Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 02:14, реферат
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
Бұл дипломдық жұмыста кірістың есебінің, аудитінің, кірістың теориялық және практикалық сұрақтары қарастырылған. Бірінші бөлімде кіріс туралы түсінік беріліп, ұйымның техника – экономикалық көрсеткіштері мен бухгалтерлік есебінің ұйымдастырылуы жайлы жазылған. Екінші бөлімде кірістың бухгалтерлік және салық есебі ашылған.
Еңбек жағдайын жақсарту, кірісты көбейту және шығындарды азайту үшін «Карлайт» ЖШС-на келесідей ұсыныстарды беруге болады:
Кірісдың аудитіне тоқталсақ ұйымда ішкі бақылауды ұйымдастыруды барынша жолға қойғаны жөн болар еді.
Дипломдық жұмыс кірістің есебі мен аудитін теориялық және тәжірибелік тұрғыдан зерттелгендіктен біз көптеген мәселелерге көз жеткізе алдық. Сондықтан да кірісдың есебі мен кез-келген ұйымдар үшін маңызды болып саналады.
Жалпы кіріс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын кіріс соншалықты жоғары болады. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын кірісқа жүргізілетін талдауды жоғарыда аталған көрсеткіштермен, сондай-ақ кіріспен үздіксіз байланыста болу керек.
Өндірістік өзіндік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтері коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдалану-шылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтынына байланысты, жалпы кіріс көлемін маржиналды кіріс көлемімен теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.
Қазіргі уақытта шағын кәсіпорындарды дамыту – халық шаруашылығын дамытудың басты мәселесінің бірі. Нарықты қалыптастыруда шағын кәсіпорындар экономиканы сауықтыруға қолайлы жағдай туғызады: бәсекелестік орта дамиды, тауар және қызметпен нарықтың толығуы байқалады, қосымша жұмыс орындары пайда болады, тұтыну секторы кеңейеді, жергілікті шикізат ресурстары жақсы тұтынылады. Шағын кәсіпорындардың әлеуметтік қызметі – жұмыспен қамтылған жұмысшы күшін нарықты жұмысқа тартып, жұмыссыздықты төмендетеді. Сондықтан шағын кәсіпорындардың дамуы –нарыққа апаратын ең арзан жол, ол тиімді экономиалық өсуге септігін тигізеді. Тұрақсыз кәсіпкерлік құрылымы ретінде, нарық ауытқуларына тәуелді болғандықтан жан – жақты мемлекеттік қолдау көрсету керек. Әлемді шарлаған дағдарыс кезінде Үкімет оның салдарын еңсеру жөнінде басты басымдылықтың бірі ретінде кәсіпкерлікті қолдау ісіне ерекше мән береді және оның сан түрлі амалдарын жасайды.
Ең бірінші кәсіпкерліктің алдынан туындайтын әкімшілік кедергілерді азайту. Оның үстіне 2008 жылдан бері әрекет етіп келе жатқан кәсіпкерлік субъектілерді тексеруге жарияланған мораторийдің мерзімін ұзарту.
Екіншіден, жаңадан қабылданған Салық кодексі арқылы орта және шағын кәсіпкерлікке түсетін салық жүктемесін жеңілдету.
Үшіншіден, «Самұрық – Қазына», «Даму» қорлары, «Казагро» холдингі мен екінші деңгейдегі банктер арқылы орта және шағын кәсіпкерлікке берілетін несиелердің ставкалары жеңілдету. Ол 12,5пайыз көлемінде белгіленіп отыр. Ең жоғарғы деңгейінің өзі 14 пайыздан аспауы тиіс.
Мұның өзі мемлекет тарапынан жасалынып отырған жақсы жеңілдік екені айтпаса да түсінікті. Орта және шағын кәсіпкерлікті несиелендірудің негізігі операторы ретінде екінші деңгейдегі банктер белгіленген.
Шағын кәсіпкерлікке үкімет тарапынан қолдау болмады деп ешкім айта қоймас. Шағын және орта бизнес экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың неғұрлым икемді және тиімді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарық конъюктурасының «өзгеруіне» қарай жылдам бейімделе алады. Елімізде экономиканың әртүрлі салаларын қамтыған көптеген шағын бизнес кешендерін құру арқылы ғана толыққанды нарық қалыптастыруға болады. Өйткені, нақ сол кәсіпорындар ішкі нарықты тұтыну тауарларымен толықтыра алады. Бәсекеге қабілетті экономиканың үлгісін таңдай отырып, іргелі елдердің қатарынан орын алу барысында мемлекет пен шағын және орта бизнес саласы өзара сенім мен тиімділікке негізделген әріптестік қатынастарын жолға қою мәселесі көкейтесті мәселелердің санатында.
Еліміздің ұстанып отырған бағыты мен мүмкіндіктеріне сәйкес кәсіптерді игеру, кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі дамыған 50 елдің қатарына қосылудың басты шарттарының бірі болып табылады. Сондықтан мемлекет қазіргі күні жастарды оқыту, олардың білімі мен білігінің деңгейін дамыған елдер стандартына дейін жеткізу ісіне ерекше мән беруде. Жапония, Германия, Италия тәрізді елдерде барлық кәсіпорындардың 90 пайыздан астамы шағын және орта бизнес субъектілерінің үлесіне тиеді. Соңғы кездері Үкімет Ел басының тапсырмасы бойынша еліміздің шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қолдау қолға алынды. Жалпы, еліміздің банктеріне, ауыл шаруашылығына, аса тиімді деген инфрақұрылымдарды жүзеге асыруға көрсетіліп жатқан қолдау болып табылады.
Шағын кәсіпорынды дамыту нарықта тауарлармен толтыру мен қызметпен тез қамтуға, салалық және аймақтық үстемдікті жоюға, бәсекені кеңейтуге, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге, сыртқа тауарлар шығару қарқынын арттыруға көмектеседі. Шағын кәсіпкенрлік экономика дамуының негізгі тетігі болғандықтан олардың тиімділігін арттыру үлкен орын алады.
Шағын кәсіпкерліктің дамуына мемлекет тарапынан қолдау көрсету өте маңызды. Оның дәлелі ретінде Жапония мемлекетін мысал ретінде қарастыруға болады. Жапонияда ұйымдастырылған шағын және орташа кәсіпорындар басқармасы қамқорлығы арқылы жеңілдік несие беру және салық салу арқылы және бюджеттен тікелей қаржы бөлу жолымен жүргізіледі. Кәсіпорындарға салық салу ставкалары мемлекеттік кәсіпорындарға қарағанда 2 есеге қысқартылды. Кәсіпорын шығындарын азайтуда салықтарды аз мөлшерде төлеу тиімділікке жету жолын қысқартады. Нәтижесінде Жапонияның шағын кәсіпорындар үлесі 99%-ке жетті, бүгінгі таңда ел экономикасы дамыған мемлекеттердің қатарына кіреді.
Менің ойымша республикада шағын кәсіпорындарды дамыту үшін салық ставкаларын біршама азайту керек. Өйткені нерыққа енді енген жаңа кәсіпорын өз шығындарын қысқа мерзімде өтеу керек.Шағын кәсіпорындарды дамытуда мемлекеттік тіркеу іс-шаралары жеңілдетілген. Астанада арнайы комитет құрылып, шағын кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеу ұзақтығы қысқартылды.
Мемлекет тарапынан тек мемлекеттік кәсіпорындарға қолдау көрсетіледі. Осы және тағы басқа мәселелерге назар аудару керек.Әрине бүгінгі таңда Қазақстандағы Банк жүйесінің дамуы ТМД мемлекеттерінің ішінде бірінші орында. Шағын кәсіпорындарды несиемен қамтамасыз ету шаралары жүргізіліп жатыр.
Қарастырылған «Карлайт» ЖШС кәсіпорны ұйымдық-құқықтық нысанындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестік түрінде құрылған. Кәсіпорынға экономикалық талдау жасаудың енгізінде келесіге назар аудардық. Зерттелген периодта табыстардың барлық түрлері көбейді, бұл өндірістің ұлғаюы мен көлемінің өсуіне байланысты болды.
Материал қайтарымдылығы өсіп, материал сыйымдылығы төмендеді. Осылайша «Карлайт» ЖШС ресурстарын пайдалану жалпы бағалағанда тиімді болып табылады.
Жұмысшылардың еңбекақы көлемі төмендеді, өйткені еңбекақының өсу қарқыны өнім өткізуден түскен табыстың өсу қарқынына қарағанда төмен.Кадрлар ағымы өте жоғары. Жалпы алғанда еңбек ресурстарын пайдалану сапасын бағалағанда, кәсіпорында қолданылатын еңбекті марапаттау мен мотивация облысындағы саясат әлсіз болып келеді. Кәсіпорынның сатылымдар рентабельділігі төмендеді, бұл өнімнің өзіндік құнының өсуіне байланысты болды. Ал өнімнің өзіндік құнын қысқартудың бір жолы – салықтарын қысқару болып табылады.
Бәсекелес кәсіпорындар – жарнамалық өнімді өндірушілер саны өсіп, нәтижесіне кәсіпорын өніміне барлық бағалар төмендеді. Бәсекелестерді нарық сұранысынан ығыстыру үшін кәсіпорынның маркетингтік қызметін жетілдіру керек. Мысалы: өнімнің сапасын жақсарту, жарнама шығару, әр түрлі акциялар жасау және т.б.Бәрімізге мәлім кәсіпкерлік секторы экономиканың диверсификациялауға, тұрақты қарқындармен дамытуға мүмкіндік береді. Осы тенденция біздің елімізде қалыптаса қойған жоқ. Сондай – ақ жоғарыдағы үлестік көрсеткіштер дамыған мемлекеттердің экономикасымен салыстырғанда мардымсыз болып табылады. Мұндай жағдайдың қалыптасуы мемлекеттік реттеу мен қолдауға және шағын бизнес пен орта кәсіпкерліктің ішкі және сыртқы орталарына қатысты әралуан аспектілі қиындықтары мен проблемаларына байланысты2013 жылы қорлар айналымдылығы.
Кірістың маңызды салыстырмалы көрсеткішінің бірі бұл өндірістік қорлардың кірістылық деңгейі болып табылады. Ол таза кірістың материалдық айналым қаражатының қалдығы мен негізгі құралдардың орташа құнына қатынасы ретінде есептеліп шығарылады. Сонымен, өндірістік қорлар құны, сәйкесінше жыл басына және жыл аяғына материалдық айналым қаражаттары және негізгі құралдар құндарын қосып, екіге бөлу арқылы анықтайды.
Осылайша, біз кәсіпорын кірістылығының
негізгі салыстырмалы көрсет-кіштерін
қарастырып, олардың деңгейінің өзгеруіне
әсер етуші факторларды талдадық.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы. Алматы: Издательство БЕК, 2011. – 376 б.
2. Бланк И.А.
Основы финансового
3. Основы финансового менеджмента / Под ред. Ковалевой. Москва: Экономпресс, 2010. - 455 с.
4. С.А. Жданов Основы теории экономического управления предприятием. Учебник. Москва: Финпресс, 2010. – 384 с.
5. Тасмағанбетов Т. Басқарушы есеп, стратегиялық жоспарлау және талдау. Алматы: Дәуір, 2011.- 423 б.
6. Әмірқанов Р.Ә., Тұрғұлова А.Қ. Қаржы менеджменті. Алматы: Издательство БЕК, 2010. – 435 б.
7. Дюсембаев К.Ш., Егембердиев С.К. Анализ финансовой устойчивости. Алматы: Экономика, 2012. – 487 с.
8. Дюсембаев К.Ш. Аудит и анализ в системе управления финансами. Алматы: Экономика, 2010. – 320 б.
9. Балабанов И.Т., Вишнев В.И. Основы финансового менеджмента. Москва: Экономпресс ,2009. – 534 с.
10. Финансы предприятий / Под ред. М.В. Романского. Санкт- Петербург: Бизнесс-Пресса, 2010. - 528 с.
11. Кеулімжаев Қ. К., Әжібаева З. Н. Қаржылық есеп. Алматы: Экономика, 2012.- 397 б.
12. Ченг Ф. Ли, Джозеф И. Финнерти .Финансы корпорации: теория, методы и практика. Москва:Экономпресс, 2010. – 546 с.
13. Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.А. Қаржылық есеп. Алматы: Экономика, 2011. - 400б.
14. Ковалев В.В., Волкова О.Н. Анализ хозяйственной деятельностипредприятия. Москва: Сервис, 2010. - 450с.
15. Исин Р.Р, Рысмаганбетов Е. С. Қаржы – экономикалық қызметтің талдау. – Алматы: Издательство БЕК, 2012. – 355 б.
16. Укашев Б.Е., Әжібаева З.Н. Бухгалтерлік есеп теориясы. Алматы:Ұлағат университеті, 2000. – 220 б.
17. Брейли Р., Майерс С.. Принципы корпоративных финансов. Москва: ЮНИТИ, 2011. – 851с.
18. «Карлайт» ЖШС-нің жарғысы
19. Бочаров В.В., Леонтьев В.Е. Корпоративные финансы. Москва: Экономпресс, 2009. – 443с.
20. «Карлайт» ЖШС-нің қаржылық есебі 2012 - 2013 жж.
21. Кудайбердиев А.Р., Толеуов И.С., Кәсіпорынның қаржылары. Алматы: Дәуір, 2009. – 499 б.
22. Абдрахман Е.Д. Қаржы есеп . Қарағанды: Баспахана, 2011.- 542 б.
23. Балабанов
И.Т. Қаржы менеджментің негізі.
24. Островенко
Т.К., Гребнев Г.Д. Проблемы методики
анализа финансового состояния
предприятия и его
25. Алниязов А. А., Сапаргалиев Б. С. Қаржы талдау есептеме. Алматы: Экономика, 2010.- 489 б.
1 қосымша
«Карлайт» ЖШС-нің техникалық - экономикалық көрсеткіштері
Көрсеткіштер |
2013 жылы |
2014 жылы |
Өнім өткізуден түскен табыс, мың тг. |
114666 |
249600 |
Өнімнің өзіндік құны, мың тг. |
93680 |
209363 |
Жиынтық табыс, мың тг. |
20986 |
39237 |
Негізгі қызметтен түскен табыс, мың тг. |
10460 |
12120 |
Негізгі емес қызметтен түскен табыс, мың тг. |
10460 |
12120 |
Салық салудан кейінгі негізгі емес қызметтен түскен табыс, мың тг. |
7322 |
8484 |
Таза табыс, мың тг. |
7322 |
8484 |
Жұмысшылардың орташа тізімі, адам |
112 |
124 |
Қорқайтарымдылық, тг. |
3,91 |
6,28 |
Қорсыйымдылық, тг. |
0,26 |
0,16 |
Активті бөлімнің қорқайтарымдылығы |
4,50 |
7049 |
Еңбектің қорқаруландырылуы, мың тг. |
262,142 |
319,227 |
Материал қайтарымдылығы, тг. |
21,10 |
31,11 |
Материал сыйымдылығы, тг. |
0,047 |
0,032 |
Бір жұмысшының жылдық орташа тигізген үлесі, мың тг. |
1023,804 |
2004,839 |
Е с к е р т у – [20] дерек көзі бойынша автормен құрастырылған |
Информация о работе Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері