Мемлекеттің ақша-несие саясаты

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 27 Января 2014 в 13:40, дипломная работа

Краткое описание

Қазақстанның ұлттық экономикасын дамытудың стратегиялық мақсаттарын орындау әлеуметтік-экономикалық процестерді мемлекеттік реттеуді түбегейлі жақсартуды көздейді. Тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз етіп, соның негізінде халықтың тұрмыс жағдайын көтеру үшін ең алдымен мемлекеттік ақша-несие саласында мемлекеттік басқарудың нысандары мен әдістерін жетілдіру қажет.

Содержание

КІРІСПЕ
1 АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚОЛДАНЫЛУЫ
1.1 Ақша-несие теориясының дамуы
1.2 Ақша-несие теориясы мен саясатының байланыстылығы
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІҢ АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫ
2.1 Мемлекеттің ақша-несие саясатын талдау
2.2 Ұлттық банктің ақша-несие саясатын және екінші деңгейдегі банктің қазіргі жағдайын талдау («Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамы негізінде)
2.3 «Казкоммерцбанк» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасы және құрылымы
3. АҚША-НЕСИЕ САЯСАТЫН ЖЕТІЛДІРУДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІҢ БАСҚАРУ ШАРАЛАРЫ
3.1 Инфляциялық үдерістерді тежеу
3.2 Қазақстандағы ақша-несие саясатының болашақтағы даму сипаты
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Прикрепленные файлы: 1 файл

диплом.doc

— 732.50 Кб (Скачать документ)

-банк балансын дайындау ;

-банктің несиелік  потенциалын анықтау; 

-банктің жұмыс нәтижелері  бойынша жалпы есепберуді әзірлеу; 

-банк қызметін жүзеге  асыру бойынша негізгі бағыттарды  анықтау. 

2. Банк қызметінің  шаруашылық есеп айырысуларын ұйымдастыру бөлімі:

-банктің шығындары  мен кірістерінің жағдайын анықтау; 

-банктің кірістері  мен шығындарын болжау;

-жоспарланғанымен салыстыра  отырып банктің іс жүзіндегі  кірістерімен шығындарын талдау;

-банк жұмысының рентабельділігін  талдау және оны жоғарылату перспективалары.

3. Банк өтімділігін  басқару бөлімі – банктің ағымдағы  және келешектегі өтімділігін   анықтау бойынша сұрақтардың  көлемін шешеді:

-банктің баланс өтімділігініңкөрсеткіштерін  есептеуді жүргізеді; 

-банктің күнделікті өтімділігін бақылайды;

-банктің өтімділігіне  әсер ететін факторлардың жиынтығын  талдайды.

Несиелік басқару – банктің активті операцияларын жүзеге асырудағы орталық жүйе болып табылады.

1. Несиелік операцияларды  жалпы ұйымдастыру бөлімі:

-нақты экономикалық жағдайға байланысты банктің жалпы саясатын және оны жүзеге асыру тәртібін анықтайды;

-несиелеу мен қаржыландырудың  ұзақ және қысқа мерзімді әдістемесін,  клиенттердің несие қабілеттілігін  айқындау әдістемесін жасайды; 

-несиелік тәуекелділіктерді  қайырып,банктің несие операцияларын сақтандыру механизмін анықтайды.

Банк – бұл ақшалай  қаражатты тарту үшін және оларды өз атынан мерзімінде қайтару, төлеу  шартымен орналастыру үшін құрылатын  ұйым.

Банктің негізгі қызметі  – банктік қызметтерді көрсету. Банктік қызмет нарығында 13 жыл ішінде Қазкоммерцбанк өзін халыққа кеңінен қызмет көрсететін тұрақты, сенімді банк ретінде көрсетті.

 «Қазкоммерцбанк» келесі қызмет түрлерін көрсетеді:

- несиелеу;

- депозиттер;

- ақша аударымдары; 

Банктің негізгі қызметі  болып несиелеу есептеледі. Несиелік операцияларды несиелеу бөлімі атқарады. Несиелеу бөлімі несие операциялар түріне байланысты секторларға бөлінеді:

- тұтынушылық несие  бөлімі;

- ЕҚДБ бағдарламасы  бойынша несиелеу бөлімі;

- Депозит бөлімі.

Тұтынушылық несие бөлімі.

Несиелердің барлық түрлері  жылжымайтын мүлік кепілімен  беріледі және мақсаттық пайдалануға  ғана беріледі (несие мақсатсыз пайдаланған  жағдайда несие сомасының 25% айыппұл  төленеді). ЕҚДБ бағдарламасы бойынша  несиелеу секторында несие төлеудің көзі бизнестен түскен табыс болса, бұл бөлімде отбасының табысы қарастырылады, оған кәсіпкерлік қызметтен не жалақыдан түсетін табыс кіреді. Клиенттің төлеу қабілеті келесі әдіспен есептеледі:

Отбасының тұтастай табысы есептеледі;

Отбасының тұтастай табысынан отбасыға кететін шығындар алып тасталынады (минималды тұтыну қоржынынан);

Алынған мәліметтер негізінде  клиенттің төлеу қабілеттігі  және төлей алатын несиенің максималды мөлшері есептелінеді. Егер сұранып  жатқан сомма одан аз болса не максималды несие мөлшеріне тең болса, оның өтініші қарастырылады, ал асып кетсе, клиентке несиенің максималды мөлшерінде несие алу ұсынылады.

     Банктің  негізгі тағайындауы – ақшалай  қаражатты несие берушіден қарыз  алушыға, сатушыдан сатып алушыға  ауыстырудағы делдалдық.

     Қаржылық тәуекелдіктің субъектісі ретінде банктердің екі негізгі белгісі болады. Бұл белгілер оны басқа субъектілерден айрықшалып көрсетеді:

1.Банк қызметіне борыштық  міндеттемелерді екі жақты айырбастау  тән. Банктер өзінің борыштық  міндеттемелерін депозиттерге, жинақ ақша сертификаттарына және т.б. орналастырады, ал осының негізінде жұмылдырылған қаражат қаржы нарығының өзге субъектілері шығарған борыштық міндеттемелер мен құнды қағаздарға бағытталады.

2.Банктер заңды және  жеке тұлғалардың алдында, мысалы, клиенттің қаражатын шотқа және салым ақшаға орналастырғанда, депозит сертификаттарын шығарғанда және т.б. тіркелген борыш сомасы бар сөзсіз міндеттемені қабылдайды. Бұл ресурстарды өз акцияларын шығарудың негізінде жұмылдыратын инвестициялық қорларға тән емес. Борыш сомасы бойынша тіркелген міндеттеме делдалдарға біршама қатер төндіреді, өйткені, ол нарық конъюнктурасына қарамастан толық төленуі керек, ал инвестициялық компания өзінің активтері мен пассивтерінің құнына қатысты өзгерістер тудырған барлық қатерді өз акционерлеріне бөліп береді.

Нақты қолда бар ресурстар  шегінде жұмыс істеу. Коммерциялық банктер өзінің ресурстары мен несие  салымдарының арасын сандық арақатынаспен  қамтамасыз етіп қана қоймай, банк активтерінің сипатын жұмылдырылған ресурстардың өзіндік ерекшелігіне сәйкестендіруге ұмтылуы керек.

1.Банктердің өз қызмет  нәтижесі үшін экономикалық тұрғыдан  жауап беруін ұйғаратын толық  экономикалық дербестік.

2.Банктердің клиентпен  арадағы өзара байлаысы нарықтық  қатынастың негізінде құрылады.

3.Коммерциялық банктің жұмысы тек жанама экономикалық әдістермен реттеледі.

     Коммерциялық  банктердің функцияларына мыналар  жатады.

1.Несиедегі делдалдық  -банктік несиелік  жұмысын ұйымдастырушы  және несиелеу процесіне қажетті құжаттарды дайындау

2.Шаруашылықтарды қорғануға ынтала


Информация о работе Мемлекеттің ақша-несие саясаты