Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 18:08, курсовая работа
Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].
Кіріспе…………………………………………………………………….......……3
1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5
1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5
1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8
2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24
3 Лизинг шарты.....................................................................................................28
3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33
4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42
4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42
4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50
4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52
Қорытынды ………………………………………………………………...........56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58
Шарты өзгерту мен бұзудың негіздері ішінде тараптардың біреуімен шарты елеулі бұзу табылады. Бұл жағдайда екінші тарап сот тәртібімен шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге құқылы.
Лизинг шарты консенсуалды болғандықтан, яғни тараптар шарттың елеулі болып табылатын талаптарын келіскенде ғана шарт жасалған болып есептелетіндіктен, шарттың елеулі талаптары туралы сұрақты қарастырған жөн. Лизинг шартының елеулі талаптары ҚР АК-нің 567-бабында және ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңының 15-бабында көзделген. Бірақ нормативтік-құқықтық актіде көзделген талаптармен АК талаптар сәйкес келмейді. ҚР АК-нің 567-бабында келесі елеулі талаптар көзделген:
мүлікті сатушының атауы;
лизинг алушыға мүлікті берудің талаптары мен мерзімі;
төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;
шарт мерзімі;
егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе, осындай көшудің талаптары.
ҚР «Қаржы лизингі туралы Заңның 15-бабында лизинг шартының елеулі елеулі талаптары көзделген: шарттың нысаны; сатушыны және лизинг нысанасын кімнің таңдап алғаны көрсетілген лизинг нысанасын сатушының атауы; лизинг нысанасын лизинг алушыға берудің шарттары мен мерзімі; лизинг төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі; лизинг нысанасының құны; шарттың қолданылу мерзімі; егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары; лизинг нысанасының сипаттамасы.
Екі заң актісін талдай келе, қаржы лизинг туралы Заңның кеңерік елеулі талаптарын белгілегенін көріп отырмыз. Сондықтан, заңмен АК арасында қарама-қайшылық болмауы үшін екі актіні сәйкестендіру керек. Сонымен қатар, осы аталған талаптардың ішінде мүліктің кездейсоқ бүлінуі қарастырылмаған.
Ешбір қызмет түрі келісімдік қатынастардың қатысушыларына табыс әкелмесе кеңінен қолданылмайды. Сонымен, лизинг лизинг алушыға қандай мүмкіндіктер (артықшылықтар) береді:
Өзінің бастама капиталына қажеттілікті төмендету. Лизинг лизинг берушімен жүз пайыз қаржыландыруын білдіреді және лизинг төлемдерін бірден төлеуді талап етпейді. Соның арқасында қаржылық ауыртпашылықсыз өндірістік қорды жаңартуға, қымбат мүлікті алуға және өндірісті кеңейтуге жағдай тудырады (кез келген несие алғанда кәсіпорын сатып алынатын мүліктің кем дегенде 15% өздерінің қаражаттарынан төлеуге міндетті) [25,3б].
Көптеген жағдайларда
Практикада лизинг келісімі ссудаға (несиеге) қарағанда қарапайым, сондықтан екі тарапқа да төлемдер жасау схемасын әзірлеуге мүмкіндік береді. Екі тараптың келісімі бойынша лизинг төлемдері, пайдалануға алынған мүліктен табыс түскеннен кейін ғана төленетіндігі көзделуі мүмкін. Төлемдер ставкасы тұрақты немесе нақты белгіленбеген бола алады [32,6б].
Лизинг мәмілесі ұзақ мерзімге жасалуы мүмкін. Осыған байланысты лизинг төлемдерін төлеу мерзімділігі аз болады, пайдаланушының шығындары төмендейді және лизинг шартының орындалуының мүмкіндігі жоғарлайды.
Евролизингтің негізгі принциптері ретінде лизинг алушының өз міндеттерін жариялауы табылады. Міндеттемелер бойынша цифрлы ақпарат үшінші тұлғалардың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыру керек. Ол баспа балансқа қосымша ретінде жасалуы мүмкін.
Сонымен, лизинг мәмілесіне барлық қатысушылар мүдделі: өндіруші өткізудің жаңа каналдарын табады; пайдаланушы жабдықтарды алғашқы қаржылық шығынсыз иелену мүмкіндігіне ие болады; лизинг компаниясы өндіруші мен тұтынушы арасындағы қаржы звеносы болып келеді.
Қаржы лизингі
екі өзара байланысты, бірақ жеке
шарттардан тұрады: жеткізілім шарты
және лизинг шарты. Конвенцияны
Конвенцияның
әрекет ету аясын анықтауда оның
аумақтық қолданылуын анықтау негізгі
болып табылады. Конвенция Конвенцияға
қатысушы-мемлекеттерде
Қолданылатын құқық шартқа сәйкес тараптар таңдаған немесе белгілі бір мән-жайларға байланысты құқықтың коллизиялық нормаларымен анықталады. Бірақ Конвенцияның 3-бабында көзделген ережені естен шығармаған жөн. Оған сәйкес жеткізілім шарты да, лизинг шарты да Конвенцияға қатысушы-мемлекеттің құқығымен реттелу керек. Егер осылай болмаса, онда мәмілелер Конвенцияның әрекет ету аясына енбейді.
Осы көрсетілген нормативтік-
Лизингтің дамуындағы маңызды құжаттардың арасында мына құжаттарды атап өткен жөн:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауыл шаруашылығындағы лизингті ұйымдастырудың тәртібі мен талаптары туралы Ережелерді бекіту туралы» 1998 жылдың 15 сәуіріндегі №341 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Лизинг негізінде ауылшаруашылық техникамен қамтамасыз етуді қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылдың 18 ақпанындағы №191 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Жылжымайтын мүлікке қаржы лизингі шартын мемлекеттік тіркеу Ережелерін бекіту туралы» 2001 жылдың 3 мамырындағы №597 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Республикалық
қаражаттар есебінен жүзеге асырылатын
ауылшаруашылық техникасын лизингі
бойынша сыйлықақы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Көлік құралдары мен тауарларды уақытша кіргізу кеден режиміне қолданылатын лизинг заттарының тізбесін бекіту туралы» 2001 жылдың 21 тамызындағы №1092 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Лизинг негізінде ауылшаруашылық техникасымен қамтамасыз етуді қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» 2002 жылдың 11 наурызындағы №289 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Аэропорттарды, аэродромдарды, авиа техниканы өзге де пайдалану құқығын меншікке, мүліктік жалға, лизингіге, мүлікті сенімгерлікпен басқаруға рұқсаттарды беру Ережелерін бекіту туралы» 2002 жылдың 19 қазанындағы №1133 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Агроөнеркәсіп секторды субсидиярлау және қаржыландырудың кейбір сұрақтары туралы» 2003 жылдың 18 наурызындағы №259 Қаулысы;
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Ауылшаруашылық өнімін қайта өндірудің кәсіпорындары үшін жабдықтар лизингісін қаржыландыру Ережелерін бекіту туралы» 2004 жылдың 27 ақпанындағы №236 Қаулысы.
Лизинг қызметіне салық жинау, бухгалтерлік есеп және есептілік, экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыру т.б. жалпы сұрақтарын реттейтін көптеген басқа да нормативтік-құқықтық актілердің жанама қатынасы бар. Сонымен, лизингіні реттейтін көптеген заңға тәуелді актілер бар.
Лизингтік қатынастарды реттеу саласындағы негізгі заң актісі ретінде Қазақстан Республикасының «Қаржы лизингі туралы» 2000 жылдың 5 шілдесіндегі №78 Заңы табылады. Жоғарыда аталған барлық заңға тәуелді актілер осы заңға қайшы болмауы керек.
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация
Көптеген шетел
Оттава конвенциясы әртүрлі мемлекеттердің ұйымдары арасындағы қаржылық лизинг операцияларын жасасуға байланысты шарттарды жасасу мен орындаудан туатын сұрақтарды реттейді.
Осы Конвенцияға қосылған кез келген мемлекетке 3-баптың 3-тармағын жалға берушінің жауапкершілігіне қатысты ұлттық заң ережелерімен ауыстыруға арызды жасауға рұқсат етіледі (2,1). Жекелеп алғанда, Конвенцияға сәйкес жалға беруші жалға алушының алдында лизинг пәнін «тыныш иелену» кепілдігін бұзғаны үшін жауапты.
Конвенцияға қатысушы мемлекеттердің территориясында лизинг алушының, лизинг берушінің, сатушының қызметін жүзеге асыратын орны болады, немесе осы сатып алу-сату шарты және лизинг шарты конвенцияға қатысушы мемлекеттердің біреуінің заңына бағынса, тараптар арасындағы қатынастар ішкі заңмен емес, конвенциямен реттеледі.
Оттава конвенциясы
Конвенция мәтінінде қаржы лизингі мәмілесінің сипаттама белгілері берілген. Оларға келесі белгілер жатады:
лизинг берушінің шешіміне және кәсіптілігіне қарамастан лизинг алушы жабдықтарды өзі таңдайды және жеткізуші өзі анықтайды;
жабдықтар лизинг беруші мен лизинг алушы арасындағы келісімге сәйкес жүзеге асырылады;
төленуге тиісті жалдау ақысы мүліктің шарт жасасқан кездегі баға бойынша құнының барлық немесе елеулі бөлігінің тозуы ескіріле отырып есептелуі тиіс.
Сонымен қатар, Конвенцияда лизинг алушының жалға алынған мүлігін сатып алу мүмкіндігі көзделсе де, көзделмесе де осы талаптар қолданылуы тиіс деп белгіленген. Сондықтан жалға алушымен мүлікті сатып алу қаржы лизингінің міндетті белгілеріне жатпайды.
Конвенцияға сәйкес қаржы лизингі
мәмілесінің объектілеріне
Халықаралық қаржы лизингі туралы Конвенцияның қолдану аясы дәстүрлі тәсілмен анықталған. Біріншіден, Конвенция лизинг беруші мен лизинг алушының коммерциялық кәсіпорындары екі мемлекетте орналасса (3-баптың 1-тармағы) ғана қаржы лизингін халықаралық деп есептеуіміз мүмкін деп атап өткен. Сондықтан егер лизинг шартының тараптары – лизинг алушы мен лизинг берушінің – коммерциялық кәсіпорындары бір мемлекет аумағында орналасса, онда бұл шарт халықаралық деп есептелмейді және Конвенцияның әрекет ету аясына енбейді.
Конвенцияны қолдану үшін қаржы
лизингі мәмілесі Конвенцияға қатысушы-
а) мемлекетте орналасқан коммерциялық кәсіпорындары бар лизинг беруші, лизинг алушы және жабдықтарды сатушы келісуші тараптар болып табылады (яғни, Конвенция мүшелері);
б) халықаралық дербес құқығының нормаларына жабдықтарды жеткізу келісімі сияқты лизинг келісімі де Конвенцияға мүше мемлекеттің құқығының әрекет ету аясына жатады.
Егер аталған талаптың біреуі орын алса, онда Конвенцияны қолдану шектеледі. Ол үшін міндетті түрде екі тарап мұндай ескертумен келісу керек.
Біздің ойымызша, Халықаралық қаржы
лизингі туралы Конвенцияның ұтымды
сипаты ретінде халықаралық қаржы
лизингі шарты бойынша
Лизинг алушы өзі сатушыны таңдайтынын және оның таңдауы лизинг берушіге жүктелетіндігін ескерсек, онда Конвенция лизинг берушіні лизинг алушының алдында сатып алу-сату шартынан туындаған талаптарды орындауы үшін жауапкершіліктен босатады. Лизинг шартының елеулі талаптары мүлікті жалдау шартының басқа түрлерінен қарағанда кеңірек және оның пәнін қосқанда (ҚР АК-нің 542-бабы) ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңының 15-бабындағы талаптардан да тұрады: шарттың нысаны; сатушыны және лизинг нысанасын кімнің таңдап алғаны көрсетілген лизинг нысанасын сатушының атауы; лизинг нысанасын лизинг алушыға берудің шарттары мен мерзімі; лизинг төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі; лизинг нысанасының құны; шарттың қолданылу мерзімі; егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары; лизинг нысанасының сипаттамасы.
Бұл норма диспозитивті норма болып табылады және екі тараптың келісімі негізінде өзгертілуі мүмкін. Лизинг беруші сонымен қатар, лизинг алушы пайдаланылып жатқан жабдықтармен үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтіруден туындыған жауапкершіліктен босатылады.
Конвенция сонымен бірге, лизинг берушіге лизинг алушының алдында ол пайдаланылып жатқан жабдықтардың – мәміле пәнін тыныш иеленуді, артықшылық құқықтары бар үшінші тұлғалармен бұзылмайтындығын қамтамасыз етуге міндетті деп міндет жүктейді (8-баптың 2-тармағы). Сондықтан егер үшінші тұлғаның талабы бойынша лизинг алушыдан мүлік мәжбүрлеп алынса, онда лизинг алушы лизинг берушіден залал орнын толтыруды талап етуге құқылы.
Конвенцияның 9-бабына сәйкес лизинг алушының міндеттері жабдықтарды тиісінше пайдаланып, алған күйде ұстап, сақтаудан көрінеді. Жабдықтарды пайдалануға және модификациялауға байланысты сұрақтар екі тараппен келісілу керек. Лизинг шартының мерзімі аяқталғаннан кейін, лизинг алушы лизинг берушіге жабдықты қайтарып беруге міндетті. Егер лизинг алушы шартта көзделген жабдықты сатып алу құқығын жүзеге асырса немесе лизинг беруші келісімінен жалға алудың мерзімін ұзартса, онда аталған жағдай қолданылмайды.