Лизингтің түсінігі мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………….......……3

1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5
1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5
1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8

2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24

3 Лизинг шарты.....................................................................................................28
3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33

4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42
4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42
4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50
4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52

Қорытынды ………………………………………………………………...........56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг.doc

— 425.50 Кб (Скачать документ)

Лизинг мүлігін берген жағдайда, оның дұрыс пайдалануы және жөндеуі  туралы, АК-те және ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңында диспозитивтік нормалар бар.

ҚР АК-нің 571-бабының 1-тармағында көрсетілген  лизинг шартының пәні болып табылатын  мүлікті сатушы лизинг алушыға, егер шартта өзгеше көзделмесе немесе міндеттеме мәнінен өзгеше туындамаса, лизинг алушы орналасқан жерде тікелей береді. Лизинг алушы мүлікті өзі пайдаланған кезде оны жөндеуге міндетті, ал оған толық жөндеу жасауға лизинг беруші міндетті.

ҚР АК-нің 29 тарауының 2-параграфында лизинг нысаны туралы ережелер жоқ. ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңында лизинг шартының жазбаша нысанда жасалуы көзделген. ҚР АК-нің 544-бабы жазбаша нысанды көрсеткен. Жылжымайтын мүлікті жалдауда, егер заңда өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік тіркеуге жатады. Қандай да бір арнайы ережелерді не ҚР АК не ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы белгілемеген.

Лизинг шартын реттейтін арнайы ережелер болмаса, онда мүлік жалдау туралы жалпы ережелер (29-тарау §1) қолданылады.

Лизинг шартының бағасы көбінесе төленетін  лизингтік төлемдер арқылы айқындалады. Лизинг алушының негізгі міндеттерінің бірі болып лизинг берушіге уақытылы лизинг төлемдерін төлеу табылады. ҚР АК-сі (29-тарауының §2) жалдау ақысы туралы ешқандай арнайы ережелер белгілемеген және лизингтік төлемдер туралы да ережелер жоқ.

ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 21-бабына сәйкес лизинг төлемдері – лизинг шартын жасаған кездегі баға бойынша лизинг нысанасы құнының барлық немесе елеулі бөлігінің өтелуін ескере отырып есептелуге тиіс және лизинг шартының қолданылу мерзімі бойынша жүзеге асырылатын, лизинг шарты қолданылуының бүкіл мерзімі ішінде лизинг лизинг шарты бойынша төлемдердің жалпы сомасын білдіретін мерзімдік төлемдер, оған мыналар енеді:

лизинг шартына сәйкес лизинг берушіге лизинг нысанасын сатып алуға  жұмсалған шығындарды және лизинг нысанасын  сатып алуға, жеткізіп беруге және нысаналы түрде пайдаланылуы үшін оны жұмыс істейтін күйге келтіруге тікелей байланысты кез келген басқа шығындарды өтеу;

 лизинг бойынша сыйақы.

Заңды жағынан қарағанда, лизинг шартының жалпы сомасы және лизинг төлемдерінің нақты мөлшері екі тараптың келісі бойынша лизинг шартында анықталады. Егер лизинг беруші мен лизинг алушы лизинг төлемдерін натуралды нысанда беру туралы келіссе, яғни лизинг объектісі арқылы алынған өніммен, онда мұндай өнімнің бағасы да тараптардың келісімімен жүзеге асырылады.

Сонымен, лизинг шарты уәкілетті  мемлекеттік орган белгілейтін  бағалар пайдаланылатын шарттар  қатарына жатпайды, сондықтан бұл  жерде шарт еркіндігі принципі толық  әрекет етеді.

Экономикалық тұрғыдан қарағанда  лизинг төлемдері өндіріс шикізатының бағасын, капиталдың жинақталуын және кәсіпкерлік қызметті ынталандыруды қамтамасыз етеді. Жалпы алғанда лизинг төлемдерін мүлікке деген меншік құқығын жүзеге асырудың эконмикалық нысандарының біріне жатқызуға болады. Мүлікті лизингіге бергенде лизинг беруші оны бағасын қайтарып алуды және капиталына анықталған пайыз мөлшерінің қосылатынына сенеді.

Лизинг төлемдерінің объективтілігі мүліктің бағасымен, жағдайымен, тозу мерзімі мен нормасымен, ссудалық пайызбен, салық жеңілдіктер және басқа да жағдайлармен анықталады.

Лизинг төлемдерінің анықтаушы  принципі ретінде жалға алынған  қаражаттардың және оның өсімімен қайтарымдылығы табылады. Өндіріс құралының бағасы лизинг алушының өндіретін өнімінің еңбегімен анықталады.

 Лизинг төлемдерін анықтаудың әдістемелік негізін айналым кірісінің бөлуі құрайды. Лизинг шартында тек лизинг алушының ғана емес сонымен қатар, лизинг берушінің де мүдделері көзделген.

Лизинг төлемдерін теориялық жағынан  екі негізгі сатыға бөлуге болады: жоғарғы сатысы – лизинг алушының орта салалық норма табысын табатын максималды мүмкін болатын өндіріс, төменгі – лизингіге берілген мүліктің минималды мүмкін болатын жай өндіріс. 

Лизинг төлемдерінің құрамына мыналар  кіреді:

лизинг шартының әрекет ету мерзімі  бойы лизинг мүлігі бойынша тозу шығындары;

лизинг мүлігін өз меншігіне  алуға кеткен лизинг берушінің несиесі  пайыздарының орнын толтыруға кеткен шығындар;

лизинг берушінің негізгі қызметі  үшін комиссиялық сыйақы;

лизинг шарты бойынша көзделген  лизинг берушінің қосымша қызметтері үшін төлем;

қосымша құн салығы.

 Лизинг шартының кейбір талаптарына  сәйкес лизинг төлемдерінің құрамына  қосымша мыналар кіруі мүмкін:

сатып алынатын мүліктің – лизинг нысанасының бағасы (құны);

егер ол лизинг берушімен төленсе, онда лизинг мүлкіне деген салық;

лизинг берушімен мүлкінің сақтандырылуы  жүзеге асса, онда сақтандыру төлемдері.

Лизинг төлемдері лизинг алушының жарналары түрінде төленеді. Лизинг шартында тараптар келіседі: лизинг төлемдерінің жалпы сомасы, оның нысандары, есептелу әдісі, төлеудің тәсілдері мен уақыты. Төлемнің келесі нысандары бар: ақшалай, төлемақылық, аралас. Төлемақылық және аралас нысандағы төлемдерде өнімге деген бағаларды анықтаудың белгіленген заңды ережелері сақталуы тиіс. Тараптар лизингтік төлемдерді есептеудің келесі әдістерінің бірін таңдауға құқығы бар:

нақты белгіленген жалпы сома әдісі;

авансы бар әдіс.

Нақты белгіленген жалпы сома әдісі  – төленетін жалпы сома лизинг шартының әрекет ету мерзіміне тең  бөліктермен бөлініп тараптардың  келісілген жүйесіне байланысты төленуін білдіреді[29,99б]. 

Төлемдерді аванспен есептеу әдісі  кезінде шартқа отырғанда тараптар оның көлемін анықтайды, ал қалған лизинг төлемдері шарт мерзімінің барлық мерзімі  ішінде тең бөліктермен бөлінеді.

Лизинг шартында лизинг жарналарының төлеу мерзімділігі келісілу керек (ай сайын, тоқсан сайын, жарты жылда бір рет т.б.).

Сонымен, тараптар лизинг төлемдерін жасаудың қай түрін таңдаса да, лизинг төлемдерінің сомасы жалпы өзгерусіз  қалады.

 Лизинг шартының мазмұны  екі тараптардың құқықтары мен  міндеттерінен тұрады.

Лизинг алушы мен лизинг беруші арасында шарт негізінде құқықтар мен  міндеттер пайда болады. Ал сатып  алу-сату шартының негізінде лизинг беруші мен сатушының арасында лизингтік  мүлікті берген уақытта құқықтар мен міндеттер пайда болады.

Лизинг  беруші алушымен келісілген лизинг нысанасын шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға міндетті. Сонымен қатар, сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатып алушыға лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға міндетті. Сондықтан, сатушыға лизинг алушының жеке басы және лизинг шартының жағдайы мәнге ие. Олар жөніндегі көзқарас сатушыға өзінің мүмкіндік қауіп-қатерін есептеуге, мүлік тағайындауды бағалауға мүмкіндік береді.

Лизинг  беруші лизинг нысанасын лизинг алушыға  беруін қамтамасыз етуге міндетті. Лизинг нысанасын оған нақты беру сатушымен жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, лизинг беруші лизинг алушы үшін мүлік сатып ала отырып, мүліктің белгілі бір тұлғаға лизинг ретінде беруге арналғандығы туралы сатушыны хабардар етуге тиіс. Егер лизинг шартында немесе сатып алу-сату шартында езгеше көзделмеген болса, сатушы лизинг нысанасын тікелей лизинг алушыға оның жүрген жерінде береді.

Басқа да беру ерекшеліктері  лизинг шартында көзделуі мүмкін. Лизинг нысанасы лизинг берушінің өзімен берілетіні де көзделуі мүмкін.

Лизинг  беруші лизинг алушыдан лизинг нысанасын  мынадай жағдайларды талап етуге құқылы: егер лизинг алушы нысанасын пайдаланылуы лизинг шартының жағдайларына немесе лизинг нысанасын қызметіне сәйкес келмесе; егер лизинг алушы берушіге лизинг нысанасын көруге шектеу жасаса; егер лизинг алушы лизинг шартымен белгіленген мерзімі өткеннен кейін екі және одан да көп лизинг тәлемдерін төлемесе.

Лизинг  берушінің бірқатар құқықтары мен міндеттері қарапайым мүлік жалдау шарттарында сиякты болып келуі мүмкін. Кейбір ерекшеліктерінен басқа, лизинг алушының және кәдімгі жалға алушының құқықтары мен міндеттері бір-біріне сәйкес келеді.

Лизинг  алушының құқықтарының ерекшелігі мынадай: лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға құқылы; егер лизинг нысанасы тиісті кемшіліктермен жсткізілсе, лизинг нысанасын қызметі бойынша пайдалануына кедергі жасаса, лизинг нысанасын ауыстыруға талап етуге құқылы [24,148б]. 

Лизинг  алушы нысанасын көруі не кедергі  жасамауға міндетті.

Лизингтің нысанасы болып табылатын мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі, мүлікті берген кезде лизинг алушыға ауысады. Осыдан лизинг шартының кәсіпкерлік сипаттамасы көрінеді. Шартпен осындай мүліктің кездейсоқ жойылу бүліну қаупінің өзге де бөлінуі көзделуі мүмкін.

Лизинг  берушінің, лизинг алушының және сатушының жауапкершілігі лизинг шартында белгіленеді. Лизинг нысанасын сатушы мен лизинг берушінің арасында жасалған сатып алу-сату шартын орындау жөнінде атап айтқанда, лизинг нысанасының жиынтықтылығына, оны беру мерзіміне қатысты және сатушы шартты тиісті дәрежеде орындамаған басқа да жағдайларда тікелей лизинг алушының алдында жауапты болады. Сатушымен қатынастарда лизинг алушы мен лизинг беруші бірлескен несие берушілер болып келеді.

Егер лизинг шартында өзгеше көзделмесе, сатушыны таңдау құқығы лизинг алушыда болған жағдайларды қоспағанда, лизинг беруші лизинг алушының алдында сатушының сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды орындалуы үшін жауап бермейді. Сатушыны лизинг беруші талдайтын жағдайда лизинг алушы сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды тікелей өз қалауы бойынша оның алдында жауапкершілік көтеретін мүлікті сатушыға да, лизинг алушыға да қоюға құқылы. Лизинг беруші сатып алу-сату нысанасы болып табылатын мүлікті лизингке тапсыру туралы сатушыға хабарлау жөніндегі міндетін бұзған жағдайда лизинг беруші сатып алу-сату шартынан туындайтын талаптарды сатушының орындауы үшін лизинг алушының алдында толық жауапты болады.

Егер  лизинг алушы лизинг шартының талаптарын бұзса, лизинг беруші қосымша екі  құқыққа ие болады: даусыз түрде  ақша сомасын талап етуге және лизинг пәнін даусыз қайтарып алу құқығына ие. Сондықтан ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңына көңіл бөлген жөн: «Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг беруші лизинг нысанасын даусыз тәртіпте талап етуге құқылы» (Заңның 11-бабының 4-тармағы).

Осы параграфтың соңында лизингінің кемшіліктерін де қарастырғанды  жөн көріп отырмыз:

Егер  жабдықтар қаржы лизингісіне  алынса және ол лизинг шартының мерзімі  аяқталғанша ескірсе де, лизинг алушы  шарт мерзімі аяқталғанша лизинг төлемдерін төлеуге тиіс.

Жедел лизингі кезінде жабдықтардың ескіру қауіпі лизинг берушіге жүктеледі, ол сол үшін лизинг алушыдан көп мөлшерде төлемдер алуға мәжбүр.

Егер  жабдықтар істен шығып қалса, онда да жабдықтың күйіне қарамастан белгіленген мерзімде лизинг төлемдері жасалуға тиіс.

Егер  лизинг шартының объектісі ретінде  үлкен және күрделі объект болса, онда олардың әртүрлі талаптарына  сәйкес шартты дайындау (әзірлеу) біраз  уақытты және қаражаттарды талап  етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары

 

4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі

 

 

Лизингтің тарихы ұзақ және табысты. Ерте кездегі құжаттарға жүгінсек б.э.д. 2000 жылдан басталады, онда жалға ауылшаруашылық еңбек жабдықтары және жануарлар берілген.

Орта ғасырларда Венецияда теңіз саудасымен айналысатындарға жалға якорь беріледі. XIX ғасырдың ортасында АҚШ пен Ұлыбританияда теміржолдың қарқынды дамуы кезеңінде лизингіге теміржол вагондары беріле бастады, ал 1887 жылы »Bell» телефон компаниясы өз телефондарын сатпай, оларды жалдауға беруді орнатуды шешті. Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңінде АҚШ үкіметі біздің елімізге жалдау түрінде өз әскери жабдықтарын және мүліктерін берді. Бұл операция тарихта «Ленд-лиз» деген атпен таным.

Қазіргі лизинг құрылымы XX-ғасырдың 30-жылдарында АҚШ-та пайда болып, кейіннен барлық құрлықтарға тарады. Қазіргі лизинг әлемдік нарықта қарқынды даму кезенін (80-ші жылдары) және төмендеу кезенін (90-жылдардың бірінші жартысы) өтті.

Дербес құқықты унификациялау  бойынша Халықаралық институты (УНИДРУА) – халықаралық үкіметтік ұйымдардың ең ертеде пайда болғаны және оның негізінде Халықаралық қаржы лизингі туралы Конвенция қабылданды. УНИДРУА өз қызмет ету мерзімі ішінде бірнеше халықаралық конвенциялардың жобаларын әзірледі. Жекелеп айтқанда, бұл ұйыммен Шартты міндеттемелерге қолданылатын құқық туралы Конвенция (1980ж), Халықаралық тауарларды сатып алу-сату туралы БҰҰ Конвенциясы (1980ж), Заңсыз ұрланған немесе экспортталған мәдениет объектілерін қайтару туралы Конвенция (1995ж). жобалары даярланды.

УНИДРУА-ның халықаралық қаржы  лизингі туралы Конвенциясы 1988 жылдың 26 мамырында Оттавада болған дипломатиялық  конференцияда қабылданды. Жобаны әзірлеуге  байланысты жұмыс 1974 жылы, осы сұрақ  бойынша УНИДРУА-ның жұмыс тобы құрылғанда басталған. Жұмыс тобы бірнеше сессия өткізді. Жобаны әзірлеу жұмысына лизинг компаниялары және банктер қатысқан. Бұл жұмыстың нәтижесінде Халықаралық қаржы лизингі туралы Конвенция 1988 жылдың 26 мамырында Оттава қаласында қабылданды, онда алғашқы рет лизинг үшжақты мүліктік қатынастар кешені ретінде қарастырылды.

Информация о работе Лизингтің түсінігі мен маңызы