Лизингтің түсінігі мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………….......……3

1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5
1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5
1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8

2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24

3 Лизинг шарты.....................................................................................................28
3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33

4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42
4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42
4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50
4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52

Қорытынды ………………………………………………………………...........56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг.doc

— 425.50 Кб (Скачать документ)

Жоспар

 

 

Кіріспе…………………………………………………………………….......……3

 

1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5

1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5

1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8

 

2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19

2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19

2.2  Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24

 

3 Лизинг шарты.....................................................................................................28

3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28

3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33

 

4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42

4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42

4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50

4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52

 

Қорытынды ………………………………………………………………...........56

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Ақырғы жылдары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін көп таралған ұйымдастырушылық-құқықтық нысанның бірі Қазақстан Республикасындағы мүлік жалдау (аренда) табылады. Мүлік жалдау (аренданың) рөлі мен мағынасы 1999 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі (ерекше бөлімі) қабылданғаннан бастап күшейе түсті.

Кәсіпкерлік қызметте мүлік жалдау шартының түрі ретінде лизингтік қызмет ең көп таралған нысан түрінде Қазақстан Республикасындағы экономикалық өзгерістер механизміне кірді және оның дамуына тиісінше әсер етуде.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында лизинг құбылысы жаңа құбылыс, соған байланысты лизинг операцияларын өткізу тәжірибесі де жоқ. Қазіргі таңда, көптеген қазақстандық кәсіпорындар жабдықтар тапшылығын көріп отыр. Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].

Лизинг қызмет түрі ретінде  Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, әртүрлі  экономика саласында кең тараған. Ғылыми-техникалық прогресте лизингтің  пайда болуы кәсіпорын қажеттілігінің өсуіне байланысты болды. Себебі қаржыландыру нысандары осы қажеттілікті қанағаттандыруға қабілетті болған жоқ.

Посткеңестік мемлекеттерде  лизингтік қызметтің таратылуы  және лизингтің даму тәжірибесін  зерттеу әртүрлі кәсіпкерлік  саласында лизинг компанияларының  санының өсуіне әкелді. Осының барлығы  лизинг компанияларының экономикалық-құқықтық маңызын және оның негізгі даму тенденцияларын және құқықтық қамтамасыз етуін толық зерттеуін талап етеді. Сонымен қатар, осы кәсіпкерлік қызмет түрі дамыған мемлекеттерде кең таралды. Лизинг арқылы Италия, Испания, Швеция, АҚШ, Канада мемлекеттерінде инвестициялық қызметтің 30% жүзеге асады [34,4б]. 

Лизингіні пайдалану бірнеше  себептерге байланысты пайдалы. Ол өндірісте  жаңа техниканы оның толық сомасын  төлемей қолдануға жағдай тудырады; осы техникада жұмыс ітейтін қызметкерлердің кәсіптілік деңгейін көтереді. Нарықтық экономикаға көшу жағдайында лизингті біздің мемлекетте пайдалану қажеттілігі тез өседі.

Қазақстанда лизингінің даму өзектілігі, мемлекетте жабдықтар паркінің жағымсыз жағдайда болуынан (көп жабдықтар ескірген, оларды пайдалану тиімді емес; қосымша бөліктермен қамтылмағандық т.б.), ауылшаруашылық өнімі дамуы деңгейі төмен болуынан көрінеді. Өнім мен айналым сапасындағы ғылыми-техникалық прогресс арқасындағы қалыптастыру, Қазақстан Республикасы шаруашылығына жаңа дәстүрлі емес материалдық-техникалық базаны жаңарту әдістерін тауып және енгізуді талап етеді. Осы мәселені шешудің бағыты ретінде сыртқысаудалық несиелік инвестициялық операцияларды біріктіретін лизинг табылады.

60-жылдарға дейін, шетел  мемлекеттерінде лизинг бөлшектік компанияларға қатысты болған. Ақырғы 30-40 жыл ішінде лизингінің мәртебесі өсе бастады; біреуден несие алғанша компаниялар аэроплан, реактор немесе ғарыш спутнигін лизингіге ала бастады. Әуе және теміржол компаниялары көптеген жабдықтарды лизингіге алуда, ал әртүрлі дүкендер – үйлер мен ғимараттарды алуда.

Қазіргі таңда, практикада лизингтік  операциялар Қазақстан Республикасының  коммерциялық банктерімен кеңінен  пайдалануда (ААҚ «ТұранӘлемБанкі», «ҚазкоммерцБанкі», «АльянсБанкі» т.б.). Қазіргі уақытта лизинг Қазақстан экономикасына инвестицияларды тартудың дамушы нысаны болып табылады. Сондықтан, лизинг зерттеудің және оқытудың пәні ретінде қызығушылық тудырады.

Қазақстандағы лизингтік  қызмет нарығы жас және толық зерттелмеген. Көптеген жылдар бойы жиналған шетел мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметтегі лизинг механизмін пайдалану тәжірибесі оның тиімділігі жөнінде қорытынды жасауға әкеледі. Осы Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастарға көшу жағдайында оның кемшіліктері болса да, лизинг механизмінің жағымды екендігін көрсетеді. Біздің пікірімізше, лизинг арқылы Қазақстан Республикасының аз қамтылған салаларына инвестицияларды тарту мүмкіндігі пайда болды.

Осы жұмыстың мақсаты ретінде  лизинг маңызын қарастыру, басқа  қаржыландыру түрлерінен қарағанда артықшылықтарын белгілеу, лизинг операцияларын сипаттау және оның өткізу тәртібін қарастыру табылады. Осы жерде Қазақстан Республикасы аумағында лизингінің даму тарихын қарастыру және шетел мемлекеттерінде лизинг операцияларын пайдалану практикасын білу аса маңызды болады.

Жұмыс барысында отандық  және шетел авторларының әдебиеттері, экономикалық журналдағы мақалалар  және лизинг қызметін реттейтін нормативтік  актілер мен заңдар зерттелді.

Бірінші бөлімде лизингтің  түсінігі мен маңызы:лизингтің пайда болу және даму тарихы, лизингтің анықтамасы мен жіктелуі және лизинг операциялары қарастырылады. Екінші бөлімде лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері: ҚР лизингі туралы ұлттық заңнамасының дамуы, лизинг саласындағы халықаралық унификация қарастырылады. Үшінші бөлімде лизинг шарты, яғни оның белгілері және элементтері; объектілері, субъектілері және мазмұны көрініс тапқан. Төртінші бөлімде лизинг дамуының әлемдік бағыттары қаралған.

 

 1 Лизингтің түсінігі мен маңызы

 

1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы

 

Экономика және заң әдебиеттерінде лизинг шартының пайда болуына қатысты әртүрлі  мән-жайларды айтып көрсетеді. Құқықтанушылардың  пікірінше, лизинг шарты 19-ғасырда АҚШ-та пайда болып, одан кейін Еуропа мемлекеттерінде таралды. Бірақ құжаттардағы дәлелдемелерге сүйенсек аренда ежелгі уақыттан белгілі, ал лизинг ұғымы ол уақытта пайдаланылмаған. Зерттеушілердің көзқарасы бойынша бірінші рет жалға алу шарты ауылшаруашылық құралдарына байланысты төрт мың жыл бұрын қолданылды [30,3б]. 

Гректер, римдіктер және перғауындар аренданы шаруашылық жүргізудегі  құрал-жабдықтарды алудың ең қолайлысы  деп санады.

Орта ғасырда негізінен  ауылшаруашылық құралдар мен жылқылар берілді. Қазіргі кездегі лизингіге  ұқсас операциялар Англияда қолданылды. Жеті жүз жыл бұрын Англияда Уэльс заңы шығарылды, бұл лизингтік қатынастарға ұқсас қатынастарды реттейтін ең бірінші нормативтік акт болып табылады.

18-ғасырдың аяғында Робертс  Ранс ауылшаруашылық машиналарын  шығаратын фабрика ашты және  бірінші рет техниканы ұзақ мерзімді жалға берді. 19-ғасырдың басында Англияда көмір қазбаларының кеңеюіне байланысты теміржол вагондарын лизингке беретін компаниялар ашылды.

М.И. Кулагин ақырғы онжылдық ішінде болған Батыс мемлекеттеріндегі  шарттар жүйесіндегі өзгерістерге сипаттама беріп, келесіні атап өткен: «өткен жүзжылдықтың ортасынан бастап машиналар мен жабдықтардың лизингі шарты кеңінен таралды… Лизинг шартында мүлік жалдау шарты мен сатып алу-сату шарттарының сипаттамалары біріктірілген» [27,259б].

Ұқсас тұрғыны Ю.И. Свядосц ұстанды, ол былай деп жазады: «Ұлттық және халықаралық шаруашылық айналымда көлік техникасын пайдалану қатынасы мүлікті жалдау шартының ерекше нысаны - лизинг шартына (contract of leasing) кеңінен негізделеді. Өткен ғасырдың ортасында бірінші рет АҚШ-та бірінші рет пайда болып50-жылдардың аяғында Батыс Еуропа мен Жапония фирмаларының іскерлік практикасында кеңінен қолданылып, қазіргі таңда барлық мемлекеттерде қолданылады». Арнайы заңды реттеуі жоқ көптеген мемлекеттердің сот практикасында (АҚШ, Германия, Жапония т.б.) және лизингтік қатынастарды реттейтін кейбір арнайы нормативтік актілері қабылданған мемлекеттерде (Францияда – 1996 жылдың 2 шілдесіндегі заң; Англияда – 1965 жылдың Сату-жалдау шарты) лизинг кеңінен танылды [22,341б]. 

Батыс мемлекеттеріндегі  лизингтің даму тарихын зерттеушілер АҚШ пен Батыс Еуропа мемлекеттеріндегі  лизингтің кең қолданылуына теміржол көлігі әсер етті деп белгілейді: теміржол компаниялары көп шығын шекпеу мақсатында локомотивтерді және өзге де көлік құралдарын меншікке (сатып алу-сату шарты бойынша) емес тек пайдалануға алды. Осы мақсатта алғашқы сатыларда АҚШ-та траст конструкциясы пайдаланылды, яғни көлік құралдары трасттық фирмалармен кейіннен теміржол компанияларына пайдалануға беру үшін алынды. Одан кейінгі уақытта өндіруші-компаниялардың қызуғушылығы өсіп, олар көлік құралдарын белгілі бір өндірушіден алып оны жалға бере бастады. 20-ғасырдың 50-жылдарының басында АҚШ-та лизинг негізінде техникалық жабдықтар, көліктер, теңіз кемелері, ұшақтар т.б. беріле бастады. Осы кезенде сонымен қатар, алғашқы лизинг компаниялары пайда бола бастады. Лизинг операцияларына АҚШ-тың Федеративті резервті жүйесінен лизинг операцияларын жүзеге асыратын еншілес фирмаларды құруға рұқсат алған АҚШ-тың коммерциялық банктері тікелей қатыса бастады. Осыған ұқсас процестер Батыс Еуропа мен Жапонияда жүзеге асып жатты [20,21б].

Лизинг мәмілесі туралы алғашқы деректер 1066 жылы Вильгельм  Жаулап алушымен нормандтық кеме иелерінен  кемелерді Ұлыбритания аралын жаулап алу үшін жалға алынған. Бұл тәжірибе ұмытылған жоқ және екі ғасырдан кейін, 1248 жылы бірінші ресми мәміле тіркелді – кресшілер кезекті жаулауға даярланғанда қару-жарақтарды алды. Кейбір авторлар пікірінше, Аристотель өмір сүргенге дейін, лизинг шарты белгілі болған, ол өзінің «Риторика» еңбегінде байлықты меншік құқығындағы мүлікті иелену емес, мүлікті пайдалану құрайды деген. Ағылшын авторы Т. Кларк Хаммурапи заңдарында лизинг туралы ережелерді тапқан [26,14б]. 

«Лизинг» термині (ағыл. «to lease») «жалдау» және «жалға алу» деген мағына береді. Оның енгізуі 1877 жылы «Белл» телефон компаниясының басшылығы телефон аппараттарын сатпай жалға беруді шешкенімен байланысты болды. Бірақ алғашқы лизингтік операциялармен негізгі қызмет түрі ретінде айналысатын қоғам тек 1952 жылы Сан-Францискода «United states leasing corporation» американдық компаниясымен құрылды. Сондықтан, АҚШ жаңа қызмет түрі – лизингінің отаны болып есептелінеді.

АҚШ пен Англиядағы лизингтік қызметтің тәжірибесі Кеңестер Одағы мемлекеттерінде  көп уақыт қолданылған жоқ. Тек қана Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде ғана совет өкіметінің азаматтары лизинг түсінігмен кездесті. Екінші Дүниежүзілік соғыс кезінде үкіметтік контрактілер көлеміндегі ақша қаражаттары есебінен жабдықтарды жеткізуді қаржыландыруда лизинг пайдаланылды. Мәселен, 1940 жылдың қыркүйегінде АҚШ пен Ұлыбритания мемлекеттерінің үкіметтерімен Ұлыбритания территориясында сегіз әскери базаны орналастыру, ал орнына 50 американдық әскери кемелерді беру жөнінде жалға алу (лизинг) мәмілесі жасалды. Бірақ соғыс біткен соң «лизинг» сөзі лексиконнан төрт онжылдыққа шығып қалды.

Лизингтік қатынастардың  күрделілігі мен жаңалығы оның заңды  табиғатына қатысты әртүрлі көзқарастардың пайда болуына әкелді. Екі негізгі  тұрғыны бөлген жөн. Бір мамандар лизингіні азаматтық құқықтың дәстүрлі институттары арқылы анықтайды: жалдау, сатып алу-сату, займ, тапсырма т.б. шарттары арқылы. Басқалар, оның күрделілігі мен жаңалығына қатысты ерекше қатынастар ретінде қарастыруды ұсынады. Кейбір жағдайларда талдаудың пәні ретінде қатынастар кешені, ал екінші жағдайда – тек қана келешекте сатып алу құқығымен берілетін жабдықтарды уақытша иеленуге беру туралы шарт табылады.

Аренда шартымен кейбір элементтерінің ұқсас болғандығы жаңа тұжырымның пайда болуына әкелді, яғни лизинг шарты ерекше белгілері бар аренда шарты ретінде қарастырылады. Бұл көзқарасты көптеген неміс ғалымдары ұстанады: Х. Бук өзінің «Германиядағы лизинг» еңбегінде және К. Ларенц «Қаржы құқығы» оқулығында. Бірақ лизинг шартында оның «ерекше белгілері» деп сараланатын ерекшеліктері бұл ұғыммен қамтылмайды [33,45б]. 

Заң әдебиеттерінде шетел заңнамасын талдағанда лизинг шартын сипаттайтын ерекшеліктері  бар:

жалдау шартына  қарағанда лизинг алушыға оның тапсырмасымен  лизинг фирмасымен алынған техникалық объектілер пайдалануға беріледі;

лизинг шарты  шартпен белгіленген нақты мерзімге жасалады. Бұл мерзім өте ұзақ болуы  мүмкін және мүліктің толық қызмет мерзімінің мөлшерінде де болады, яғни оның толық тозу мерзіміндей болады;

жалданған мүлік  үшін жалдау ақысының мөлшерін оның тозуын есепке ала отырып құны және займ пайдаланғаны үшін пайыздар мен лизинг берушінің қызметіне төлем жасау құрайды. Сонымен, лизингтік ақылардың мөлшері жабдықтар құнынан артық болуға тиіс, ал оның айрмасы табыс болып табылады;

лизинг шартының мерзімі аяқталғаннан соң лизинг алушыға жабдықтарды оның қалған сомасы бойынша сатып алуға мүмкіндік жасалады. Бірақ тараптардың басқа да әрекеттері көзделуі мүмкін, яғни шарт мерзімі ұзартылады немесе лизинг берушіге мүлік қайтарылады;

Информация о работе Лизингтің түсінігі мен маңызы