Лизингтің түсінігі мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………….......……3

1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5
1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5
1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8

2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24

3 Лизинг шарты.....................................................................................................28
3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33

4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42
4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42
4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50
4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52

Қорытынды ………………………………………………………………...........56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг.doc

— 425.50 Кб (Скачать документ)

лизинг тараптарының арасындағы құқықтар мен міндеттер ерекше сипатта бөлінеді, оның негізгі мағынасы лизинг берушіні жалға берушінің көптеген міндеттерінен босатудан көрінеді: жалға алушыға мүлікті беру, оны тиісінше қызметін қамтамасыз ету, күрделі жөндеу өткізу т.б.;

лизинг алушыға, лизинг беруші шарт бойынша алушы ретінде болса да, сатушыға қатысты сатып алу-сату міндеттемесінен туындаған құқықтар мен міндеттер жүктелген [22,24б].

Лизинг процесінің барлық элементтері өзара тығыз  байланысты. Мәселен, мүлікті уақытша  пайдалануға қатысты қатынастар сатып алу-сату шарты жүзеге асқаннан кейін ғана пайда болады.

Бірінші сатыда сатушы мен сатып алушы ретінде  жабдықтарды дайындаушы мен лизинг беруші сатып алу-сату шартын жасасады. Мүлікті пайдаланушы жабдықтарды  және сатушыны таңдауда белсенді қатысушы болып табылады, ал сатып алу-сату шартында заңды қатысушы болып табылмайды. Сатып алу-сату шартын жүзеге асыруда пайда болатын барлық техникалық сұрақтар (жиынтықтылық, жеткізудің орны мен мерзімі, кепілдік міндеттемелер т.б.) дайындаушы (жеткізуші) мен лизинг алушы арасында шешіледі, ал лизинг берушіге шартты қаржылық қамтамасыз ету жүктеледі.

Екінші сатыда лизинг беруші ретінде мүлікті сатып  алушы оны уақытша пайдалануға  береді. Бірақ екінші шарт бойынша  қатынастар пайдаланушы мен лизинг беруші арасында тұйықталып қалмайды. Мүлікті сатушы лизинг берушімен сатып алу-сату шартын жасасса да, ол пайдаланушының алдында жабдықтардың сапасы үшін жауапты болады.

 

 

    1. Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі

 

 

Лизинг операциясының  қатысушылары арасындағы мүліктің қозғалысымен байланысты қалыптасатын мүліктік қатынастар кешені лизинг процесін білдіреді. Сондықтан лизинг экономикалық-құқықтық категория ретінде уақытша бос және тартылған ақша қаражаттарын инвестициялауға бағытталған кәсіпкерлік қызметтің ерекше түрін білдіреді, ол лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді.

Лизингтің анықтамасы ҚР АК-нің 565-бабының 1-тармағында: «Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді», және ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 2-бабында: «қаржы лизингі – лизинг беруші сатушыдан өз меншігіне сатып алған және лизинг шартымен келісілген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгілі бір төлемақысына және белгілі бір талаптармен уақытша иеленуге жәнк кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге пайдалануға беруге міндеттейтін инвестициялық қызметтің түрі» ретінде берілген.

Лизингтің кез келген анықтамасы шектелген және жаңа пайда  болған несиелік құралдың барлық нысандарын қамти алмайды, бірақ жабдықтар лизингісі ассоциациясының Еуропалық Федерациясының (Leaseurope) анықтамасын беруге болады: «Лизинг – жабдықтарды, өндірістік тауарларды және зауыттарды жалға алу шарты болып табылады».

ҚР АК-нің 565-бабының 2-тармағына  сәйкес лизинг шартында сатушыны және сатып алынатын мүлікті таңдап алуды лизинг беруші жүзеге асырады деп көзделуі мүмкін.

Лизингтің негізгі ерекшелігі: жалға бұрын пайдаланылған емес жаңа мүлік беріледі. Жалдау мерзімі  жабдықтың қызмет етуі мерзіміне  сәйкес келетіндігі лизинг шартына  тән. Жалдау мерзімі аяқталған соң, жалға алушы мүлікті меншікке алуға, шартты жаңартуға және жалға берушіге мүлікті қайтаруға құқылы.

ҚР АК-нің 566-бабына және ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 4-бабының 1-тармағына сәйкес үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және кез келген тұтынылмайтын заттар лизинг нысанасы бола алады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. Жалдау шартының нысанасы сияқты лизинг шартының нысанасы да пайдалану процесінде өзінің қасиеттерін жоғалтпайтын кез келген заттар бола алады.

Жалдау шартының мазмұнын бөтеннің мүлкін уақытша пайдалану  құрайтындықтан, жалдауға қаржы жалдауын бірге алғанда, тек тұтынылмайтын  заттар ғана беріледі. Лизинг пәніне жалға  алынған мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдалану талабы қойылады (жаңа жабдықтар мен механизмдерді тез тоздыру, бос капиталды инвестициялау т.б.).

Лизингтік қызмет нарығы лизинг нысандарының, лизинг операцияларын  реттейтін заң нормаларының және лизинг келісім-шарттарының көптігімен сипатталады. Лизинг түрлерін бөлгенде оның сыныпталу белгілерінен шығады, ол келесіні сипаттайды: жалданатын мүлікке қатыстығын; лизинг операциясының қаржыландыру типін; лизинг мәмілесіне қатысушылар құрамын; лизингіге берілетін мүліктің типін; лизинг мүлкінің өзін-өзі ақтау деңгейі; лизинг операциясы жүзеге асатын нарық секторы; салық, кеден және тозу жеңілдіктеріне және преференцияларға қатысы; лизингтік төлемдер тәртібі.

ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңына сәйкес (3-баптың 2-тармағы) лизингтің келесі түрлері болады:

Банк лизингі – лизингтің  бір түрі, мұнда лизинг беруші банк болып табылады.

Толық лизинг – лизингтің бір  түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады. Ақы жағынан толық лизинг ең қымбат лизинг түрі болып табылады, себебі лизинг берушінің техникалық қызмет көрсетуге, білікті персоналмен қамтуға, қажетті өнім мен құралдармен қамтуға көп шығындары шығады.

Қайталама лизинг – лизинг берушінің  өз меншігінде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда басқа лизинг алушыға лизингке берілетін лизингтің бір түрі.

Таза лизинг – лизингтің бір  түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады. Осы жерде лизинг алушы лизинг беруші таза төлемдерді ғана аударады. Көптеген отандық жабдықтар лизингісінің нарығындағы қызмет таза болып табылады.

Сублизинг – лизинг алушы (сублизинг  беруші) бұрын лизинг шарты бойынша  лизинг берушіден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлікті төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзімге уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін үшінші тұлғаларға (сублизинг берушілерге) пайдалануға беретін лизингтің бір түрі [5,2б].

Қайтару лизингі – тікелей лизингтің  бір нысаны болып табылады [17,308б]. Ол орын алса сатушы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады.

Қайтару лизингісі кепілдік операциясының  альтернативасы ретінде табылады және ол бойынша меншік иесі сатушы мүлікті сатып алушыға сатқаннан кейін, онымен жалға алушы ретінде қатынастарға түседі. Қайтару лизингісі үлкен көлемдегі айналым қаражаттары қажет шаруашылық субъектілерге пайдалы.

Қайтару лизингісінде келесі схемадағы  жалдау ақысы белгіленеді: инвесторға толық соманың орнын толтыратындый төлемдер сомасы және инвестициялық капиталдан орташа табыстың нормасын қамтамасыз ететіндей болу керек.

Мәміле объектісіне (мүліктің типіне) байланысты лизинг қозғалатын мүліктің (жол, әуе, теңіз көлігі, вагондар, контейнерлер және байланыс техникасы) және қозғалмайтын мүліктің (үйлер, өндірістік үй-жайлар, қоймалар) лизингісі болып бөлінеді. Лизинг алушының құқықтарын қорғаудың қосымша тәсілі ретінде лизинг беруші шартқа сәйкес келетін жабдықтарды жеткізгенге дейін, жалдау ақыларын төлеуден бас тарта тұру өкілеттігін беру немесе жабдықтан бас тарту құқығы табылады. Лизинг шарты егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, тараптардың анықталған келісімі бойынша белгіленген мерзімге жасалады. Сонымен қатар, лизинг шартының мерзімі лизинг пәні құнының белгілі бір бөлігінен немесе тозу мерзімінен аз болуы керек.

Лизинг шарты тараптар оған қол  қойғаннан бастап заңды күшіне енеді  және тараптар үшін міндетті болып  табылады. Осыған сәйкес лизинг шарты жазбаша нысанда болуға тиіс.

Қазақстанда «Қаржы лизингі туралы»  Заңымен лизинг қатынастары сатушының, лизинг берушінің және лизинг алушының арасында бір лизинг шартымен рәсімделуі мүмкін (13-бап). Егер лизинг шартында сатушы қатысса, онда жеке сатып алу-сату шарты жасалмайды. Мұндай жағдайда сатушының құқықтары мен міндеттері лизинг шартымен белгіленеді.

Тараптардың біреуінің талабы бойынша  лизинг шарты мерзімінен ерте сот  тәртібімен өзгертілуі немесе бұзылуы  мүмкін. Лизинг беруші талабы бойынша лизинг шарты келесі жағдайларда бұзылуы, ал шарт нысанасы қайтарылуы мүмкін:

  • егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;
  • егер лизинг алушы лизинг берушінің лизинг нысанасына қол жеткізуін шектесе;
  • егер лизинг алушы белгіленген көлемдегі лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерін шартта көзделген мерзімде қатарынан екі немесе одан да көп рет төлемесе.

Лизинг алушының талабы бойынша  шарт бұзылуы мүмкін, ал лизинг нысанасы лизинг берушіге келесі жағдайларда қайтарылады:

  • егер лизинг беруші лизинг нысанасын бермесе немесе лизинг нысанасын пайдалануға кедергі жасаса;
  • егер берілген лизинг нысанасында лизинг шартында көрсетілмеген жетіспеушіліктер немесе оны пайдалануға кедергілер болса;
  • егер лизинг беруші лизинг нысанасын жеткізу мерзімдерін бұзса.

Шарты өзгерту мен бұзудың негіздері  ішінде тараптардың біреуімен шарты  елеулі бұзу табылады. Бұл жағдайда екінші тарап сот тәртібімен шартты өзгертуді немесе бұзуды талап  етуге құқылы.

Лизинг шарты консенсуалды болғандықтан, яғни тараптар шарттың елеулі болып  табылатын талаптарын келіскенде ғана шарт жасалған болып есептелетіндіктен, шарттың елеулі талаптары туралы сұрақты қарастырған жөн. Лизинг шартының елеулі талаптары ҚР АК-нің 567-бабында және ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңының 15-бабында көзделген. Бірақ нормативтік-құқықтық актіде көзделген талаптармен АК талаптар сәйкес келмейді. Қозғалмайтын лизингіге байланысты лизинг беруші лизинг алушының тапсырмасы бойынша қозғалмайтын мүлікті салады немесе сатып алады және оны экономикалық және өндірістік мақсатта пайдалануға береді. Қозғалатын мүліктегі мәміле сияқты, шарт объектінің тозу периодына тең немесе аз мерзімге жасалады.

Лизинг мерзіміне және құқықтық құрамының күрделілігіне қатысты қаржы және жедел лизингіні бөледі. Қаржы лизингісінің белгілі бір ерекшеліктері бар.

Қосымша қаражаттарды тартумен жасалған қаржы лизингісі (ағыл. financial, capital lease; оны кейде инвестициялық лизинг немесе толық тозуымен жасалған лизинг деп атайды) кезінде лизингтік мүлікті алу тәртібі мен кепілдіктер, кепілдер, сақтандыру жүйесі үлкен мағына алады. Осы жерде лизингтік мүлікті алу тәртібі үш тәсілден тұрады: біріншісі – лизинг алушы өзі дербес мүлікті және сатушыны (жеткізушіні) таңдайды, ал лизинг беруші мәмілеге ақы төлеп және лизинг алушыға оны пайдалану құқығын береді; екіншісі – лизинг беруші сатушыны (жеткізушіні) өзі таңдайды және лизинг алушының алдында мүлікті жеткізу жағдайлары үшін жауапты болады; үшінші тәсілде лизинг беруші лизинг алушыны сатушымен (жеткізушімен) байланысты операцияларда агент болуға өкілеттік береді.

Қаржы лизингі – лизинг түрінің  ең көп таралған түрі. Ол мүлікті  ұзақ мерзімге лизингіге беруді және оның пайдалану мерзімінде толық  ақталатындығын қарастырады. Мағынасы жағынан ол қызметтік капитал түріндегі ұзақ мерзімді несие. Қаржы лизингісін жүзеге асыру келесі схемада болады: қажетті мүлікті лизинг алушымен таңдау; сатушымен (жеткізушімен) жеткізудің бағасын, мерзімін келісу; лизинг берушімен мүлікті төлеу және банкіден ссуда алу кіреді.

Қаржы лизингісін сипаттайтын негізгі  белгілері:

лизинг беруші мүлікті өз қажеттілігі  үшін емес, лизингіге арнайы беру үшін алады;

мүлікті және сатушыны таңдау құқығы пайдаланушыға берілген;

мүлік тікелей қолдану үшін пайдаланушыға беріледі;

мүліктің сапасы, жиынтықтылығы  және кепілдік мерзімі ішінде дефектілерді түзету бойынша шағымдар мүлікті  сатушыға лизинг алушымен тікелей жіберіледі;

мүліктің жойылу және бұзылу қауіпі лизинг алушыға ол мүліктің өткізу-қабылдау актісіне қол қойғаннан бастап өтеді.

Классикалық қаржы лизингі үштарапты  қарым-қатынаспен және мүліктің толық  сомасының ақталуымен сипатталады. Лизинг алушының талабы бойынша лизинг беруші жеткізушіден қажетті жабдықтарды  алады және лизинг алушыға береді, сонымен өзінің қаржылық шығындарының орнын толтырады және лизинг төлемдері арқылы табыс алады.

Жедел лизинг шарты бойынша (ағыл. service, operating lease; толық емес тозуымен болатын лизинг) лизинг алушыға мүлік оның қызмет мерзімінен қысқа мерзімге беріледі, сондықтан оны лизинг алушы лизингіге бірнеше рет бере береді. Жедел лизинг шартының мерзімі тараптармен белгіленеді және бір тәуліктен бастап бес жылға дейін болады. Сондықтан жедел лизингі шартының объектісі ретінде лизинг алушыға қысқа мерзімді, бір реттік жұмыстарды орындау үшін қолданылатын мүлік болады (автокөлік, ұшақтар, тракторлар т.б.). Жедел лизинг шартында да мүлікті таңдау құқығы лизинг алушыға берілген және лизинг берушінің қоймасында бар мүлікпен ғана шектеледі.

Қаржыландыру тәсіліне (типіне) байланысты лизинг келесі түрлерге бөлінеді: 1. Мерзімді лизинг ол бойынша бір реттік жалға алу жүзеге асырылады; 2. Жаңартылған (револьверлы) лизинг ол бойынша оның мерзімі аяқталған соң лизинг шарты келесі мерзімге ұзартылады. Бұл жерде лизинг объектілері тозғанына байланысты лизинг алушының тілегі бойынша жаңа үлгілерге ауыстырылады. Лизинг алушы жабдықты ауыстыруға байланысты барлық шығындарды өз мойнына алады. Лизинг объектілерінің саны және жаңартылған лизинг бойынша оны пайдалану мерзімі тараптармен алдын ала келісілмейді.

Информация о работе Лизингтің түсінігі мен маңызы