Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 00:02, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық құрылымын жоспарлау оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Мемлекет пен бизнестің арақатынасының теориялық негізі...................5
1.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігі: маңызы, шарты, факторы..................5
1.2 Мемлекет пен бизнестің арақатынасының дүниежүзілік тәжірибелері......10
1.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ұйымдық –құқықтық негіздері..25
ІІ Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы........................33
2.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ерекшеліктері..............................33
2.2 Мемлекет пен бизнестің өзара арақатынасының мәселелері.....................37
2.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің негізгі бағыттары.......................59
Қорытынды............................................................................................................79
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекет пен бизнестің арақатынасының диплом заказ 2012 .docx

— 206.77 Кб (Скачать документ)

Рұқсат беру жүйесіне жүргізілген  талдау елде 1015 әртүрлі рұқсаттар, оның ішінде 334 күшін жою ұсынылды. Осы  жұмысқа бизнес қауымдастықтың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері және кәсіпкерлер  белсенді атсалысты.

Осы ұсыныстарды іске асыру  мақсатында Министрлік Үкіметтің қарауына заң жобасын ұсынды. Заң жобасы 6 кодекске және 41 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейді. Атап айтқанда, лицензияның 21 түрі, 41 кіші және 39 ішкі кіші түрлері (лицензияның 108 түрінен, 178 кіші түрінен және 258 кіші түрлерінен) қысқартылады. Сонымен  бірге бірқатар сертификаттау, аккредиттеу, аттестаттау, рұқсат беру мен келісу және т.б. бойынша рұқсат берудің  кейбір түрлері де қысқартылуға ұшырайды.

Енді рұқсат беру құжаттарының және үрдістердің тізімі «Жеке кәсіпкерлік  туралы» заңда көрініс табатынын  атап өткен жөн.

Заң жобасы рұқсат беру жүйесін  одан әрі оңтайландыруды көздейді. Лицензия алу кезінде меморгандармен барлық келісімдері «Бір терезе»  қағидаты бойынша іске асады. «Үнсіздік - келісімнің белгісі» қағидаты енгізіледі. Кәсіпкер заңмен белгіленген уақытта  меморганнан лицензия алмаса немесе қабыл алмау туралы негізделген  жауап алмаса, өз жұмысын бастай береді. Уақыт үнемдеу үшін лицензиялар  екі күн ішінде құжаттарды қарап  шығу және жетіспеген құжаттар болса, өтініш берушіні хабарландыру міндеті  қарастырылған. Өтініш берушінің құжаттарын нотариалды растау міндеті алып тасталды [30].

Елімізде мемлекет басшысының  қолдауымен  кіші және орта бизнесті  өркендетуде  көптеген  кедергілер  жойылып,   кәспкерлікті  дамытуға  қажетті  экономикалық  және құқықтық  базаны  қалыптастыруға  20  жылдан  аса  уақыт  өткеніне  қарамастан  әлі  де  бұл  салада  шұғыл  түрде  шешімді  қажет  ететін  күрделі  мәселелер  аз  емес.  Атап  айтатын  болсақ  оларға:

Шағын және орта кәсіпкерлікті  қолдау инфрақұрылымының   жеткіліксіз  дамуы; қолданып жүрген заңдарды жергілікті деңгейде орындау тәжірибесінің  әлсіздігі; салық салу және салықтық тексеру жүйелерінің тым күрделілігі.

 

2.3 Мемлекет пен  бизнестің серіктестігінің  негізгі  бағыттары

 

Мемлекет пен бизнестің  өзара іс-қимылын дамыту шеңберінде мыналар қамтамасыз етілетін болады:

  • орталық және жергілікті атқарушы органдарда, Қазақстан Республикасының Парламентінде және халықаралық ұйымдарда бизнес бірлестіктері мүшелерінің мүдделерін білдіру және қорғау;
  • экономикадағы төрешілдікті жою, артық әкімшілік кедергілерді алып тастау, мемлекеттік органдардың  лицензия-рұқсат беру және бақылау-қадағалау функцияларын оңтайландыру жөніндегі кәсіпкерлік саласындағы нормативтік құқықтық базаны дамыту үшін кәсіпкерлер бірлестіктерінің сараптау-консультативтік функцияларын орындау;
  • мемлекеттік сатып алу жүйесін жетілдіруге қатысу.
  • бизнесті «көгалдандыру».
  • Бизнес-ортаны шоғырландыру үшін мыналар ынталандырылатын болады:
  • кәсіпкерлер бірлестіктерінің мүшелік базасын өсіру;
  • ірі корпорациялардың шағын бизнес кәсіпорындарын бизнес-бірлестіктердің институционалдық тетіктері арқылы қолдауы; 
  • кәсіпкерлердің салалық, өңірлік қауымдастықтары мен олардың бірлестіктері арасындағы қызметті үйлестіру.

Үкімет, кәсіподақ және жұмыс  берушілер арасындағы үш жақты ынтымақтастық  шеңберінде әлеуметтік әріптестікті дамыту жалғасады.

Экономикалық агенттер арасында шаруашылық дауаларды шешу кезінде  трансакциялық шығындарды төмендету  үшін мыналар қолдау табатын болады:

  • аралық және төрелік соттардың, оның ішінде, Сауда-өнеркәсіп палаталарының жанындағы қызметі;
  • соттан тыс қарау тетіктері.
  • Кәсіпкерлер бірлестіктерінің бизнес-интеграторлары ретінде бірлестіктер  қатысушыларды қолдау бойынша әртүрлі функциялар жүзеге асырылатын болады:
  • экспортты бірлесіп жылжыту;
  • кооперациялардың әртүрлі нысандарын дамыту;
  • сервистік қызмет көрсету;
  • нарықтарды қолдау және басқа да функциялар.

Республикалық деңгейде ондай  органға ҚР-ң кәсіпкерлікті қолдау және табиғи монополияларды реттеу агенттігі, аймақтық деңгейде – кәсіпкерлікті  қолдау комитеттері және жергілікті деңгейде – кәсіпкерлікті қолдау бөлімдері жатады.

Мақсатты кешенді кәсіпкерлікті  қолдау бағдарламасын дайындау, кекзеңдер  бойынша жүзеге асырылады:

Бағдарламаның концепциясын қалыптастыру және проблеманы бағдарлама бойынша шешуге негіздеу.

Бағдарламаның варианттарын жете зерттеу, оларды бағалау және қолайлы  вариантты таңдау.

Бағдарламаның жобасын жете зерттеу.

Бағдарламаны қалыптастырудың  барлық кезеңдеріндекелесі жұмыстарды жүргізу қажет:  бизнес жағдайын талдау, кәсіпкерлікті одан ары дамыту қарқыны мен  бизнесті қолдаудың  жаңа түрлерін пайдалану мүмкіндігін  анықтау және кәсіпкерлікті дамыту бойынша келешекке болжам жасау.

Концепцияны дайындау кезеңінде  Республика үшін тұтас және аймақтар үшін жеке-жеке,  бизнесті дамытудың  келешегі зор бағыттарын, сонан соң  бағдарлама көрсеткіштерінің  құракмын анықтау өте маңызды болып  табылады. Осы кезеңде бағдарламаны дайындаудың егізгі тапсырмалары қалыптасады, оған проблеманың қалыптасуы, ресурстардың бағдарланған шығындары, бағдарламаны дайындаушылардың құрамы, дайындау кезеңдерінің тізімі (мерзімі көрсетіледі), соңғы  құжаттама нысандарына деген  талаптар кіреді.

Кәсіпкерлікті қолдаудың  кешенді бағдарламасын дайындауды төмендегідей құрылымға сәйкес жүзеге асыру ұсынылады.

Кіріспе

Мақсатты анықтау және негіздеу

Бағдарламаның тапсырмасы

Бағдарламаны ресурстармен қамтамасыз ету

Бағдарламаны басқаруды  ұйымдастыру

Кіріспеде кәсіпкерлікті  қолдау проблемаларын шешу кезінде  бағдарламалы-мақсаттық тәсілдің пайдаланылу  мақсатқа лайық екендігін негіздеу және бағдарламаның дайындалу сәтіндегі  бизнестің даму деңгейін талдап шығу қажет.

Бағдарламаны дайындауда бағдарламаның мақсаттарын қалыптастыру, маңызды кезқең болып табылады. Мақсат – бұл міндетті түрде алдын  ала анықталған нәтижеге жетуді көздейтін  ең қажетті нәрсе. Шағын кәсәпкерлікті  дамыту мақсатын таңдау және негіздеу келесі тәртіпте жүзеге асырылады:

Шағын кәсіпорындардың сандық және сапалық құрамы бойынша мәліметтерді жинау және талдап қорыту;

Шағын кәсіпкерліктің дамуына  әсер ететін, ішкі және сыртқы факторларды  айқындау;

Республика мен аймақтардағы кәсіпкерлікті қолдауды талдау;

Кәсіпкерлікті дамыту жобасын  дайындау;

Қажетті ресурстар мен  прблеманың шешілуі мүмкін мерзімді анықтау;

Мақсаттардың ресурстармен үйлесуі және соңғы мақсатты таңдау;

Бағдарламалық мақсатты іске асырудың әлеуметтік-экономикалық зардаптарын  талдау.

Кәсіпкерлікті қолдаудың  кешенді және жүйелі тәсілі бұл процеске қатысты барлық құрылымдардың өзара  байланысты және үйлесімді түрде  жұмыс істеуін талап етеді.

Тереңірек негізделу үшін тек ресурстарға деген қажеттілікті ғана емес, сондай-ақ шараларды іске асыру мерзімдеріне, ресурстармен қамтамасыз ету көздеріне деген қажеттіліктерді  де белгілеу шарт.

Бағдарламалы шаралар  мен оларды орындаушылар арасындағы ұйымдасқан техникалық байланыстардың сипаты бойынша ШБ ҚБ – кешенді-дискретті  бағдарлама, яғни оның мақсаттарына әртүрлі  орындаушылардың түрлі деңгейдегі дербес әрекеттерінің жиынтығы арқасында  қол жеткізіледі.ШБ ҚБ-дағы көптеген қосалқы бағдарламалар – дербес және басқа қосалқы бағдарламалардың шешілуіне тәуелді емес, бұл олардың  дайындалуы мен іске асуының параллельді  жүзеге асырылуына мүмкіндік береді.

Мақсаттардың бағытталу  сипаты бойынша ШБ ҚБ – мақсатты даму бағдарламасы, өйткені ол нақты  –  бизнесті қолдау механизмін құру негізінде шағын  кәсіпкерлікті  дамыту мәселесін шешуге бағытталған. Әсер ету обьектісі бойынша ШБ ҚБ – обьектіге бағытталған бағдарламаға қарағанда проблемалық бағдарламаға жақын болып келеді.

Бағдарламаның негізгі мақсаттарын  бөлшектекгенде оның қосалқы мақсаттары айқындалады. Ол - мақсатқа жету құралы. Қосалқы мақсаттарнға сәйкес ШБ ҚБ әртүрлі деңгейдегі қосалқы бағдарламалардан тұрады. Шб қб-қосалқы бағдарламаларға  бөлінуі, оларды дайындау мен іске асыруда  бағдарламаны дайындаушылар мен  іске асырушылар іске асырушылар арасындағы жауапкершілікті нақтылап белгілеу арқылы оларды әзірлеу мен жүзеге асыру ісін ұтымды ұйымдастыруды қамтамасыз ету қажеттілігінен туындайды. Қосалқы бағдарлама, бағдаламаның бір немесе бірнеше мақсатын іске асыруға бағытталған міндеттер мен шараларды қамтитын бағдарламаның дербес бір бөлігі болып табылады. Бағдарламаның ауқымы мен оның күрделілік дәркжесіне байланысты, қосалқы бағдарламалардың жиынтығы тбағдарламаны тұтасымен немесе оның негізгі бөлігін ғана қамтуы мүмкін.

Әрбір қосалқы бағдарлама өз кезегінде өте төмен деңгейдегі қосалқы бағдарламаларға (мақсаттар) бөлінуі мүмкін. Қосалқы бағдарламалардың саны кешенді бағдарламаның ауқымы мен күрделілігіне тәуелді, бірақ  өте үлкен болмауы керек. Негізгі  қосалқы бағдарламалар бағдарламалық  мақсаттарға жетуді қамтамасыз ететін, нақты мақсаттар мен шаралар  жүйесін білдіреді.

Қосалқы бағдарламалар негізгі  және қамтамасыз етуші болады                      (1-Суретте). Негізгі қызметтің қосалқы  бағдарламалары, жалпы бағдарламаның  соңғы қалыптасқан мақсатына  жататын нәтижені орындауға бағытталған, ал қамтамасыз етуші қызметінің қосалқы  бағдарламаларының құрамына кіретін  шараларды сәтті орындауға қажетті  жағдайларды жасауға бағытталған.

Мақсатты кешенді  бизнесті қолдау бағдарламасын қаржыландырудың  негізгі көздеріне бюджеттік  қаржаттардың 60% жатады, бюджеттік емес қаражаттар 15% құрайды және басқалары 25%. Бүгінгі күнде республикалық  және жергілікті бюджеттердің,  бизнеске тікелей қаржылай қолдау көрсету  мүмкіндіктерінің жоқ болуына байланысты, алдыңғы орынға кәсіпкерлікті қолдаудың  жаңа нысаны болып табылатын, екінші деңгейдегі банктер несиесі шығады. Бұдан келіп, кепіл қоры түрінде  кепілдеме беру сияқты нысандар туады, ал осы жерде кепіл қоры ретіндегі  жеғргілікті басқару органдарының коммуналдық мнешіктері қолданылады.

ШБ ҚБ көптеген бағдарламалық  шараларды іске асырудағы айтарлықтай  күрделі шығындарды қажетсінбейтіндігімен  ерекшеленеді. Атап айтқанда тек ұйымдық-құқықтық факторларды жандандыру арқылы ғана  бизнеске толық жеңілдік жасау саясатын құру мүмкіндігі пайда болады.

Кешенді  бизнесті дамыту бағдарламасын кадрлық қамтамасыз ету – кәсіпкерлерді білім  беру жүйелері арқылы даярлауды, сондай-ақ кәсіпорын жетекшілерін даярлау  және қайта даярлау үшін арнайы курстар  ашуды талап етеді.

Бағдарламаны ақпараттық қаматамасыз ету - кәсіпкерлік  құрылымдарды заңдық-құқықтық салада болып жатқан барлық өзгерістермен әрдайым хабардар етіп отыруды шешеді. Жаңа және жұмыс  істейтін кәсіпорындарды құру және жұмыс  істеу проблемалары бойынша  бизнесті қолдау орталықтары тарапынан көсетілетін  консалтингтік қызметтер кешені де осыған кіреді.

 

 


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сурет 1      Республикалық мақсатты кешенді-кәсіпкерлікті қолдау

бағдарламасының құрылымы

 

  • ШБ ҚБ-н басқару үшін бағдарлама жұмыстарынүйлестіретін белгілі бір өкілеттерге ие, арнайы басқару органын құру қажет.

Жалпылама түрде, мемлекеттік  кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының  мынандай мақсатын қалыптастыруға болады: қоғамның экономикалық дамуының маңызды  факторы, жаңа жұмыс орындарын құру құралы, ғылыми-техникалық жетістіктерді  енгізу, бәсекелестік ортаны қалыптастыру және кәсіпкерлер класын құру жолымен  шағын кәсіпкерліктің тұрақты дамуын қамтамасыз ету. Қойылған мақсатқа сәйкес кәсіпкерлікті дамыту, елдің экономикалық дағдарыстан шығаратын маңызды  бағыттардың бірі болып табылады. Мақсатты кешенді бағдарламаларын  құру принципі – мемлекеттік кәсіпкерлікті қолдау бағдарламасы аймақтық  бизнесті қолдау бағдарламасының іске асуы арқылы нақтылантындай  болып ұсынылуы керек. Аймақтық  бизнесті дамыту бағдарламасының мақсаты – аймақта кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы ортаны қалыптастыру және өндірістік базаны дамытудың орнына, нарықты тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетулерге толтыру; аймақта жаңа жұмыс орындарын ашу; жергілікті табиғи табиғи ресурстарын тиімді пайдалану және аймақта әлеуметтәк-эконмикалық ахуалды жақсарту болып табылады.

Бағдарламаның келесі бөлімі – ресурспен қамтамасыз ету.Кешенді  бизнесті дамыту бағдарламасындағы  ресурстық пысықтау, бағдарламаны іске асыруға қажетті ресурстарға  деген қажеттілікті анықтаудан, яғни келесі түрлерге бөлінетін, құрамын  және ресурспен қамтамасыз ету құрылысын  анықтаудан тұрады:

Нормативті-құқықтық,

Қаржылық,

Материалды-техникалық,

кадрлық,

ақпаратпен қамтамасыз ету.

Әрбір шара бойынша ресурстарға  деген қажеттілікті анықтау қажет.

Сонымен қатар айтарлықтай  материалдық, еңбек және қаржы шығындарын талап етпейтін шараларды енгізу мен ішкі қорлакрды көбірек пйдалануды бағдарлану маңызды болып табылады. Мысалы: шағынкәсіпорынды тіркеу процесі  оңтайландыру айтарлықтай материалдық  және қаржылық шығындарды талап етпейді, ал оның енгізілуі шағын кәсіпорынды  құру жолындағы көптеген бюрократиялық  шектеулерді жеңуге мүмкіндік береді. Бағдарламаны дайындау кезінде жаңартпашылық  және өндірістік қызметке бағдарланған жаңа жұмыс орындарын ашуды қамтамасыз ететін – кәсіпкерлік қызметті ынталандыруға  алшып баратын бағдарламалық  шараларға ерекше көңіл бөлу қажет [13].

Республикалық  бизнесті дамытудың кешенді бағдарламасының  негізгі қосалқы бағдарламаларына аймақтық және жергілікті деңгейде дайындалған  қосалқы бағдарламалар жатады. Шағын  кәсіпкерліктің дамуын қамтамасыз ететін қосалқы бағдарламаларға – нормативті-құқықтық, қаржылық, материалды-техникалық және ақпараттық қамтамасыз ететін қосалқы  бағдарламалар жатады. Бұл қосалқы  бағдарламалардың соңғы мақсаты  іске асыруға тікелей әсер етпеуіне қарамастан, олар оған қол жеткізу  үшін барлық қажетті жағдайлар жасайды.

Информация о работе Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы