Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Ақша-несие теориясының дамуы
1.2 Ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)
2.3 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу
3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 732.50 Кб (Скачать документ)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ  БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ  ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

 

 

 

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Менеджмент және бизнес кафедрасы

 

 

 

 

 

 

 

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

 

Мемлекеттің ақша-несие саясаты

 

 

 

 

 

Орындаған:

4 курс студенті             __________________________       Оспанова Н.                                                             

 

Ғылыми жетекшісі,

э.ғ.д., профессор           __________________________      Шеденов Ө.Қ.

 

Норма бақылаушы          _________________________    Асқаров Ғ.А.

 

Кафедра меңгерушісі

э.ғ.д., профессор             __________________________    Мұхтарова К.С.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011

МАЗМҰНЫ

 

 

КІРІСПЕ

1   АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН    ҚОЛДАНЫЛУЫ

1.1  Ақша-несие теориясының дамуы

1.2 Ақша-несие теориясы  мен саясатының байланыстылығы

 

2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ

2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау

2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)

2.3  «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы

 

3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ

3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу

3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

КІРІСПЕ

 

Қазақстанның  ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Мемлекет басшысының қазақстандықтарға арнаған “Жаңа  онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері” атты Жолдауында еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен орнықтылығын қамтамасыз етудегі жаңа міндеттер айқындалғандығы белгілі. Елбасы Жолдауында сондай-ақ қаржылық реттеуші банк секторының сыртқы міндеттемелері үлесінің оның міндеттемелерінің жиынтық көлемінде төмендеуін қамтамасыз етуін және банктердің экономикаға оның дағдарыстан кейінгі қалпына келуі мен дамуына жігерлі түрде жәрдемдесуге тиіс екендігі де атап айтылған болатын [1]. Сонымен, еліміздің қаржы секторы мен жедел индустриялық-инновациялық даму бағдарламасындағы тұжырымдамалардың тетіктері анықталған Жолдауда алға қойылған міндеттерді жүзеге асыруда ақша-несие саясатының және оны жүзеге асыратын ҚР Ұлттық Банкінің рөлі ерекше болмақ.

Қазіргі кезеңде еліміздің  қаржы секторы өз дамуының жаңа деңгейінде тұр және оның болашақта нәтижелі жұмыс атқаруына бағытталған  реформалардың көпшілігі жүзеге асырылды. Қазақстандық экономикада  ақша-несиелік реттеу сұрақтарының өзектілігі белгілі бір деңгейде ақша-несие саясатын жасау кезінде талдау және болжау әдістерін, сонымен бірге оны іске асыру механизмдерін жетілдіру қажеттіліктерімен анықталады. Сондықтан да бұл қазіргі таңда өзекті мәселе болып табылатыны анық.

Банк  жүйесі кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді, ол қазіргі замандағы мемлекет экономикасының маңызды элементінің бірі болып табылады. Ол еркін ақша қаражатын шоғырландырумен қатар оны ресми айналымға салуды қамтамасыз етеді, сонымен қатар ақша капиталын салалар арасында аймақаралық қайта бөлінудің  алғышарты, сондай-ақ елдің шаруашылық жүйесінің есеп айырысу және төлем тұтқаларының маңызды элементі болып табылады.

Елдің әлеуметтік-экономикалық даму мақсатының, соның негізінде  қалыптасатын мемлекеттік бюджет саясатының, салық саясатының,       қаржы саясатының мехнанизмінің іске асуының тиімділігі – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүргізетін ақша-несие саясатына тікелей байланысты, сондай-ақ дұрыс жолға қойылған ақша-несие саясаты қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен экономикалық өсуді қамтамасыз ететін бірден-бір фактор болып табылады.   Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың  тұжырымдамасына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің алдына ақша-несие саясатының негізгі құралдарын жетілдіру және оны Еуропалық Одақ елдерінің стандарттарына жақындату мақсаты қойылды. Бұл бағыттағы маңызды аспект экономиканың нақты секторының қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын және еркін бәсеке жағдайларында қаржы институттары сапалы қызмет көрсететін, тұрақты және тиімді жұмыс істейтін қаржы жүйесін қалыптастыру болып табылады. Бұл Ұлттық Банктің іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралары қабылданған ақша-несие саясатының негізгі бағыттарымен тығыз байланысты. Осыған орай мемлекеттің жүргізетін ақша-несие саясатының қалыптасуы мен қолданылуын, оны жетілдірудегі мемлекеттің басқару шараларын зерделеу үлкен мәнге ие болады. Сондықтан диплом жұмысы өзекті тақырыпқа арналып отыр.

Диплом жұмысының мақсаты -  мемлекеттің ақша-несие саясатының теориясын қарастыра отырып, оның жүзеге асуын талдау, сонымен қатар Ұлттық банктің ақша-несие саясаты мен екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдай отырып, осы саясатты жетілдірудегі мемлекеттің басқару шараларын айқындау болып табылады.  Осы көздеген мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу көзделеді:

- ақша-несие теориясының дамуын зерттеу;

- ақша-несие теориясы  мен саясатының байланыстылығын  айқындау;

- - Ұлттық Банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау;

-  Ұлттық банктің  ақша-несие саясатын  іске асыру кезеңдерін талдау;

- инфляциялық үдерістерді тежеу бағыттарын ұсыну;

- Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипатын айқындау.

Дипломдық жұмыс 91 бет көлемінде баяндалып, кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Жұмыстың бірінші бөлімі ақша-несие саясатының теориялық негіздеріне арналған. Осы бөлімде ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы сипатталған.

Екінші бөлімде Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банктің ақша-несие саясатын жүзеге асыру барысындағы қызметі талданған және зерттеу объектісі болып табылатын «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы мен құрылымына талдау жасалынған.

Жұмыстың үшінші бөлімі ақша-несие саясатын жетілдірудегі мемлекеттің басқару шараларына арналған.

Жұмыстың қорытынды  бөлімінде қарастырылып отырған  мәселеге қатысты тұжырымдар мен  ұсыныстар берілді.

 

 

 

 

 

 

1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ

1.1  Ақша-несие теориясының дамуы

 

Қазіргі кездегі ақша тұжырымдамалары ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. өмірге келген теориялармен өзара сабақтас. Оларға жататындар ақшаның металдық, номиналды және мөлшерлік теориялары.

Бұрынғы теориялар өзгерістерге ұшырап, олардң жаңа түрлері пайда  болды. Бұрынғы теориялар ақшаның  шығу тегі, мәні, ақша құнының қалыптасу проблемаларына  баса назар аударған еді, ал қазіргі кездегі ақша теориялары нарық экономикасының дамуына ақшаның әсер етуі жөніндегі мәселелерді зерттейді.

Ақшаның металдық және номиналды  теориялары - осы теориялар авторларының ақшаның қандай қызметтеріне баса мән беруіне байланысты бір-бірінен өзгешіліктеріне байланысты.

Ақшаның металдық теориясы капиталдың алғашқы қорлануы кезеңінде  пайда болды. Оның өкілдері У.Стаффорд. Т.Манн, Д.Норс және басқа да меркантилистер болды. Олар ақшаның қазына құралы және дүниежүзілік ақша қызметтерін шектен тыс бағалап, соның салдарынан ақшаны асыл металдармен шатастырды. Мемлекеттің монеталарды көздің қарашығындай сақтауын талап етті. Ақшаны әлеуметтік қатынастар ретінде емес, оны зат ретінде қарастырды [2].

Ақшаның номиналды теориясын  Римнің және орта ғасырдың заңгерлері жасады. Кейінірек оны Дж.Беркли мен Стюарт одан әрі дамытты. Олар ақшаның металдық теориясын сынады, ал өздері ақшаның айналыс құралы және төлем құралы сияқты қызметтерін  шамадан тыс бағалады.

"Номиналистер" - ақшаны - тауарлар айырбасына - қызмет ететін  шартты белгілер, есеп айырысу  өлшемдері деп жариялап, оны мемлекет  үкімінің жемісі ретінде түсіндірді.

Ақшаның мөлшерлік теориясының  іргетасын қалағандар Дж.Локк, Ш.Монтескье, Д.Юм, Д.Рикардо болды. Олар ақшаның құн мөлшері қызметін жоғары бағалады. Бүл теорияны жақтаушылар құнның ақшалай құнның ақшалай өлшемі мен тауарлар бағаларының деңгейін - айналыстағы ақша массасы анықтайды деген пікірді қуаттайды. Ақшаның мөлшерлік теориясын осы заманға лайықты жетілдіруге үлес қосқандар И.Фишер мен А. Пигу болды [3].

Дж. Кейнстің “Жұмыспен  қамту, пайыз, ақшаның жалпы теориясы”  еңбегі жарық көргеннен кейін, экономикада  төлем қабілеті бар сұраныстың жеткіліксіздігі  тұрақты құбылысқа айналатындығы және номиналды жалақының да, пайыз қойылымының да төмендеуі жұмыссыздықты жоюға ешбір дәрменсіз екені мойындалды. Жалақыны қысқарту төлем қабілеті бар сұранысты (тиімді сұранысты) төмендетеді де, жағдайды одан әрі қиындатады [4].

«Ұлы дағдарыс» тәжірибесі көрсеткендей, егер сұраныс тиісті дәрежеде болмаса, ең төменгі пайыз қойылымының өзі де қажетті дәрежедегі инвестицияны ынталандыра алмайды, олай болса сұраныс та ұлғаймайды. Тоқырау процесі жалғаса береді. Бұған қарсы бірден бір қолданатын шара - мемлекеттің араласуы. Сонымен, Дж. Кейнс мемлекеттің экономикалық процестерге белсенді қатынасу қажеттілігін негіздеді. Экономикалық стагнация жағдайында мемлекет шаруашылық жүйесі қызметінің жалпы жағдайын сақтаушы және қорғаушы "түнгі күзетші" рөлінен алшақтауы қажет. Ол белсенді түрде бюджет, қаржы-несие, әлеуметтік саясатты жүргізуі керек.

Дж. М. Кейнстің тұжырымдамасы  экономиканы мемлекеттік реттеудің  ұзақ мерзімдік тәжірибесінің негізі болды. Бұл тұжырымдама әр түрлі  елдердегі өндіргіш күштердің даму деңгейіне байланысты және сол елдердің өзіндік ерекшеліктеріне сай қолданылады.

Кейнсиандық реттеу үлгісінің  негізгі сипаттарына тоқталайық:

Біріншіден, мемлекеттік  бюджет арқылы қайта бөлінетін ұлттық табыс үлесінің жоғары болуы, мысалы, ол Жапонияда- 34,2%, АҚШ-та- 37,6%, Батыс Еуропа елдерінде- 50% және одан жоғары, бұл жерде үлестің өсу беталысы байқалып отыр.

Екіншіден, мемлекеттік  және аралас кәсіпорындар негізінде  ұйымдастырылған кең ауқымды  мемлекеттік кәсіпкерліктің пайда болуы.

Үшіншіден, экономикалық конъюнктураны тұрақтандыру, кезеңдік ауытқуларды болдырмау және өсу мен іске тартылудың жоғары қарқынын қамтамасыз ету үшін кең түрде несие-ақшалай және бюджеттік-қаржылық реттегіштерді пайдалану.

XX ғасырдың 70-жылдары  Батыс елдерінде экономикалық  өсудің тежелуі және кезеңдік дағдарыстар ғана емес, басқа да құрылымдық дағдарыстар басталды, оларға энергетикалық, шикізаттық, экологиялық, валюта-қаржылық дағдарыстар жатады.

Бұдан кезеңдік өндіріс  дағдарыстарынан өту міндеті  ғана емес, экономиканың құрылымын түбегейлі қайта құру міндеті туындады. Осы міндеттерді шешу мемлекеттік реттеудің қалыптасып келе жатқан неоконсервативтік үлгісінің үлесіне тиді. Бұл үлгінің теориялық негізін неоклассикалық бағыттағы тұжырымдамалар қалады. Олар: монетаризм (М. Фридмен), ұсыныс экономикасы тұжырымдамасы (А. Лаффер, Дж. Гилдер), рационалды күту теориясы (Дж. Мут, Р. Лукас, Л. Репинг). Сонымен, жоғарыда айтылғандай, ұдайы өндірісті реттеудің- «тиімді сұранысты» қалыптастыру үлгісі оң нәтиже берудің орнына, дағдарыс бүліншіліктерінің қосымша қайнар көзіне айналды. Мемлекеттік реттеу үлгілерінің жаңа бағыты ұдайы өндіріске сұраныс арқылы әсер етуден бас тартып, өндіріс процесі мен ұсынысқа жанама әсер етуші шараларды қолдануды талап етеді. Бұл мақсаттарды жақтаушылардың пікірінше капитал қорлануының және жеке меншік кәсіпкерліктің механизмдерін қайта жасап, жандандыру қажет.

Неоконсервативтік үлгінің  ескірген кейнсиандық шаралардан басты  ерекшелігі мемлекеттің экономикаға  тікелей араласу шараларын шектеп, жанама әдістер мен экономикалық құралдар арқылы ғана реттеуді басты мақсат етеді. Экономикасы дамыған елдерде өндіріс тиімділігін арттыру мен саяси әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуде «Рыноктық күштер» басты рөл атқаратындығы белгілі болып отыр.

Ақша айналысы заңы –  құн заңының айналыс аясындағы  көрінісі. Ол -  тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар байланысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері (А мөлш.) екі факторға біріншіден, бір кезеңде, болуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына (Стб); екіншіден ақша айналымының жылдамдығына (А жылд.) байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:

                                                           (1)

 Ақша айналысы заңының мәні  – ақшаның айналыс құралы қызметін  орындауы үшін қажетті ақша  мөлшері сатылуға тиіс тауарлар  бағасының қосындысы бір аттас  ақша өлшемінің айналым санына  бөлгенге теңесуі керек.

Ақша тек айналыс құралы ғана емес, сонымен бірге төлем құралы қызметін де атқаратындықтан айналысқа қажетті ақша мөлшері де несиеге сатқан тауарлар сомасына байланысты азаяды. Қарыз міндеттемелерінің бірсыпырасы қолма қол ақшасыз есеп айырысқанда өтеледі, яғни олар қарыз талаптары мен міндеттемелерін өзара есептеу жолымен де өтеледі. Сөйтіп несиенің даму дәрежесі ақша мөлшеріне кері әсерін тизігеді: тауардың неғұрлым көп бөлігі несиеге сатылса, айналысқа шығарылған әлдеқандай ақша мөлшері шаруашылықтың және халықтың тұрақты ақша қорын құрайды. Қорытындысында, айналыстағы ақша мөлшерін анықтаушы заң мынадай формуламен өрнектеледі:

Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты