Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:40, дипломная работа
Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.
КІРІСПЕ
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Ақша-несие теориясының дамуы
1.2 Ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)
2.3 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу
3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
2007 жыл ішінде қаржылық
ахуалдың өзгеруіне байланысты
ақша-несие саясаты да белгілі-
Банктердің артық
2007 жылы Ұлттық Банк
және екінші деңгейдегі
2008 жылы Ұлттық Банк
ақша-несие саясаты бойынша
Көптеген елдердің 2008-2009 жылдары қабылдаған бұрын-соңды болмаған дағдарысқа қарсы шараларының арқасында әлемдік экономика ғаламдық дағдарыстан туындаған рецессиядан шыға бастады. Жақын жылдары, әсіресе, 2010 жылы дағдарысқа қарсы шараларды аяқтау жөніндегі «шығу стратегиясын» іске асыру дамыған елдердің де, дамушы елдердің мемлекеттік органдарының алдында тұратын негізгі мәселелердің бірі болып қала береді. Бұл ретте осы бағдарламаларды аяқтау үшін оңтайлы сәтті айқындау айтарлықтай күрделі міндет болып табылады.
Бір жағынан, мемлекеттік ынталандыруды мерзімінен бұрын аяқтау әлемдік экономикада дағдарыстың жаңа лебін туындатуы мүмкін. Экономика субъектілері ресурстарының жеткіліксіздігінен қызметін өз бетінше белсенді етуге қауқарсыз болуы мүмкін.
Екінші жағынан, дағдарысқа қарсы белсенді шараларды одан әрі жалғастыру мемлекеттің ресурстарына түсетін жүктемені ұлғайту және мемлекеттік бюджеттер дефицитінің едәуір өсуі арқылы экономиканың одан әрі дамуы үшін тәуекел қаупін тудыруы мүмкін. Экономиканы көлемді түрде қаржыландыру қаржы институттарында артық өтімділіктің жинақталуына әкеп соқты, төмен инвестициялық белсенділік жағдайында ол жаңа «көпіршіктердің» пайда болуына әкеп соғуы мүмкін. Сондай-ақ «жұмсақ» ақша-несие саясатын жалғастыру қосымша инфляциялық тәуекелдерді туындатуы мүмкін.
Осылайша, теңдестірілген саясатты жүргізу, яғни мемлекеттің экономикаға одан әрі айтарлықтай қолдау көрсетуден біртіндеп бас тартуы баға тұрақтылығын сақтаған жағдайда экономиканың өсу қарқынын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұл ретте әлемдік экономикадағы экономикалық және қаржылық жағдайлардың 2009 жылдың екінші жартысынан бастап жақсаруына қарамастан өсудің қалпына келуі баяу болады деп күтіледі.
Қазақстан Республикасының макроэкономикалық дамуында 2009 жылы да түбегейлі бетбұрыс болды.
2009 жылғы 3-тоқсаннан
бастап экономикалық өсудің
Қазақстан Республикасының экономикасындағы инфляциялық әлеует 2009 жылы ең төменгі деңгейде болды. Инфляция қарқынының тұрақты төмендеуі байқалды. 2009 жылдың қорытындылары бойынша 6,2% деңгейінде (2008 жылы желтоқсанда – 9,5%) қалыптасты.
2010 жылы Қазақстан Республикасындағы инфляциялық қысымның одан әрі төмендеуі күтілмейді, ол кейбір тәуекелдердің болуымен байланысты. Тұтынушылық сұраныстың кеңеюі бюджеттен төленетін жалақыны, әлеуметтік жәрдемақыларды және зейнетақыларды 2010 жылы жоспарлы түрде көтерумен қамтамасыз етілуі мүмкін. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасы Кеден Одағының құрылуымен байланысты әкелінетін өнімге салынатын кедендік баждың көтерілуіне байланысты импортталатын өнімнің қымбаттауы да мүмкін.
Елдің нарығындағы ахуал 2010 жылы біртіндеп жақсаратын болады, алайда экономикалық және қаржы тәуекелдерінің сақталуына байланысты банктердің несиетік белсенділігі бірден артпайды.
Тұтастай алғанда Қазақстан Республикасы экономикасының одан әрі дамуы көптеген факторларға байланысты, олардың әсерін қазіргі уақытта бағалау іс жүзінде мүмкін емес, ал оларды Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Ұлттық Банктің тарапынан бақылау айтарлықтай қиындық туғызады.
Әлемдік және ішкі нрықтардағы тұрақсыздықтың және белгісіздіктің сақталуы жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының бір жылға - 2010 жылға арналған негізгі бағыттарын әзірлеуге шешім қабылдады. Белгісіздіктің төмендеуіне қарай Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақша-несие саясатының үш жылдық кезеңге арналған негізгі бағыттарын әзірлеу практикасына оралатын болады.
2008 жылдың аяғында
– 2009 жылдың басында ішкі валюта
нарығында теріс
2008 жылғы қазаннан
бастап 2009 жылғы ақпан аралығындағы
кезеңнің өзінде Қазақстан
Алайда, 2009 жылдың басында
әлемдік экономикада
Ақша-несие саясатын жүргізу кезіндегі тәсілдердің міндетті түрде өзгеруі жағдайында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі назарды баға тұрақтылығын қамтамасыз етуден және инфляциялық таргеттеуге көшу саясатын жалғастырудан валюталық дәлізді белгілеуге қарай ауыстыру жолдарын зерделеді. Әлемдік тәжірибеге жасалған талдау бағамды жаңа деңгейде кейіннен ұстай отырып, ұлттық валютаны бір реттік девальвациялау қалыптасқан жағдайдағы жалғыз дұрыс шешім болып табылатынын көрсетті.
Соған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2009 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамының бір АҚШ доллары үшін 150 теңге +/-3% деңгейіндегі жаңа дәлізін белгіледі. Бұл нарықтағы девальвациялық күтулерді төмендетіп қана қоймай, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін қайта қалпына келтіруді және алтынвалюта резервтерін сақтауды қамтамасыз етті [23].
Осы шаралардың, сондай-ақ қазақстандық экспорттың негізгі позияцияларының әлемдік бағаларының қалпына келуі нәтижесінде ішкі валюта нарығындағы ахуал тұрақтанып, 2009 жылдың аяғында ұлттық валютаның нығаю үрдісі байқалды. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алтынвалюта резервтерінің көлемін толықтыра алды. 2009 жылдың аяғында ол 23,2 млрд. АҚШ долл. құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 16,8% артық.
Экономикадағы ең төменгі әлеует Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне ақша-несие саясатының негізгі бағыты ретінде халықтың ұлттық валютаға деген сенімін қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдауды айқындауға мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ол үшін банктерге қысқа мерзімді теңге өтімділігін беру жөнінде шаралар қабылдады. Осы бағыт шеңберінде банктерге қайта қаржыландыру заемдары берілді, осы операциялар бойынша кепілдікті қамтамасыз ету ретінде қабылданатын құралдардың тізбесі түзетілді. Ресми қайта қаржыландыру ставкасы 10,5%-дан бұрын-соңды болмаған ең төменгі деңгей – 7,0% дейін біртіндеп төмендетілді. 2009 жылғы наурызда банктерге қойылатын ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері ішкі міндеттемелер бойынша 2%-дан 1,5%-ға дейін және өзге міндеттемелер бойынша 3%-дан 2,5% дейін төмендетілді. Борышын қайта құрылымдау үстіндегі банктердің ағымдағы өтімділігіне қолдау көрсету үшін 2009 жылғы қарашада осы банктердің барлық міндеттемелері бойынша 0% мөлшерінде ЕРТ-нің жекелеген нормативтері белгіленді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің 2009-2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимылдарының жоспары шеңберіндегі банк жүйесіне мемлекет тарапынан көрсетілген қолдау банктік өтімділікпен байланысты ахуалды едәуір жақсартуға ықпал етті. Нәтижесінде 2009 жылдың 2-тоқсанынан бастап Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресурстарына банктер тарапынан сұраныс қысқарды.
Қазақстан Республикасының экономикасындағы жоғары тәуекелдердің сақталуы және нақты сектор тарапынан несиетік ресурстарға деген сұраныстың шектелуі, сондай-ақ банктердің несие портфелі сапасының төмен болуы несиетік белсенділіктің өсуіне әсер етпеді. Нәтижесінде сыйақы ставкаларының төмендеуіне және банктерден тартылатын депозиттер және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі шығаратын қысқа мерзімді ноталары бойынша мерзімдерінің ұлғаюына қарамастан банктер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құралдарындағы өтімділіктің едәуір көлемін жинақтады.
Әлемдік экономиканың баяу
қалпына келуі, тауар нарықтарындағы,
оның ішінде қазақстандық экспорттың
негізгі тауарларына қалыпты
әлемдік бағалар, әлемдік қаржы
нарығындағы айқын еместік
Қазақстан Республикасының экономикасына әсер ету дәрежесін ескере отырып, мұнайдың әлемдік бағасының деңгейі 2010 жылға арналған ақша-несие саясатын әзірлеу кезінде сценарийлік нұсқаға бөлудің негізгі критерийі болып айқындалды. Макроэкономикалық жағдайдың дамуының үш сценарийі қаралды. Бұл ретте мұнай бағасының деңгейі бір баррель үшін 30 және 50 АҚШ болуын болжайтын бірінші және екінші сценарийлер тиісінше Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағаларымен синхрондалған және келісілген болып табылады. Сондай-ақ 2009 жылы қалыптасқан мұнайдың бағасының орташа жылдық деңгейін ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мұнайдың бағасы бір баррель үшін 70 АҚШ доллары деңгейінде болатын үшінші сценарийді әзірледі.
2010 жылы Қазақстан
Республикасы экономикасы
Бірінші сценарийді іске асыру кезінде 2010 жылы Қазақстанның экономикасын қысқарту күтілді.
Осы сценарий бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алған үлгілеу мен болжау нәтижелері төлем балансы көрсеткіштерінің нашарлауын, кредиттеудің және ақша сұранысының төмендеуін көрсетті. Бұл іскерлік белсенділіктің төмендеуі, жиынтық сұранысты шектеу сияқты объективтік факторлардың ықпалына байланысты.
Төлем балансының 2010 жылғы ағымдағы шотының дефициті ЖІӨ-ге қарағанда 8,5%-ға жуықты, жалпы төлем балансының дефициті – ЖІӨ-ге қарағанда 4%-дан астамын құрады.
Кесте 1
Қазақстан Республикасы ақша-несие саясатының 2010 жылға арналған негізгі бағыттары*
Көрсеткіштер |
2008 ж. |
2009 ж. |
2010 ж. ( болжам) | ||
1 сценарий |
2- сценарий |
3- сценарий | |||
Инфляция, % - жыл соңында, % |
9,5 |
6,2 |
6,0-8,0 |
6,0-8,0 |
6,0-8,0 |
Ресми қайта қаржыландыру ставкасы, % |
10,5 |
7,0 |
6,0 |
7,0 |
8,0 |
Ақша базасы, млрд. теңге өзгеруі % |
1525
4,2 |
2451
60,7 |
2395
-2,3 |
2697
10,0 |
2728
11,3 |
Ақша массасы, млрд. теңге өзгеруі % |
6267
35,4 |
7386
17,9 |
7042
-4,7 |
8097
9,6 |
8524
15,4 |
Резиденттердің банк жүйесіндегі депозиттері, млрд. теңге өзгеруі % |
5409
39,0 |
6473
19,7 |
6123
-5,4 |
7070
9,2 |
7459
15,2 |
Банктердің экономикаға кредитт өзгеруі % |
7460
2,8 |
7644
2,5 |
7539
-1,4 |
8092
5,9 |
8296
8,4 |
Экономиканы монеталандыру деңгейі, % |
39,0 |
46,2 |
45,9 |
46,5 |
46,5 |
Дерек көзі: : http://www.nationalbank.kz. Ақша-кредит саясатының 2010 жылға арналған негізгі бағыттары