Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 18:08, курсовая работа
Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].
Кіріспе…………………………………………………………………….......……3
1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5
1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5
1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8
2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24
3 Лизинг шарты.....................................................................................................28
3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33
4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42
4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42
4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50
4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52
Қорытынды ………………………………………………………………...........56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58
Қазіргі Конвенция қатысушылары болып
РФ, Беларусия, Венгрия, Италия, Латвия,
Нигерия, Панама және Франция табылады.
Әрине конвенцияның жетістігі оның
қатысушыларының санымен
Кез келген халықаралық
Нормаларға байланысты көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру көптеген қиындықтар тудырады. Ол халықаралық дербес құқығы саласына кіретін халықаралық келісімдердің «екі сатылы» екіндігінде көрінеді. Мұндай келісімде халықаралық дербес құқығы нормалары мен халықаралық жария құқығының нормалары көршілес болады.
Халықаралық келісімдер әрқашанда жария болып табылады, себебі бұл халықаралық құқық субъектілері еріктерінің келісімі. Сондықтан кез келген халықаралық шарттың қабылдануы, әрекет етуі, өзгеруі және тоқтатылуы халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сәйкес болады. Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 34 бабына сәйкес шарт үшінші бір мемлекетке оның келісімінсіз ешқандай құқықтар мен міндеттер тудырмайды, яғни қатысушы-мемлекеттерге қатысты ғана әрекет етеді.
Мемлекет егемендігі қағидасының әсер етуіне байланысты мемлекет шетел азаматтарына белгілі бір ережелер белгілеуге құқылы. Бұл ережелердің қалай қабылданғандығы ешқандай әсер етпейді. Мұнда тек нәтиже үлкен мағыналы. Ол біреу ғана пайда болған норманы орындау мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етіледі.
Халықаралық қаржы лизингі туралы Конвенцияның әрекет ету аясына конвенцияның бірінші тарауы берілген. Конвенция қаржы келісімдеріне таралады. Оның сипаттау белгілері келесідей анықталған:
лизинг алушы жабдықтар мен жеткізушіні таңдайды;
жабдықтар лизинг берушімен алынады;
лизинг келісімі жабдықтарды алу мезетінде жасалу керек немесе кешірек те жасалады;
лизинг келісімі туралы жеткізуші де білу керек;
лизинг келісімі бойынша жалдау төлемдері жабдықтардың тозу бөлігіне немесе толығымен сәйкес болуы тиіс.
Жоғарыда аталғандарға қосымша ретінде Конвенцияның 1-бабының 1-тармағы қаржы лизингі мәмілесінің қосымша белгілерін бөледі, оған сәйкес қаржы лизингі мәмілесінде:
лизинг беруші лизинг алушының нұсқамасы бойынша үшінші тараппен (жеткізушімен) келісім (жеткізілім шарты) жасасады, ол бойынша лизинг беруші лизинг алушы мақұлдаған машиналар жиынтықтылығын, өнеркәсіп құралдарын және басқа да жабдықтарды алады;
лизинг беруші
лизинг алушымен шарт жасасады,
ол бойынша лизинг алушыға
жалдау ақылары үшін
Бұл ережелер қаржы лизингі анықтамасын түсіну үшін қажет. Қаржы лизингі екі өзара байланысты, бірақ жеке шарттардан тұрады: жеткізілім шарты және лизинг шарты. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына кіргізілген тауарларға алынатын кедендік баждар мен салықтарды төмендету жағдайын да қарастырған жөн.
ҚР Азаматтық кодексінің (Ерекше бөлімі) лизинг алушы мен лизинг берушінің құқықтары мен мүдделерін қорғауды оның бір мақсаты ретінде есептейді. Кодексте ішкі құжаттарға сілтеме жасайтын нормалар да бар, оларды жоспарлау мен қабылдау лизинг компанияларына міндетті болып табылады.
Сонымен жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, лизинг туралы заңнаманы ары қарай жетілдіру мақсатында келесі қорытындылар мен ұсыныстар жасаймыз:
Бұрын заң күшінде болған Азаматтық кодекске қарағанда жаңа қабылданған ҚР АК лизинг опреацияларын жүзеге асуын толық реттейді.
Лизинг туралы
тарауды жобалағанда
Конвенцияның
нормалары сондай-ақ сублизинг
шарттарына да қатысты
Конвенцияның әрекет ету аясын анықтауда оның аумақтық қолданылуын анықтау негізгі болып табылады. Сонымен, ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы лизинг мәмілесіне түсінік береді: лизинг мәмілесі деп лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылының жиынтығын айтамыз. Бұл анықтаманы заң белгілеп өткен, бірақ оның құқықтық жағынан қажеті жоқ деп есептейміз.
Лизинг шарты егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, тараптардың анықталған келісімі бойынша белгіленген мерзімге жасалады. Сонымен қатар, лизинг шартының мерзімі лизинг пәні құнының белгілі бір бөлігінен немесе тозу мерзімінен аз болуы керек.
Лизинг шарты тараптар оған қол қойғаннан бастап заңды күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Осыған сәйкес лизинг шарты жазбаша нысанда болуға тиіс.
Қазақстанда «Қаржы лизингі туралы» Заңымен лизинг қатынастары сатушының, лизинг берушінің және лизинг алушының арасында бір лизинг шартымен рәсімделуі мүмкін (13-бап). Егер лизинг шартында сатушы қатысса, онда жеке сатып алу-сату шарты жасалмайды. Мұндай жағдайда сатушының құқықтары мен міндеттері лизинг шартымен белгіленеді.
Тараптардың біреуінің талабы бойынша лизинг шарты мерзімінен ерте сот тәртібімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Лизинг беруші талабы бойынша лизинг шарты келесі жағдайларда бұзылуы, ал шарт нысанасы қайтарылуы мүмкін: