Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Ақша-несие теориясының дамуы
1.2 Ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)
2.3 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу
3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 732.50 Кб (Скачать документ)

 

Экономиканың ақша деген  сұранысының төмендеуі кезінде  белгіленген дәліз шеңберінде инфляцияны ұстап тұру ақша базасын 2,3%-ға тарылтумен, ақша массасының 4,7%-ға, экономикаға несиетің – 1,4%-ға, банк жүйесіндегі депозиттердің – 5,4%-ға азаюымен қамтамасыз етілетін болады. Монеталандыру  деңгейі  бұл ретте  2010 жылдың  аяғында 45,9%-ға жетіп, іс жүзінде  өзгермейді (1-кесте) [24].

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бағалауы бойынша бұл сценарийді іске асыру мүмкіндігі барынша төмен.

Екінші сценарийді іске асыру кезінде мұнай бағасының  ең жоғары деңгейі Қазақстанның сыртқы ағындарына қолайлы  әсер етеді, нәтижесінде 2010 жылы ағымдағы шоттың  дефициті ЖІӨ-ге қарағанда  4%-ға жуықты,  жалпы төлем балансының дефициті  – ЖІӨ-ге қарағанда 2%-ға жуықты құрады.

Бұл даму сценарийінде  ақшаға деген сұраныс шектеулі  болып қалады. Ақша базасының кеңеюі 10,0%-ды құрайды, ақша массасы 9,6%-ға, банк жүйесіндегі депозиттер – 9,2%-ға, экономикаға несиетер көлемі – 5,9%-ға ұлғаяды. Бұл ретте монеталандыру деңгейі 46,5%-ға дейін  өседі (1-қосымша)

Осы сценарий бойынша  ахуалдың дамуы Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкіне және Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2010 жылы экономикалық белсенділікті  ынталандыруға мүмкіндік береді, бұл экономиканың өсуінің қалыпты қарқының қамтамасыз етеді.

Үшінші сценарийге сәйкес  2010 жылы экономикалық өсу қарқыны  алдыңғы  сценарийлермен салыстырғанда  анағұрлым жоғары  деңгейде болады деп күтілуде.

Әлемдік нарықтағы  анағұрлым  қолайлы конъюнктура қазақстандық экспортерлерге оң ықпал етеді. Ағымдағы шоттың ЖІӨ-ге 1%-дан аспайтын деңгейде шамалы дефициті күтіледі, жалпы  төлем  балансы ЖІӨ-ге 1%-ға жуық  мөлшерде оң белгімен  қалыптасады.

Осы жағдайда ақшаға деген  сұраныс алдыңғы сценариймен  салыстырғанда анағұрлым  жоғары болады. Ақша базасы 2010 жылы 11,3%-ға кеңейеді, ақша массасы 15,4%-ға, банк жүйесіндегі  депозиттер – 15,2%-ға, экономикаға несиетер –8,5%-ға ұлғаяды, монеталандыру деңгейі 46,5%-ды құрайды.

Бұл сценарийді іске асыру  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне алтынвалюта активтерінің көлемін  ұлғайтуға мүмкіндік  береді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі  Қазақстан Республикасы экономикасы дамуының 2010 жылға арналған екінші және үшінші сценарийлерін іске асыруды анағұрлым мүмкін деп санайды,  осыларды ескере отырып 2010 жылға арналған ақша-несие саясаты  әзірленді.

Ақша-несие саясатының негізгі мақсаты бағаның тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы мақсатқа  жету жөніндегі шаралары экономикалық өсуді қолдауға, депозиттік нарықтың әлуетін дамытуға, сондай-ақ банк секторының несиетік белсенділігін қалпына келтіруге ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі қазақстан экономикасының ішкі және сыртқы бәсекеге қабілеттілігі  арасындағы тепе-теңдікті  қамтамасыз етуге бағытталған айырбастау  бағамы саясатын  жүргізуді жалғастырады. Бағамдық саясат үнемі өзгеріп отыратын әлемдік конъюнктура жағдайында  отандық өндірістің  бәсекеге  қабілеттілігіне теріс әсер етуі  мүмкін  ұлттық валютаның нақты бағамының біршама ауытқуларына жол бермеу мақсатында  жүргізіледі.

Бағамды қалыптастыру икемділігін арттыру үшін  жағдайлар жасау мақсатында 2010 жылғы  5 ақпаннан бастап теңгенің ауытқуы дәлізі кеңейтілді: 150 доллар/теңге (+)10% немесе 15 теңге, (-)15% немесе 22,5 теңге. Теңге бағамының  динамикасында басым  үрдіс әлемдік қаржы  және тауар нарықтарындағы жағдайға және төлем балансының жай-күйіне  байланысты болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің пайыздық саясаты нарық  ставкаларын қысқа мерзімді құралдардың  ақша нарығында Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі ставкаларының дәлізі шеңберінде ұстап тұруға бағытталған. Жүргізілген шаралар нарық ставкаларының құбылмалылығын төмендетуді және ақша нарығының тұрақтылығын арттыруды қамтамасыз етеді, сондай-ақ  өтімділікті тиімді басқаруға ықпал етеді. Дәліздің ең жоғарғы шекарасы болып табылатын ресми қайта қаржыландыру ставкасы ақша нарығындағы жағдайды және инфляция  деңгейін ескере отырып айқындалатын болады. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған банктердің  депозиттері бойынша ставка ақша нарығындағы  қысқа мерзімді ставкалар дәлізінің төменгі шекарасы  ретінде  айқындалады. Бұл ретте ол болуы мүмкін ең төмен деңгейде, яғни  банктерді  Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі депозиттерде  бос ресурстарды жинақтауға  қайта ынталандыруға болатындай  етіп белгіленеді.

Артық өтімділікті алып тастау мақсатында Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі қысқа мерзімді ноталар  эмиссиясын жалғастырады. Оларды шығару сондай-ақ, мемлекеттік бағалы қағаздардың  қайталама нарығын  қолдауға, 1 жылға  дейінгі мерзімдегі қаржы құралдары бойынша қисық кірістілікті қалыптастыруға  бағытталады.

Фундаментальді факторлар  тарапынан күтілетін шамалы  инфляциялық  қысым кезінде Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі қаржы тұрақтылығын  қамтамасыз ету жөнінде шаралар  қабылдайды. Банктердің  өтімділігі  деңгейінің және  оған байланысты тәуекелдердің, оның ішінде валюталық тәуекелдерің мониторингі жалғасады. Бұл операциялардың  мерзімі қысқа болады.

Қазақстан Республикасының  Ұлттық Банкі қорландыру базасын  қалыптастыру кезінде  банктерді  ішкі көздерге бұдан әрі қайта бағыттауға ықпал етеді. Осы мақсатта Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2010 жылы  «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру  қоры» АҚ-ын 11 млрд. теңгеге капиталдандыруды  ұлғайтады [25].

Сондай-ақ банктердің ресурстық базасын тұрақтандыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған  банктік емес қаржы ұйымдарының уақытша бос ақша қаражатын отандық банктердің  депозиттеріне аудару туралы  мәселе  қаралады.

Ақша-несие саясатының осы шараларын іске асыру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне инфляция бойынша белгіленген  бағдарларға жетуге мүмкіндік береді. Бұл экономиканың  тұрақты  және сапалы өсу  жағына шығуына  ықпал етеді.

 

 

2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын  және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)

 

Осы бөлімде Қазақстан  Республикасының Ұлттық банкінің ақша – несие саясатына шолу жасайық. 1993 жылы 13 сәуірде Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің оныншы сессиясында  Қазақстан Республикасыньщ «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы қабылданды, ол Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің міндеттерін, қызмет принципін, құқықтык мәртебесі мен өкілеттігін, оның банк жүйесіңдегі рөлі мен орнын, мемлекеттік билік органдарымен өзара қарым-қатынасын айкындап берді. Заң Қазақстан Республикасыньщ ақшалай және заемдык қаражаттарға деген сұранысын қамтамасыз етуде, салым салушылардың мүддесі мен мемлекеттік несие саясатын жүзеге асыруды қамтамасыз етуде кепілдікті қарастырды. Заң Ұлттық Банктің негізгі міндеттерін айқындап берді: ақша айналымы, несие, банктік есеп айырысуларды ұйымдастыру және валюталық қатынастар саласында мемлекеттің саясатын әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысу; несие берушілер мен банктің салымшыларының, несиелік, есеп айырысу мекемелерінің, сондай-ақ валютаны сатып алу, сату және айырбастау бойынша операцияларды жүзеге асыратын мекемелердің клиенттерінің мүдделерін қорғау, банктік және басқа несие мекемелерінің қызметін реттейтін ережелерді жасау негізінде оны сақтауға бақылау жасау; Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жүзеге асыру саласында мүдделерін қорғау.

Ұлттық Банктің клиенттермен - жеке және заңды тұлғалармен жұмыс  істемейтіні, оларды тікелей қаржыландырумен  айналыспайтыны, қызмет көрсетпейтіні  белгілі. Ұлттық Банктің негізгі функциялары - инфляция деңгейін бақылау, елдің ақша-несие саясатын айқындау, сондай-ақ қаржы секторының және қаржы қызметін алушылардың арақатынасы, көңіл күйлері және солар арқылы айқындалатын үрдістер сияқты нарықтың «сергек мәселелеріне» мониторинг жүргізу болып табылады.

1993 жылы 15 қарашада Қазақстан  Республикасында ұлттық валютаның  енгізілуіне байланысты Қазақстанның  Ұлттық Банкіне ақша-несие жүйесінің  жұмыс істеу жауапкершілігі, оның  бюджетпен және банкілермен қарым-қатынастарында классикалык принциптерді енгізу, банктердің қызметін реттеудін жүйесін бекіту міндеттері жүктелді. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының - қазақстандық теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету - мемлекеттің орталык банкісі -Қазақстан Ұлттық Банкінің негізгі міндеттерінін біріне айналды.

Орталық банктердің тиімді қызметі ұлттық дәстүр тұрғысынан оны ұйымдастыру мен басқара білуге көп байланысты болады. 1995 жылғы 30 наурызда шыққан Қазақстан Республика¬сы Президентінің Заң күші бар «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Жарлығы Кдзақстан Республикасы Ұлттық Банкінін міндеттерін, қызмет принципін, құқықтық мәртебесі мен өкілеттіктерін, оның мемлекетгік банк жүйесіндегі рөлі мен орнын айқындап берді. 1995 жылы 30 тамызда еліміздің жаңа Конституциясының кабыдануына байланысты заңнамаға бірнеше рет өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Ақшаның кұнсыздануын төменгі  деңгейде ұстап, ұлттық валютанын тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан  Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкі  Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақша-несие саясатын айқындайтын және жүзеге асыратын бірден-бір орган болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асырады.

Ақша-несие саясаты:

- қайта қаржыландырудың ресми ставкасын;

- ақша-несие саясатының  негізгі операциялары бойынша  сыйақы ставкаларының деңгейлерін;

- ең төменгі резервтік  талаптардың нормативтерін;

- ерекше жағдайларда,  операциялардың жекелеген түрлерінің  деңгейі мен көлеміне тікелей  сандық шектеулерді белгілеу жолымен жүзеге асырылады.

Қазақстан Ұлттық Банкі  қайта қаржыландырудың ресми  ставкасына сәйкес коммерциялық вексельдерді қайта есепке алуды жүргізеді.

Қайта қаржыландырудын  ресми ставкасы ақша-несие саясатының негізгі операциялары үшін сыйақы ставкалары бойын¬ша бағдар болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі қайта кар¬жыландырудын ресми ставкасын ақша нарығының жалпы жай-күйіне, қарыздар бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне және инфляциялык болжауларға қарай белгілейді.

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-несие саясатын жүзеге асыратын шеңбердегі қаржы нарығында сыйақының нарықтық ставкаларына әсер ету максатында ақша-несие саясатының негізгі операциялары бойынша сыйакының ставкасын белгілейді.

Резервтік талаптар нормативі  банктер алдындағы міндеттемелерді кеміту есебінен міндеттемелердің жалпы сомасынан процент есебінде есептеледі және 40 проценттен артық емес мөлшерде белгіленеді.

Әлемдік экономикалық дағдарыс көптеген елдердің орталық банктерінің  ақша-несие саясатына айтарлықтай  әсер етті және ақша-несие саясатының құралдарды пайдалануына белгілі бір өзгерістер енгізді.

Банк жүйесі кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал  етеді, ол қазіргі замандағы мемлекет экономикасының маңызды элементінің  бірі болып табылады. Ол еркін ақша қаражатын шоғырландырумен қатар оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінудің алғышарты, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады. Бұл жүйе – атқаратын экономикалық тұрғысынан қаржы жүйесінің бір бөлігі. Қаржы ресурстарының басым көпшілігі іс жүзінде банк арқылы өтеді. Демек, айналымдағы қаражат және тұтастай алғанда қаржы жүйесі банктердің қызметіне тікелей байланысты болады. Қазіргі кезде елде жұмыс істейтін банктер әр түрлі ұйымдардың тарамдалған жиынтығы ғана емес, бұл белгілі бір дәрежеде ұйымдастырылған жүйені білдіреді. Банк жүйесінде жүргізілген әр түрлі банктік қызметтің ұйымдастырылу ерекшелігі және ресурстық ұйымдастыру негізгі банк жүйесінің экомомикалық, сондай-ақ заңнамалық негізін құру процесінде айқындалады. Қазақстан Республикасында осындай нарықтық  үлгідегі банктік жүйенің қалыптасуы, сонымен қатар оның нормативтік құқықтық негіздерінің қалыптасуы елімізде үзбей жүргізіліп отырған экономикалық және құқықтық реформаның жемісті нәтижесіне жатады. Банк жүйесінің дамуының соңғы жылдардағы қорытындысына назар салсақ, елімізде дамыған нарықтық экономикасы бар елдегі принциптер бойынша құрылған банк жүйесінің қалыптасқанын байқаймыз. Қазақстан Республикасының қазіргі заманғы банк жүйесі өз ауқымындағы мемлекеттік банктік мемеджмент мән-жайларымен ғана емес, сонымен қатар өзіндік басқаруға және ұйымдастыруға қабілеттілігімен ерекшеленеді. Ол айтарлықтай қуатты қаржы институтына айналып, қоғам мен экономиканы қайта құрудың күрделі процестерінде маңызды рөл атқарып келеді. Қазір елімізде банк жүйесінің дамуында сапалы өзгерістер болып та жатыр. Несие беретін ұйымдар клиенттерге ашық та жариялы қызмет көрсетуге ұмтылуда. Бизнес үлгілер, жаңа банктік технологиялар, несиелеудің әрбір түрлері енгізілді. Осыған лайықты Ұлттық банк жүйесінің аумағы да кең болып, оның ұсынған қаржысы әрбір адамға, әрбір кәсіпорынға, әрбір аймаққа жеткілікті болуы тиіс. Дегенмен, осы тұрғыдан қарағанда еліміздегі банк жүйесін әлде де жүйелі түрде, қарқынды дамыту керек.

Кесте 2

. Қазақстан Республикасы  банк секторының құрылымы (01.01.2011 ж.)

Банк  секторының құрылымы

1.01.11 ж.

Екінші деңгейдегі банктердің саны, оның ішінде:

39

- жарғылық капиталда мемлекеттің 100% қатысуы бар банктер1

1

Екінші деңгейдегі банктердің филиалдарының  саны

365

Екінші деңгейдегі банктердің қосымша  үй-жайларының саны

1 881

Екінші деңгейдегі банктердің шетелдердегі өкілдіктерінің саны

17

Қазақстан Республикасындағы резидент емес банктер өкілдіктерінің саны

29

Жеке тұлғалардың салымдарына (депозиттеріне) міндетті ұжымдық кепілдік беру (сақтандыру) жүйесіндегі қатысушы банктердің саны

34

Кастодиан қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар банктердің саны

10

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты