Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Марта 2015 в 02:14, реферат
Нарықтық экономиканың қарқынды даму кезінде кәсіпорынға тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдау үшін қалыптасқан экономикалық жағдайды айқын көрсететін ақпараттық жүйенің болуы өте маңызды.Ақпарат барлығына керек: басқарушы құрылымға, кәсіпорын қызметкерлеріне, қоғамдық ұйымдарға, барлық жұмысшыларға. Тек интуицияға, өмірлік және практикталық тәжірибеге сүйену мүмкін емес, шыққан мәселелерді шешуге көмек тесетін кеңейп жатқан ақпаратты алып игеру керек. Ақпарат қазіргі кезде маңыздылығы жағынан материалдық, шикізаттық және басқа ресурстардан кем тұрмайтын бірінші кезектегі ресурс ретінде шығады.
3) өткізілген өнімнен алынған кірістың 1 теңгесіне шаққандағы шығындар деңгейінің ықпалы, есепті жылы өткізілген өнімнен түскен кірістың 1 теңгесіне шаққандағы шығындардың нақты деңгейі мен өткен жылғы шығындар деңгейі арасындағы айырмасы ретінде анықталады және бұл айырманы есепті жылдағы салыстырмалы бағамен есептегендегі өнімді.
4) өткізуден алынатын нақты кірісқа көбейтеді. Нәтижесі шығынның кемуі немесе артуы кему есебінен жалпы кіріс көлемінің қаншалықты өзгергенін көрсетеді.
Кірістылықтың келесі абсолютті көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған кіріс.Ол сальдоланған қаржылық нәтижені білдіреді және жалпы кіріс пен кезең шығындары арасындағы айырма ретінде мына формула бойынша анықталады:
мұндағы: ДН – негізгі қызметтен алынған кіріс;
ДЖ – жалпы кіріс;
РК – кезең шығындары [25, 179 б.].
Д Н = 0,61 + 0,52 = 1,13
Жалпы кіріс көлемі қаншалықты көп және өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құнына кірмейтін тұрақты шығындарды білдіретін кезең шығындары қаншалықты аз болса, негізгі қызметтен алынатын кіріс соншалықты жоғары. Сондықтан да негізгі қызметтен алынатын кірісқа жүргізілетін талдауды жоғарыда атаған көрсеткіштерінен , сондай-ақ маржиналды кіріспен үздіксіз байланыстар жүргізу қажет.
Өндірістік өзіңдік құнның калькуляция баптары бойынша мәліметтер коммерциялық құпия болып саналатындықтан және де сыртқы пайдалану-шылар шығындарды тұрақты және айнымалы шығындарға дәл бөле алмайтына байланысты, жалпы кіріс көлемін маржиналды кіріс көлемін теңестіруге және оны талдаудың прогрессивті әдісін қолдануға болады.
Дипломдық жұмыстың аталған тарауы бойынша қорытынды жасай келе, кәсіпорынның кірісын дұрыс есептеуді ұйымдастыру үшін, олардың экономикалық, бухгалтерлік және салық жіктелімдерін, тану өлшемдерін және кірістылықтың абсолютті көрсеткіштер жүйесін халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес кірісды есепке алудың тәртібін білу қажет.
Келесі тарауда біз «Карлайт» жауакершілігі шектеулі серіктестігінде кірісды есепке алу және тексеру қарастырылатын болады.
Ұйымдардың шаруашылық қызметі процесінде, оның ішінде осы дипломдық жұмыста талданып отырған ЖШС-ның осындай уақытша айырмашылықтар және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ тұрақты және кейінге шегерілген салық міндеттемелері және кейінге шегерілген салық активтері туындауы мүмкін.
Уақытша және тұрақты айырмашылықтар, сондай-ақ тұрақты және кейінге шегерілген салықтық міндеттемелері және салық активтері, құрылыс мердігерінің келісімі бойынша жұмыстарды орындауда (сыртқы айналым активтерінде салымдарды жүзеге асырудың әртүрлілігі сияқты) жөндеу жұмыстарының (өтелімдерді, материалдық-өндірістік қорларды есептеу және т.б. кезінде) таза құнын қалыптастыру кезінде, сондай-ақ олардың шығып қалуы кезінде туындауы мүмкін.
Сондықтан, ұйымдардың қаржылық қорытындыларын есепке алуды жетілдіру үшін, жоғарыда аталған айырмашылықтарды ұйымдастыру және жүргізу қажет.
Бақылаушы және аналитикалық рәсімдердің жеделдігін және нақтылығын арттыру үшін, менің ойымша, уақытша айырмашылықтардың әрбір ашылатын қосалқы шоттарына «Тұрақты салық міндеттемесі», «Кейінге шегерілген салық активтері» немесе «Кейінге шегерілген салық міндеттемелері» түрлері бойын-ша шоттар ашылуы мүмкін.
ЖШС - де есепке алу саясатында қаржы есептілігіндегі пайдада салықты көрсетудің тәртібі анықталуы қажет. Қаржы есептілігінде мына жайларды ашу қажет:
- пайдаға
салық бойынша шығындардың
- бухгалтерлік кіріспен (шығынмен) салық кірісына салыстыру жүргізу;
- шығын келтірілген уақытша активтердің әр түріне қатысты мерзімі ұзартылған активтер немесе міндеттеме.
Салық бойынша мерзімі ұзартылған шығындарды ашу кезінде, бұрын танылмаған мерзімі ұзартылған салық активтері, мерзімі ұзартылған салық активтерін есептен шығару, компанияның есепке алу саясатының өзгеруі немесе іргелі қателерді анықтау кезіндегі салық бойынша шығындардың туындауы және қалпына келтірілуі көрсетілуі қажет.
Бұдан басқа, кәсіпорынға жетістіктерге жету үшін басшылықтың алға қойған мақсаттарына қажетті мұқият түрде қаржы жоспарларын құрастыру процесін көрсететін бюджеттеу жүйесін енгізу ұсынылады. Сондай-ақ, бюджеттеу кәсіпорынның әртүрлі бюджеттерін жүргізуді қамтамасыз ететін қаржылық, ақпараттық және ұйымдастыру технологиялары болып табылады. Ол бизнесті жоспарлауда, сондай-ақ қаржылық, бухгалтерлік, басқару және жедел есепке алуларда қолданыла алады.
Кіріс мен шығындарды бюджеттеу – тұтасымен ұйымдардың да, есепке алудың бөлінген объектілерінің арасындағы да (бөлімшелер) анықталған уақыт аралығындағы қаржы қорытындысы түрінде жүйеленген жоспарлы-бақылаушы есеп айырысулардың жиі рәсімі.
Кіріс мен шығындарды бюджеттеу жүйесінің негізгі мақсаты мен міндеті мыналардан тұрады:
- ақшалай түсімнің, шығындардың, өтеу сомаларының, есеп айырысу пайдаларының, кірістылықтың және т.б. анықталған деңгейіне жету тұрғысынан ұйымдардың жүзеге асырылатын мақсатын бағалау;
- бөлімшелердің
және тұтасымен алғанда
- бөлімшелердің
және тұтасымен алғанда
- «жоспар / факті»
түріндегі ауытқушылық
Аталған жүйені жүзеге асыруға жауапкершілік әдетте қаржы бөліміне жүктеледі.
Кәсіпорындардағы тығыз өзара байланыстың салдарынан, көп жағдайда бюджеттеу жүйесінің әртүрлілігі болып табылатын қаржы қорытындылары мен басқарудың әкімшілік үлгісі енгізіледі.
Аталған үлгі бойынша егер кәсіпорындардың шығындары белгіленген бір шектен шықса, онда кәсіпорын күтіліп отырған жалпы қаржы қорытындысына жетеді.
Осы мақсатта шығындарды жоспарлау және бақылаудың арнайы жүйесі құрылады.
Есеп беру мерзімінің басына дейін құрылымдық бөлімшелердің бастық-тары, бюджеттеуге жауап беретін адамдар келесі айға өзінің бөлімшесінің шығындар сметасын қаржы қызметінің кәсіпорынына ұсынады.
Аталған смета шығындардың жеке сомаларын ашудан, тасымалдаушы-лардың атауынан, шығындарды жүзеге асырудың негізділігінен тұруы қажет. Бөлімшенің барлық шығындары қаржы бөлімінде тексерілуі және талдануы қажет.
Бөлімшенің шығындарының жоспарланған сметаларының, сондай-ақ өткен мерзімге арналаған есеп беру ақпараттарының негізінде оларды келесі айға тұтасымен алғандағы ұйымның шығындарының мәлімет бюджетіне шоғыр-ландыру жүзеге асырылады.
Осыған қоса, шығындар мына баптар бойынша топтастырылады: шикізат, негізгі өндірістің көмекші материалдары, тарап ұйымдардың қызмет көрсету-лері, көмекші бөлімшелердің негізігі материалдары, көліктік қызмет көрсету-лері, жарнама және өкілділік шығындары, іссапар шығындары, құрылғылар, коммуналдық қызмет көрсетулер, еңбекақы, жалға беру, басқалар.
Айға арналған кәсіпорынның жалпы шығындары жоспарының жүйесі аясында, өндірістік бағдарламамен және жүзеге асырудан түскен ақшалай түсімдермен сәйкестігі келтіріледі. Егер жүзеге асырудан түскен ақшалай түсім шығындардың жалпы сомасын жаппаса, онда бөлімшенің шығындары алынып тасталынады немесе келесі есеп беру мерзіміне қалдырылады.
Шығыстарды бюджеттік бақылау, қаржы қызметінің шығыстарды жүргізудің бекітілген жоспарлы шегінің аясында жүргізуге құқық беретінді-гінен тұрады (жоспарлы шек деп бекітілген бюджетке сәйкес бөлімшенің шығындарының сомаларын айтады). Бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмауы жағдайында, қаржы қызметі шығын бөлігін қысқартуға құқығы бар. Жоспардан тыс шешімдерді, әдетте аталған шығындардың мақсаттылығынан және ағымдағы активтердің бар болу фактісінен шығып отырып, осындай төлемдердің әрбір нақты жағдайлары бойынша қаржы директоры қабылдайды.
Қорытындысында, аталған жүйе, ай ішіндегі ақша қаражатын дұрыс шығындауға және жоспарланып отырған қаржы қорытындысына нақты жетуге әкеледі.
Ай өтуі бойынша, бөлімшенің жоспарлы көрсеткіштерімен қоса, шығындарының фактілі көрсеткіштеріне салыстыру жүргізіле отырып, бюджеттің орындалуына талдау жасалады. Егер ауытқушылықтар белгіленген шектен шығып кетсе (ертерек анықталған шектен), барлық есеп беру мерзімінің аяғына дейін ауытқудың себептеріне талдау және бөлімшенің мақсатына, іс-шараларына және бюджетіне түзету жүргізіледі.
Кәсіпорындардағы қаржы қорытындыларын басқарудың тежегіші, таза құнды санау қиындығының салдарынан тек есеп беру мерзімінен кейін қалыптасатын жалпы қаржы қорытындысының фактісі болып табылады.
Алайда, кәсіпорындардағы пайданың қалыптасуына бақылау жасау мақсатында, жедел талдау жүргізілу қажет. Осыған байланысты, осы арқылы шығындарды есепке алудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесін ұсынатын бағдарламалық кешендер қолданылады. Осындай жүйелер кәсіпорынның қызметіне мұқият жедел бақылау жасауды және қаржы қорытындыларымен басқарудың тиімділігін арттыруды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін уақыттың кез-келген сәтінде жүзеге асырулар, дебиторлық берешектер, таза құн, қаржы қорытындылары туралы толық жедел ақпараттарды алуға мүмкіндік береді.
Аталған кәсіпорындағы бюджеттік жоспарлаудың жүйесі тиімді болу үшін, мынадай жұмыс түрлерін орындау қажет:
1) жауапкершіліктің орталығын анықтау. Жауапкершіліктің орталығы – кіріс мен шығындарды басқаруға жауап беретін басшысы бар ұйымдасқан құрылым. Әрбір орталықты қалыптастырудың міндетіне оның басшысына белгілі бағытта жауапкершілікті беру жатады. Кәсіпорында жағдайға қарай, жауапкершілік орталығының осындай және басқа сатысын құруға болады;
2) жауапкершілік орталықтары бойынша бюджеттің құрылымын қалыптастыру. Бюджет – мысалы, тасымалдау жұмыстарының өндірісі сияқты белгілі бір мақсатқа жету үшін құрылған жоспар. Бюджетте оның шығындалатын баптарының құрылымын анықтайтын қаржылық, еңбек және материалдық ресурстар көрсетіледі. Өз кезегінде, сатылымдардың көрсеткіш-тері бюджеттің кіріс баптарының құрылымын анықтайды;
3) барлық бөлімшелер келісілген бюджетті қабылдау үшін, сондай-ақ оның орындалуына бақылау жасау үшін, жұмыстың осы бағытына жауап беретін арнайы органды құру (мысалы, жоспарлы-қаржылық комиссия) қажет;
4) басқару есепке алуларындағы шоттардың жоспарына бюджеттік баптар бойынша фактілі деректердің жиналуын автоматтандыру. Басқару есепке алуларындағы шоттардың жоспарына бюджеттің фактілі көрсеткіштерін автоматты түрде алу үшін, «Бюджеттің баптары» аналитикалық есепке алу объектісінің арнайы түрін қарастыру қажет. Бұдан әрі, бұл Жоспарда аталған түр бойынша есепке алу жүзеге асырылатын және бюджеттің нақты орындалуы туралы ақпарат жинақталатын синтетикалық шоттарды анықтау қажет.
Дипломдық жұмысымды қорытындылай келе, жылдық бюджеттерді құрмайтын кеңес беру компанияларының, фирмалардың мамандарының бағалаулары бойынша, жыл ішінде олар 20%-ға дейін өздерінің кірісын жоғалтатындығын атап өту қажет. Осындай залалдарды болдырмау үшін, бюджетті құрастыра отырып, оны нақты деректермен тұрақты түрде салыстыру, ауытқушылықтарды талдау жағдайдарды күшейтіп және қолайсыз жағдайларды азайту, жоспарлаудың әдістемесін жетілдіру қажет деп ойлаймын.
Қорытынды
Қорыта келгенде, әрбір кәсіпорынның жиынтық көрсеткіші кіріс түсімі болып табылады. Яғни, өндірістің және айналымның қаржылық қортындысын білдіретін кәсіпорын жұмысының нәтижелі көрсеткіші. Сонымен кіріс дегеніміз өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен ақшалай кіріс, ал оны өндіруге және сатуға жұмсалған шығындардың айырмасы таза кірісты білдіреді. Пайданы көп табу үшін бүгінгі күннің талабына сай бәсекелестікті жеңіп, өз әріптестерінің арасында алдыңғы қатарлы ұйымға айналу диплом жұмысының объектісі ретінде материалдары пайдаланылған «Карлайт» ЖШС-нің басты мақсаты.Кіріс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, кіріс ұйымның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.
Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Кіріс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы ұйымның активтеріне салынған салымдардың кірістылығы анықталады.
Нарық жағдайында кірістың рөлі айтарлықтай артты. Кіріс табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен кіріс оның, яғни кәсіпорнның қозғаушы күшіне айналды. Тек кіріс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек? Кіріс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін.
Кәсіпорынның нарықтық экономика жағдайында қызмет етуінің экономи-калық пайдалалығы кіріс табумен анықталады. Экономикалық категория ретінде кірістылық ұйымның тек қана ағымдағы өндірістік шығындарды өнімдер сатумен қызметі үшін ақшалай өндіріп алынған қаржымен өтеу қабілеттілігн ғана емес, сонымен қатар өндірісті ұлғайтуға және дамытуға, жұмысшылардың мәдени-тұрмыстық дәрежесін арттыруға қажетті пайда алатындығын да көрсетеді.
Информация о работе Кәсіпорынды басқарудың теориялық негіздері