Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:40, дипломная работа
Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.
КІРІСПЕ
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Ақша-несие теориясының дамуы
1.2 Ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)
2.3 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу
3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы қойылымдары – жылдық пайыздық қойылымдар, Ұлттық Банктің ресми қайта қаржыландыру қойылымы деңгейінде белгіленеді және мемлекеттік бағалы қағаздармен операциялар жүргізуде қолданылады.
«Овернайт» заемдары бойынша сыйақы қойылымы Ұлттық Банктің екінші деңгейлі банктерге, олардың Ұлттық Банктегі корреспондеттік шоттары бойынша есеп айырысуы дебет сальдосымен аяқталған жағдайда, бір түнге беретін заемдары бойынша қолданылады.
Ресми қайта қаржыландыру
қойылымы орталық банктің
Ұлттық Банктің банктік
заемдар беру ережесі «Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкі туралы»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банктің қайта есептеуге қатысты вексельдер сапасына қоятын талаптары заңменен бекітіледі. Есептеуге өтімділік мерзімі алты айдан көп емес вексельдер, алдыңғы қатарлы эмитенттерінің вексельдері, іс жүзіндегі вексельдер, төлеу орны Қазақстан Республикасының территориясындағы банкілер болып көрсетілген вексельдер қабылданды.
Бұл әдіс орталық банктің банктік жүйесінде бағалы қағаздарды сатып алу-сату операцияларын жүргізуді білдіреді. Коммерциялық банктерден бағалы қағаздарды сатып алу коммерциялық банктердің қаражаттарын ұлғайтып, оларға несие беру қабілеттілігін жоғарылатады және орталық банк бұл операцияларды өте жиі пайдаланады. Орталық банк коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды нарықтық бағаларменен сатуға, содан соң 4-8 аптадан кейін қайта сатып алуға ұсыныс жасайды, коммерциялық банктер бұл операциядан пайыздық төлемдер ала алады.
Ақша-несиелік реттеудің өзге әдістерінен ретінде ашық нарықтағы операциялардың алдыңғы ең басты айырмашылығы – өте жұмсақ реттеуді қолдануы, өйткені бағалы қағаздарды сатып алу көлемі, сонымен қатар қолданатын пайыздық мөлшері орталық банк саясатының бағытына қарай өзгеруі мүмкін.
Ашық нарықта бағалы қағаздарменен операциялар Ұлттық Банктің ақша-несие саясатының аз дамыған құралы ретінде танылады, бұл елімізде бағалы қағаздар нарығының дамымауымен байланысты болып отыр. Ұлттық Банктің қазіргі кездегі мақсаты – инвесторлардың мемлекеттік бағалы қағаздарға деген сенімін жоғарылату болып табылады.
Орталық банк экономикалық ақша-несие реттеуде әдістермен қатар әкімшілік әдістерді де қолданады. Несие көлемін шектеу әдісі берілген несие сомасын көлемді шектеу болып табылады, бұл банктердің ісіне тікелей әсер етеді. Мұндай несиелік шектеулер қарыз алушы мекемелерді теңсіздік жағдайға әкеп соқтырады, Банктер, ең алдымен, өзінің ірі фирмаларына несие беріп, кіші және орта мекемелерді несиесіз қалдырса, елдегі бизнес іскерлігінің төмендеуі байқалады [18].
Еліміздің экономикалық дамуындағы табыстары біршама дәрежеде Ұлттық Банктің қаржы секторын дамыту, атап айтқанда, бағаны тұрақтандыруға бағытталған ақша-несие саясаты қызметімен байланысты десек, жүргізіліп отырған ақша-несие саясаты бір жола қатаң белгіленген тетік болып табылмайды, ол тұрақты түрде әркез жетілдіріліп отыруы қажет.
2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1
Мемлекеттің ақша-несие
Қаржылық тұрақтылық дегеніміз – қаржы жүйесінің өзінің тікелей міндеттерінің, атап айтқанда, инвестициялық жобаларды табысты қаржыландыруды және ресурстарды пайдаланудың күрт өзгерістерін тиімді реттеп отыруды толық орындау екендігі белгілі. Қаржылық тұрақтылықтың құрамдас бөліктері ақша тұрақтылығы, нарық агенттерінің қаржы мекемелеріне және нарыққа сенімінің болуы, нақты немесе қаржы активтері бағасының күрт ауытқуының жоқтығы болып табылады. Осы тұрғыда қарағанда теңгені енгізген уақыттан бері қаржылық тұрақсыздық кезеңдері болып 1993 жылғы қараша – 1999 жыл – 2007 жылғы тамыздан бастап бүгінгі күнге дейінгі аралықтар саналады.
Осы кезеңдердің әрқайсысындағы ақша-несие саясатын сипаттайық.
1993 жылғы қараша –
1995 жыл аралығындағы кезеңде –
гиперинфляцияны ауыздықтау
Осы міндеттерді шешу үшін қатаң макроэкономикалық саясат жүргізу бағдарға алынды, яғни, бюджет тапшылығын айтарлықтай қысқарту және несиелік экспансияны шектеу қолға алынды. 1994 жылғы жеңілдікті несиелер беру және кәсіпорындардың несие үшін Ұлттық Банкке тікелей өтініштерін қарау тәжірибесі тоқтатылды. Үкіметке бюджет тапшылығын жабуға арналған несиелер беріле бастады. 1995 жылы Үкіметтің шешімі бойынша Ұлттық Банктің экономикаға несиелер берілуі тоқтатылды. Банктерді қайта қаржыландыру тетігі айтарлықтай өзгерді: несиелік ресурстарды Ұлттық Банк несиелік аукциондар арқылы және ломбардтық негізде орналыстыра бастады. 1995 жылы Ұлттық Банк туралы заң қабылданды, оған сәйкес Ұлттық Банктің тәуелсіздігі заң жүзінде айқындалды, ұлттық валютаның ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты алға қойылды.
Ұлттық Банк экономиканы
несиелеу функцияларын екінші
деңгейдегі банктерге беріп
Баға тұрақтылығына қол жеткізумен қатар елімізде жас ұлттық валютаның қалыптасу міндеттері де шешілді. Теңге бастапқыда ағымдағы операциялар бойынша айырбасталатын валюта ретінде енгізілді. Капитал операциялары бойынша теңгенің айырбасталымдылығына келетін болсақ, теңге енгізілген кезден бастап капиталдың резиденттерден резидент еместердің пайдасына көшуін көздейтін валюта операциялары лицензиялауға жатқызылды, бұл ретте капитал ағыны статистикалық есепке алу мақсатында ғана тіркелді. Бұған шетел валютасы ұсынысының ішкі көздерінің айтарлықтай тапшылығы себепші болды. Ішкі нарықта шетел валютасы ұсыныстарын ұлғайту мақсатында уақытша шара ретінде валюта биржасында экспорттық түсімнің 50%-ын міндетті түрде сату енгізілді.
1996-1999 жылдар аралығында
кезеңде макроэкономикалық
Тұтастай алғанда, бұл кезең экономика үшін оң өзгерістер кезеңі болды. Инфляцияның қарқынды түрде төмендеуі жалғасты, инфляция қарқыны 1995 жылы 60,3%-дан 1998 жылы 1,9%-ға дейін төмендеді. Тиісінше, өндірістің төмендеу қарқыны айтарлықтай бәсеңдеді. Егер 1996-1999 жылдары өндірістің орташа жылдық өсуі 0,75% байқалса, тұтастай алғанда 1993-1995 жылдары өндіріс жыл сайын орта есеппен 10%-ға төмендеді.
Осы кезеңде қатаң ақша-несие саясатын жүргізу жалғастырылды, ақша-несие саясаты құралдары дамыды және жетілдірілді, атап айтқанда, РЕПО операциялары, «овернайт» несиелері сияқты құралдар енгізілді.
Осы кезеңнің аяғында Оңтүстік-Шығыс Азиядағы қаржылық дағдарыс және мұнайдың әлемдік бағасының құлдырауы жас ұлттық валютаның мықтылық деңгейіне жасалған өзгеше сынақ болды. Әлемдік қаржы нарықтарындағы ауқымды өзгерістердің нәтижесінде Қазақстанның бірқатар сауда әріптес елдерінің ұлттық валюталарының айтарлықтай құнсыздануының қысымына ұшырады, ал инфляция 1999 жылы 17,8%-ға дейін өсті.
Мұның өзі ақша-несие саясаты үшін төтенше ахуал тудырды. Теңгенің бәсекеге қабілеттілігін қалпына келтіру үшін 1999 жылғы сәуірде теңгенің еркін өзгермелі айырбас бағамы режимі енгізілді. Валюта нарығын қолдау жөніндегі шараларды қабылдау (экспорттық түсімнің 50%-ын міндетті сатуды уақытша енгізу, резервтік талаптарды азайту) банк жүйесіне және банкаралық нарыққа тұрақты жұмысын жалғастыруға мүмкіндік берді. Екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың салымдарын және заңды тұлғалардың депозиттерін қорғау және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар клиенттердің банк жүйесінен қашуын болдырмауға және банк жүйесін жұмыс істеу қабілеттілігін сақтауға мүмкіндік берді. Сөйтіп теңгенің бағамы бірнеше күннің ішінде тұрақтандырылды.
2000-2006 жылдар аралығындағы
кезеңде қаржылық тұрақтылық
және экономиканың жаппай
Ал 2007 жылы қаржылық тұрақсыздық кезеңі орын алды. Ағымдағы жүз жылдықтың басында экономиканың қарқындап өсуіне қарамастан, 2006 жылы шетел капиталының жоғары ағынына, ішкі қаржы нарығындағы артық өтімділікке, мемлекеттік бюджет шығыстарының өсуіне негізделген инфляциялық қысымның өсу үрдісі байқалды. 2006 жылы 2001 жылдан бергі уақыт ішінде бірінші рет инфляция 8% деңгейінен асты. Қаржы жүйесіндегі мәселелерді ертерек анықтау үшін Ұлттық Банк 2006 жылдан бастап ҚНРА-мен бірлесіп қаржы тұрақтылығы туралы жыл сайынғы есепті шығара бастады. 2006 жылдың есебінде қаржы жүйесі әлсіздігінің неғұрлым елеулі факторларының ішінде банктердің сыртқы заемдарының өсуі болды [21].
2007 жылғы Қазақстанның
экономикалық дамуын екі
2007 жылғы тамызда АҚШ
ипотекалық заемдар
Алдыңғы кезеңде айтарлықтай көлемде сырттан қарыз алған қазақстандық банктер бірқатар қиындықтарды бастан кешірді. Алайда, негізінен, кәсіби инвесторлардың синдикатталған заемдар тарту мүмкіндігі сақталған жағдайда кәсіби емес инвесторлардың нарықтарына қарыз алу үшін, яғни облигациялар шығару, IPO жүргізу арқылы кіруге мүмкіндік болмады. Алайда, банк секторының өсу қарқынының біршама төмендеуіне, яғни, депозиттердің аз ғана әкетілуі, берілетін несиелер бойынша қойылымдардың көтерілуіне қарамастан, отандық банктер экономиканы несиелеуді тоқтатқан жоқ. Таяу жылдар ішінде әлемдік қаржы және тауар нарықтарының даму болашағының айқын болмауы салдарынан елде экономиканың, әсіресе, құрылыс және қаржы қызметі салаларында бағалардың өсуінің бәсеңдеуі күтілуде. Құрылыс саласының өсу қарқыны несиелердің жетіспеуі салдарынан, ал қаржы секторында – сыртқа заем ресурстарына кірудің шектелуінен тежеледі.
2007 жылы қазақстандық
экономикаға әлемдік азық-
Осылайша, 2007 жылы инфляциялық қысым ұлғайған кезде банк өтімділігінің жетіспеуі байқалды. Осындай жағдайларда Ұлттық Банк банк жүйесінің тұрақтылығын қолдау жөніндегі және баға тұрақтылығын сақтау жөніндегі шаралар белгілеу қажеттігін бастан кешірді. Мәселе мұндай жағдайда – бұл шаралардың бір-біріне қарама-қайшылығында болды. Банк жүйесінің тұрақтылығына қолдау көрсету үшін өтімділікті қолдау, ал инфляциялық қысымды азайту үшін оны төмендету қажет болды. Бұл жағдайларда Ұлттық Банк банк жүйесінің тұрақтылығын сақтау бойынша мақсаттың баға тұрақтылығын қолдау мақсаты алдындағы басымдығын айқындады. Бұл ретте банк дүрбелеңімен ғана емес, төлем жасамау дағдырысымен, салымшылардың азаюымен және қаржы секторы субъектілерінің бір бөлігі банктердің еншілес ұйымдары болып табылатындықтан немесе банк конгломераттарының құрамына кіретіндіктен жүйелік дағдырысқа ұшыраған қаржы нарығының басқа да бөліктерінің тұрақтылығына теріс ықпал етуімен қауіпті екендігі ескерілді. Әсіресе, жинақтаушы зейнетақы қорлары банктердің қаржы құралдарының жинақтаушы зейнетақы қорлары инвестициялық портфеліне айтарлықтай үлесінің қатысуы салдарынан зардап шегулері мүмкін.