Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 00:02, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық құрылымын жоспарлау оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Мемлекет пен бизнестің арақатынасының теориялық негізі...................5
1.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігі: маңызы, шарты, факторы..................5
1.2 Мемлекет пен бизнестің арақатынасының дүниежүзілік тәжірибелері......10
1.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ұйымдық –құқықтық негіздері..25
ІІ Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы........................33
2.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ерекшеліктері..............................33
2.2 Мемлекет пен бизнестің өзара арақатынасының мәселелері.....................37
2.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің негізгі бағыттары.......................59
Қорытынды............................................................................................................79
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекет пен бизнестің арақатынасының диплом заказ 2012 .docx

— 206.77 Кб (Скачать документ)

 Федералдық деңгейде  бизнес әкімшілігі қызмет атқарады. Әкімшіліктің басты функциясы  –  бизнесті жан-жақты қолдау. әрбір штатта әкімшіліктің аймақтық  бөлімдері жұмыс істейді. Аймақтық  бөлімшелер  бизнес субъектілеріне  нарық туралы ақпарат береді, оның мәселелерін шешуге көмектеседі. 
      АҚШ-та  бизнес қоғамда кәсіпкерлік, бәсекелестік атмосферасын дамытуға үлкен үлес қосады. Мемлекет тарапынан болатын шектеулер кәсіпкерлікке кедергі келтіреді. Сондықтан да АҚШ конгресі  бизнеске тікелей бақылау жасайды. Конгрессте мемлекет пен бизнес серіктестікті қолдау және дамыту мақсатында бірнеше программа жасалады. 
        АҚШ мемлекет пен бизнес серіктестікті қолдаудың мемлекеттік жүйесі:

- бюджеттен тікелей дотациялау; 

- мемлекеттік тапсырыстардың  бір үлесін шағын кәсіп орындарда   орналастыру; 

-  бизнеске несие беру  кезінде мемлекеттік кепілді  қолдану;

-  бизнеске салықтық  жеңілдіктер беру.

Негізгі бағдарлама бұл инкубаторлық бағдарлама. Инкубаторлар- ол университеттер, компаниялар, федералдық органдар, штаттық  басқармалар жанында құрылатын  ұйымдар. Бұл ұйымдардың негізгі  мақсаты – жаңа кәсіпкерлерге  жан –жақты көмек көрсету болып  табылады. Себебі көптеген кәсіпкерлер  өз ісін бастағысы келгенімен, мүмкіндігі жоқ, осындай кәсіпкерлерге инкубаторлар көмекке келеді. Қойылған мақсатқа , қаржыландыру көзіне байланысты инкубаторлар: фирмалық, университеттік, жекеше болуы  мүмкін. Инкубаторларды қаржыландырудағы мақсаттар: 
Инкубатор клиенттерінің табысына ортақтасу.

- жеке тұлғалардан арендалық  төлемдер алу; 

- жаңа жұмыс орындарын  ашу.

Сауда палаталары да инкубаторларды қаржыландыруға қатысады. АҚШ-та шағын  кәсіпорындар экономикада жетекші  рөл атқарады. Сондықтан да федералдық, штаттық басқару органдары мемлекет пен бизнес серіктестіктің дамуына  үлкен мән беріп отыр, оның дамуына  барлық жағдай жасап жатыр.

АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай,  бизнес ортаның өзгерісіне тез бейімделгіш. Шағын кәсіпорындардың жаппай ликвидациясы кәсіпкерлерге кері әсерін тигізбейді. Жұмысшы күшінің және капиталдың территориялық және саналық ағымы  жақсарады, тұтынушы сұранысының және жоғары өндіріс шағындарының өзгеруіне  өндіріс қимылының жеделдігі  жоғарылайды. Бір шағын кәсіпорындар жабылса, екінші біреулері ашылады.

Қазіргі уақытта АҚШ халқының 53 %  бизнес саласында жұмыс істейді. АҚШ тәжірибесі  бизнес ірі өндірістің өзгерістерге, жаңа міндеттемелерге  бейімделуін және икемділігін көтеретіндігін көрсетіп отыр.

Енді АҚШ-та шағын кәсіпорындарға мемлекет тарапынан көмекке келейік. Шағын кәсіпорындардың қызметі  арнайы ұйымының – 1953ж. АҚШ Конгресі құрған  бизнес әкімшілігінің құзырына кіреді. Сол жеке сектордың құқықтық негізгі болып табылатын  бизнес туралы Заң қабылданды. 1953ж Эйзенхаур президент болған кезде елде жұмыссыздық және инфляция болатын. Экономиканы жандандыру үшін – бизнес әкімшілігін (ШБӘ) құрды. Ол өз қызметтерін дұрыс атқарды.

Қазіргі уақытта АҚШ-та  бизнесте 22 млн кәсіпорын бар, онда елдегі барлық жұмысбастылардың 54 % қызмет етеді.  бизнес кәсіпорындарының өндіріс  және сату көлемі жалпы мемлекеттегі сату көлемінің 52 % құрайды, және 99,7 % кәсіпкерлер  – бұл  бизнес басшылары.  бизнес әкімшілігі - шағын кәсіпорындарға қаржылық және кеңестік көмек көрсетеді. Басты міндеті – кәсіпкерлікті  ұйымдастыру, қолдау және өмір сүруін қамтамасыз ету. ШБӘ өз қызметін басқа  агенттіктер мен комитеттер, соның  ішінде қаржы, білім, кәсіби ассоциациялар  мен бірігіп отырып жүзеге асырады.

Мемлекет өнімнің ірі  тұтынушыларының бірі болғандықтан  бизнес әкімшілігі шағын кәсіпорындарға мемлекетпен мәміле орнатуға көмектеседі. Әйел, мүгедек, ардагер – кәсіпкерлерге  ерекше назар аударады.  бизнес әкімшілігі 5 мың адам жұмыс істейді, оның 4 мыңы Вашингтоннан тыс жерлерде. Ұйымның 10 аймақтық орталығы және 66 территориялық бөлімшелері бар. Олардың арасындағы байлаиыс аудан – аймақ – орталық тізбегі бойынша жүзеге асады. АҚШ-ғы  бизнес қоғамдағы ресми белсенділікті сақтау үшін маңызды болып табылады.

Америкалық тәжірибе көрсетіп отырғанындай кәсіпкерлік еркіндігін шектейтін кез келген үкіметтік  немесе басқа да шектеулер ресми  белсенділікті төмендетеді. Сондықтан  мемлекет пен бизнес серіктестіктің барлық мүдделері АҚШ конгресінің  бақылауында. Сонда да ерекше ролді  бизнес әкімшілігі шеңберіндегі жобалар  ойнайды. Мысалы,  бизнеспен айналысқысы  келетіндер үшін арнайы қызмет қарастырылған, олар тегін кеңестер береді, конференциялар ұйымдастырады, кездесу және семинарлар өткізеді. Оның үстіне,  бизнес бизнес - инкубатордың бастауымен ақпарат  беру, кәсіпкерлерді оқыту және оларға әр түрлі сұрақтар бойынша кеңес  берумен айналысатын орталықтар ұйымдастырылған. 
  Бұдан басқа, 1976 ж. арнайы  бизнес мүдделер қорғайтын Адвокаттық кеңсе құрылды, ол тікелей Президент пен Сенатқа бағынады. Адвокаттық кеңсе негізгі міндеттері:

- мемлекеттік заңдардың,  жобалардың, ережелер мен салықтардың  мемлекет пен бизнес серіктестіктің  дамуына әсерін зерттеу. 

-  бизнеске әсер ететін  факторларға экономикалық және  статистикалық зерттеулер жүргізу,  бизнес потенциалын бағалау,  бизнес мәселелері мен қажеттіліктерін  зерттеу т.б.

Қазақстандық тәжірибеде  бизнеске көмектесудің «инкубаторлық» жобасын қолданған жөн. «Инкубатор»  термині алғаш кәсіпкерлікпен айналысушыларға  көмек көрсету мақсатында университет, ұйымдар, кампаниялар, федералдық үкімет органдары жандарына ашылған  ұйымдарға қолданылады. «Инкубатордың» басты міндеті – шағын, әсіресе  иннновациялық бизнесті алғашқы  қолдау. Инкубаторлар жанынан құрылған кәсіпорындар тәжірибе жинайды, одан ары  даму үшін көмек алады, нарықтағы  өз орындарын бекітеді. Дамудың белгілі  бір деңгейіне жеткеннен соң, әдетте үш жылдан соң, фирмалар бизнес – инкубаторлардан шығып өз бетінше  қызмет етеді. Ал босаған орындарға  бизнесті нөлден бастап жатқан жаңа фирмалар келеді.

Әдетте бизнес - инкубаторлар бірнеше жаңа бастаушы орналасқан арнайы ғимараттарда орналасқан. Олар ғимарттар  мен құрал – жабдықтарды бірігіп  қолданып ғана қоймайды, сонымен бірге  бизнес-инкубатор көрсететін барлық қызметтерге, бизнес кеңестерге қол  жеткізе алады. Кейбір қызмет түрі, аренда құнына қосылған, көрсетілетін қызметтердің басқа түрлерінің бағасы төменірек.

Бизнес – инкубатордың негізгі ресурстарына келесілер  жатады:

а) бизнес- инкубаторлар персоналы, соның ішінде кеңес берушілер;

б) құрал – жабдықтар, соның ішінде ұйымдастыру техникалары (көшірме машиналары, факс, компьютерлер т.б.);

в) бір жылға жалданатын ғимарттар мен жиһаздар;

Бизнес – инкубатордың басындағы тұлға – директор немесе атқарушы директор. 
     Америка Құрама Штаттарындағы бизнес – инкубаторлардың 90% жуығы – бұл коммерциялық емес ұйымдар, олардың басты мақсаттары жаңа кәсіпорындар құру және дамыту. Қазақстан экономикалық дамуының қазіргі кезеңінде бизнес – инкубаторлардың құрылуын әлі ертерек дейді. Өйткені бизнес – инкубаторлар коммерциялық ұйымдар ретінде мемлекеттік және мемлекеттік емес демеушілер есебінен қаржыландырылады. Біздер үшін ең қиын қаржы көздерін табу. Соған қарамастан, АҚШ тәжірибесі көрсетіп отырғандай, бизнес – инкубаторлардың клиенті – 90 % жуығы жоғары эффективті кәсіпорындар болып табылады. Бұл факт Қазақстанда бизнес – инкубаторларды құруда маңызды болып табылады. Инкубаторлар мақсаты және қаржыландыру көздеріне қарай фирмалық, мемлекеттік, университеттік және жеке деп бөлінеді. Қазір бүкіл әлемде бизнес бизнес – инкубаторлар кәсіпкерлікті қолдаудың тартымды механизмі болды.

Германияның мемлекет пен  бизнес серіктестікті қолдаудағы тәжірибесі. Германияда шағын және орта кәсіпкерліктің басты сипаттамасы – ең алдымен  меншік құқы мен кәсіпорынды тікелей  басқарудың бірлігі болып табылады.

Екінші сипаттама –  кәсіпорын қызметінің айшықтылығы, оның көлемінің шектеулігі, қожайын  мен жұмыскер арасындағы өзіндік  ерекше қатынас сипатын білдіріп, өндірістің түпкі нәтижесі үшін екі  жақтың да бірдей мүдделігін, ынталылығын  тудырады.

Үшіншіден, кәсіпорын өмірінде басқарушы рөлінің ерекше маңыздылығы: ол шаруашылықтың нәтижелігіне тек  қана мүлік иесі болғандықтан ғана емес, сонымен бірге оның өзінің де өндіріспен тікелей айналысып, оны  ұйымдастыруға барлық жағынан қатысуынан көрінеді.

Төртінші – істі жанұялық негізінде жүргізу, яғни кәсіпорын  қызметін нәтижелі ұйымдастыруға, жүргізуге  атадан балаға мұра ретінде машықтану.

Бесіншіден – шағын  кәсіпкерліктің тағы бір сипатты  белгісі ретінде кәсіпорында  қаржыландыру мәслесесін айтуға болады. Егер алыптар қажетті ресурстарды  негізінен капитал нарығы (қор  биржалары) арқылы алатын болса, ал шағын  және орта кәсіпорындар банктердің аздаған  несиелеріне арқа сүйейді, сондықтан  да олар үшін қаржыландыру мәселесі басты  проблема болып табылады. Елдегі шағын  және орты бизнестің экономикалық маңызы – біріншіден - барлық еңбекке жарамды  адамның 2/3 бөлігін қамтып отырған; екіншіден, елдің жалпы ішкі өнімінің жартысына жуығын берген; үшіншіден, барлық инвестициялар мен тіркелген  патенттердің жартысынан артығын өндіріске  енгізуге септігін тигізген; төртіншіден, Германиядағы барлық өндірістік оқу  орындарының 75 пайызын қамтитын кадрларды  даярлау көзі ретіндегі рөлімен  анықталады. Кәсіпкерлікті қаржыландыру мәселелері олардың өз күшімен шешілуі  мүмкін емес.

Қазіргі кезде Германияда бірқатар жағдайлар  бизнеске мемлекеттік  қолдау жүйесінің қажеттілігін көрсетіп отыр. Олардың ішінде:

1) Европалық қауымдастық  шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап  бәсеке жағдайын шегіне жеткізе  шиеленістіретін товарлар, қызметтер,  жұмысшы күші және капитал  қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді  алып тастау;

2) технология мен табиғатты  қорғау шараларына байланысты  заңдық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмсалатын күрделі қаржыны  одан әрі қысқарту және оны  пайдаланудың тиімділігін арттыру.

Германияда  бизнесті мемлекеттік  қолдау жүйесінің негізінде жатқан басты принцип - өздігінен, мүмкіндігінше, өз бетінше дамуды барынша ынталандыратын көмек беру болып табылады. Бағдарламаның  мақсаты - мемлекет пен бизнес серіктестіктің тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру. Осыған байланысты мынадай  шараларды атап өтуге болады.

Германияның федералды үкіметі  қаржыландыру шараларды іс жүзінде  асырып отыр. Олар – шағын фирмалар үшін қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл жердегі  басты бағыт – 1957 жылы заңды түрде  бекітілген, шағын және орта фирмалардың  позицияларын нығайтуға байланысты бірнеше рет қайта қаралған –  картельдік құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство (бізше монополияға  қарсы комитет), біріншіден, ірі фирмалардың  бір-біріне қосылып кетуін қатаң  бақылап отырады; екіншіден, орынсыз  тыйым салуларды алып тастап, шағын  және орта кәсіпорындардың кооперациялануына  жеңілдік жасайды.  бизнеске қаржылық қолдау жасаудағы құрылымдық-саяси  шаралардың екінші бір құрамды бөлігі - мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге қатысудағы олардың құқықтық жағынан  теңдігін қамтамасыз ету. 1976 жылдан бастап мемлекеттік тапсырмаларды бөлуге шағын және орта фирмалардың да міндетті түрде қатысуын реттейтін ерекше ереже бар. Егер белгілі бір жағдайларға  байланысты өздеріне қысым көрсетілетін болса, онда шағын фирмалар осындай  мәселелерді заңды түрде ретке  келтіру үшін тиісті орындарға шағым  жасауына болады. Салық салудағы жеңілдіктер. Германияның жаңа аймақтарында қазіргі  кезде кеңінен пайдаланылып жүрген бұл жұмыстың үш түрі бар:

1) амортизациялық аударымдардың  арнайы нормалары; 

2) пайданың салық салынбайтын  резервтерін жасау; 

3) салық ведомстволары  төлейтін инвестициялық үстемелер. 

Амортизациялық аударымдардың  арнайы нормалары барлық инвестицияларға  қолданылып, жаңа жұмыс орнын аушаға, қоршаған ортаны қорғауға, техникалық жағынан алдыңғы қатарлы өнім өндіруге, сыртқа товар шығаруға бағытталады. Жұмсалған қаражаттар үш жыл ішінде есептеп шығарылады, бірінші жылы жұмсалған капиталдың 50 пайызы амортизацияланады, екінші жылы 30 пайызды және үшінші жылы - 20 пайыз.

Қаржылық жағынан қолдау. Федералды үкімет тарапынан берілетін  салыстырмалы түрде пайыз ставкасы төмен және жеңілдік жағдайын пайдалана отырып, ақшаны қайтаруға мүмкіндік тудыратын несиелер –  бизнес үшін айтарлықтай қамқорлық болып табылады. Сондай-ақ өзінің бастамасын Маршалл жоспары кезеңінен алатын «европалық калпына келтіру бағрламасы» шеңберінде де едәуір қаражат бөлінеді.

Қазіргі кезде бизнестің  бұл түрін қаржыландырудың негізгі  көзі федералдық бюджет, оның қорлары, «Кредитанштальт фюр Видерауфбау» (Майндағы Франкфурт), «Дойче аусглейхсбанк» (Бонн) және «Берлинер индустрибанк» (Берлин) сияқты арнайы үш банк арқылы бөлінеді. Шағын және орта фирмаларға несиплер тікелей емес, ақшаның дер  кезінде қайтарылуына кепілдік беретін  олардың өздерінің банктері негізінде  іс жүзіне асырылады.   Сонымен  қатар шағын фирмалар федералды  және жергілікті үкіметтердің кепілдіктерін  де пайдалана алады. Жаңа жұмыс орындарын  ашу мен экономикалық аймақтық құрылымын  жақсартуға ынталандыратын арнайы несиелерді жергілікті үкіметтер береді.

Инновациялық салаға көмек. Бұл мақсатқа федералды үкімет 1990 жылдардың басында бір жыл  ішінде 750 млн. маркаға дейінгі мөлшерде қаржы бөліп отырады. Бұл көмектің ұйымдық формалары әралуан: индустриалды және ғылыми парктер, жұмыс бабына қарай  бөлмелер бере алатын, ақпараттық банктерге  енуге, консультацияларға, капиталдарға қатысуға рұқсат беретін мүмкіндіктері  бар инновациялық орталықтар.

Бизнес саласында инновацияны мемлекеттік қолдау олардың ғылыми мекемелермен бірлесіп жұмыс істеуіне көмектесу, қажетті ақпараттық және консультациялық инфрақұрылымды жасау, технологияны алуды жеңілдету, ғылыми қызметкерлерді даярлауға жәрдемдесу жұмыстары арқылы іс жүзіне асырылады.

     Жапонияның мемлекет пен бизнес серіктестікті қолдау тәжірибесі.Енді Жапониядағы мемлекет пен бизнес серіктестікті қолдауға келетін болсақ.. Мемлекет пен бизнес серіктестікті дамыту жөнінде Жапония мемлекеті де үлкен тәжерибеге ие болып отыр.

Информация о работе Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы