Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Февраля 2014 в 00:02, курсовая работа

Краткое описание

Тақырыптың өзектілігі: Қазіргі жағдайда мемлекеттің экономикалық құрылымын жоспарлау оның қаржы жүйесін талдаусыз мүмкін емес. Бұл жүйе қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институттардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпыэкономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси, экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.

Содержание

Кіріспе.......................................................................................................................3
І Мемлекет пен бизнестің арақатынасының теориялық негізі...................5
1.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігі: маңызы, шарты, факторы..................5
1.2 Мемлекет пен бизнестің арақатынасының дүниежүзілік тәжірибелері......10
1.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ұйымдық –құқықтық негіздері..25
ІІ Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы........................33
2.1 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің ерекшеліктері..............................33
2.2 Мемлекет пен бизнестің өзара арақатынасының мәселелері.....................37
2.3 Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің негізгі бағыттары.......................59
Қорытынды............................................................................................................79
Пайдаланған әдебиеттер......................................................................................81

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекет пен бизнестің арақатынасының диплом заказ 2012 .docx

— 206.77 Кб (Скачать документ)

Жапонияда  бизнеске ерекше назар аударады. Себебі, мемлекет пен  бизнес серіктестікті дамыту арқылы жапония соғыстан қираған елден  жоғары технологиялық дамыған елге айналады. Жапонияның халық шаруашылығында  бизнес субъектілерінің саны, жұмысшылар саны, тауар айналымы басқа секторлармен салыстырғанда алдыңғы қатарда  тұр. Дәстүр бойынша әрбір ірі  корпорация өз жанында бірнеше шағын  кәсіпорын құрады. Бұл кәсіпорындар бас кәсіпорынға тәуелсіз болады және өздерінің ұйымдық құрылымын  жасайды, жаңа өнімдерді шығара бастайды.

Жапонияда шағын кәсіпорындар үлесіне: өндірістік өнімнің 55%-зы, көтерме  сауданың 60%-зы, бөлшек сауданың 80% - зы тиеді. Еркін нарықты бәсеке шағын  кәсіпорындарға сыртқы ортаға бейімделуіне көмектеседі. Мұндай жағдайда мемлекеттік  органдар шағын кәсіпорындарға құрал-жабдықтарды  жаңртуға, технологияны жақсартуға, өнімге деген сұранысты дамытуға көмек  береді.

Жапонияның  бизнесті мемлекеттік  қолданудың басты ерекшелігі – басымды  бағыттарды дамытудағы уақыт мерзімі. Басымдылық бағыттар бір немесе одан да көп жылдарға бекітіліп, кейіннен өзгеріп тұруы мүмкін. Мемлекет шағын  кәсіпорындарға мемлекеттік тапсырыстарды  алуда да көмектеседі. Жапонияда  бизнесті мақсатты түрде бюджеттен  қаржыландырады. Әрбір министрлік, ведомство өз шығындар бюджетіне  бизнеске жұмсалатын қаржыны кіргізеді. Шағын және орта кәсіпорынға жеңілдетілген  салық мөлшермесі қолданылады. Жапонияда  шағын және орта кәсіпорындар жалпы  ұлттық өнімнің 73%-ына ие болып отыр [14].

Ресей Федерациясындағы  бизнес. Экономиканы құрылымдық қайта  құру үшін  бизнесті дамыту маңызды  мәселе. Ресей Федерациясында экономиканың бұл секторын дамыту мақсатында бірқатар экономикалық шаралар жасалынып, жүзеге асырылған.

1995 жылы Ресей Федерациясында  « бизнесті мемлекеттік қолдау  туралы» Заң қабылданды. Бұл Заң  бойынша жаңадан құрылған кәсіпорындар  екі жылға дейін табыс салынған  төлеуден босатылады.  бизнесті  қолдаудың Федералдық Қоры арқылы  әр түрлі жобалар қаржыландырады. Бұл қорға Федералдық меншіктегі  кәсіпорындарды жекешелендіруден  түсетін қаржының 5%-зы келіп түседі. Федералдық Қор арқылы шағын  және орта кәсіпкерлікті қаржыландыру  жүйесі екі қағидаға негізделген:

- федералдық Қордан жұмсалатын  әрбір рубльге аймақтардан да  бір рубль жұмсалуы керек;

- қаржыландыру өкілетті  банктер арқылы жүзеге асырады.

Қор банкке өз резервтік  қаржысын салады, ал банк өз қаржысынан аймақтарда кәсіпкерлерді қаржыландырады.

1994-1995 жылдары «Кәсіпкерлікті  мемлекеттік қолдаудың мемлекеттік  программасы» жүзеге асырылды. Бұл  бағдарламаны іске асырғаннан  кейін, Ресей Федерациясында кәсіпкерлікті  қолдауды біркелкі жүйесі жұмыс  істей бастады. Бұл жүйеге: Ресей  Федерациясының кәсіпкерлікті қолдау  мен дамытудың мемлекеттік комитеті, аймақтық қорлар мен орталықтар  кіреді.

 бизнесті қолдаудың  аймақтық қорлары мен орталықтары  барлық аймақтарда құрылған. Шағын  кәсіпкерлік Федералдық және  жергілікті бюджеттерден қаржылық  көмек алады, жергілікті салықтар  бойынша әртүрлі жеңілдіктерге  ие. Сонымен бірге жергілікті  бюджеттерден  бизнестің инфрақұрылымын  құру жобалары қаржыландырады.

1999 жылдың басына есептегенде  Ресей Федерациясында 900 000-нан аса  шағын кәсіпорындар жұмыс істеп  тұрды. Бұл кәсіпорындардың орташа  жұмысшылар саны - 7 адамнан тұрды. 

Ресей федерациясында шағын  және орта кәсіпкерлікке мемлекеттік  қолдау көрсетілуін заңмен және нормативтік  актілермен қамтамасыз етудің «қосдеңгейлі»  құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік  берілген. Онда осы салада шағын  және орта кәсіпкерлікке федералдық деңгейде қолдау көрсетудің мемлекеттік  саясатының жалпы принциптерін, нысандары  мен бағыттарынбелгілеу және оларды Ресей Федерациясының субьектілері деңгейінде жергілікті жағдайлар мен ерекшеліктерді ескере нақтылау көзделген.

Ресей Федерациясындағы шағын  және орта кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету тәжірибесі.

Шағын және орта кәсіпкерлікті  ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін  одан әрі дамыту мақсатында мына міндеттерді  шешу көзделген:

мемлекеттік органдар ақпараттың кәсіпкерлер үшін ашық болуын қамтамасыз ету;

 бизнес бойынша ақпараттық  басқару органдары, кәсіпкерлік  құрылымдар, шетелдік және халықаралық  ұйымдар үшін ашық болуын қамтамасыз  ету;

Аймақтарда ақпараттық-талдау орталықтары жүйесінің құрылуын аяқтау.

Ресей Федерациясында шағын  және орта кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесін жасау  кезінде бұрын құрылған ақпарат  ресурстарын және бағдарламалық-техникалық құралдарды барынша жүйеге келтіре  отырып пайдалану белгіленген. Шағын  және орта кәсіпкерлікті ақпаратпен қамтамасыз ету жүйесі шағын және орта кәсіпкерлікке жатқызылатын, ең аз қорғалған кәсіпкерлік құрылымдарға арналған.

Шағын және орта кәсіпкерлікті  ақпараттық қолдау жүйесі сондай-ақ Ресей  Федерациясында шағын және орта кәсіпкерлік  дамуының жайы туралы федералдық және аймақтық билік органдары үшін ақпарат  алуға, ақпарттық және телекоммуникациялық  жүйелерді біріктіру негізінде  олардың дамуының үйлестірілуін  қамтамасыз етуге, сондай-ақ телекоммуникациялық  жүйелер жеткіліксіз дамыған  аймақтарда ақпаратық құрылымдар жасау  мен дамытуға мүмкіндік береді.

Мұнымен бірге ақпараттық-талдау орталықтарының жүйесі аймақтық және салалық принциптер бойынша қалыптасады  және қазіргі кезде ақпараттық қызмет саласындағы жұмыс тәжірибесі бар  кәсіпорындарға негізгіделген.

Бұл шараларды жүзеге асыру  базалық аймақтық ақпарат орталықтарының пәрменді жұмысын қамтамасыз етуге, Ресейдің әрбір дерлік аймағында  жаңа ААО құру мен дамытуға мүмкіндік  береді. Осының бәрі шағын және орта кәсіпкерліктің ақпаратпен қамтамасыз етілуін едәуір жақсартуға мүмкіндік  береді.

Соныммен қатар Ресей  Федерациясында оқыту және мемлекеттік  құралдарды пайдалану тиімділігін  артыру мақсатында мемлекеттік және мемлекеттік емес оқу орындарын  сертификаттау жүйесі енгізілген. Сертификаттау  жария түрде, сертификатталатын  оқу орнының меншік нысаны мен  құқықтық мәртебесін шектеместен өткізіледі. Сертификаттаудан өткен құрылымдар  бизнес саласы үшін және оған мемлекеттік  қолдау көрсету үшін кадрлар даярлауға  мемлекеттік (аймақтық, муниципалдық) тапсырыс алудың басым құқығына ие болады.

Кадрлар даярлауға, ғылыми-методикалық  қамсыздандыру жүйесін жасауға  федералдық бюджеттен қаражат жария  өткізілетін конкурс арқылы іріктеу (тендер) негізінде бөлінеді. Сол  арқылы білім беру рыногындағы бәсекелестік ынталандырылады. 

Ұлыбританияның  бизнес. Ұлыбританияда  бизнес субъектілеріне: жылдық тауар айналымы 2 миллион  фунт стерлингтен аспайтын, активтер сомасы                        1 миллион фунт стерлингтен және жыл бойы 50 адамды жұмыспен қамтитын кәсіпорындар жатады.

Ұлыбритания мемлекеттік  концультациялық қызметі бастаушы кәіпкерлерге қажетті кеңестер береді. Мысалы: коммерциялық мәселелерді қалай  шешу керек екенін, бухгалтерлік есепті қалай жүргізу керектігі туралы, нарықты қалай зерттеу керек  екендігі туралы кеңестер.

 бизнес және орта  жөніндегі Үкіметтік қызмет кәсіпкерлер  үшін әртүрлі семинарлар мен  курстар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар Үкімет банктер  алдында кәсіпкер үшін қарыздық  кепілдеме береді. Шағын кәсіпорындар  салықты табысқа жеткеннен соң  ғана төлейді.Ұлыбритания тәжірибес  көрсетіп отырғандай,  бизнес, өндіріс  көлемін ұлғайтуда, тауарлар мен  қызметтер ассортиментін кеңейтуде,  өнім сапасын көтеруде маңызды  роль ойнайды. 

 бизнес адамдарға өзінің  творчествалық мүкіндіктерін көрсетуге  мүмкіндік береді. Ұлыбританияда  шағын кәіспкерліктің дамуына  консервативті үкімет саясаты  – қаржылық жеңілдіктер, кеңес  беру қызметтері мен бизнес  техникасын оқытатын курстардың  болуы ықпал етті. 

Ұлыбританияда шағын кәсіпкерліктің дамуының үш үлгісі бар: қызмет масштабын  кеңінен статус – квосын сақтай отырып консервациялау; ресми белсенділікті  ақырын кеңейту; шағын кәсіпорындарды орташаға, сосын ірі компанияларға  өзгерту. Көптеген зерттеулер көрсетіп отырғандай, шағын кәсіпорындар иелерін  біраз бөлігі одан әрі өсуге тырыспайды. Олардың ең басты мақсаты –  тұрақтылықты қамтамасыз ету. 

Үкімет  бизнес саласына жалпы кәсіпкерлік қызметтің  әлеуметтік – экономикалық шарттарын  қамтамасыз ету арқылы ықпал етеді (салық салу, жекешелендіру, еңбек  заңдары саласындағы шаралар), сонымен  бірге әр түрлі экономикалық, ұйымдық, құқықтық нормалар мен әдістерді  қолданды.

1991 ж. Ұлыбританияда ұсақ  кәсіпорындарға оларды басқару  мәселелері бойынша көмек беруге  мамандандырылған фирмалардың қызметінен  зерттеу жүргізілді. Шағын кәсіпорындардағы  мәселелермен кеңес берушілер  танысып, кеңес берумен ғана  шектеліп қоймайды, сонымен бірге  өз ұсыныстарының фирманың жүзеге  асуына ат салысады. Бұл көмектің  болуы және орта және  бизнестің  даму стратегиясының болуы бұл  саланың Ұлыбританияда гүлденуіне  әкеледі.

Франциядағы  бизнес. Қазақстанда  шағын кәсіпорынды ашу үшін жұмсалатын күш-жігерді шет елде шағын кәсіпорын  ашуға жұмсалатын уақытпен салыстыру  мақсатында Франция Үкіметінің шағын  кәсіпорындар үшін жасап жатқан шараларын  атап өткен жөн. 

Франциядағы тұрақты түрде  дамып жатқан іскерлік қызметтің  негізінде мемлекеттің мақсатты түрде жүргізіп жатқан саясаты жатыр. Басты назарда шағын және орта кәсіпорындар. Себебі бұл кәсіпорындар нақты экономиканың ең динамикалық  агенті. Францияда шағын кәсіпорындарға – жұмысшылар саны 500-ден аспайтын кәсіпорындар жатады. Ресми дерек  бойынша Францияда шағын және орта кәсіпорындарда – 16 500 000 адам жұмыспен қамтылған. Орташа есеппен бір кәсіпорында 7 адам жұмыс істеген.

Әдетте әкімшілік процедуралар шағын кәсіпорындарды құруға кедергі  келтіретіні мәлім. Сондықтанда  Франция Үкіметі формальды мәселеледі қысқартуға көшті. Францияда мемлекет пен бизнес серіктестікті экономика, қаржы, индустрия министрлігінің бір  департаменті бақылайды. Әкімшілік  қысым бірқатар әкімшілік, әлеуметтік процедураларды оңтайландыру арқасында  азайды. 
      Францияда  бизнесті несиелеу кезінде пайыздық өсімді мемлекет бонификациялайды. Бонификация – бұл жеңілдету. Қаржылық механизм арқылы мемлекет  бизнеске несие ұсынысын арттырды.

Орталық бюджет арқылы  бизнеске жұмыспен қамтуды да қаржыландырады. Яғни еңбек және әлеуметтік шығындар бойынша жеңілдіктер беріледі. Францияда  жұмыссыздар өз кәсіпорнын ашу үшін мемлекет көмегіне сүйене алады.

Кәсіпорындарды шағын  фирмалар категориясына жатқызудың кең таралған қағидаларының бірі – ондағы жұмысшылардың саны. Мысалы, он адамнан аз жұмысшылары бар  фирмалар ұсақ болып табылады, 10-49 адамдар  – шағын, 50-499 – орташа, 500 көп - ірі  фирмалар. Экономикалық саясатты жүзеге асырарда мемлекеттің мақсатттарының бірі – шағын фирмаларды қолдау.  бизнеске ерекше жағдай жасау концепциясы  Францияда кеңінен тарады.  бизнесті дамыту үшін үкіметтен қаржылық, салықтық және і\әкімшілік шараларды қосатын  жоба дайындалды. Француз үкіметі  қаржылық ынтаға көп көңіл бөледі.

Ол жаңадан кәсіпорын  құруға, фирмалардың басқа аймақтарға ауысуына, инвестицияның өсуіне, шағын  және орташа фирмалардың ынтымақтастығын  реттеуге арналған жеңілдіктерді ұсынады. Мемлекет ұсақ және шағын фирмаларға несие беретін бірқатар ұйымдар  құрды. Оның ішінде – аймақтық даму қоғамы, өнеркәсіптік даму институты, жаңалық енгізуді қаржыландыратын  компаниялар және т.б. Францияда  несиелерді кепілдендіретін 50 жуық ұйымдар  бар12. 80 жыл басында несиелерді кепілдеудің  Ұлттық қоры құрылды.

Қор шағын және орташа фирмаларды тәуекел капиталды ұсынатын компапияның  қарамағында. Ол  бизнеске әр түрлі  қаржылық ұйымдармен ұсынылатын займдардың 65% кепілдеуді қамтамасыз етеді. Қоғам  шағын фирмаларға құрал алу үшін және оны жұмыс бабында ұстап  тұру үшін қаржылық ресурстар бөледі. 

Шағын және орташа кәсіпорындағы  жұмысшылардың жалпы саны 16 500 000 адам. Орташа және шағын кәсіпорындардың  орташа көлемі – 7 жұмысшыдан. Шетелдегі  француздық шағын және орташа кәсіпорындар – 1400. Мемлекеттің жалпы экспорт  көлеміндегі шағын және орташа кәсіпорындар пайдасына жүргізілетін француз  үкіметінің саясаты экономиканың бұл  саласына мемлекеттің қызығуын дәлелдейді. Ол үкіметтің екі декретінде көрінеді: 

- «франциядағы ұсақ және  орташа кәсіпорындары» және «шағын  және орташа кәсіпорындардың  пайдасына 37 шара». 

Құжаттардың атының өзі мемлекеттің  бизнестің дамуына қандай маңыз  беретінін айтады. Егер алғашқы құжат  қаржылық – экономикалық қолдауды қарастырса, онда екіншісі ұйымдық - әкімшілікті  қарастырады. Ондағы ең басты пункт  болып тіркелу орталықтарында шағын  кәсіпорындарды құруға арыздарды қарастыруға  бұрынғы 5 күннен 24 сағатқа дейін  қысқарту, «шағын кәсіпорындарға даму банкін» құру табылады, сонымен бірге  әрдайым ірі банктер және қаржылық ұйымдармен ынтымақтастықта болу жағдайды жақсартуға және шағын кәсіпорындардың  пайдасына қаржыландыру тиімділігін  ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Оған мысал ретінде  территориялық орналастыру және аймақтағы қызмет жөніндегі Делегацияны  – DATAR келтіруге болады, ол аймақтарда мемлекет пен бизнес серіктестікті  дамытумен айналысады. DATAR өндірістік жобаларға егер олар келесідей міндеттерге  жауап берсе дотация бөледі: 

Информация о работе Мемлекет пен бизнестің серіктестігінің даму болашағы