Лизингтің түсінігі мен маңызы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 05 Мая 2013 в 18:08, курсовая работа

Краткое описание

Олар өзінің негізгі қорларын жаңарта және ғылыми-техникалық прогрестің нәтижелерін енгізе алмайды, сондықтан банктерден несие алуға тиіс. Кәсіпорынға өзінің негізгі құралдарын жаңарту үшін лизингіге жабдықтар алу қажет. Лизинг нысаны кәсіпорынмен банкінің арасындағы келіспеушілікке әкеледі. Лизинг операциясы барлық қатысушыларға пайдалы: бір тарап бөліп-бөліп төлейтін несие алады; екінші тарап несие қайтарудың кепілдігін, себебі лизинг объектісі лизинг берушінің немесе банкінің меншігі болып табылады. Лизинг бойынша кәсіпорын жабдықтар алғанда 10 % дейін қаражаттарды үнемдейді [35,12 б].

Содержание

Кіріспе…………………………………………………………………….......……3

1 Лизингтің түсінігі мен маңызы..........................................................................5
1.1 Лизингтің пайда болу және даму тарихы………………….........…………...5
1.2 Лизинг анықтамасы мен оның жіктелуі ……………………............……….8

2 Лизингтік қатынастарды реттеудің құқықтық негіздері................................19
2.1 Қазақстан Республикасы лизингі туралы заңнамасының дамуы…..........19
2.2 Лизинг саласындағы халықаралық унификация…………………….........24

3 Лизинг шарты.....................................................................................................28
3.1 Лизинг шартының түсінігі мен белгілері…………………………......……28
3.2 Лизинг шартының негізгі элементтері ………………………….....…...…33

4 Лизинг дамуының әлемдік бағыттары.............................................................42
4.1 Халықаралық құқықтағы лизингтің құқықтық реттелуі…………............42
4.2 Шетел мемлекеттеріндегі лизингтің ерекшеліктері………………….......50
4.3 Қазіргі лизинг дамуының Қазақстандағы бағыттары……………….........52

Қорытынды ………………………………………………………………...........56

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі……………….......................………..…….. 58

Прикрепленные файлы: 1 файл

Лизинг.doc

— 425.50 Кб (Скачать документ)

Салынған қаражаттардың  қайтарылуына байланысты (мүліктің ақталуына  қатысты) лизинг келесі түрлерге бөлінеді: 1. Шығындардың толық ақталуымен болатын лизинг, яғни лизинг төлемдерінің сомасына лизинг берушінің шығындары  және табысы кіретін лизинг түрі; 2. Шығындардың толық емес ақталуымен болатын лизинг, яғни лизинг беруші шығындарының бір бөлігі ғана ақталады. Жалдау шартының мазмұнын бөтеннің мүлкін уақытша пайдалану құрайтындықтан, жалдауға қаржы жалдауын бірге алғанда, тек тұтынылмайтын заттар ғана беріледі. Лизинг пәніне жалға алынған мүлікті кәсіпкерлік мақсатта пайдалану талабы қойылады (жаңа жабдықтар мен механизмдерді тез тоздыру, бос капиталды инвестициялау т.б.).

Лизингтік қызмет нарығы лизинг нысандарының, лизинг операцияларын реттейтін заң нормаларының және лизинг келісім-шарттарының көптігімен сипатталады. Лизинг алушының құқықтарын қорғаудың қосымша тәсілі ретінде лизинг беруші шартқа сәйкес келетін жабдықтарды жеткізгенге дейін, жалдау ақыларын төлеуден бас тарта тұру өкілеттігін беру немесе жабдықтан бас тарту құқығы табылады. Лизинг шарты егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, тараптардың анықталған келісімі бойынша белгіленген мерзімге жасалады. Сонымен қатар, лизинг шартының мерзімі лизинг пәні құнының белгілі бір бөлігінен немесе тозу мерзімінен аз болуы керек.

Лизинг шарты тараптар оған қол  қойғаннан бастап заңды күшіне енеді  және тараптар үшін міндетті болып  табылады. Осыған сәйкес лизинг шарты  жазбаша нысанда болуға тиіс.

Қазақстанда «Қаржы лизингі туралы» Заңымен лизинг қатынастары сатушының, лизинг берушінің және лизинг алушының арасында бір лизинг шартымен рәсімделуі мүмкін (13-бап). Егер лизинг шартында сатушы қатысса, онда жеке сатып алу-сату шарты жасалмайды. Мұндай жағдайда сатушының құқықтары мен міндеттері лизинг шартымен белгіленеді.

Тараптардың біреуінің талабы бойынша  лизинг шарты мерзімінен ерте сот  тәртібімен өзгертілуі немесе бұзылуы  мүмкін. Лизинг беруші талабы бойынша  лизинг шарты келесі жағдайларда  бұзылуы, ал шарт нысанасы қайтарылуы мүмкін:

  • егер лизинг алушының лизинг нысанасын пайдалануы лизинг шартының талаптарына немесе лизинг нысанасының арналған мақсатына сәйкес келмесе;
  • егер лизинг алушы лизинг берушінің лизинг нысанасына қол жеткізуін шектесе;
  • егер лизинг алушы белгіленген көлемдегі лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерін шартта көзделген мерзімде қатарынан екі немесе одан да көп рет төлемесе.

Лизинг алушының талабы бойынша  шарт бұзылуы мүмкін, ал лизинг нысанасы лизинг берушіге келесі жағдайларда  қайтарылады:

  • егер лизинг беруші лизинг нысанасын бермесе немесе лизинг нысанасын пайдалануға кедергі жасаса;
  • егер берілген лизинг нысанасында лизинг шартында көрсетілмеген жетіспеушіліктер немесе оны пайдалануға кедергілер болса;
  • егер лизинг беруші лизинг нысанасын жеткізу мерзімдерін бұзса.

Шарты өзгерту мен бұзудың негіздері  ішінде тараптардың біреуімен шарты  елеулі бұзу табылады. Бұл жағдайда екінші тарап сот тәртібімен шартты өзгертуді немесе бұзуды талап етуге  құқылы.

Лизинг шарты консенсуалды болғандықтан, яғни тараптар шарттың елеулі болып табылатын талаптарын келіскенде ғана шарт жасалған болып есептелетіндіктен, шарттың елеулі талаптары туралы сұрақты қарастырған жөн. Лизинг шартының елеулі талаптары ҚР АК-нің 567-бабында және ҚР «Қаржы лизингі туралы» заңының 15-бабында көзделген. Бірақ нормативтік-құқықтық актіде көзделген талаптармен АК талаптар сәйкес келмейді.Лизинг түрлерін бөлгенде оның сыныпталу белгілерінен шығады, ол келесіні сипаттайды: жалданатын мүлікке қатыстығын; лизинг операциясының қаржыландыру типін; лизинг мәмілесіне қатысушылар құрамын; лизингіге берілетін мүліктің типін; лизинг мүлкінің өзін-өзі ақтау деңгейі; лизинг операциясы жүзеге асатын нарық секторы; салық, кеден және тозу жеңілдіктеріне және преференцияларға қатысы; лизингтік төлемдер тәртібі.

ҚР «Қаржы лизингі туралы» Заңына сәйкес (3-баптың 2-тармағы) лизингтің келесі түрлері болады:

Банк лизингі – лизингтің  бір түрі, мұнда лизинг беруші банк болып табылады.

Толық лизинг – лизингтің бір  түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырады. Ақы жағынан толық лизинг ең қымбат лизинг түрі болып табылады, себебі лизинг берушінің техникалық қызмет көрсетуге, білікті персоналмен қамтуға, қажетті өнім мен құралдармен қамтуға көп шығындары шығады.

Қайталама лизинг – лизинг берушінің  өз меншігінде қалған лизинг нысанасы, лизинг шарты тоқтатылған немесе бұзылған жағдайда басқа лизинг алушыға  лизингке берілетін лизингтің бір  түрі.

Таза лизинг – лизингтің бір  түрі, ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг алушы жүзеге асырады. Осы жерде лизинг алушы лизинг беруші таза төлемдерді ғана аударады. Көптеген отандық жабдықтар лизингісінің нарығындағы қызмет таза болып табылады.

Сублизинг – лизинг алушы (сублизинг беруші) бұрын лизинг шарты бойынша лизинг берушіден алынған және лизинг нысанасын құрайтын мүлікті төлемақысына және сублизинг шартының талаптарына сәйкес мерзімге уақытша иеленуге және кәсіпкерлік мақсаттар үшін үшінші тұлғаларға (сублизинг берушілерге) пайдалануға беретін лизингтің бір түрі Сондықтан, оның мерзімі аяқталған соң лизинг беруші оны басқа тұлғаларға беруге, лизинг алушымен шарт мерзімін ұзартуға немесе лизинг объектісін сатуға мәжбүр болады.

Операцияны ұйымдастыру нысанына және өткізу техникасына байланысты лизинг келесі түрлерге бөлінеді: 1. Тікелей лизинг ол бойынша мүлік иесі (жеткізуші) өзі жеке лизинг пәнін береді (екіжақты мәміле). Бұл лизинг түрін классикалық деп атай алмаймыз, себебі лизинг беруші мен жеткізуші (дайындаушы) қызметін бір тұлға жүзеге асырады. Лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін мүлікті өндіруші өзінің құрамында маркетинг қызметінің құрамына кіретін арнайы бөлімшелер құрады. Өкілдерсіз қызмет мәміле механизмін жеңілдетеді және экономикалық жағынан табысты болып келеді. Тікелей лизинг өнімдерді өткізу нарығын кеңейтеді және негізгі өндірістің қаржылық тұрақталуына әкеледі; 2. Жанама лизинг - мүлікті лизингіге беру өкіл арқылы жүзеге асады. Бұл мәміле классикалық болып табылады, себебі мұнда жеткізуші, лизинг беруші және лизинг алушы қатысады. Көптеген лизинг мәмілелерінің негізінде жанама лизинг тәртібі жатыр. Өкіл (лизинг беруші) алдымен сатушының мүлкін қаржыландырады және лизинг алушыға береді, ал одан кейін ғана лизинг төлемдерін алады. Жанама лизингіге ең аз дегенде үш тарап қатысуға тиіс, бірақ қатысушылар саны одан да көп болуы мүмкін; 3. Қайтару лизинг (sale and leaseback) - лизинг алушы да сатушы да (жеткізуші де) бір тұлға болып табылатын лизинг түрі. Қайтару лизингісі қажетті айналымда қаражаттары жоқ кәсіпорындар үшін мәселені шешудің ең тиімді жолы. Қайтару лизингісі мен кепілді шатастырмау керек, себебі сыртқы нысаны ұқсас болса да, кепілдің өз рәсімделмейді. Кәсіпкерлер қайтару лизингсін жасасқанда меншік құқығынан айырылатындықтарын білу керек. Қайтару лизингісі кәсіпорынға мүлікті сату арқылы қажетті қаражаттарды алуға және сол мүлікті лизинг алушы ретінде пайдалануға жағдай тудырады. Сонымен қатар, кәсіпорын лизинг төлемдерін жасап болғаннан кейін, сол мүлікті меншікке қайтадан сатып ала алады; 4. Бөлушілік лизинг немесе «левередж-лизинг» (leverage lease; несиелік, жарналық) – бұл лизинг мәмілесі өзінің кең ауқымдылығына қатысты бір, екі лизинг берушілермен қаржыландыра алмағандықтан және көп инвестициялық қаражаттарды талап ететіндіктен бес-он лизинг берушіден тұратын лизинг түрі. Негізгі лизинг беруші мүліктің бір бөлігін ғана төлейді, ал қалған қаражаттарды басқа лизинг берушілерден алады. Осы жерде сондықтан, негізгі лизинг алушы шарттан туындайтын барлық салдарды есепке алғанда мүліктің меншік иесі болып табылады, бірақ лизинг төлемдерін алудың басым құқығын басқа біреуге беруі мүмкін.

Лизинг мәмілесіне негізгі қатысушылардың мемлекетіне қатысты лизинг шарты  келесі түрлерге бөлінеді: 1. Ішкі лизинг –лизинг мәмілесіне қатысушылар  Қазақстан Республикасының резиденттері табылатын лизинг түрі; 2. Халықаралық лизинг – сатушы, лизинг беруші және лизинг алушы Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын лизинг түрі. Егер шарт бойынша мүлік (сатушы) шетелден алынса (болса), лизинг алушы мемлекетіне халықаралық лизингіні импортты деп атаймыз. Егер мүлік лизинг алушы немесе лизинг беруші мемлекетінде алынса, онда оны экспортты дейміз.

Шетел мемлекеттерінің практикасында  халықаралық лизинг түрін – транзитты  лизингіні бөледі. Транзитті лизинг бойынша лизинг беруші, лизинг алушы және сатушы әртүрлі мемлекеттерден болады. Мұнда бір мемлекеттің лизинг берушісі басқа мемлекетте несие немесе мүлік алады және үшінші мемлекеттегі лизинг алушыға жеткізеді. Көп жағдайда, транзитты операциялар жергілікті лизинг алушылармен қарым-қатынаста болатын, шетелдік филиалдары мен өкілдіктері дамыған, еншілес лизингтік фирмалары бар трансұлттық корпорациялармен және банктермен бақыланады.

Тікелей мәмілелермен салыстырғанда  транзитты лизингіні инвестициялауда лизинг берушіде бірнеше артықшылықтары бар:

лизинг алушы мемлекетіндегі жергілікті қаржы көздеріне қол жеткізу;

валютаны ауытыруға қатысты  қауіпті төмендету;

лизингіге берілетін мүліктің түрін  кеңейту;

лизингтік ақыларды шетелге аударуға салықтық кедергілерді жою;

шетелдік әріптестер – лизинг берушілер  қызметіне қойылған шектеулерді  алып тастау;

өндірілген өнімді өткізудің шетелдік нарығын кеңейту.

Лизинг алушының сервистік  қызмет көрсетуінің көлеміне қатысты  лизинг келесідей түрлерде болады: 1. Таза лизинг – ол бойынша лизинг нысанасына техникалық қызмет көрсетуді және оның ағымдағы жөндеуін лизинг беруші жүзеге асырмайды. Таза лизинг бойынша ағымдағы жөндеу шығындарын, сақтандыруды лизинг алушы өзі көтереді және ол шығындар лизинг төлемінің мөлшеріне кірмейді. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының территориясына кіргізілген тауарларға алынатын кедендік баждар мен салықтарды төмендету жағдайын да қарастырған жөн.

ҚР Азаматтық  кодексінің (Ерекше бөлімі) лизинг алушы  мен лизинг берушінің құқықтары  мен мүдделерін қорғауды оның бір мақсаты ретінде есептейді. Кодексте ішкі құжаттарға сілтеме жасайтын нормалар да бар, оларды жоспарлау мен қабылдау лизинг компанияларына міндетті болып табылады.

Сонымен жоғарыда айтылғандарды есепке ала отырып, лизинг туралы заңнаманы ары қарай жетілдіру мақсатында келесі қорытындылар мен ұсыныстар жасаймыз:

Бұрын заң күшінде  болған Азаматтық кодекске қарағанда  жаңа қабылданған ҚР АК лизинг опреацияларын  жүзеге асуын толық реттейді.

Лизинг туралы тарауды жобалағанда халықаралық лизинг туралы Оттава Конвенциясының ережелері қолданылды, оған сәйкес лизинг мүліктік қатынастардың үштарапты кешені ретінде қаралды, ол бойынша лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушының (лизинг алушының) өтініші мен нұсқамасы бойынша дайындаушыдан (жеткізушіден) жабдықтар алады, одан кейін лизинг алушының уақытша пайдалануына береді. Кешен құрамына екі шарт кіреді: сатып алу-сату шарты (лизинг компаниясы мен дайындаушы (жеткізуші) арасында жабдықтар алуға байланысты қатынастар, мұнда дайындаушы – сатушы, ал лизинг компаниясы – сатып алушы) және лизинг шарты (лизинг компаниясы мен пайдаланушы арасында жабдықтарды уақытша иелену мен пайдалануға беруге байланысты қатынастар).

Лизинг алушы мүлікті жұмысқа  келетін жағдайда ұстап, оған қызмет көрсетуді және мәміле мерзімі аяқталған соң қайтаруға міндетті;

2. Толық лизинг – оған сақтандыру, жөндеу, персонал әзірлеу және  техникалық қызмет кешені жүйесін  қарастыратын мәмілелер жатады. Лизинг беруші мүлікке меншік  құқығын сақтай отырып, мәміле  мерзімі ішінде оған салықты өзі толығымен төлейді. Лизинг беруші лизинг алушымен тығыз қатынаста болуға мүдделі, сондықтан мүліктің дұрыс пайдалануына бақылау жасайды.

Толық лизингінің ерекшелігі: лизинг берушімен пайдаланушыға жоғары кәсіпті кең көлемді қызмет ұсынылады. Лизинг қатысушыларының осындай қарым-қатынасы өнім өндірудің ұлғаюына әкеледі. Мүліктің өндірістік циклінің әрбір сатысында әртүрлі сервистік қызмет түрлері белгіленуі мүмкін [10,29б].  Әртүрлі жағдайларға байланысты осындай қызметтерді жүзеге асырады: өз құрамында жөндеу және өзге де қызметтері бар лизинг берушілер; мүлікті өндірушілер; арнайы сервистік ұйымдар;

3. Толық емес қызмет жиынтығы  бар лизинг ол бойынша екі  тарап мүлікке техникалық қызмет  көрсету функциясын келісіп бөліп  алады. Мысалы, лизинг алушы мүлікке ағымдағы жөндеуді жасауға міндеттенеді, ал лизинг беруші лизингіге берілген мүлікті дұрыс жағдайда болуының шығындарын төлеуге міндет алады;

4. Кешенді лизинг ол бойынша  лизинг беруші мүлік сомасын  төлеумен қатар, лизинг нысанасына  қатысты лизинг алушының өнім өндіруінің ұйымдастыруына қажетті қосымша салымдарды инвестициялайды.

Шетел мемлекеттерінің практикасында  көп жағдайларда бас лизинг мәмілелері кездеседі, яғни лизинг алушы лизинг алу талабын толықтыра алатын лизинг түрі. Лизинг шарты егер Қазақстан Республикасының заңында өзгеше көзделмесе, тараптардың анықталған келісімі бойынша белгіленген мерзімге жасалады. Сонымен қатар, лизинг шартының мерзімі лизинг пәні құнының белгілі бір бөлігінен немесе тозу мерзімінен аз болуы керек.

Информация о работе Лизингтің түсінігі мен маңызы