Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 18:08, курсовая работа
Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].
Кіріспе…………………………………………………………………….......……3
1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5
1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5
1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8
2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24
3 Лизинг шарты.....................................................................................................28
3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33
4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42
4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42
4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50
4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52
Қорытынды ………………………………………………………………...........56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58
Шарты өзгерту мен бұзудың негіздері ішінде тараптардың біреуімен шарты елеулі бұзу табылады. Бұл жағдайда екінші тарап сот тәртібімен шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге құқылы.
Лизинг шарты консенсуалды болғандықтан, яғни тараптар шарттың елеулі болып табылатын талаптарын келіскенде ғана шарт жасалған болып есептелетіндіктен, шарттың елеулі талаптары туралы сұрақты қарастырған жөн. Лизинг шартының елеулі талаптары ҚР АК-нің 567-бабында және ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңының 15-бабында көзделген. Бірақ нормативтік-құқықтық актіде көзделген талаптармен АК талаптар сәйкес келмейді. ҚР АК-нің 567-бабында келесі елеулі талаптар көзделген:
мүлікті сатушының атауы;
лизинг алушыға мүлікті
төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;
шарт мерзімі;
егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе, осындай көшудің талаптары.
ҚР «Қаржы лизингі туралы Заңның 15-бабында лизинг шартының елеулі елеулі талаптары көзделген: шарттың нысаны; сатушыны және лизинг нысанасын кімнің таңдап алғаны көрсетілген лизинг нысанасын сатушының атауы; лизинг нысанасын лизинг алушыға берудің шарттары мен мерзімі; лизинг төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі; лизинг нысанасының құны; шарттың қолданылу мерзімі; егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары; лизинг нысанасының сипаттамасы.
Екі заң актісін талдай келе, қаржы лизинг туралы Заңның кеңерік елеулі талаптарын белгілегенін көріп отырмыз. Сондықтан, заңмен АК арасында қарама-қайшылық болмауы үшін екі актіні сәйкестендіру керек. Сонымен қатар, осы аталған талаптардың ішінде мүліктің кездейсоқ бүлінуі қарастырылмаған.
Ешбір қызмет түрі келісімдік қатынастардың қатысушыларына табыс әкелмесе кеңінен қолданылмайды. Сонымен, лизинг лизинг алушыға қандай мүмкіндіктер (артықшылықтар) береді:
Өзінің бастама капиталына қажеттілікті төмендету. Лизинг лизинг берушімен жүз пайыз қаржыландыруын білдіреді және лизинг төлемдерін бірден төлеуді талап етпейді. Соның арқасында қаржылық ауыртпашылықсыз өндірістік қорды жаңартуға, қымбат мүлікті алуға және өндірісті кеңейтуге жағдай тудырады (кез келген несие алғанда кәсіпорын сатып алынатын мүліктің кем дегенде 15% өздерінің қаражаттарынан төлеуге міндетті) [25,3б].
Көптеген жағдайларда
Практикада лизинг келісімі ссудаға (несиеге) қарағанда қарапайым, сондықтан екі тарапқа да төлемдер жасау схемасын әзірлеуге мүмкіндік береді. Екі тараптың келісімі бойынша лизинг төлемдері, пайдалануға алынған мүліктен табыс түскеннен кейін ғана төленетіндігі көзделуі мүмкін. Төлемдер ставкасы тұрақты немесе нақты белгіленбеген бола алады [32,6б].
Лизинг мәмілесі ұзақ мерзімге жасалуы мүмкін. Осыған байланысты лизинг төлемдерін төлеу мерзімділігі аз болады, пайдаланушының шығындары төмендейді және лизинг шартының орындалуының мүмкіндігі жоғарлайды.
Евролизингтің негізгі принциптері ретінде лизинг алушының өз міндеттерін жариялауы табылады. Міндеттемелер бойынша цифрлы ақпарат үшінші тұлғалардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Ол баспа балансқа қосымша ретінде жасалуы мүмкін.
Сонымен, лизинг мәмілесіне барлық қатысушылар мүдделі: өндіруші өткізудің жаңа каналдарын табады; пайдаланушы жабдықтарды алғашқы қаржылық шығынсыз иелену мүмкіндігіне ие болады; лизинг компаниясы өндіруші мен тұтынушы арасындағы қаржы звеносы болып келеді.
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері
Кез келген азаматтық-құқықтық шарттың негізгі элементтері ретінде оның объектісі, субъектісі, нысаны және мазмұны табылады. Бұл барлық элементтер лизинг шартына да тиесілі.
Лизинг шартының субъектілері болып лизинг беруші және лизинг алушы табылады. Лизинг алушы мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдаланады. Сондықтан лизинг алушы болып кәсіпкерлік қызметпен айналысатын коммерциялық ұйым немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға табылады [16,358б].
Лизинг беруші ретінде ҚР АК және ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы арнайы рұқсаты - лицензиясы бар коммерциялық ұйымды немесе жеке кәсіпкерді атайды. Осыған сәйкес Заңның 10-бабына сәйкес лизинг беруші ретінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын асыратын ұйымдардың лизинг қызметін лицензиялауды ҚР Ұлттық Банкі жүргізеді. Жеке кәсіпкерлер болып табылатын өзге заңды тұлғалар мен жеке тұлғалар лизинг беруші ретінде лизинг қызметін лицензиясыз жүзеге асырады.
ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы лизинг субъектілерін (лизинг мәмілесіне қатысушыларды) нақтылайды. Заңға сәйкес лизинг мәмілесіне қатысушылар ретінде табылады:
Заңға сәйкес лизинг берушілерге арнайы рұқсаты бар лизинг компаниялары (фирмалары) ғана жатпайды. Мәселен, Заңның 10-бабына сәйкес лизинг беруші ретінде банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың лизинг қызметін лицензиялауды қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган жүргізеді.
Лизинг мәмілесінің жанама қатысушылары ретінде лизинг берушіні несиелейтін және мәміленің кепілдігі болып келетін коммерциялық және инвестициялық банктер табылады. Лизинг мүлігін алуды лизинг беруші өз есебінен немесе займдық қаражаттардан несиелейді.
Лизингтің несиемен ұқсастығы өте көп. Мәселен, лизингті лизинг беруші мен лизинг алушыға берілетін несие беруге байланысты мүліктік қатынастар түрінде қарастыруғы болады. Бірақ бұл лизингінің бір ғана ерекшелігі. Екінші негізгі ерекшелігі оның меншік қатынастарынан көрінеді. Меншік құқығы лизинг берушіде қалады, ал лизинг алушы уақытша пайдалану құқығын ғана алады. Осы құқыққа ие болу үшін лизинг алушы лизинг берушіге ақылар төлейді (лизингтік төлемдер), оның мөлшері, түрі және кестесі екі тараптық лизинг шартымен келісіледі [19,56б].
Лизинг алушы сатушымен
лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен иеленуге және пайдалануға;
лизинг нысанасының сапасы және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға;
егер лизинг шартында өзгеше белгіленбесе, лизинг беруші лизинг шартының талаптарын елеулі түрде бұзған жағдайда лизинг беруші лизинг шарты бойынша лизинг алушы алдындағы өз міндеттемелерін орындағанға дейін төленуге тиісті лизинг төлемдерін тоқтата тұруға;
егер лизинг шартында өзгеше белгіленбесе, лизинг беруші лизинг шартын біржақты тоқтатқан жағдайда, ол аванс ретінде төлеген лизинг төлемдерін кері қайтаруды талап етуге;
егер лизинг шартында өзгеше
белгіленбесе, лизинг нысанасы жеткізіп
берілмеген, мерзімі едәуір өткізіліп
жеткізіліп берілген немесе
лизинг беруші лизинг шартының талаптарын орындамаса не тиісті дәрежеде орындамаса, залалдың орнын толтыруды талап етуге;
егер лизинг шартында өзгеше белгіленбесе, егер лизинг алушы жауап бермейтін жағдайларға байланысты лизинг шартында көзделген пайдалану талаптары елеулі түрде нашарлап кетсе, лизинг сомалары мен лизинг төлемдерін тиісінше азайтуды талап етуге құқылы.
Лизинг алушының міндеттері 12-баптың 2-тармағында көзделген. Лизинг алушы:
лизинг нысанасын лизинг шартында
көзделген тәртіппен
лизинг төлемдерін дер кезінде төлеп тұруға;
лизинг нысанасын лизинг шартына сәйкес оның мақсатына сәйкес пайдалануға;
лизинг нысанындағы қалыпты тозуды және тараптар келісіп алған өзгерістерді ескере отырып, лизинг беруші лизинг нысанасын оған қандай күйде берсе, сондай күйінде күтіп ұстауға;
егер лизинг шартында немесе заң актілерінде өзгеше көзделмеген болса, лизинг нысанасын өз есебінен күтіп ұстауға (оның ішінде лизинг нысанасына байланысты қажетті коммуналдық төлемдерді жасауға) және оған техникалық қызмет көрсетуге, оның ағымдағы жөндеуін жүзеге асыруға;
егер шартта және ҚР заңдарында өзгеше көзделмеген болса, лизинг берушінің лизинг нысанасына қол жеткізуін қамтамасыз етуге міндетті.
ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 11-бабының 1-тармағында лизинг берушінің құқықтары белгіленген. Лизинг беруші:
өзіне тиесілі төленбеген лизинг төлемдерін, сондай-ақ шығынның орнын толтыруды талап етуге;
лизинг шартына сәйкес лизинг алушының лизинг шартының талаптарын орындауға бақылау жасауға;
лизинг алушы лизинг нысанасын
қайтару жөніндегі
ҚР заңдарында көзделген жағдайларда лизинг алушыдан лизинг нысанасын талап етуге құқылы.
11-баптың 2-тармағы лизинг берушінің міндеттерін белгілейді. Лизинг беруші:
лизинг алушымен келісілген лизинг нысанасын лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға;
сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір лизинг алушыға (сублизинг алушыға) лизингке бергенге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға;
лизинг нысанасы жаңа лизинг алушының иеленуі мен пайдалануына берілгені (қайталама лизинг, сублизинг, міндеттемедегі тұлғалардың өзгеруі) туралы осындай берілу кезінен бастап бір ай мерзімде ҚР заңдарында көзделген негіздер бойынша сатушыны жазбаша хабардар етуге;
лизинг нысанасын лизинг алушыға лизинг шартында келісілген талаптармен беруге міндетті.
Жалпы ереже бойынша мүліктің жойылу және бұзылу қауіпін оның иесі көтереді. Лизинг шартында жалданатын мүліктің иесі лизинг беруші табылады. Бірақ лизинг шартында лизинг нысаны болып табылатын мүліктің кездейсоқ жойылу және бұзылу қауіпін мүлікті берген кезде лизинг алушы көтереді (ҚР АК-нің 569-бабы).
Лизинг шартының объектісі болып кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын жарамды тұтынылмайтын заттар табылады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды (ҚР АК-нің 566-бабы). ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы ҚР АК нормасын нақтылайды, ұйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез келген тұтынылмайтын заттар – лизинг нысанасы бола алады. Заң актілерінде заттар мен жер учаскелерінің жекелеген санаттарын лизинг нысанасы ретінде пайдалануға өзге де шектеулер белгіленуі мүмкін (Заңның 4-бабы).
Лизинг шарты пәніннің ерекшелігі ретінде лизинг объектісінен басқа, міндетті екі жақтың әрекеті кіреді: біріншіден, жалға алушы мүлікті жалға алғаннан кейін оны дұрыс ұстап күтуге және оны мерзімінде ақшасын төлеп, қайтаруға міндетті; екіншіден, лизинг берушінің сатушымен лизинг алушы көрсеткен, лизинг мүлігін алуға бағытталған сатып алу-сату шартын жасасу әрекеті.