Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 18:08, курсовая работа
Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].
Кіріспе…………………………………………………………………….......……3
1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5
1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5
1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8
2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24
3 Лизинг шарты.....................................................................................................28
3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33
4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42
4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42
4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50
4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52
Қорытынды ………………………………………………………………...........56
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58
Лизинг шарты тараптар оған қол қойғаннан бастап заңды күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Осыған сәйкес лизинг шарты жазбаша нысанда болуға тиіс.
Қазақстанда «Қаржы лизингі туралы» Заңымен лизинг қатынастары сатушының, лизинг берушінің және лизинг алушының арасында бір лизинг шартымен рәсімделуі мүмкін (13-бап). Егер лизинг шартында сатушы қатысса, онда жеке сатып алу-сату шарты жасалмайды. Мұндай жағдайда сатушының құқықтары мен міндеттері лизинг шартымен белгіленеді.
Тараптардың біреуінің талабы бойынша лизинг шарты мерзімінен ерте сот тәртібімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Лизинг беруші талабы бойынша лизинг шарты келесі жағдайларда бұзылуы, ал шарт нысанасы қайтарылуы мүмкін:
Лизинг алушының талабы бойынша шарт бұзылуы мүмкін, ал лизинг нысанасы лизинг берушіге келесі жағдайларда қайтарылады:
Шарты өзгерту мен бұзудың негіздері ішінде тараптардың біреуімен шарты елеулі бұзу табылады. Бұл жағдайда екінші тарап сот тәртібімен шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге құқылы.
Лизинг шарты консенсуалды болғандықтан, яғни тараптар шарттың елеулі болып табылатын талаптарын келіскенде ғана шарт жасалған болып есептелетіндіктен, шарттың елеулі талаптары туралы сұрақты қарастырған жөн. Лизинг шартының елеулі талаптары ҚР АК-нің 567-бабында және ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңының 15-бабында көзделген. Бірақ нормативтік-құқықтық актіде көзделген талаптармен АК талаптар сәйкес келмейді. ҚР АК-нің 567-бабында келесі елеулі талаптар көзделген:
мүлікті сатушының атауы;
лизинг алушыға мүлікті
төлемдердің мөлшері мен мерзімділігі;
шарт мерзімі;
егер шартта лизинг алушының меншігіне мүліктің көшуі көзделсе, осындай көшудің талаптары.
ҚР «Қаржы лизингі туралы Заңның 15-бабында лизинг шартының елеулі елеулі талаптары көзделген: шарттың нысаны; сатушыны және лизинг нысанасын кімнің таңдап алғаны көрсетілген лизинг нысанасын сатушының атауы; лизинг нысанасын лизинг алушыға берудің шарттары мен мерзімі; лизинг төлемдерінің мөлшері мен кезеңділігі; лизинг нысанасының құны; шарттың қолданылу мерзімі; егер лизинг нысанасының лизинг алушының меншігіне ауысуы шартта көзделген болса мұндай ауысудың шарттары; лизинг нысанасының сипаттамасы.
Екі заң актісін талдай келе, қаржы лизинг туралы Заңның кеңерік елеулі талаптарын белгілегенін көріп отырмыз. Сондықтан, заңмен АК арасында қарама-қайшылық болмауы үшін екі актіні сәйкестендіру керек. Сонымен қатар, осы аталған талаптардың ішінде мүліктің кездейсоқ бүлінуі қарастырылмаған.
Ешбір қызмет түрі келісімдік қатынастардың қатысушыларына табыс әкелмесе кеңінен қолданылмайды. Бас лизинг лизинг алушыға лизинг берушімен ұдайы қарым-қатынаста болуға және қосымша жабдықтар бір шарт көлімінде алып отыруға мүмкіндік тудырады.
Лизинг төлемдері сипатына қатысты лизинг: ақшалай, төлемақылық және аралас болып бөлінеді. Ақшалай лизингіде барлық төлемдер ақшалай нысанда жасалады; төлемақылық лизингіде төлемдер пайдаланылған жабдықтардан өндірілген өнім жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жасалады; аралас ақшалай және төлемақылық төлемдерді қос қолодануынан көрінеді.
Халықаралық практикада пайдаланылатын лизингінің тағы бір түрі ретінде «дабл дин» деген мәміле табылады. Оның мағынасы салықтық табыстарды екі және одан да көп мемлекеттерде қос қолданудан көрінеді. Мысалы, 80-жылдардың басында АҚШ пен Ұлыбритания арасында ұшақтарды алу «дабл дин» бойынша несиеленді. Ұлыбританиядағы салықтық жеңілдіктер жоғары, егер жалға берушіде меншік құқығы болса, ал АҚШ-та иелену құқығы болса, онда жалға беруші жеңілдіктерге ие. Ұлыбританияның лизинг компаниясы ұшақты сатып алады да оны американдық лизинг компаниясына жалға береді, ал ол өз тарапынан – жергілікті әуе компанияларына.
Лизинг құрылымдық болуына байланысты жоғарыда аталған бірнеше типтерден, түрлерден және нысандардан тұруы мүмкін. Біздің ойымызша, Қазақстан Республикасында қазіргі лизинг дамуының сатысында аталған барлық лизинг түрлері кеңінен тарала бермейді. Көптеген мемлекеттердің тәжірибесі көрсеткендей қаржы және жедел лизингі жоғары бағаланады.
2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы
Лизингтік қызметтің жоғарғы тиімді шешуші шарты ретінде құқықтық жағынан дұрыс қамтамасыз етілуі табылады. Лизингтік шартта тараптардың арасындағы құқықтық қатынас анықталмаса, онда лизингтік шарттардың тәуекел деңгейі өседі және кәсіпкерлік бастама жүзеге аспай қалады [30,3б]. Ең бірінші практикада лизингтік операцияны өткізген және оның қатысушыларына жеңілдіктерді берген құжат болып Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Көлік лизинг компаниясын және Қазақстандық фрахтования компаниясын құру туралы» 1994 жылдың 18 наурызындағы №283 Қаулысы табылады. Көлік лизинг компаниясы және Қазақстандық фрахтования компаниясы көлік қызметін көрсету нарығын кеңейту және дамып келе жатқан экономикалық байланыстардың қажеттіліктерін қанағаттандырып, шетел капиталын республикамызға тарту мақсатында құрылды. Қаулыда көлік лизинг компаниясы шетел компаниялары мен фирмаларының есебі арқылы жалға алушыларға ұзақ мерзімге теміржол цистернасын, автобустарды, жеңіл және ауыр жүк көліктерін және т.б. көліктерді халықаралық және мемлекетішілік тасымалдауды қамтамасыз ету үшін береді деп белгіленген. Қаулыға сәйкес лизингтік төлемдер мен есептерді жабудың негізгі қайнар көзі ретінде ішкі және сыртқы көлік қызметі нарығындағы қозғалмалы құрылымды жалдаумен байланысты операцияларға қатысты Қазақстандық фрахтования компаниясының коммерциялық қызметі табылады.
Лизинг туралы ұлттық заңнаманың дамуындағы келесі қадам ретінде Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің «Мемлекеттің қатысуымен «Азия-лизинг» компаниясын құру туралы» 1994 жылдың 10 қазанындағы №1136 Қаулысы табылады. Бұл қаулының негізгі мақсаттары ретінде табылады: өндірістің техникалық және технологиялық қайта қарулануын белсендету, экономиканы құрылымдық қайта құру, көлік-техникалық импортты қаржыландыруға жеке капиталды тарту және жаңа нысандағы кәсіпкерлік тәжірибесін жинақтау.
Қазақстан Республикасының Министрлер
Кабинетінің «Мемлекеттік мүлікті
басқару бойынша Қазақстан
Ұлттық заңның дамуындағы келесі саты ретінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Лизинг негізінде құрылыс машина өнімімен агроөнеркәсіп кешенін қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы» 1995 жылдың 23 желтоқсанындағы №1851 Қаулысы табылады. Осы қаулыға сәйкес құрылыс машина өнімімен агроөнеркәсіп кешенін қамтамасыз етуін және ауылшаруашылық өнімін өндіруді жақсарту мақсатында ҚР Үкіметі «Агроөнеркәсіп кешенде лизинг туралы Ережені» бекітті. Бұл ереже мазмұнында келесі талаптар бар: агроөнеркәсіп кешеніндегі лизинг түсінігі; агролизингтің объектісі және субъектісі; лизинг компаниялары (фирамалары); лизингіге мүлікті алуды қаржыландыру; лизинг шартына қойылатын талаптар; агролизинг шартына қатысушылардың құқықтары мен міндеттері; лизингтік төлемдер және бухгалтерлік есеп пен есептілікті жүргізу тәртібі.
Лизинг дамуының құқықтық реттелуіндегі ерекше саты ретінде 1999 жылдың 1 шілдесінде ҚР Азаматтық кодексінің Ерекше бөлімі қабылданып, күшіне енгізілуі және онда мүлік жалдау шартының түрі – қаржылық жалдау – лизингі (29-тарауының §2) енуі табылады. Халықаралық келісімдер әрқашанда жария болып табылады, себебі бұл халықаралық құқық субъектілері еріктерінің келісімі. Сондықтан кез келген халықаралық шарттың қабылдануы, әрекет етуі, өзгеруі және тоқтатылуы халықаралық құқықтың нормалары мен қағидаларына сәйкес болады. Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена Конвенциясының 34 бабына сәйкес шарт үшінші бір мемлекетке оның келісімінсіз ешқандай құқықтар мен міндеттер тудырмайды, яғни қатысушы-мемлекеттерге қатысты ғана әрекет етеді.
Мемлекет егемендігі қағидасының әсер етуіне байланысты мемлекет шетел азаматтарына белгілі бір ережелер белгілеуге құқылы. Бұл ережелердің қалай қабылданғандығы ешқандай әсер етпейді. Мұнда тек нәтиже үлкен мағыналы. Ол біреу ғана пайда болған норманы орындау мемлекеттің мәжбүрлеуімен қамтамасыз етіледі.
Халықаралық қаржы лизингі туралы Конвенцияның әрекет ету аясына конвенцияның бірінші тарауы берілген. Конвенция қаржы келісімдеріне таралады. Оның сипаттау белгілері келесідей анықталған:
лизинг алушы жабдықтар мен жеткізушіні таңдайды;
жабдықтар лизинг берушімен алынады;
лизинг келісімі жабдықтарды алу мезетінде жасалу керек немесе кешірек те жасалады;
лизинг келісімі туралы жеткізуші де білу керек;
лизинг келісімі бойынша жалдау төлемдері жабдықтардың тозу бөлігіне немесе толығымен сәйкес болуы тиіс.
Жоғарыда аталғандарға қосымша ретінде Конвенцияның 1-бабының 1-тармағы қаржы лизингі мәмілесінің қосымша белгілерін бөледі, оған сәйкес қаржы лизингі мәмілесінде:
лизинг беруші лизинг алушының нұсқамасы бойынша үшінші тараппен (жеткізушімен) келісім (жеткізілім шарты) жасасады, ол бойынша лизинг беруші лизинг алушы мақұлдаған машиналар жиынтықтылығын, өнеркәсіп құралдарын және басқа да жабдықтарды алады;
лизинг беруші
лизинг алушымен шарт жасасады,
ол бойынша лизинг алушыға
жалдау ақылары үшін
Бұл ережелер қаржы лизингі анықтамасын түсіну үшін қажет. Сонымен, ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңы лизинг мәмілесіне түсінік береді: лизинг мәмілесі деп лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылының жиынтығын айтамыз. Бұл анықтаманы заң белгілеп өткен, бірақ оның құқықтық жағынан қажеті жоқ деп есептейміз.
Лизинг шарты егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, тараптардың анықталған келісімі бойынша белгіленген мерзімге жасалады. Сонымен қатар, лизинг шартының мерзімі лизинг пәні құнының белгілі бір бөлігінен немесе тозу мерзімінен аз болуы керек.
Лизинг шарты тараптар оған қол қойғаннан бастап заңды күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болып табылады. Осыған сәйкес лизинг шарты жазбаша нысанда болуға тиіс.
Қазақстанда «Қаржы лизингі туралы» Заңымен лизинг қатынастары сатушының, лизинг берушінің және лизинг алушының арасында бір лизинг шартымен рәсімделуі мүмкін (13-бап). Егер лизинг шартында сатушы қатысса, онда жеке сатып алу-сату шарты жасалмайды. Мұндай жағдайда сатушының құқықтары мен міндеттері лизинг шартымен белгіленеді.
Тараптардың біреуінің талабы бойынша лизинг шарты мерзімінен ерте сот тәртібімен өзгертілуі немесе бұзылуы мүмкін. Лизинг беруші талабы бойынша лизинг шарты келесі жағдайларда бұзылуы, ал шарт нысанасы қайтарылуы мүмкін:
Лизинг алушының талабы бойынша шарт бұзылуы мүмкін, ал лизинг нысанасы лизинг берушіге келесі жағдайларда қайтарылады: