Лизингтің түсінігі мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………….......……3

1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5
1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5
1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8

2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24

3 Лизинг шарты.....................................................................................................28
3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33

4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42
4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42
4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50
4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52

Қорытынды ………………………………………………………………...........56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг.doc

— 425.50 Кб (Скачать документ)

Жабдықтардың жеткізілімі келісімінен  туындайтын қатынастарға байланысты Конвенция  лизинг алушыны сатып алушы орнына қояды және лизинг беруші келісімінсіз жабдықты жеткізуді одан кейінгі  уақытқа қалдыру құқығын береді. Керісінше, жеткізілім туралы туралы келісімнің тараптары (жеткізуші мен лизинг беруші) жабдықтарды жеткізу мерзімін лизинг алушының келісімінсіз өзгерте алмайды.

Жеткізілімі туралы келісімнің мерзімін бұзса немесе өзге де жағдайларды  толық және тиісінше орындамаса лизинг алушы лизинг беруші мен жеткізушіге қатысты белгілі бір құқықтарға иеленеді. Лизинг беруші қатысты жабдықтарды қабылдаудан бас тартып, лизингтік келісімді бұзуға құқылы. Егер лизингтік келісімді бұзбаса, онда уақытында жеткізілмеген жабдықтар орны толтырылмағанша жалдау ақысын төлемеуге құқылы. Егер лизинг алушы лизингтік келісімнен бас тарса, онда ол лизинг берушіден жалдау ақының және басқа да аванспен төленген ақылардың орнын толтыруды талап етуге құқылы (12-бап).

Конвенцияда сонымен қатар, лизинг алушы тарапынан міндеттеме толық немесе тиісінше орындалмағанда пайда болатын салдары көзделген. Лизинг алушы жалдау ақысын төлемесе, онда жалға беруші жалдау ақысын, пайыздарды және залал орнын толтыруды талап етуге құқылы.

Конвенцияда лизинг шарттарындағы тараптардың лизинг беруші мен лизинг алушының өз құқықтарын беру туралы сұрақ жеке түрде қарастырылған. Лизинг беруші жабдықтарға байланысты немесе өзінің кез келген құқықтарын беруге құқылы, бірақ лизинг берушіні лизинг шарты бойынша ешқандай міндеттерден босатпайды. Ал лизинг алушы жабдықтарды пайдалануда және лизингтік шартқа байланысты құқықтарды, лизинг беруші мен үшінші тұлғаның келісімінсіз, басқа біреуге бере алмайды.

Лизинг заңдарының дамуы ТМД  көлемінде де жүзеге асуда. Лизингтік  қызметтің құқықтық негізін қамтамасыз ету мақсатында Мемлекетаралық экономикалық комитетпен (МЭК) ТМД-ғы мемлекетаралық лизинг туралы Конвенциясының жобасы әзірленіп, 1998 жылдың 25 қарашасында Мәскеуде қол қойылды. Бұл Конвенция ТМД мемлекеттерінің арасында өзара табыс табу негізінде жан-жақты дамудың қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету мақсатында қабылданған. Конвенция достастық мемлекетерінің ұлттық заңына, инвесторлардың құқығын қорғау туралы Конвенцияға, халықаралық қаржы лизингі туралы УНИДРУА Конвенциясына және басқа да жалпытанылған халықаралық нормалар мен ережелерге негізделеді.

3 Лизинг шарты

 

3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері

 

 

Лизинг шарты азаматтық-құқықтық шарт, ол бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушыдан  меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға міндеттенеді (ҚР АК-нің 565-бабының 1-тармағы).

Лизинг шарты Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексімен мүлік жалдау шартының түрі ретінде қарастырылады. Басқа да мүлік жалдау шарттарымен лизинг шартының мүлікті лизинг беруші лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға беруден байланысы көрінеді. Сонымен қатар, лизинг шартының өзіне тән ерекшеліктері бар.

1. Лизинг шартында міндетті тұлға  ретінде лизинг беруші мен лизинг алушыдан басқа мүлікті сатушы қатысады.

2. Лизинг беруші мүлікті жалға  беруде мүліктің иесі болып  табылмайды. Сонымен қатар, лизинг  беруші лизинг алушы үшін мүлік  сатып алғанда мүліктің белгілі  бір тұлғаға жалға берілетіндігі  туралы сатушыны хабардар етуге тиіс.

3. Арендалық қатынастарда белсенді  рөль лизинг алушыға берілген. Лизинг алушы өзі сатушыны  белгілеп, қандай мүлік қажет  екендігін көрсетеді. Бірақ, лизинг  шартында сатушыны және сатып  алынатын мүлікті таңдап алуды  лизинг беруші жүзеге асырады деп көзделуі мүмкін (ҚР АК-нің 565-бабының 2-тармағы).

4. Лизинг шартында  мүлікті лизинг алушыға сатушы  береді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына кіргізілген тауарларға алынатын кедендік баждар мен салықтарды төмендету жағдайын да қарастырған жөн.

ҚР Азаматтық  кодексінің (Ерекше бөлімі) лизинг алушы  мен лизинг берушінің құқықтары  мен мүдделерін қорғауды оның бір  мақсаты ретінде есептейді. Кодексте ішкі құжаттарға сілтеме жасайтын нормалар да бар, оларды жоспарлау мен қабылдау лизинг компанияларына міндетті болып табылады.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, лизинг туралы заңнаманы ары қарай  жетілдіру мақсатында келесі қорытындылар мен ұсыныстар жасаймыз:

Бұрын заң күшінде  болған Азаматтық кодекске қарағанда жаңа қабылданған ҚР АК лизинг опреацияларын жүзеге асуын толық реттейді.

Лизинг туралы тарауды жобалағанда халықаралық  лизинг туралы Оттава Конвенциясының ережелері қолданылды, оған сәйкес лизинг мүліктік қатынастардың үштарапты  кешені ретінде қаралды, ол бойынша лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушының (лизинг алушының) өтініші мен нұсқамасы бойынша дайындаушыдан (жеткізушіден) жабдықтар алады, одан кейін лизинг алушының уақытша пайдалануына береді. Кешен құрамына екі шарт кіреді: сатып алу-сату шарты (лизинг компаниясы мен дайындаушы (жеткізуші) арасында жабдықтар алуға байланысты қатынастар, мұнда дайындаушы – сатушы, ал лизинг компаниясы – сатып алушы) және лизинг шарты (лизинг компаниясы мен пайдаланушы арасында жабдықтарды уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты қатынастар).

Сонымен бірге, осы міндетті толық  немесе тиісінше орындамағанда, егер мерзімінен кеш орындауға лизинг беруші жауапты  болса да, соның өзіне жүктеледі. Бұл жағдайда, лизинг шартының нысаны болып табылатын мүлік осы шартта аталған мерзімде лизинг алушыға берілмеген жағдайда, егер мерзімінен өткізуге лизинг беруші жауап беретін мән-жайлар бойынша жол берілген болса, лизинг алушы шартты бұзуды және шығынды өтеуді талап етуге құқылы (ҚР АК-нің 571-бабының 2-тармағы). Лизинг шартында жалға алынған мүліктің кездейсоқ жойылу, бұзылу қауіпі сатушы лизинг алушыға мүлікті бергеннен пайда болады [36,15б].   

2000 жылдың 5 шілдесінде  қабылданған Қазақстан Республикасының  «Қаржы лизингі туралы» заңында  қаржы лизингісінің анықтамасы берілген, ол бойынша лизинг беруші сатушыдан өз меншігіне сатып алған және лизинг шартымен келісілген лизинг нысанасын лизинг алушыға белгілі бір төлемақысына және белгілі бір талаптармен уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін кемінде үш жыл мерзімге пайдалануға беруге міндеттенетін ивестициялық қызметтің түрі. Лизинг шарты бойынша лизинг беруші лизинг алушы көрсеткен мүлікті сатушы меншігіне сатып алуға және лизинг алушыға осы мүлікті ақы төлеп уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсатта пайдалануға беруге міндеттенеді.Сондықтан, лизинг мақсаттары үшін екі құқықтық қатынас жүзеге асады:

  1. лизинг берушінің сатушының (үшінші тұлға) қатысуымен сатып алу-сату;
  2. лизинг берушінің және лизинг алушының қатысуымен мүлік жалдау.

Осымен, лизинг шартына қатысушылардың құқықтық байланыстары шектелмейді, белгілі құқықтар мен міндеттер лизинг берушінің және лизинг алушының араларында пайда болады.Қаржылық лизингтің мәнісі және ерекшелігі оның түрлік сипаттамасы арқылы көрінеді. Қаржы лизинг нысандарын ажыратады.  Оларға мыналар жатады:  а) ішкі лизинг,  оны жүзеге асырған кезде лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылады: б) халықаралық лизинг, оны жүзеге асырған кезде лизинг беруші немесе лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайды. Егер сатушы резидент болмаса, заң лизинг қандай нысанға жататынын айтпайды, біздің ойымызша, ол халықаралық лизингке жатуы мүмкін.Қаржы лизинг түрлері мыналар: 1) қайтарымды лизинг. Ол орын алса сатушы лизинг нысанасын лизинг берушіге осы лизинг нысанасын лизинг алушы ретінде лизингке кері қайтарып алу талабымен сатады; 2) банктік лизинг, мұнда лизинг беруші банк болып келеді; 3) толық лизинг - ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады. 4) таза лизинг лизингтің бұл түрі бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады.Лизинг шартында үш субъект қатысса да: сатушы, лизинг беруші, лизинг алушы, ол екі тарапты шарт болып табылады. Егер сатушы болмаған жағдайда, шарттық қатынас анық ерек-шелігі жоқ қай мүлік талдау болып табылады. Лизинг шартын жасасқан кезде екі шарттық құқықтық қатынас пайда болады сатып алу-сату шарты және мүлік жалдау шарты. Лизинг шартының тараптары ретінде лизинг беруші және лизинг алушы қатысады. Лизинг беруші - тартылған ақша және (немесе) өз ақшасы есебінен лизинг нысанасын өз меншігіне сатып алатын және оны лизинг шартының талаптары негізінде лизинг алушыға беретін лизинг мәмілесіне қатысушы. Лизинг беруші ретінде заңды тұлғалар және жеке кәсіпкер ретінде танылатын жеке тұлғалар болуы мүмкін. Лизинг шарттарында коммерциялық емес заңды тұлғалардың лизинг беруші ретінде қатысуы шектеледі, ол олардың жарғылық мақсаттарына қайшы келеді, себебі, алдында көрсетілгендей лизинг шарты мамандандырылған мінезі бар қаржылық (кәсіпкерлік) кызметті қамтамасыз етеді.Лизинг алушы-лизинг шартының талаптарына орай кәсіпкерлік мақсаттар үшін лизинг нысанасын қабылдайтын лизинг мәмілесіне қатысушы. Олар, кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар болуы мүмкін.Мәміленің үшінші қатысушысы - сатушы, лизинг нысанасын сатып алу-сату шарты және (немесе) лизинг шарты негізінде оны бұдан кейін лизинг шартының талаптарымен лизинг алушыға беру мақсатында лизинг берушінің өткізетін лизинг мәмілесіне катысушы.Сатушы бір мезгілде лизинг нысанасының лизинг алушысы ретінде (қайтару лизингі) іс-қимыл жасай алады. (Қазақстан Республикасының Қаржылық лизинг туралы Заңының 2-6).Лизинг шартының пәні ретінде кәсіпкерлік мақсатта пайдаланатын жарамды, тұтынылмайтын заттар болуы мүмкін. Оларға үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көлік құралдары, жер учаскелері және т.б. жатады. Бағалы қағаздар мен табиғи ресурстар лизинг нысанасы бола алмайды. Лизинг беруші:

1) лизинг алушымен  келісілген лизинг нысанасын  шартының талаптарымен лизинг алушыға беру үшін оны сатушыдан өз меншігіне сатып алуға міндетті. Сонымен қатар, сатып алу-сату шартын жасаған кезде лизинг нысанасы белгілі бір сатып алушыға лизингке беруге арналғаны туралы сатушыға жазбаша хабарлауға міндетті. Сондықтан, сатушыға лизинг алушының жеке басы және лизинг шартының жағдайы мәнге ие. Олар жөніндегі көзқарас сатушыға өзінің мүмкіндік қауіп-қатерін есептеуге, мүлік тағайындауды бағалауға мүмкіндік береді;

2) лизинг нысанасын  лизинг алушыға беруді қамтамасыз  етуге міндетті. Лизинг нысанасын оған нақты беру сатушымен жүзеге асырылады.

Лизинг беруші лизинг алушыдан лизинг нысанасын мынадай жағдайларды талап етуге құқылы:

а) егер   лизинг   алушы   нысанасын   пайдаланылуы   лизинг шартының жағдайларына немесе лизинг нысанасын қызметіне сәйкес келмесе;

б) егер лизинг алушы берушіге лизинг нысанасын  көруге шектеу жасаса;

в) егер лизинг алушы лизинг шартымен белгіленген мерзімі өткеннен кейін екі және одан да көп лизинг төлемдерін төлемесе.

Лизинг алушының құқықтарының ерекшелігі мынадай:

  1. лизинг нысанасының сапасына және жиынтықтылығына, оны жеткізу мерзіміне қатысты және сатушы мен лизинг беруші арасында жасалған шарт тиісті дәрежеде орындалмаған басқа да жағдайларда сатушыға талап қоюға құқылы;
  2. егер лизинг нысанасы тиісті кемшіліктермен жеткізілсе, лизинг нысанасын қызметі бойынша пайдалануына кедергі жасаса, лизинг нысанасын ауыстыруға талап етуте құқылы. Лизинг алушы нысанасын көруі не кедергі жасамауға міндетті.Лизинг шарты тараптардың бірінің талап етуі бойынша өзгертілуі немесе сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылуы мүмкін. Мерзімінен бұрын бұзылуының негізі жалпы ережелерге сүйенеді. Олар болып, лизинг беруші немесе лизинг алушы шарттың елеулі жағдайларын бұзғандығы болып табылады.

 Бұл орайда лизинг шарты  бойынша лизинг нысанасын беру  мына талаптардың біріне немесе  бірнешеуіне сай келуге тиіс:

  1. лизинг нысанасын лизинг алушының меншігіне беру және лизинг алушыға тіркелген баға бойынша лизинг нысанасын сатып алу құқығын беру лизинг шартымен айқындалады;
  2. лизинг мерзімі лизинг нысанасының пайдалы қызмет ету мерзімінің 75 процентінен асады;
  3. лизинг төлемдерінің лизингтің бүкіл мерзімі ішіндегі ағымдық (дисконтталған) құны лизингтің берілген нысанасы құнының 90 процентінен асады.

Осы жерде «Қаржы лизингі туралы»  ҚР Заңы ҚР АК өзгешелеу келеді.

Сонымен қатар, қаржы лизингі шарттарының  орта және ұзақ мерзімді сипаттамаларымен және жабдықтар құнының толығымен немесе белгілі бір бөлігімен тозуы сипатымен өзгешеленеді. Сонымен бірге, мерзімі өнімнің қызметі мерзімінен аз болып келетін басқа лизинг шарттарынан қысқалау мерзімге жасалатын жедел лизингте болуы мүмкін. Ондай лизинг түрінде жабдықтың толық емес тозуы жүзеге асады. Одан кейін ол қайтадан лизингіге беріледі немесе лизинг берушіге қайтарылады. Осы лизинг түрі көбінесе жабдықтар өндірушілерімен және сауда компанияларымен ұсынылады.

Сонымен, ҚР «Қаржы лизингі туралы»  Заңы лизинг мәмілесіне түсінік береді: лизинг мәмілесі деп лизингке қатысушылардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтатуға бағытталған келісілген іс-қимылының жиынтығын айтамыз. Бұл анықтаманы заң белгілеп өткен, бірақ оның құқықтық жағынан қажеті жоқ деп есептейміз.

Лизинг шарты егер Қазақстан  Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, тараптардың анықталған келісімі бойынша белгіленген мерзімге жасалады. Сонымен қатар, лизинг шартының мерзімі лизинг пәні құнының белгілі  бір бөлігінен немесе тозу мерзімінен аз болуы керек.

Лизинг шарты тараптар оған қол  қойғаннан бастап заңды күшіне енеді  және тараптар үшін міндетті болып  табылады. Осыған сәйкес лизинг шарты  жазбаша нысанда болуға тиіс.

Қазақстанда «Қаржы лизингі туралы»  Заңымен лизинг қатынастары сатушының, лизинг берушінің және лизинг алушының арасында бір лизинг шартымен рәсімделуі мүмкін (13-бап). Егер лизинг шартында сатушы қатысса, онда жеке сатып алу-сату шарты жасалмайды. Мұндай жағдайда сатушының құқықтары мен міндеттері лизинг шартымен белгіленеді.

Тараптардың біреуінің талабы бойынша  лизинг шарты мерзімінен ерте сот  тәртібімен өзгертілуі немесе бұзылуы  мүмкін. Лизинг беруші талабы бойынша  лизинг шарты келесі жағдайларда  бұзылуы, ал шарт нысанасы қайтарылуы мүмкін:

  • егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;
  • егер лизинг алушы лизинг берушінің лизинг нысанасына қол жеткізуін шектесе;
  • егер лизинг алушы белгіленген көлемдегі лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерін шартта көзделген мерзімде қатарынан екі немесе одан да көп рет төлемесе.

Лизинг алушының талабы бойынша  шарт бұзылуы мүмкін, ал лизинг нысанасы лизинг берушіге келесі жағдайларда  қайтарылады:

Информация о работе Лизингтің түсінігі мен маңызы