Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 00:02, курсовая работа
Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық құрылымын жоспарлау оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Кіріспе.......................................................................................................................3
І Мемлекет пен бизнестің арақатынасының теориялық негізі...................5
1.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігі: маңызы, шарты, факторы..................5
1.2 Мемлекет пен бизнестің арақатынасының дүниежүзілік тәжірибелері......10
1.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ұйымдық –құқықтық негіздері..25
ІІ Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы........................33
2.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ерекшеліктері..............................33
2.2 Мемлекет пен бизнестің өзара арақатынасының мәселелері.....................37
2.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің негізгі бағыттары.......................59
Қорытынды............................................................................................................79
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................81
Сонымен, ҚР АК 10-бабына сәйкес, мемлекет кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік береді және оны қорғау және қолдауды қамтамасыз етеді. Сонымен бірге кәсіпкерлік қызметтің еркіндігі даусыз емес және қоғамдық мүдделер үшін заңмен шектелуі мүмкін. Атап айтқанда, заң актілері арқылы жеке кәсіпкерлік үшін тыйым салынған тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің тізімдемесі белгіленуі немесе экспорт пен импортқа шектеу қойылуы мүмкін. Алайда Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 3-бабы, 1-тармағында көрсетілгендей, жеке кәсіпкерлік тек ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған негіздемелер бойынша ғана шектелуі мүмкін.
Бәрінен бұрын, кәсіпкерлік қатынастар Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 2-бабында бекітілген ұстанымдар негізінде реттеледі, атап айтқанда:
3) келісім-шарт еркіндігі ұстанымы (тараптар келісімдердің мазмүнын өз қалауы бойынша айтарлықтай дәрежеде айқындап алуға құқылы, бірақ шарт еркіндігі даусыз болып табылмайды, сол себепті келісім-шарт мазмұнын анықтағанда, нормативтік актілердің талаптары және келісім-шарт тараптары қалауының арасалмағы оңтайлы болуға тиіс дегенді білдіреді);
4) әлдекімдердің беталды жеке істерге араласуына жол бермеу ұстанымы (кәсіпкерлік қызмет субъектілері заңмен белгіленген талаптарды бұзбаса, мемлекеттік органдар, олардың лауазымды тұлғалары және кез келген басқа адамдар олардың істеріне араласуға құқылы емес дегенді білдіреді);
5) азаматтық құқықтарды кедергісіз іске асыру ұстанымы (кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің өз құқыларын толық көлемде және қандай да бір шектеулерсіз, бастысы, басқа адамдардың мүдделері мен құқықтарына тиіспей іске асыруы дегенді білдіреді);
6) бұзылған азаматтық құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ету ұстанымы (оның мәні кәсіпкерлік қызмет субъектілеріне белгіленіп берілген құқықтар бұзылған жағдайда, оларды қалпына келтіруге кепілдік беріледі дегенді білдіреді);
7) азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау ұстанымы (кәсіпкерлік қызмет субъектілері өздерінің құқыларын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғай алады дегенді білдіреді) [4, 58б.].
Сонымен бірге кәсіпкерлік құқық ұстанымдарының қатарына өзінің тікелей мәнін құқықтық нормаларда таба алмаған, бірақ азаматтық заңның бар жүйесін кемсітетін төмендегідей азаматтық-құқықтық ұстанымдарды да жатқызуға болады: 1) тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді еркін ауыстыру ұстанымы (ішкі шекара дегенді білмейтін, тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің, қаржы қаражаттарының, шығармашылық қызмет нәтижелерінің және т.б. алмасуы еркіндігін бір мемлекет аумағында да, әртүрлі мемлекеттер арасында да шектемейтін біртұтас нарық, біртұтас экономикалық кеңістік ережелеріне негізделген); 2) кәсіпкерлік қатынастар қатысушылары ретіндегі тұтынушылар кұқықтарын қорғау ұстанымы (тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды білдіреді); 3) кредит берушінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау ұстанымы (кредит берушіні қорғау борышкерге өзіне қабылдаған міндеттерді орындамағаны немесе тиісті дәрежеде орындамағаны үшін барлық қолайсыз зардаптарды жүктеуден, сонымен қатар кредит берушіні міндеттерді кездейсоқ орындамау қаупінен және борышкердің кінәсін дәлелдеу қиындығынан босатудан көрінеді); 4) азаматтың құқықтардың қорғалуы ұстанымы (азаматтық құқықтардың қорғалуының дара сипатында, жеңіліс тапқан жақ үшін қорғау органын және азаматтық құқықтарды қорғау тәсілін таңдау еркіндігінде, сонымен қатар жеңілген жақтың бұзылған құқын қорғауға арыздануға немесе арызданбауға өз бетінше шешім қабылдауында көрініс тапқан). Ақыр соңында, кәсіпкерлік қатынастарды реттеу үшін, заңдылық ұстанымының маңызы зор.
Сонымен қатар кәсіпкерлік құқықта тек оның өзіне ғана тән ұстанымдар (салалық ұстанымдар) бар. Әдетте, құқық ұстанымдары деп құқықта іске асқан негізгі идеялар мен ең бір елеулі сәттер танылады. Алайда құқықтың салыстырмалы жас саласы ретіндегі кәсіпкерлік құқық ұстанымдары әлі тиісті заңдық тәртіпті ала қойған жоқ және оларды кәсіпкерлік заң нормаларын талдау жолымен мүшелеп шығуға болады. 2006 ж. қаңтардың 31-індегі «Жеке кәсіпкерлік туралы» ҚР Заңының 4-бабы, 2-тармағына сәйкес, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымдары болып төмендегілер саналады: 1) жеке кәсіпкерлік еркіндігіне кепілдік және оны қорғау мен қолдауды қамтамасыз ету; 2) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға жеке кәсіпкерліктің барлық субъектілерінің тең дәрежелілігі; 3) жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік субьектілерінің меншігіне) қол сұқпауын және қорғауга кепілдік; 4) Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің дамуының басымдылығы; 5) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің жеке кәсіпкерлік мүдделеріне қатысты нормативтік-құқықтық актілер жобаларын сараптауға қатысуы. Осы берілген тізімдемеден кәсіпкерлік құқық ұстанымдары ретінде тек жеке кәсіпкерлік еркіндігі және оның қорғауды қамтамасыз ету ұстанымын және шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымын атауға болады (өйткені субъектілер теңдігі және меншікке қол сұқпау ұстанымдары - бұл жоғарыда айтылғандай, азаматтық құқық ұстанымдары). Сонымен қатар кәсіпкерлік құқықтың тағы екі ұстанымын атап айтуға болады: ол кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымы және бәсекелестік еркіндігі және монополиялық қызметті шектеу ұстанымы.
Жеке кәсіпкерлікті
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу ұстанымы мемлекеттің кәсіпкерлік қызмет субъектілерінің мінез-құлықтарына экономикалық және әкімшілік (директивалық) ықпал ету шараларын қолдануынан көрінеді.
Қазіргі таңда мемлекеттік
реттеу, әдеттегідей, кәсіпкерлік қызмет
субъектілерінің өндіріс
Мемлекеттің тікелей (директивалық) ықпал етуі көпшіпік (қоғамдық) мүдделерді қорғау үшін атқарылады.
Бәсекелестік еркіндігі және монополиялық қызметті шектеу ұстанымы нарықтық экономика дамуының басты және бөлінбес шарты болып табылады. Аталған ұстаным кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілетті қатысушыларын ынталандыруға бағытталған, себебі бәсекелестік күреске төтеп беруге қабілетсіз және банкрот ретінде таратуға жататын нарық субъектілерін жояды. Оған қоса, заң шығарушы бәсекелестіктің негізгі ұстанымдары ретінде төмендегілерді атайды: жарысқа түсушілік; адалдық; заңдылық; тұтынушылар құқының сақталуы (2008 ж. желтоқсанның 25-індегі № 112-ІV ҚРЗ «Бәсекелестік туралы» ҚР Заңының 4-бабы).
Қолданылып жүрген заңдар
Қазақстан Республикасында
Сонымен қатар заңдарда олқылықтар болған жағдайда, ҚР азаматтық заңында азаматтық заңның тек жалпы негіздері мен мағынасы ғана емес, адалдық пен әділдікті талап етуді қолдану мүмкіндігі де белгіленеді.
Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ұстанымы мынадан көрінеді: заң шығарушы жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау саласында мемлекеттік саясат дамуының басым бағыты ретінде шағын бизнеске қолдау көрсетуді арнайы бөліп қарайды. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау төмендегі бағыттар бойынша жүзеге асырылады: шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық, статистикалық, материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды, сонымен қатар ғылыми-техникалық зерттеулер мен технологияларды, шағын кәсіпкерлікті дамытудың мемлекеттік, салалық (секторлық) және аймақтық бағдарламаларын пайдалануы үшін жағдайлар туғызу; шағын кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік тіркеу және таратудың оңайлатылған тәртібін белгілеу; салық салудың оңтайлы режимін тағайындау; шағын кәсіпкерлікке кредит беру бағдарламаларын қабылдау; шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін инвестициялар (оның ішінде шетелдік те) тарту және пайдалану жүйесін құру; мемлекеттік қажеттіліктер үшін тауарларды (жұмыстарды, кызметтерді) сатып алудың кепілді көлемін қамтамасыз ету; мамандар даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеруді ұйымдастыруды шағын кәсіпкерлікті қолдау және дамытудың жаңа оқу және зерттеу орталықтарын, консалтинг ұйымдарын және жүйелерін кұру және бұрыннан барларын өркендету жолымен іске асыру; ұлттық даму институттарын құру (Жеке кәсіпкерлік туралы Заңның 18-бабының 3-тармағы).
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобалары, көпшіліктің колы жететін телекоммуникациялық желілердегі WЕВ-сайттарды қоса алғанда, олар тиісті органда немесе сараптау кеңесінің отырысында қаралғанға дейін міндетті түрде бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануға (таратылуға) тиіс екендігі заңдарда тікелей көзделген («Жеке кәсіпкерлік туралы» Заңның 5-бабының 8-тармағы) [32, 36б.].
Құқықтың жан-жақты саласы
ретіндегі кәсіпкерлік (шаруашылық)
құқық жүйесін кәсіпкерлік
Қазақстанның кәсіпкерлік қызмет туралы заңдарының қалыптасуы XX ғасырдың 80 жылдарындағы кеңес заманында-ақ, кооперациялық қозғалыстың және сыртқы экономикалық қызметтің пайда болуына жеткізген «қайта құру» деп аталатын кезеңде басталған. КСРО-ның 1986ж. қарашаның 19-ында қабылданған «Жеке еңбек қызметі туралы» Заңы және 1988 ж. мамырдың 26-сында қабылданған «КСРО-дағы кооперация туралы» Заңы шаруашылық қызметтің субъектілері ретіндегі азаматтар мен заңды тұлғалардың жеке еңбек қызметін іске асырудың құқықтық негіздерін айқындап берді. КСРО Министрлер Кеңесінің 1988ж. желтоқсанның 2-індегі № 1405-ші «Мемлекеттік, кооперациялық және басқадай қоғамдық кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың сыртқы экономикалық қызметін ары қарай дамыту туралы» Қаулысы ең маңызды міндет ретінде кәсіпорындардың, бірлестіктердің, өндірістік кооперативтердің және басқадай ұйымдардың валюталық өзін-өзі ақтау, социалистік іскерлікті дамыту ұстанымдарында сыртқы экономикалық қызметтің әртүрлі формаларына белсенді қатынасуы үшін қажетті шарттар қүру міндетін белгіледі. КСРО Министрлер Кеңесінің 1989ж. наурыздың 7-індегі № 203-ші «Сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу туралы» Қаулысы арқылы сыртқы экономикалық байланыстардың қатысушыларын тіркеуді; КСРО-ның мемлекеттік шекаралары арқылы өтетін тауарлар мен басқадай мүліктерді мағлұмдауды; жалпымемлекеттік маңызы бар жекелеген тауарлардың экспорты мен импорты тәртібін; сыртқы экономикалық байланыстарды тікелей реттеу шараларын қамтыған сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу жүйесі белгіленді.
Халықаралық-құқықтық салада
сонымен қатар түбегейлі
1989-1990 жж. ішінде ірі қаржы
салымдары (оларға қатысты
Маңызы аз емес фактілердің бірі мынау: халықаралық қаржы жүйесінің тірегі - қайта құру мен дамудың Еуропа банкі (ҚКДЕБ) 1990 ж. бұрынғы КСРО мемлекеттерінде, Орталық Және Шығыс Еуропа елдерінде кәсіпорындарды жекешелендіруге және мемлекет иелігінен шығаруға, оларды қайта құру және жаңартуға көмек ете отырып, нарықтық экономикаға көшуге мүмкіндік туғызу мақсатында құрылды. Басқа да халықаралық қаржы институттары сияқты (мысалы, ҚҚХБ, ХВҚ, ҚКДЕБ де) мақсатты инвестициялары бар даму бағдарламаларын әзірлеу барысында кеңес беру (консультациялық) қызметін көрсетеді.
ІІ Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы
2.1 Мемлекет пен
бизнестің серіктестігінің
Әлемдік эканомикада мемлекет
пен бизнес серіктестікті ұйымдастырып,
жүзеге асырудың әртүрлі механизмдері
бар. Ол механизмдер көптеген факторларға
байланысты болып келеді. Бұл факторларға
эканомиканы мемлекеттік
Осы факторларға байланысты мемлекет пен бизнес серіктестікті қолдаудың жүйесі қалыптасады. Қазақстандағы қазіргі кездегі мемлекет пен бизнес серіктестіктің өркендей түсуіне байланысты оның даму сферасы ұлғайып келеді. Бұл бөлімде Қазақстандағы мемлекет пен бизнес серіктестікті қолдау жүйесіне және құрылымына сипаттама беріледі.
Информация о работе Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы