Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

Электрондық оқыту кезінде «пайдаланушының әрекеті» мен оқыту  белсенділігінің талаптарын «реттейтін», пайдаланушыға өз әрекеттерін (оқытудың өз траекториясын) таңдау еркіндігін ұсынуды ұйғаратын оқытудың бір ізділігі мен жүйелілігі талаптарының арасындағы тиімді арақатынасты табу керек.

Мәселелік қағидасы оқушыға шешу керек болатын оқу мәселесінің жағдаяттарымен ол кездескен кезде оның ойлау белсенділі артатын  психологиялық заңдылықтарды бейнелейді. Электрондық оқыту жағдайында осы дидактикалық талаптың орындалушылық деңгейі дәстүрлі оқытуды пайдалану кезіндегіге қарағанда айтарлықтай жоғары бола алады.  Оқу мәселесінің айқын көрнекі қойылымы және онша айқын емес ұсыну, оны шешу жолдары болуы мүмкін. Осы кезде барлық сұрақтар мен тапсырмаларды мәселелік формада тұжырымдау мақсатқа лайық емес. «Негізгі іргелі білімдерді шарасыз түрде оқушыларға хабарлауға, мәселелік оқытудан тыс оларға түсіндіруге тура келеді; іс-әрекет тәсілдерінің айтарлықтай бөлігін машықтанумен және жаттығулармен бекіту қажет. Және тек білімдер мен іс-әрекет тәсілдерінің белгілі бір бөлігі, шебер және негізделген түрде іріктелгені ғана оқытудың мәселелік объектісі болады» [53, с.51-52].

Электрондық оқыту жағдайларында білім алушыларды мәселені шешу тәсілін табу ұсынысымен қарама-қайшылыққа келтіру; сол бір мәселені әр түрлі көзқарас тұрғысынан баяндау; білім алушыға құбылысты, затты әр түрлі жағынан, оның жұмыс істеуінің әр түрлі қырынан қарастыруды ұсыну; оқушылардың салыстыру, қорытындылау, жағдаяттан қорытынды жасауын ояту, деректерді салыстыру; мәселелік сұрақтарды қою; мәселелік тапсырмалар мен есептерді шешу; мәселелік жағдаяттарды шешу уақытын бірден шектеу сияқты және басқада оқу материалын баяндаудың арнайы әдістемелік тәсілдерін пайдалану есебінен оқушыларға мәселелік жағдаяттарды ұсыну мүмкіндігі кеңейеді.

ЭҮР-ды пайдалану кезінде сондай-ақ білімдерді меңгерудің беріктігіне талап жаңа дыбыстау алады.  Оқу материалын берік меңгеру үшін осы материалды терең ұғынудың, оны орталықтанған есте сақтаудың ең үлкен мәні бар болады. «Бұл оқушылардың өткен материалды оқып білуге және есте сақтауға әлденеше рет қатынау, яғни оны қайталау  қажеттігін тудырады. Алайда бұл жұмыс дұрыс ұйымдастырылған болуы тиіс» [53, с.175]. Жеке алғанда, қайталау оқушылардың білімдерін тексеру мен бағалау арқылы сүйемелденуі тиіс. Электрондық оқыту жағдайларында әлденеше рет қайталауларды ұйымдастыру алуан түрлі іс-әрекет ретінде мүмкін болады, бақыланатын жеке оқу тапсырмаларының көп нұсқалылығы артады.

Табиғизеректік қағидасы білім алушылардың жеке ерекшеліктерін ескеруді ұйғарады. Ғалымдардың зерттеулері, егерде оқу материалы аудитивтік түрде және көру жады дамыған – аудитивтік және көрінерлік (баспа мәтіні бар кадрге тірегі бар), моторлық жады дамыған – аудитивтік, көрінерлік пен моторлық түрде ұсынылатын болса, онда  есту жады жақсы дамыған оқушы оны анағұрлым жақсы меңгеретінін көрсетті.

Л. А. Игнатовскаяның атап көрсеткеніндей, өнердің алуан түрін  бейнелейтін құралдарды (бейнелеу, театр, драматургия, кинематограф, теледидар және б.) пайдаланудың, диктордың дауысының, әуендердің және т.б. ықпалы оқушылардың еріксіз зейінінің өте қарқынды пайда болуын, сонымен, материалды еріксіз есте сақтауды және оны ең сенімді еске сақтауды анықтайды [35].

Оқытудың аудиокөрінерлік құралдары оқушыларға соншалық көп оқу материалын беруге қабілетті, тек қалай олар меңгере алады. Оқу бағдарламаларымен жұмыс істеу оңтайлы шешім қабылдау білігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады және оқыту процесін оқушылардың жеке ерекшеліктеріне бейімдеуге мүмкіндік береді.

Оқытудың интерактивтік мультимедиалық құралдарымен қарым-қатынас оқу процесіне сұқбаттық сипат беруге көмектеседі. Осы кезде оқушылар психологиялық ыңғайлы күйде тұрады, өйткені осы жағдайларда оқытушының немесе оқу процесінің басқа қатысушыларының тарапынан олардың әрекеттерін жағымсыз бағалау болмайды [35].

Құлшыныс қағидасы оқытудың заңдылықтарын бейнелейді:

  • адамның белсенділігінің көзі оның мұқтаждығы болып саналады;
  • іс-әрекетте әрқашанда оның құлшыныстық ядросы бар: іс-әрекет пен құлшыныстың бірлігі бар болады;
  • адамның мінез-құлқы мен іс-әрекеті құлшыныспен оянады, бағытталады және реттеледі;
  • егерде оқыту процесі субъектілерінің өзараәрекеттестігі оқу іс-әрекетінің құлшыныстық негізімен сәйкес құрылатын болса, онда мектеп оқушысының құлшыныстық ортасын қалыптастыру мен оқыту процесінің құлшыныстық жағының жұмыс істеуі жеткілікті тиімді түрде жүзеге асады.

Құлшыныс – бұл адамның мінез-құлқының бағытталушылығын басқаратын күрделі психологиялық процесс. Бұл процесс объектімен немесе адамның парасаттылығына немесе дарын өскініне сәйкес келетін іс-әрекетпен кездескен кезде адамның санасында ойламаған жерден пайда болады. Осы жағдайларда құлшыныс осы объектімен өзараәрекеттесуге немесе сәйкес келетін іс-әрекетті орындауға адамның мінез-құлқын белсенді етеді. 

Көптеген зерттеулер эмоциялық құлшыныс оқу процесінде бағдарды қалыптастыруға көмектесе отырып, ойлау әрекеттерін бағыттайтынын және ретке келтіретінін, және де жаңғыртудың өнімділігі мен материалды меңгеру деңгейіне ықпал ететінін көрсетті.

Құлшыныс іс-әрекеттің барлық түрлеріне қатысады. Педагогикалық аспектіде тек оқушылдардың құлшыныс ортасының бар деңгейін ескеріп қана қоймай және де оның даму мәселесін шешу қажет. Құлшыныс қағидасы электрондық оқытуды тек қалыптастыруға ғана қажет емес, және де ол үшін не істеу керектігін, тиісті нәтижені қалай алуға болатынын, белсенді оқу іс-әрекетіне қалай ояту керектігіне бағдарлайды.

АҚТ-дың негізінде осы қағидамен бағытталатын электрондық оқытудың мақсаты құлшыныстың ортаны дамытуға, мектеп оқушысының іргелі мұқтаждықтар жүйесін және онымен байланысты құлшыныстарын –парасаттық мұқтаждықтарын, танымдағы, табыстағы, танымдық қарым-қатынастағы мұқтаждықтарын, оқудағы, еңбектегі мұқтаждықтарын қалыптастыруға саяды. Қарастырылатын қағида оқушыларда жеке түрткілерді (мүдделерді) емес, оның құрамдас бөліктерінің өзарабайланыстығын сипаттайтын үйлесімді құлшыныстық ортаны ұйғарады. Құлшыныс қағидасының бірінші талабы мынаған саяды:  үйлесімді құлшыныстық ортаны қалыптастыру қажет – мектеп жасында оның негізін бөлінбейтін құрамдас бөліктері (оқу құлшынысы, еңбек құлшынысы, табысқа жету құлшынысы, қарым-қатынас құлшынысы, сындарлы жанжал мінез-құлық құлшынысы) бар оқу мен еңбек құрады. Бұл дегеніміз оқу мен еңбек құлшынысын дамыту мен қалыптастыруды оқыту процесінің негізгі міндеттерінің бірі ретінде қарастыру қажеттігін білдіреді. 

Оқыту процесінде АҚТ-ды пайдалану келесі мүмкін болатын педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • оқушылардың зейінін басқару;
  • алда тұрған іс-әрекеттің мағынасын түсіндіру;
  • қажетті құлшыныстық көңіл күйді өзекті ету;
  • іс-әрекет мақсаттарын ұсынуға оқушыларды ояту;
  • оқушылардың алдарында тұрған міндеттерді олардың табысты орындауын қамтамасыз ету;
  • өз әрекеттерінде оқушылардың батылдығын қолдайтын жедел ақпаратпен оларды қамтамасыз ету;
  • құлшыныстық ортаны дамыту бойынша педагогикалық іс-әрекет процесі мен нәтижелерін бағалау.

Бірқатар зерттеулерде тек қазіргі заманғы АҚТ трансферті арқасында оқу процесіне тән біршама салыстырмалы түрде оқытудың жаңа дидактикалық қағидалары бөлінеді, оның ішінде: интерактивтік, сұқбаттық оқыту, оқыту процесінің бейімделушілік, білімдік процестегі білім алушының белсенділік, оқу материалының оңтайлылығы қағидалары және т.б. [28, 93, 98 және б.].

Т. В. Карамышева, өзінің пікірі бойынша, келесілерден тұратын   оқытудың компьютерлік формасының жеке қағидаларын ұсынады [39, с.11]:

  • Шарттылық қағидасы: оқытудың мазмұнына, мақсаттары мен кезеңіне байланысты компьютерлік технологияларды, сондай-ақ пайдаланылатын оқыту әдістерін қолдану шарттарын айқын анықтау.
  • Қажеттілік қағидасы: егерде бұл қағида қандайда бір параметр бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін болса ғана, компьютерді қолдану.
  • Ақпараттылық қағидасы: оқу процесін анықтамалық-ақпараттық қамтамасыз ету құралы ретінде компьютердің басымдылығын ашады, өйткені компьютер қысқа уақыт ішінде ақпараттың максималь мөлшерін алуға миүмкіндік береді. Одан басқа, оқытудың барлық құралдарының ішінде компьютер шетел тілін оқытудың ақпараттық сөйлеу сипатына ең барынша сәйкес келеді.  
  • Сенімділік қағидасы: оқытуға арналған әрбір компьютерлік бағдарламаға эксперименттік тексеру жүргізу қажеттілігін, сондай-ақ компьютерді пайдаланып сабаққа дайындықты ұйымдастыру кезеңінің бар болуын көрсетеді.

АҚТ-дың қазіргі заманғы педагогикалық мүмкіндіктері туралы жаңа білімді оқыту процесіне енгізетін кірігу қағидасының мәнін айрықша атап көрсету қажет, осылайша оқытудың дәстүрлі стратегиялары технологияларға, мысалы модульдік, мәселелік, дамытатын оқытуға және т.б. өзгеретін жағдай жасалады.

Электрондық оқытудың қозғаушы күштерін талдау оның мәнін айқындау бойынша теориялық іс-әрекет тиімділігінің маңызды шарты болып саналады.

Жоғарыда көрсетілгендей,  электрондық оқыту процесінің әдіснамалық негізі теориялық таным, тұлғалық теориясы, іс-әрекет теориясы, ал қозғаушы күштері – қайшылықтар болып саналады. Оқыту процесінде дәстүрлі түрде қайшылықтардың 2 тобы бөлінеді: сыртқы және ішкі қайшылықтар. Сыртқы қайшылықтар – бұл оқыту процесіне қоғамның үнемі артып отыратын талаптары мен алдыңғы параграфтарда біздер қарастырған осы процестің өзекті, ағымдағы күйі арасында туындайтын қайшылықтар.

Ішкі қайшылықтар – бұл оқыту процесінің өзінің ішінде пайда болатын қайшылықтар: оның ішінде:

  • ұсынылатын теориялық және практикалық есептерді оқыту барысы мен оқушылардың оқығандық, тәрбиеленгендік және дамығандық деңгейінің бар болу арасындағы қайшылық;
  • педагогтың талаптары мен білім алушының мүмкіндіктерінің арасындағы қайшылық;
  • оқушылардың жеке тәжірибесінің оқуды бастауға дейінгі қалыптасқан мазмұны мен теориялық және практикалық танымдық есептерді шешу үшін оның жеткіліксіздігі арасындағы қайшылық;
  • оқу пәні мен сәйкес ғылыми пән мазмұнының жеке аспектілерінің арасындағы қайшылық және б.

Кез келген қайшылық қозғаушы күш бола алмайды, тек белгілі бір талаптарға сәйкес келетіні ғана қозғаушы күш бола алады.

М. А. Данилов  оқыту процесінің қозғаушы күші ретінде қайшылықтар болатын негізгі шартқа келесілерді жатқызады:

1) маңыздысы жеке қиындық емес, мектеп оқушыларының оларды жеңуге қолайлы жағдайларымен үйлесетін олардың жүйесі;

2) қайшылық оқушылардың көз алдында мағынасы бар мазмұнды болуы тиіс; қайшылықты шешу оларға қажеттілік ретінде ұғынылуы тиіс;

3) қайшылық оқушылардың танымдық әлуетімен өлшемдес болуы тиіс (мәселен, егерде оқушылардың басым көпшілігінің күш салуы кезінде қойылған міндетті шеше алмайтын  және тіпті жақын болашақта оны істей алмайтын болса, онда мұндай қайшылық дамудың қозғаушы күші бола алмайды);

4) қайшлықтың пайда болуы оқу процесінің барысында оның логикасымен дайындалынған және алдын ала келісілген болуы тиіс [26].

Оқыту процесінің логикасын анықтайтын негізгі факторлар болып білім беру мазмұнының элементтері (білімдер, іс-әрекет тәсілдері, шығармашылық іс-әрекеттің және құндылық-эмоциялық қатынастардың тәжірибесі) мен оларды меңгерудің сәйкес тәсілдері саналады.

И. Я. Лернер оқыту процесінің келесі логикаларын атап көрсетеді:

1) жете түсінілген қабылдау үшін ақпаратты ұсыну;

2) іс-әрекетті жаңғырту тәсілдері және білімдерді таныс жағдаяттарда үлгі бойынша қолдану;

3) білімдер мен білііктерді стандарттық емес, әдеттегі емес жағдаяттарда шығармашылық қолдану [53].

Барлық осы іс-әрекет білім беру мазмұнының меңгерілетін құрамдас бөлігіне құндылық-эмоциялық қатынастарды қалыптастырумен сүйемелденеді.

Оқу процесінің сипатталған логикасын схемалық келесі түрде бейнелеуге болады:

  • ақпаратты ұсыну және жаңғырту;
  • білімдер мен біліктерді әдеттегі жағдаяттарда қолдану;
  • білімдер мен біліктерді шығармашылық қолдану;
  • құндылық-эмоциялық қатынастарды қалыптастыру.

Электрондық оқытуда барлық оқу процесі айтарлықтай сапаға ие болады. Қолдану – бұл дерексіздік білімдерді нақты практикалық пен танымдық  міндеттерге қолдана білу білігі, бұл білімдерді оқудан тыс іс-әрекет жағдаяттарында пайдалану бойынша ойшылдық іс-әрекет. Білімдерді қолдану оқып білетін материалдың (оқу мақсатындағы жаттығулар, зертханалық жұмыстар, зерттеушілік тапсырмалар, мектеп жанындағы жерлердегі жұмыстар және т.б.) мазмұнының ерекшеліктеріне байланысты  іс-әрекеттің алуан түрлі формалары мен түрлерінде жүзеге аса алады. Электрондық оқыту жағдайларында осы қағиданы іске асыру үшін кең мүмкіндіктер, денсаулыққа зиян келеді деп қорықпастан, оқушы өз білімдерін қолдана алатын, виртуальдық деп аталатын ақиқатты оқу процесіне енгізу есебінен беріледі (мысалы, химия бойынша ерекше қауіпті заттардың өзараәрекеттестігін бақылау және т.б.).

Педагогикалық әдебиеттерде оқыту процесінің құрылымында, әдеттегідей, келесі құрамдас бөліктер бөлінеді: мақсатты; ынталандырушы-құлшыныстық; мазмұндық; операциялық-іс-әрекеттік; бақылау-реттеушілік; бағалау-нәтижелік (Ю. К. Бабанский [73]). Жалпы сипаттарда педагогика оқулықтары осы құрамдас бөліктерді былай сипаттайды:

  • мақсатты құрамдас бөлік өзіне багдарламаның талаптарын, пәнді, сабақты немесе тақырыпты оқып білу мақсаты мен міндеттерін енгізеді;
  • ынталандырушы-құлшыныстық құрамдас бөлік оқу мен мүдденің оң түрткілері ретінде, қойылған міндеттерді шешу қажеттіліктері ретінде де ынталандырғыш рөлін атқарады; 
  • мазмұндық құрамдас бөлік оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды дайындаумен, сондай-ақ нақты сабақтармен байланысты;
  • операциялық-іс-әрекеттік құрамдас бөлік аға буындардың әлеуметтік тәжірибесін жеткізу мақсатымен оқыту процесіндегі мұғалім мен оқушының бірлескен жұмысын білдіреді; 
  • бақылау-реттеушілік құрамдас бөлік оқыту процесіндегі түзетуші және реттеуші құрал ретінде оқыту процесіндегі кері байланысты орнату мүмкіндігін береді. Оны іске асыру мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекетінде өтетін болады. Мысалға, жатжазбаны жазғаннан кейін мұғалім оқушылардың қателіктерін тексереді, ал олар ақырында олармен жұмыс істейді;
  • бағалау-нәтижелік құрамдас бөлік оқыту нәтижелерінің бағасымен және олардың қойылған оқу-тәрбие міндеттеріне сәйкестігімен байланысты.

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас