаржылық реттеудің ең белсенді жағы- көбінесе тұтыну игіліктеріне ықпал ету (тікелей және жанама жәрдем ақша арқылы). Дәл осы реттеу механизмінің субъектілері болып орталық банк пен коммерциялық банктер бой көрсетеді. Ақша-несие саясаты шеңберінде орталық банк екі негізгі қызметті орындайды:

  1. Ұлттық экономиканы толыққанды валюталық жүйемен қамтамасыз ету. Бұл жүйе – рынок инфрақұрылымының аса маңызды элементі;
  2. Коммерциялық банктердің несиелік қызметтеріне ықпал жасау (макроэкономикалық саясаттың мүдделері үшін).

Қазақстандағы ақша-несие саясатының негізгі мақсаттарының бірі – жуық кезеңде ұлттық валютаны одан әрі тұрақтандыру болады. Үкімет пен Ұлттық банктің бірлесе күш салуымен айырбас бағамының күрт ауытқуын болдырмау және ішкі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жөнінде жұмыс жүргізілетін болады. Республиканың қаржылық жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қолдау үшін ақшалай-несиелік реттеу тетіктерін пайдалану жетілдіріле түспек. Банк жүйелерінің дамуына орай ақша-несие саясатының құралдарын мейлінше белсенді қолдану жоспарлануда: Қазақстанның Ұлттық банкі сыйақы қойылымын бекіту, міндетті резервтердің сараланған мөлшерін реттеу және ашық рынокта операциялар жүргізу. Есептік қойылымға қатысты Ұлттық банктің саясаты тиісінше инфляция деңгейінің динамикасымен және инфляциялық күтуге байланысты өзгеретін нақты көріністегі біркелкі оң қоылымды қолдауға, сондай-ақ, қаржылық рыноктар жағдайларына бағытталатын болады. Ақша-несие саясатының дәстүрлі құралдарын пайдалану, банктік қадағалауды күшейту, қаржылық жаңа құралдарды дамыту, ішкі қаржылық рыноктарды қалыптастыру мен дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу ішкі жинақтауды көбейтіп және оларды ұтымды орналастыруға ықпал ететін болады.

Ақша-несие саясатының қазіргі  кезеңдегі тиімділігі Ұлттық банктің  саясатына деген сенімділікпен  тығыз байланысты.

Ақша-несие саясаты салық-бюджет және сыртқы экономикалық саясатпен  ылғи да байланысты болады. Егер де Ұлттық банк тұрақты айналым бағамын  ұстап тұруды көздесе, онда дербес, тәуелсіз ішкі ақша саясаты болуы  мүмкін емес, өйткені айнымалы бағамды ұстау мақсатындағы әрекеттер, валюталық резервтердің көбеюі және азаюы экономикадағы ақша жиынының өзгеруіне әкеледі. Салық-бюджет және ақша саясаттарын бір-біріне сәйкес келтіру белгілі қиындықтарды тудырады. Егер мемлекет экономиканы мемлекеттік шығындарды көбейту арқылы ынталандырса, онда мұндай іс-әрекеттердің нәтижесі ақша саясатымен байланысты болады

Бүгінгі таңда Қазақстанның қаржылық жүйесі ТМД-ның басқа елдерімен  салыстырғанда реформаланған және дамыған. Жеке тұлғалардың салымдарын ұжымдық кепілдендіру (сақтандыру) жүйесі тиімді қызмет етуде. Ипотекалық несиелендіру мен вексельдік қайта қаржыландыру жүйелері дамуда. Пошталық-жинақтаушы жүйені дамыту жөнінде белсенді жұмыс жүргізіліп, екінші деңгейлі банктерді қызметтің халықаралық стандарттарына көшіру бағдарламасы аяқталуда. Ақша-несие саясаты әлемдік стандарттарға жақындау мен валютаны либерализациялауға бағытталған. Қаржылық рынокты мемлекеттік реттеу жүйесін реформалауға көп көңіл бөлінуде. Банктік секторды дамыту саласында, банктерге тәуекелді басқару жүйесін енгізу және ағымдық бақылау тәсілдерін жетілдіру жөніндегі жұмысты белсендету қажет.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                            Қазақстандағы ақша-несие саясатының бүгінгі күнгі негізгі мақсаты: нақты сектордың қаржылық ресурстардағы қажеттіліктерін толық қанағаттандыратын және халықаралық стандарттарға сәйкес келетін, тиімді қызмет ететін қаржылық жүйені құру.

Ақша-несие саясатының мәні елдегі ақша тепе-теңдігін, яғни, сұраныс пен ұсыныстың арасындағы тепе-теңдікті, инфляцияны мақсатты макро  экономикалық көрсеткішке сәйкес келетін  деңгейде ұстап тұру болып табылады. Дәлелді болжамдар ақша-несие саясатының негізгі мақсатына қол жеткізуге көмектесетін ақша-несие саясатының құралдарын таңдауға мүмкіндік береді. Осыған байланысты ақша-несие саясатының экономиканың нақты секторына ықпал ету нәтижесін болжау техникасын әзірлеу өзекті проблема болып табылады [11].

Орталық банктің экономикалық белсенділікке ықпал ететін негізгі  макроэкономикалық көрсеткіштеріне  ақша базасы, ресми ставкалар, ашық нарықтағы операциялар (атап айтқанда бағалы қағаздар шығару), резервтік  талаптардың нормативі, банктерден тартылатын депозиттер және банктерге берілетін несиелер көлемі, валюталық интервенция жататыны белгілі.

Соңғы уақытта көптеген орталық банктер пайыздық қойылымдар арқылы монетарлық импульстар беруге ерекше назар аударады. Орталық банктің құралдары бойынша пайыздық қойылымдардың өзгеруі ақша нарығы қойылымдарының өзгеруіне әкеп соғады және жиынтық сұраныс пен жиынтық ұсынысқа ықпал етеді. Орталық банк меншікті ақша ресурстарының бағасын көтере немесе төмендете отырып (ресми қойылымдар), банктерге ақша тартуға мүмкіндік жасайды немесе банктердің орталық банктің несиелік ресурстарын пайдалануын ынталандырады. Яғни, орталық банк ресми қойылымдарды реттей отырып, өтімділік деңгейіне, сол сияқты инфляцияға да ықпал етеді. Осы ықпал ету дәрежесі біршама дәрежеде қаржы нарығының құрылымына және оның күтулеріне қатысты болады.

Бұрынғы Кеңестік Социалистік  Республикалар Одағында (одан әрі  КСРО) тиісінше, ҚазақССР-да бір деңгейлі банк жүйесі болды, ол Мемлекеттік банк, Сыртқы сауда банкінен және Құрылыс банкінен тұрды. КСРО мемлекеттік банкі елдің бас банкі және ақша-несие саясатының әдіснамалық басшылығының орталығы болды. Ол қолма-қолсыз есептесулердің ұйымдастырылуы мен жүргізілуін бақылады, пайыздық саясаттың қағидаларын, несиелік жоспарлау мен қысқа және ұзақ мерзімді несиелеудің жағдайын анықтады. Сыртқы сауда банкі экспорттық-импорттық операциялар бойынша есептесулерді ұйымдастыру мен жүзеге асыруды қамтамасыз етті. Құрылыс банкі мемлекеттік банктің несиелік саясат, халық шаруашылығына негізгі қаржы жұмсау бойынша шешімдерін орындады.

Тәуелсіздік алғаннан соң, 1990 жылдардың басында, Қазақстанда  банк жүйесін реформалау қажеттігі  туындады, бұл көбіне нарықтық қарым-қатынасқа  көшумен байланысты болды. Осы ретте, Қазақстанның банк жүйесінің қалыптасуына заңнамалық негіз болған 1990 жылы «ҚазақССР-ғы банктер мен банк қызметі туралы» Заң қабылданды. Аталған заңмен алғашқы рет коммерциялық банктерге анықтама беріліп, басқа да несиелік мекемелерді (несиелік кооперативтер, зейнетақы, инвестициялық қорлар) құруға, жеке меншік, сонымен қатар, шетелдік капиталдың қатысуымен банктер ашуға рұқсат етілді. Заңмен ҚазақССР-ның Мемлекеттік банкінің негізгі міндеттері мен функциялары белгіленді, соның ішінде ақша-несиелік реттеу жүйесінде, банктермен жүргізілетін операциялардың тізбесі, коммерциялық банктердің қызметін реттеу әдістері анықталды.

Елдің екі деңгейлі банк жүйесі 1991 жылдан бастап қалыптаса  бастады. Жаңа банк жүйесінің бірінші  деңгейі Ұлттық банктен және оның облыстардағы бөлімшелерінен тұрды. Банк жүйесінің екінші деңгейі – бұрыннан бар мамандандырылған, сонымен бірге жеке және заңды тұлғалардың бастамашылығымен құрылған банктерден қалыптасты. Тоқсаныншы жылдар әртүрлі қаржылық мекемелердің санының қарқынды өсуімен сипатталды. Ол кезде тек коммерциялық банктердің санының өзі 200-ден астам болды, соңынан, олардың көпшілігі қаржылық тұрғыдан дәрменсіз болып шықты [12].

Банк жүйесін қалыптастырудың  бастапқы кезеңі аталған жүйенің  нарықтық жағдайда қалыпты жұмыс  істеуіне кедергі келтіретін, банктік  заңнамадан кемшіліктер қатарын тауып шығарды және оларды жоюдың қажеттігін айқындады. Осы ретте ескі заңнамада Ұлттық банктің егемен мемлекеттің банкі ретіндегі мәртебесі анықталмаған болатын. Осы негізде 1993 жылдың 13 сәуірінде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол банк жүйесінің ұлттық нормативті және құқықтық базасын реттеуді қалыптастыру процесін бастауға және меншікті валюта енгізуге дайындалуға мүмкіндік берді. Құжат мақсаты – ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылатын Ұлттық Банктің тәуелсіздігін бекітті, сондай-ақ экономиканы несиелеу функциясы екінші деңгейдегі банктерге көшті.

Қазақстан Республикасының  орталық банкі Қазақстан банк жүйесінің жоғарғы (бірінші) деңгейі  болып саналатын Ұлттық Банкті болып табылды, ол мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылып, Қазақстан Республикасының Президентіне есеп береді. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін (одан әрі – Ұлттық Банк) Парламент Сенатының келісімімен Қазақстан Республикасының Президенті 6 жылға тағайындайтын Төраға басқарады. Ұлттық Банк Төрағасының орынбасарын да Төрағаның тағайындалу мерзіміне қатыссыз Ұлттық Банк Төрағасының ұсынысы бойынша Президент 6 жылға тағайындайды. Ұлттық  Банк тігінен бағыну схемасы бойынша орталықтандырылған біртұтас құрылым болып табылады, Ұлттық Банктің органдары болып Басқарма және Директорлар кеңесі табылады.

Ұлттық Банктің құқықтық мәртебесі «Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан  Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңында бекітілген, бұл Заңға сәйкес Қазақстанның Орталық банкі өз қызметінде оған экономикалық актілермен берілген өкілеттіктер шегінде тәуелсіз. Өкілдік және атқарушы билік органдарының Ұлттық Банктің, оның филиалдарының, өкілдіктері мен ұйымдарының оның заңмен бекітілген өкілеттіктерін іске асыру жөніндегі қызметіне араласуға құқығы жоқ. Ұлттық Банк өз қызметін Қазақстан Республикасының Үкіметімен үйлестіреді. Ұлттық Банк және Үкімет көзделетін іс-әрекеттер және жалпы мемлекеттік мәні бар қол жеткен нәтижелер туралы бірін-бірі хабардар етуге және үнемі кеңес жүргізуге міндетті [13].

Ұлттық Банк өз қызметінде Үкіметтің экономикалық саясатын ескереді және егер ол оның негізгі функцияларын орындауға және ақша-несие саясатын жүзеге асыруға қайшы келмесе, оны іске асыруға көмектеседі. Ұлттық Банк Төрағасы және оның орынбасарларының бірі кеңес беруші дауыспен Үкіметтің отырыстарына қатысуға құқы бар. Үкіметтің Ұлттық Банктің міндеттемелері бойынша жауапкершілігі жоқ, сол сияқты Ұлттық Банк те Үкіметтің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі мақсаты – Қазақстан  Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Негізгі мақсатын іске асыру  үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер  жүктелген:

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын әзірлеу және жүргізу;
  • төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
  • валюталық реттеу және валюталық бақылауды жүзеге асыру;
  • қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Ақша-несие саясатын әзірлеу  мен жүргізуге ақша-несие саясатының негізгі құралдарын таңдау, ақша массасы, несиелер және жинақ ақша бойынша статистикалық деректер базасын құру мен жүргізу, осы елдің және ақша-несие саясатының негізін құрайтын басқа мемлекеттердің экономика және ақша-несие саласының кейбір мәселелері бойынша зерттеулер жүргізу, қаржы бағдарламаларын жасау және олардың орындалуын бақылау кіреді.

Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес Ұлттық Банктің ақша-несие  саясаты:

  • ресми қайта қаржыландыру ставкасын;
  • ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйақы ставкаларының деңгейлерін;
  • ең төменгі резервтік талаптардың нормативтерін;
  • айырықша жағдайларда операциялардың жекелеген түрлерінің деңгейі мен көлеміне тікелей сандық шектеулерді белгілеу арқылы жүзеге асырылады.

Ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында Ұлттық Банк операциялардың мынадай түрлерін жүзеге асырады: заемдар беру, депозиттер қабылдау, валюталық интервенциялар, Ұлттық Банктің қысқа мерзімді ноталарын шығару, коммерциялық вексельдерді қайта есепке алу, Ұлттық Банкі Басқармасының шешімі бойынша басқа  да операциялар жүргізу.

Ақша-несие саясатының субъектісі – Орталық банк болса, ал әсер ету объектісі – ақша айналымы болып есептеледі.

 Ақша массасы жеке  тұлғаларға, кәсіпорындар мен мемлекетке  тиісті және шаруашылық айналымына  қызмет ететін сатып алу және төлем құралдарының жиынтығы болып табылады. Белгілі-бір күндегі және белгілі-бір кезеңдегі ақша айналысының сандық өзгерісін талдау үшін, сондай-ақ ақша массасының өсуі мен көлемін реттеуге байланысты шараларды жасау үшін әр түрлі көрсеткіштер пайдаланады. Ақша айналымының екі жағының бірлігі, олардың бір түрінің екіншісіне ауысуы – жалпы ақша массасының құрамын анықтауды қажет етеді. Себебі ақша массасы – ақша айналымының сандық көрсеткіші. Белгілі-бір мерзім аралығында сандық өзгерістерді талдау үшін, сол сияқты ақша массасының көлемін және оның өсу қарқынын реттейтін іс-шаралар жүргізу үшін әртүрлі көрсеткіштер – ақша агрегаттары қолданылады.

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты