Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 00:02, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық құрылымын жоспарлау оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Мемлекет пен бизнестің арақатынасының теориялық негізі...................5
1.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігі: маңызы, шарты, факторы..................5
1.2 Мемлекет пен бизнестің арақатынасының дүниежүзілік тәжірибелері......10
1.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ұйымдық –құқықтық негіздері..25
ІІ Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы........................33
2.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ерекшеліктері..............................33
2.2 Мемлекет пен бизнестің өзара арақатынасының мәселелері.....................37
2.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің негізгі бағыттары.......................59
Қорытынды............................................................................................................79
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекет пен бизнестің арақатынасының диплом заказ 2012 .docx

— 206.77 Кб (Скачать документ)

несие кооперативтерінің (өзара  несиелеу қоғамдарын), өзара сақтандыру жүйесін дамытуды;

қорлар мен кәсіпкерлер  бірлестіктерінің инвестицияларды  қаржыландыру көздерін іздеу, бизнес-жоспарлар  әзірлеу, инвесторлар келіссөздерін  ұйымдасдыру, даулы мәселелерді  шешу саласындағы қызметін жандандыруды көздейді [22].                                                                      

Қазақстан Республикасында  «Казкоммерцбанк» ААҚ-мы кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлғаларға несие  беру бағдарламасын жүргізеді. Сондай-ақ, тауар айналымын өсіру, айналым  капиталын толықтыру, көрсетілген  қызметтер көлемі немесе өндіріс  көлемін ұлғайту, машина сатып алу, құрылғылар, шикізаттар мен материалдар, құрылыс және қозғалмайтын мүлікті  жөндеуден өткізу сияқты кәсіпкерлік  қызметтер субъектілерін несиелендіреді. Несиелендіру қозғалатын және қозғалмайтын мүлікті кепілге алу барысында  жүргізіледі. Несие мөлшері 500 АҚШ  долларынан 30000 АҚШ долларына дейін 12 айға, ал пайыздық ставка мөлшерінде айына 2 - 2.6 % мөлшерінде беріледі. 

Халықтық Жинақ Банкі  орта және  бизнес субъектілерін  несиелендіру бағдарламасын, сондай-ақ орта және шағын агробизнесті қаржыландыру бағдарламаларын жүргізеді. Бұл  бағдарлама несиелік қызметтер комплексін ұлғайту, шағын кәсіпкерлік субъектілерін, олардың қызметтік инфрақұрылымдық, транспорттық, өндірістік сферасындағы орнын ұлғайту мәселелерін орындайды. Несиелендіру заңды және жеке тұлғаларға жүргізіледі. Кепіл ретінде ғимараттар, құрылғылар, пәтерлер, тұрғын үйлері, автокөлік түрлері, тұтыну тауарлары, шаруашылық субъектілерінің бағалы қағаздары қойылады. Несиелендіру мерзімі 6-15 айға дейін беріледі.  
Сонымен қатар, Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі (ЕБРР) ірі масштабты жобаларды тікелей қаржыландырады, орта және шағын кәсіпкерлікпен айналысатын кәсіпорындарды қаржыландырады. Қаржыландыру негізінен несие түрінде жүргізіледі. Қазіргі кезде Еуропа Қайта Құру және Даму банкі Қазақстан Республикасындағы кіші бизнесті қолдауға атсалысып,  бизнесті несиелендіру бағдарламасын жүргізеді. Бағдарламаның негізгі мақсаты шағын кәсіпорындарға қысқа және орта мерзімдік несиемен қамтамаыз ету. Несие жолағының көлемі 775 миллион АҚШ долларына шақ келеді. Сондай-ақ, бағдарламаның негізгі тапсырмаларының бірі болып, шағын кәсіпорындар мен кәсіпкерлерге өз бизнестерін дамыту үшін тұрақты қаржыландыру көздерін ашу табылады. Бағдарлама айналым капиталын толықтыруға, шикізат сатып алуға, қосымша құрылғыларды сатып алуға шағын инвестициялар тарту, автотранспорт, өндірістік ғимараттар, ғимараттарды жөндеуден өткізу, қаржыландыру сияқты несиелендіру түрлерін жүргізеді. Бұл бағдарлама несиенің үш түрін жүргізеді: 

1. micro (10000 АҚШ долларына  дейін) 12 айға дейін теңгеде және  шетел валютасында жүргізіледі; 

2. Largt-micro (10000-нан 30000 АҚШ  долларына дейін) 12 айға теңге  бірлігінде, шетел және теңге  бірлігінде 18 айға дейін жүргізіледі; 

3. small (30000-нан 125000 АҚШ долларына  дейін) теңге бірлігінде 12 айға, шетел  және теңге бірлігінде 30 айға  дейін жүргізіледі.

Осы бағдарлама бойынша, сондай-ақ, «Тұран Әлем Банкі» АҚ, «Центркредит банкі», «Казкоммерцбанкі», «Қазақстанның  Халық банкі», қазіргі таңда,  бизнесті жүргізуде несиенің орны маңызды  болып табылады [23].

Бір мақсатқа бағыттау барлық бұрынғы, соның ішінде жаңа шағын  кәсіпорындарды басқару да жүргізіледі: тіркеулер, бекіту мен өсу деңгейі.

Бұл үшін экономикалық рычагтардың  жаңа түрлі жүйелері қолданылады: несиелер және займ жеңілдіктері (жалпы және бағытталған), әр түрлі салық жеңілдіктері, техникалық және консультативтік несие, ақпараттық-компьютерлік қызмет, кадрлар  дайындау және басқалар. Олардың барлығы  жалпы ұлттық заңнамалар және мемлекет желілері арқылы жүргізіледі. Жергілікті және орталық билік органдары  кішігірім бизнес компанияларына субсидия, займ, несиелік кепілдер, салық жеңілдіктері және кадрларды оқыту көмектерін көрсету жұмыстарын жүйелейді. Субсидиялар (қайтарымсыз каржылық көмек) ғылыми - техникалық бағдарламалар негізінде  ұсынылады, соның ішінде: 

- өндірістің техникалық  деңгейінің көтерілуі (жергілікті  және орталық билік органдарына  жүктеледі); 

- өнеркәсіптегі өндірістік  технологияларды жаңарту (орталық  үкіметке жүктеледі); 

- мемлекеттік зерттеу  институттарымен бірігіп жаңа  ғылыми техника және технологияны  жетілдіру (жергілікті билік органдарымен  қаржыланады). 

Жеңілдіктер пайызындағы  займдар келесі жобаларды ұсынады: 

- жаңа өнім түрлерін  және жаңа технологияларды өңдеу  (жергілікті билік органдары); 

- жаңа өндіріс түрлерін  өңдеу (орталық үкімет); 

- аймақтар экономикасын  дамытуда шағын кәсіпорындар  құру (орталық үкімет); 

- кішігірім бизнес кәсіпорындар  арасында өндірістік және техникалық  корпорация құру (орталық үкімет). 

 бизнесті қаржылық  қолдау жүйесінің негізгі элементі  болып займдар мен несиелер, өнімнің  жаңа түрлерін шығаруға арналған  техникалық жаңартулар табылады [24].

Сонымен, қазіргі кездегі  бизнесті жүргізу еліміздің экономикасына  үлкен әсерін тигізетін көптен - көп факторлардың бірі болып есептеледі. Қазіргі таңда елімізде  бизнесті жүргізу саласында көптеген бағдарламалар, сондай-ақ мемлекет тарапынан әртүрлі  іс - шаралар атқарылып жатқанын айта кеткен жөн." Бизнес тің жол  картасы -2020" бағдарламасының, шағын  және орта кәсіпкерлік мемлекеттік  қолдауда үш бағытқа бөліп қарастырылатынын ескерсек, яғни, ол жаңа бизнес бастаманы  қолдау, кәсіпкерлік секторды оңалту және экспортқа бағытталған өнеркәсіп  орындарына қолдау көрсету. Осы "Бизнестің  жол картасы - 2020" бағдарламасының  бағыттарына сәйкес, биылдың өзінде 22 қазаннан бері отандық банктерде 300 млрд теңгені құрайтын субсидиялау  бойынша 514 арыз қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, Азиялық даму банкінен 500 млн АҚШ  доллар қаржы тартылған. Бұл заемды ұсыну кезеңі - 2010 жылдың соңы, ал оның пайдалану мақсаты - шағын және орта кәсіпкерліктің жаңа жобаларын несиелендіру.Осы  жерде мемлекет пен бизнес серіктестіктің дамуы үшін кедендік одақтың маңызын  айта кеткен жөн. Кедендік одақ қазақстандық кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер беріп қана қоймай, сонымен қатар  оның бәсекеге қабілеттілігін тексеретін өзіндік бір сынақ болып та табылады. Мемлекеттің шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға бөлген арзан қаржы ресурстары отандық  өнімнің өзіндік құнын біршама  арзандатуы мүмкін, демек бүл реттегі  шара қазақстандық тауарлардың Кедендік Одақ кеңістігіндегі позициясын нығайтуға  жұмыс істеп жатыр деп айтуға болады [25].

Осыған байланысты еліміздегі шағын кәсіпкерлікпен айналысатын  тұлғалар саны да өсіп келеді деп айтуға болады. Шағын кәсіпкерлік - бұл кәсіпкер тұлғаның өз бағытын әске асырудағы  жетістіктерге жету шараларының орындалуы болып табылады. Сондай-ақ,  бизнесті қаржыландырудың негізгі көзі - бұл екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікпен айналысатын тұлғаларды несиелендіруі, кәсіпорындардың әр түрлі мерзімдегі инвестицияларды тартуы болып табылады. Осындай қаржыландыру көздерін тарта отырып, кәсіпкерлік бағытты іске асырудағы ірі жетістіктерге жету көзделіп отыр

Жалпы қаржы-несиелік қолдау әлемдік тәжірибеде мемлекеттік  қолдаудың бірден-бір маңызды  механизмі болып табылады.

Енді шағын және орта кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдаудың құқықтық аспектілерін қарастыратын болсақ.

Көп жағдайда әкімшілік құқық  бұзушылық деп танылатын кәсіпкерлер  қызметіндегі тәртіп бұзушылықтардың  басым көпшілігін бақылау қадағалау  жөнінен көптеген негізгі функциялар берілген мемлекеттік органдардың  тексеру жүргізулері арқылы анықталып  жатады.

Осы орайда: - тексеру, бақылау  және қадағалау мәселелерін реттейтін  құқықтық нормалар, түрлі нормативтік  құқықтық нормалар, түрлі ормативтік құқықтық келісімдерде қарастырылған  және осы мәселе бойынша бірегей  заң актісін қабылдау; -заң актілерінде (Кеден, салық, әкімшілік кодекстері)  кейбір мемлекеттік органдардың  мәртебесін айқындайтын заңдар және тағы басқа  шағын және орта кәсіпкерлік  субьектілерін тексеруге ерекше қатынастар көзделмеген, сондықтан  мемлекеттік органдар қызметінің көлеміне  қарамастан, кәсіпкерлерге бірдей көзқараспен  қарау; -тексеру, бақылау және қадағалау  мәселелері бойынша рәсімдерді нақты  бірыңғай суреттеу әдістерін белгілеуді ұйымдастыру. Түрлі мемлекеттік  органдар тексерулердің түрлі жіктемесін қолданады; -кәсіпкерлікті қолдаудағы мемлекеттік органдардың тиімділігін  бағалаудың қолданыстағы тәжірибесі анықталған тәртіп бұзушылықтар саны мен салынатын  айыппұлдарды нақты анықтау. -кәсіпкерлік  субьектісі қызметінде төтенше жағдай және тағы басқа туындаған ретте  осы обьектіде тексеру. Қазақстан  Республикасының              « Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы» кодексінің кейбір ережелері  шағын кәсіпкерліктің дұрыс дамуына  кедергі жасайды. Дәлірек айтқанда, әкімшілік айыппұлдардың жоғары мөлшерде салық салу тұрғысындағы әкімшілік  құқық бұзушылықтар үшін салынған айыппұлдарды санамағанда шағын кәсіпкерлік  субьектілерімен қатар ірі кәсіпкерлік  үшін де бірдей етіп белгіленген. Одан қалса айыппұлдардың жоғары қойылымдары  шағын кәсіпкерлік субьектілеріне заңға сәйкес айыппұл төлеуді  немесе одан азырақ пара беріп құтылып  кетуді таңдауға итермелейді. Лицензиялауға, аккредитациялауға, стандарттауға  сертификаттауға жататын жұмыстар, тауарлар мен қызметтер түрлерінің кең тізбесінің болуы іскерлік белсенділіктің, кәсіпкерліктің бастамасының өсуіне кедергі  келтіреді. Осылайша негізгі әкімшілік  тосқауылдар ауыртпалығы болып  табылады. -кәсіпкерлікті мемлекеттік  қолдауда қолданылмайтын заңға бағынышты  келісімдердің саны едәуір; -мемлекеттік  органдар уәкілеттік еткен және мемлекеттік  функциялар берілген көптеген мемлекеттік  кәсіпорындар мен акционерлік қоғамдар жұмыс істеуде; -керексіз статистикалық және салық есебін жүргізу; -кейбір мемлекеттік органдардың бақылау, қадағалау, рұқсат беру және келісу функциялары мен өкіметтерін қысқартуға дайын еместігі. -көптеген елдерде шағын және орта кәсіпкерлік субьектілеріне олардың қызметін қолдау үшін « жалғыз терезе» қағидаты бойынша тіркеу және қайта тіркеу жағдайлары жасалған. Франциядағы сияқты қазақстанда да тіркеу процесі жиырма төрт сағатты құрайды, қалған заңды тұлғалар он күннің ішінде « бір терезе» қағидаты бойынша тіркеледі, бұл жүйені бизнес қауымдастық та қолдауда [26].

Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару  туралы жаңа заң еліміздің құқықтық, саяси және экономикалық жүйесінің  дамуының жаңа кезеңін ескере отырып, жаңа өкілеттіктер белгіледі. Оларды біліктілікпен  жүзеге асыру, әсіресе кәсіпкерлік  сияқты аса маңызды және үнемі  дамып отыратын салада, басқарушылық және құқықтық сауаттылыққа, олардың  жаңашылдық қабілетіне және ең бастысы - бастамашылдығына байланысты болып  табылады.

Кәсіпкерлік келесі кепілдіктерді  алды: 

- кәсіпкерлердің шаруашылық  іс-әрекеттеріне мемлекттік органдардың  міндеткер уәкілдерінің негізделмеген  араласуына жол берілмейді; 

-  егер Қазақстан Республикасының заңымен қарастырылған жағдайда, кәсіпкерлердің шаруашылық қаржылық іс-әрекеттері мемлекеттік органдармен бір жылда бір рет қана тексеріледі; 

- өндірумен айналысатын кәсіпкерлерге көптеген жеңілдіктер қарастырылған (ол жерді жалға алғаны үшін 3 жыл мерзімінде сомманы өтеу, мемлекеттік тіркеу кезінен бастап, қозғалмайтын мүлікті тіркеу салығынан босатылады)[27]. 
  Осы  заң Қазақстандық өнеркәсіптерге тиімді шарттар жасап қана қоймай, сонымен қатар, XXI ғасыр технологиясының өсуін тездетеді. Шағын кәсіпкерліктің көзқарастарына әсер ететін кейбір негізгі сұрақтардың жауабы салық салымының жеңілдіктер тәртібін, кедендік баждарды өтеуден тұратын шағын кәсіпкерлік субьектілерін құқықтық тәртіпке еңгізумен аяқталды.  
Әрине, бір заңды актіден әлі дамып жетілмеген мәселелердің шешімін талап етуге болмайды. Бірақ, берілген заң  бизнес ұйымдастырушыларындағы өзінше қасиетін оятады. 

Шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдаудағы заң ҚР Жеке кәсіпкерлік туралы заңы. Аталмыш заң бойынша мемлекеттік органдардың құзыретіне тоқталатын болсақ,

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретi:

Қазақстан Республикасының  Үкіметі:

1) жеке кәсіпкерлікті  қолдау мен дамыту саласындағы  мемлекеттік саясаттың негізгі  бағыттарын әзірлейді;

2) жеке кәсіпкерлікті  қолдаудың мемлекеттік жүйесін  қалыптастырады;

3) Үкімет жанынан жеке  кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі  консультативтік-кеңесші органдар  құрады және таратады;

4) орталық мемлекеттік  және жергілікті атқарушы органдар  әзірлейтін, жеке кәсіпкерліктің  мүдделерін қозғайтын нормативтік  құқықтық актілердің жобаларын  сарапшылық кеңестердің қарауын  ұйымдастырады;

5) мемлекеттік мұқтаждар  үшін шағын кәсіпкерлік субъектілерінен  сатып алынатын тауарлардың (жұмыстардың,  көрсетілетін қызметтердің) номенклатурасын  және олардың көлемін (проценттік  көріністегі) бекітеді;

6) шағын кәсіпкерліктің  дамуын ынталандырады, мемлекет  тарапынан шағын кәсіпкерлік  субъектілеріне қаржылық қолдау  көрсету үшін арнайы қор құрады;

7) өнеркәсіп өндірісін  ұйымдастыру және халыққа қызметтер  көрсету саласын дамыту үшін  жалға немесе сенімгерлік басқаруға  берілген объектілерді шағын  кәсіпкерлік субъектілерінің меншігіне  өтеусіз беру тәртібін айқындайды;

8) бәсекеге қабілетті  салаларды құру мен жетілдіруді,  жеке кәсіпкерлік субъектілерін  дамытуды және олар шығаратын  өнімнің сапасын арттыруды ынталандыратын  мемлекеттік саясатты айқындайды  және іске асырады;

9) бәсекелестіктің дамуына  және инновацияларға, материалдық  активтерге, сондай-ақ ұзақ мерзімді  инвестицияларға инвестициялар  салуды ынталандыруға септігін  тигізетін нормативтік құқықтық  актілер әзірлейді;

10) экономиканың жекелеген  секторларында кластерлер құруды  ынталандырады;

11) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің  дамуы үшін кедергілерді жою  мақсатында экономика салаларының  жұмыс істеуіне талдау жүргізеді;

12) Қазақстан Республикасының  экономикасына инвестицияларды  ұлғайту және инновациялар ендіруді  жеделдету мақсатында ұлттық  даму институттарын құрады;

13) жекелеген салаларда  жеке кәсіпкерлік субъектілері  арасындағы бәсекелестікті дамыту  үшін жағдайлар жасай отырып, осы салаларды тарифтік және  тарифтік емес әдістермен уақытша  қорғауды жүзеге асырады;

14) ұлттық экспорттаушыларға  қатысты басқа елдер орнатқан  кедергілерді жоюға шаралар қабылдайды;

15) жеке кәсіпкерлік субъектілерін  келісімді бірлескен экспорттық  саясатты жүргізуге ынталандырады;

16) жеке кәсіпкерлік субъектілеріне  ішкі және сыртқы нарықтардың  жай-күйі туралы экономикалық  ақпарат беруді ұйымдастырады;

17) сапа менеджментінің  жүйесін ендіруді ынталандыру  жолымен ұлттық өнімнің бәсекеге  қабілеттілігін арттыруға жағдайлар  жасайды;

18) ұлттық экспорттаушылардың  басқа елдердің аумағындағы мүдделерін  қолдау жолымен сыртқы сұранысқа  жағдай жасайды;

19) жеке кәсіпкерлік субъектілердің  персоналын көтермелейді, жеке кәсіпкерлік  субъектілерінің және жұмыс берушілердің  бірлестіктерімен өзара әрекет  етеді;

20) бәсекеге қабілетті  салалар құру мақсатында жекелеген  салаларды қолдау бағдарламаларын  бекітеді;

Информация о работе Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы