Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 00:02, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық құрылымын жоспарлау оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Мемлекет пен бизнестің арақатынасының теориялық негізі...................5
1.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігі: маңызы, шарты, факторы..................5
1.2 Мемлекет пен бизнестің арақатынасының дүниежүзілік тәжірибелері......10
1.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ұйымдық –құқықтық негіздері..25
ІІ Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы........................33
2.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ерекшеліктері..............................33
2.2 Мемлекет пен бизнестің өзара арақатынасының мәселелері.....................37
2.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің негізгі бағыттары.......................59
Қорытынды............................................................................................................79
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекет пен бизнестің арақатынасының диплом заказ 2012 .docx

— 206.77 Кб (Скачать документ)

 бизнесті қолдаудың  кешенді бағдарламасы дербес  басқару обьектісі ретінде, оның  ерекше басқару механизмін дайындауды  талап етеді. Біріншіден, ШБ ҚБ экономикалық жүйенің ешқандай мақсатына сай келмейтін соңғы мақсаттарға бағдарланған. Екіншіден, ШБ ҚБ ереже бойынша уақытша сипатқа ие және мақсатқа жетісімен оны басқару механизмінің түрі де өзгереді. Үшіншіден, бағдарлама кешенді шаралакрдан тұрады, олардың біреуінің жоқ болуы бағдарламаның мақсатына жету мүмкіндігінен айырады. Төтіншіден, бағдарламаның шаралары функция аралық сипатқа ие, олардың орындалуына республика және аймақтар бойынша барлық функционалды комиттер мен бөлімшелер қатысады.

Жалпы кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын  Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді және олар республиканың барлық аумағында мемлекеттік органдар мен жеке кәсіпкерлік субъектілерінің  орындауы үшін міндетті болып табылады.

 бизнестегі кәсіпорындарды  қолдау Индустрияландыру бағдарламасының  маңызды басымдықтары болып саналады. Сол себепті, Индустрияландыру  бағдарламасын іске асыру мақсатында  «Бизнестің жол картасы - 2020»  бағдарламасы қабылданды, осы бағдарлама  шеңберінде кәсіпкерлерге мемлекеттік  қолдау көрсету ережелері бекітілді,  ынтымақтастық бойынша бірқатар  келісімдер, ақпаратты ұсыну үлгілері  мақұлданды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасының негізгі  экономиканың шикізаттық емес секторларындағы  өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты  және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сонымен қатар бар жұмыс орындарын  сақтау және тұрақты жұмыс істейтін жаңа жұмыс орындарын құру болып  табылады.

Бағдарлама жаңа инвестициялық  жобаларды іске асыру кезінде  жеке сектордағы кәсіпорындар үшін қаржылық ресурстардың қолжетімділігін арттыру, экономиканың шикізаттық емес секторларындағы  инвестициялық жобаларды іске асыру  үшін жеке сектордың қаражатын, бірінші  кезекте, банктердің қаражатын тарту, жеке сектордағы кәсіпорындардың, оның ішінде мемлекет пен бизнес серіктестіктің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын жоғарылату тәрізді міндеттерді шешуге бағытталған.

Жалпы алғанда, Бағдарламаны іске асыру индустрияландыру үрдісіндегі  мемлекет пен бизнес серіктестіктің рөлін күшейтуге, өңдеу өнеркәсібіндегі  еңбек өнімділігін арттыру, шикізаттық емес экспорттың үлесін арттыруға мүмкіндік  жасайды.

«Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы кәсіпкерге мына мүмкіндіктерді береді:

- бағдарлама жаңа бизнес-бастамаларды  қолдау, кәсіпкерлік секторды сауықтыру,  экспортқа бағдарланған өндірістерді  қолдау тәрізді үш бағыт бойынша  жұмыс жасайды. 

Бірінші бағыт бойынша, жаңа жобаларды іске асырушы немесе жаңа жобаларды іске асыруды, сонымен  қатар экономиканың басым секторларындағы  өндірістерді жаңартуға және ұлғайтуға  бағытталған жобаларды жоспарлап  жүрген кәсіпкерлерге жеңілдік көрсетіледі.

Жаңа жобаларды іске асырушы  кәсіпкер:

- банк кредиті бойынша  пайыздық мөлшерлемені субсидиялау; 

- кредит бойынша ішінара  кепілдік беру;

- өндірістік (индустриялдық)  инфрақұрылымды дамыту, яғни жетіспей  тұрған инфрақұрылым: жолдар, кәріз,  жылумен жабдықтау, су құбырлары,  темір жол тұйықтары, телефон  орнату, кіші электр стансалары, электр тарату желілерін жүргізу  сияқты көмек түрлеріне қол  жеткізе алады.  
Инфрақұрылымды дамыту өнеркәсіптік алаңдар ұйымдастыру шеңберінде іске асырылуы мүмкін. Бизнесті жүргізуге консалтингтік және маркетингтік, есеп және заңдық қызмет көрсетулер, жұмыс үрдісін қалыптастыру, өнеркәсіпті басқару, маркетингтік зерттеулер жүргізу және өзге де сервистік қызмет көрсетулер түрінде көмек жасалады.

Осымен бірге, кадр дайындауға, жастар іс-тәжірибесі мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыруға (2011 жылдан бастап) мүмкіндік жасалады.  
Екінші бағыт қолданыстағы кредит бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау, борышкердің салық берешегін (жеке табыс салығынан бөлек) өтеу бойынша мерзімін шегеру арқылы қаржылай сауықтыруды көздейді.  
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімдерін сыртқы нарыққа шығаратын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.

Енді бағдарлама қатысушыларына келетін болсақ.

Бағдарламаға экономиканың басымды шикізаттық емес салаларында  бизнеспен айналысатын немесе өндіретін  өнімінің 10 пайызын сыртқа экспорттайтын  әрбір кәсіпкер қатыса алады.

Бағдарламаға енгізілген металлургия өнеркәсібіндегі ірі  кәсіпорындар;

- акцизделетін тауарларды  шығаруды көздейтін жобалар; 

- сауда және ауыл шаруашылығы  өнімдерін шығару салаларындағы  қызмет ететін кәсіпорындар;

- екінші деңгейдегі банктер  арқылы мемлекеттен қаржылық  қолдау алған ауыл шаруашылығы  өнімдерін өңдеуді көздейтін  борышкер-кәсіпкерлер және жобаларға  қаржы ұйымдары беретін кредиттер  қатыса алмайды. 

Өткен жылдардағы осыған ұқсас  бағдарламалардан айырмашылығы, мұнда  сауда-қаржылық емес, өндірістік секторды қолдауға басымдық берілген. Бағдарламаның  бірінші және үшінші бағыттары бойынша  мемлекет жағынан барлық келісулер  жергілікті деңгейде «бір терезе» принципі бойынша іске асырылады. Кәсіпкерлер  екінші деңгейлі банктермен бірге кәсіпкерлік  және өнеркәсіп басқармаларына өтініш берсе болды. Аталған басқарма тікелей  сол жерлердегі бағдарламаның үйлестірушісі  болып саналады.

 Бағдарламаға қатысу төмендегідей сатылардан тұрады:

 Бағдарламаның бірінші  және үшінші бағыттары бойынша  кәсіпкер кредит беруші банкпен  бірлесе отырып, жергілікті бағдарламаның  үйлестірушісіне субсидиялауға  немесе ішінара кепілдендіруге  өтініш береді. Өтініш өңірлік  үйлестіруші комиссияның қарауына  ұсынылады. Комиссия өз кезегінде  жобаларды іріктеп, мемлекеттік  қолдау көрсету бойынша шешім  шығарып, оны бағдарламаның басымдықтарына  қаншалықты сәйкес екендігін  Экономикалық даму және сауда  министрлігімен келіседі. Оң шешім  шығарылған жобалар бойынша кәсіпкер, банк және «Даму» қоры арасында  субсидиялау немесе кепілдендіру  жөніндегі келісімшартқа қол  қойылады. Осы келісімшартқа сәйкес  мемлекеттік қолдау көрсетіледі.  Жетіспейтін инфрақұрылымды жеткізу  және қызмет көрсету мәселелері  бойынша өңірлік үйлестіруші комиссияның оң шешімін алу үшін кәсіпкерлер тікелей жергілікті Бағдарламаның үйлестірушісіне өтініш береді.

Кәсіпорынды сауықтыруды  көздейтін Бағдарламаның екінші бағытына қатысу үшін кәсіпкерлер қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын әзірлеп, көп  қарызы бар банкке өтініш береді. Егер кәсіпкердің бірнеше банкте бірдей қарыздары болса, онда ол өз қалауы бойынша солардың біріне барады. Егер Банк сауықтыру жоспарын мақұлдаса, Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығына Бағдарламаға қатысу үшін өтініш жолданады. Егер борышкердің тек бір банкте немесе кредиторда қарызы болса, онда Кредиторлар комитеті құрылмайды және келісім тек бір банкпен (кредитормен) жасалады.

Мәселе оң шешімін тауып  жатқан жағдайда, ҚҚҚ кәсіпкердің  құжаттарын «Даму» қорына және Экономикалық даму және сауда министрлігіне жібереді. Олар өз кезегінде ұсыныстар негізінде  құжаттарды екінші бағыт бойынша  «Бизнестің жол картасына» кіретін  борышкер-кәсіпкерлердің жобасын іріктеуді  жүзеге асырушы Экономиканы жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссияның  қарауына жібереді. Пайыздық мөлшерлемелерді  субсидиялауды тікелей «Даму» қоры банктер және кәсіпкерлермен субсидиялау  келісімшарттарына қол қою арқылы іске асырады.

Бағдарлама шеңберінде мемлекеттік қолдау көрсетудің талаптарына  келетін болсақ. Бірінші бағыт бойынша субсидиялауға 2010 жылғы қаңтардан бастап кредит алатын немесе алған кәсіпкерлер қатыса алады. Бір кәсіпкер үшін субсидияланатын кредит сомасы бір жоба шеңберінде   3 млрд.теңгеден аспауы тиіс. 2010 жылы жылдық номиналды ставкасы 12 пайыздан аспайтын кредиттерге субсидия бөлінеді, оның 7 пайыздан аспайтындай мөлшерін кәсіпкер төлейді, ал қалған пайызын мемлекет өтейді. Кредит бойынша сыйақының жылдық номиналды ставкасы 12 пайыздан төмен болған жағдайда, 5 пайызын мемлекет өтейді, ал айырмашылығын кәсіпкер төлейді. Яғни кәсіпкер кредитті 12 пайыздық емес, 7 пайызбен алады. Бұл - жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға жасалып отырған мүмкіндік. Субсидиялау мерзімі бір жылдан 3 үш жылға дейін, кейіннен он жылға дейін ұзартылуы мүмкін тек 1 және 3 бағыт бойынша. Ішінара кепілдікті кәсіпкер кредитті қамтамасыз етуге кепілдігі жеткіліксіз болған жағдайда «Даму» қоры ұсынады.

Осымен бірге кәсіпкер жобаның жалпы іске асырылу құнының 15 пайызынан төмен емес мөлшерде ақшалай жобаның іске асырылуына қатысуын қамтамасыз етуі тиіс. Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 пайыздан аспауы тиіс. Бағдарлама бойынша бір  кәсіпкер үшін кепілдікке берілетін  кредит сомасы бір жоба шеңберінде 3 млрд теңгеден, кепілдік беру мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс.  Кәсіпкерлер  үшін кепілдік тегін беріледі.

Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға  немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 пайызынан аспайтын жағдайларды  қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға  берілетін кредиттер бойынша  кепілдік беру жүзеге асырылмайды. 2010 жылы кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы ставкасы 12 пайыздан аспайды.

Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20 пайызын  құрайды.  
Қаражат бөлу немесе қайта құруға арналған техникалық-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.  
Инфрақұрылымды салу құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50 пайызынан аспауы тиіс.  
Сервистік қызметтер Бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыруды қолдау үшін, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлігін жалпы қолдау үшін тегін көрсетіледі.  
      Сервистік қызмет алу үшін кәсіпкер жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге және сервистік қолдау жөніндегі операторға ӨҮК айқындаған тәртіппен өтініш жасайды.

- кадр дайындау да кезең-кезең бойынша жүзеге асырылатын болады.

- кадрлар даярлау 2011 жылдан  бастап бес бағыт бойынша жүргізіледі: 

Индустрияландыру картасының жобаларын қамтамасыз етуге жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша  жобаларды іске асыру үшін мамандар даярлау. Облыстар мен мамандықтар  бөлінісінде қайта даярлаудың егжей-тегжейлі жоспары әрбір өңір бойынша стратегияларды іске асыруды қаржыландыру бағыттары  бекітілгеннен кейін әзірленетін  болады;

Техникалық мамандықтар  бойынша бар бос жұмыс орындарын  толтыру үшін қайта даярлау жүргізу;

- техникалық және кәсіптік  білім беру оқу орындарының  (кәсіптік лицейлер мен колледждер), сондай-ақ ірі кәсіпорындар жанындағы  оқу орталықтарының мүмкіндіктерін  пайдалана отырып, шетелдік жұмыс  күшін қазақстандық кадрлармен  ауыстыру;

- «жастар саясатын» жүргізу  жөніндегі іс-шаралар; 

Әлеуметтік жұмыс орындарын  құру жөніндегі іс-шаралар.  
Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты екінші деңгейлі банктердегі кредит бойынша сыйақы төлеу кезінде қиындық көрген экономиканың шикізат емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.

Сауықтыру шеңберінде мынадай  қолдаулар көрсетілуі мүмкін:

- борышкерге банктердің  бар кредиттері бойынша (мақұлдау  сәтінде) пайыздық ставка және  жобаны мақұлдағаннан кейін пайда  болатын бір кредиттік желі  шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау; 

- борышкерге бюджетке  төленетін салық берешегін (төлем  көзінен ұсталатын жеке табыс  салығынан басқа) өтеу бойынша  мерзімін ұзартуды Салық кодексінде  белгіленген тәртіппен көзделетін  есептемей беру - өсімпұл мәселесін  қарау; 

- қаржы-экономикалық сауықтыру  жоспары шеңберінде кәсіпорындарды  сауықтыру бойынша, оның ішінде  қазақстандық қор биржасында  орналастырылған облигациялар бойынша  ішкі кредиторлар алдындағы берешек  бойынша басқа да іс-шаралар. 

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша Қаржы агенті («Даму» қоры) және Мемлекеттік комиссияның жанындағы  арнайы жұмыс тобының ұсынысын ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның  шешімімен бағдарламаның қатысушылары анықталады. Егер борышкердің кредит сомасы 3 млрд. теңгеден асса, оның Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуы  туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.

Осылайша, кәсіпкердің қарыз  ауыртпалығы жеңілдеп, өзінің қаржылай, экономикалық жағдайын түзеуге мүмкіндік  алады. Бағдарламаның үшінші бағытына сәйкес тау-кен өнеркәсібі және ауыр металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындарын қоспағанда, экономиканың барлық секторларында  шығарылатын өнімнің 10 пайыздан астамын  экспорттайтын кәсіпкерлерге мемлекеттік  қолдау көрсетіледі.

Жобаларды іріктеу және іске асыру механизмдері бірінші бағыттың талаптарына сай жүргізіледі.

Мұнда тек 4 пайызды экспорттаушы төлейді, ал 8 пайызды мемлекет өтейді.

Кәсіпкерге Бағдарламаның  барлық тетіктері шеңберінде кешенді  қолдау көрсетілуі мүмкін.

Бағдарламаны іске асыруға  республикалық бюджеттен 2010 жылы 30,0 млрд. теңге, оның ішінде кәсіпкерлік  секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге  көзделіп отыр. Бағдарламаның бірінші  және үшінші бағыттары бойынша әрбір  облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін халық санына барабар  есептелетін қаржыландырудың жалпы  лимиті айқындалады және қаржыландыруды әкімшіліктер іске асырады. Әкімшіліктер бірінші және үшінші бағыттар бойынша  қаражатты анықтап, өздері бөледі. Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы  жылдарына арналған республикалық  бюджетті қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

Информация о работе Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы