Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

АҚТ-ды пайдалану балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамыту үшін жаңа болашақты ашады. Осы кезде бала іс-әрекетінің негізгі түрін ақпараттық-қатынастық технологиялармен алмастыру емес, оларды  білімдік процестің жалпы жүйесіне енгізу маңызды міндеттер болып саналады.

 Мұндай мүмкіндікті ойындық іс-әрекет арқылы дамытатын оқытуды қамтамасыз ететін, және баланы танымдық дамытуға, онда интеллектуальдық іс-әрекет тәсілдерін, қоршаған әлемнің біртұтас картинасын, құндылық бағдарларды және т.б. қалыптастыруға бағытталған, өзі мультимедиалық интерактивтік үйретуші бағдарламалар болып табылатын компьютерлік ойындар ұсынады.

Контенттік жасақтаманың осы түріне ҚР-ндағы мектептік білім беру жүйесінің, баланың мектепте 6 жастан бастап оқуына сәйкес, 12 жылдық оқытуға өтуге дайындалуына байланысты біздің назар аударуымызды талап етті.

Балалар үшін ойын – бұл әлемді танудың және өзін-өзі дамытудың бірден-бір тәсілі. Ойын – бұл танымдық іс-әрекет, ол өзі баланы қоршаған табиғат пен әлеуметтік ақиқат туралы баланың ойлануының өзіндік практикалық формасы болып табылады. Ақиқатты бейнелеудің ойындық құралдарының ерекшеліктерінің арқасында бала ойында абстракты ойлауға алғаш рет тартылады. Шетелде кіші жастағы балаларды оқытуда ақпараттық технлогияларды пайдалану негізіне С. Паперттің «интеллектіні қалыптастыратын белгілі бір арнайы орта жағдайында балалардың өзін-өзі дамытуы, оқыту мен дамыту процесін «табиғи әуесқойлықпен» белсенді ету туралы идеялары жатады [87].

Осыған байланысты мектепке дейінгі 12 929 баланы қамтыған, Ұлттық орталық жүргізген АҚШ-тың білім беру статистикасы [http://nces.ed.gov/ecls] бойынша «Early Childhood Longitudinal Study-Kindergarten Class of 1998-99 (ECLS-K)» зерттеулерінің нәтижелері қызықты. Олар компьютерді шебер пайдаланатын балалар мінез-құлық мәселелерін аз, ал әлеуметтік машықтарды жақсы демонстрациялағанын көрсетті.

Кіші жастағы балаларға білім беру мәселелері бойыша АҚШ-тың Ұлттық қауымдастығы (NAEYC), ерте балалық кезінде тұлғаның дамуы үшін компьютерлік технологиялар мүмкіндіктердің үлкен санын ұсынатынын, компьютерлік ойындар балаларды оқыту сапасын жақсарта алатынын және оларды өз құрдастарымен ынтымақтастық тәжірибесімен қаруландыратынын мойындады. Компьютерлік ойындар ғаламат әлуетке ие болады және балаларды оқыту мәнеріне сәйкес келетін ең құнды ресурстар болып саналады. Олар сондай-ақ компьютерсіз мүмкін бола алмайтын объектілерді табысты оқып білудің бірегей мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Компьютерлік желілер балаларды құрдастарымен және мұғаліммен өзараәрекеттестік үшін көп мүмкіндіктерді ұсынады, өйткені балалар не істегенін олармен талқылайды, көмек беру туралы сұрайды, бірлесіп бағдарламаны оқып біледі және т.б.. Бірлескен оқыту интерактивтік пен іс-әрекет қағидаларын іске асырады.    

Балаларды оқытуда компьютерлік ойындарды пайдаланудың әлеуметтік салдары «төтенше жағымды» болып саналады (Ман & Bharnagri, Bergin, Ford, & Hess, Clements).

Зерттеулер сондай-ақ, компьютерлер кіші жастағы балалардың тілінің және сөйлеу іс-әрекетінің дамуына құнды қолдау ұсынатынын көрсетті (Clements). Алайда,балалар бақшасында компьютерлерді аса жиі пайдалану, алдыңғы зерттеулерде сендіргендей,  әлеуметтік мінез-құлықтың оң көрініс табуына әкелмегенін  аңғару маңызды болады. 

Оқу процесіне енгізілген компьютерлік балалар ойынының артықшылықтары туралы айта отырып, Е. Д. Маргулис [56] құлшынысты  арттыру, бастамашылық пен шығармашылық ойлауды ынталандару, іс жүзінде барлық оқушыларды оқу әс-әрекетіне тарту, ынтымақтастық пен жұмысты бірлесіп істеу тәжірибесін иемдену, пәнаралық байланыстарды орнату, оқу үшін қалыпты емес ортаны құру туралы жазады. Қазіргі заман жағдайларында, оқуға балалардың қызығушылығы төмендеген және оқу материалын берудің мөлшерленген тәсілі әлемнің біртұтастығын, дүниетаным жүйелілігін түсінуге мүмкіндік туғызбайтын кезде, бұл өте маңызды болады.  

 Ойындық компьютерлік іс-әрекет барысында оқушыларда балалардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға әкелетін елестету, әрекет нәтижесін жорамалдау қабілеті, көрнекілік-бейнелік ойлау элементтері, танымдық мүдделер дамиды. Балалар қиындықтарды жеңуге, әрекеттерді орындауды бақылауға, нәтижелерді бағалауға үйренеді.  

Алайда, С. С. Зайцева пен В. В. Иванов атап көрсеткендей, кез келген әрбір компьютерлік ойын бала әлеміне жаңа және оң әлде не әкелуге қабілетті емес. Компьютерлік ойындарды пайдаланудың басты шарттарының бірі – «Жаманшылық жасама!» өсиеті болып саналады. Компьютерлік ойындар балалардың жалпы және ақпараттық мәдениетін тәрбиелеуге мүмкіндік туғызуы үшін педагогтар келесі психологиялық шарттарды ұстануы тиіс:

  • компьютерлік ойындарды іріктеу жүйесіне құндылық негіздерді (жақсылық, адамдарға сүйіспеншілік, адамзат өмірінің құндылығы) енгізушілігі;
  • ойындар мен тапсырмалардың мәтіндерінде бар компьютерлік ақпараттың дұрыстығы мен пайдалылығы;
  • бала үшін ақпараттың өзектілігі мен маңыздылығы, оның талап етушілігі;
  • ақпаратты компьютермен жеткізу тәсілдерінің әдемілігі мен үйлесімдігі;
  • адамның физикалық жағдайы үшін компьютерді пайдаланудың қауіпсіздігі;
  • баланың психологиялық жағдайы үшін компьютерді пайдаланудың қауіпсіздігі;

Компьютерленген балалар ойыны өзінің ұйымдастырылуы бойынша баланың күнделікті өмірінде аналогтары жоқ, сондықтан компьютермен өзараәрекеттестік тәсілдеріне ие болу көп жағдайда әр түрлі психикалық процестердің ағу динамикасымен анықталады.

Кез келген іс-әрекеттің шығармашылық құраушысы, соның ішінде және балалар ойыны, мақсатқа сәйкес процестер болып саналады. Ойындық іс-әрекет құрылымымен, ойын қатысушыларының құлшыныстылығымен, ойын ережелерінің, әрекеттерді орындау тәсілдерінің, ойын моделінің бар болуымен сипатталады [34].

Орта мектептің жоғары сатыларында бейіндік оқытуды жасақтау кезінде кәсіптік білім беруде келешек кәсіптік іс-әрекетпен байланысты біліктер мен машықтарды, іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыруда өте маңызды виртуальдық ақиқатты жаңадан жасау үшін мультимедиалық үйретуші бағдарламалардың әлуетін пайдалану қажет (А. В. Ванюшин [15]).

Виртуальдық тренажерлар (ВТ) өзі мамандық бойынша практикалық алғашқы біліктер мен машықтарды қалыптастыруға бағытталған коммпьютерлік қолданбалы бағдарламалық өнімдер болып табылады. Білім беруде мультимедиалық технологияларды пайдалану кеңістік түсініктерді дамыту үшін, ақиқат шындыққа барынша жуықтаған жағдайларда мамандардың жаттығуын ұйымдастыру үшін болашағы бар (С. Г. Григорьев, В. В. Гриншкун [24]).  Тренажерлық дайындық жүйесі теориялық білімдерді бекіту үшін, кәсіптік іс-әрекет үшін қажетті арнайы біліктерді қалыптастыру үшін арналған. Осы кезде тренажерлік дайындықтың рөлі оқу, өзарабайланысты кәсіптік, оқу-кәсіптік және кәсіптік іс-әрекет біліктерін қалыптастырудан тұрады (Л. В. Львов [54]).

Виртуальдық тренажерлер оқушылардың өзіндік танымдық іс-әрекетін белсенді етудің кең педагогикалық мүмкіндіктерін иемденеді, өйткені оқытудың келесі ерекше қағидаларын іске асыруға мүмкіндік туғызады: бейімделушілік, интерактивтік, оқитындардың интеллектуальдық әлуетін дамыту, оқытудың дидактикалық циклінің тұтастығы мен үздіксіздігі.

Виртуальдық тренажерлерді пайдалану күрделі құрастырылымдарды, машиналардың бөлшектері мен тетіктерін, шынайы және виртуальдық объектілер мен процестер туралы оқу ақпаратын модельдеуді қамтамасыз етеді, қымбат тұратын зертханалық жабдықтарға ие болу шығындарын қысқартады, оқу зертханаларындағы жұмыстардың қауіпсіздік деңгейін арттырады.

Тренажерлық дайындық процесінде кәсіптік іс-әрекеттің біліктіліктерін қалыптастырудың дидактикалық шарттарын Л. В. Львов оқыту мақсаттарының дидактикалық қойылымы; кепілдеме берілген нәтижеге жетуге тренажерлық қаракетті  бағдарау мен ұйымдастыру; кері байланысты тұрақты түрде іске асыру; барлық үйретуші циклды қайта жаңғырту деп атайды [54].

Виртуальдық тренажерлердің ерекшелігі сонда, олар оқушыларға әр түрлі жабдықтармен жұмыс істеудің практикалық машықтарын алуға және сол немесе басқа біліктер мен машықтардың толық қалыптасушылығына дейін қандайда бір  өндірістік міндеттерді әлденеше рет қайталауға мүмкіндік беруінде. Компьютер әрбір кезеңді бақылайды, сондықтан өңдеудің барлық технологиясын басынан аяғына дейін көрнекі түрде өтуге болады. Виртуальдық шеберханадағы мұндай жұмыс нағыз (шынайы, материалданған) жабдықтармен жұмыс істеген кезде мүмкін болатын қателіктердің алдын алады, алдымен тренажерде технологияны баптауға мүмкіндік береді және шынайы өндірістік жағдайларға бейімделу процесін жеңілдетеді.

Сонымен, виртуальдық тренажерлерді бейіндік оқытуда пайдалану мамандардың жетіспеушілігін, оқу-әдістемелік әдебиеттер мен жабдықтардың, зертханалар мен шеберханалардың қатшылығын жеңуге, жоғары технологияларды еңбек біліктерін дағдыландырудың көп еңбекті процесімен үйлестіруге көмектеседі, танымдық процесті белсенді етудің мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттық, әлеуметтендірушілік, білімдік және когнитивтік міндеттерді, оқушылардың өзіндік жұмыстарының көлемі мен алуан түрлігін арттыруды, алынған білімдерді көкейкесті етуді және оларды қолдану әдіснамасын іске асырады.

Біздің көзқараста, білім берудің әрбір деңгейі үшін білімдік қолданбалы бағдарламалардың негізгі формасы, іс-әрекеттік амалдан шыға отырып, іс-әрекеттің жетекші түріне байланысты анықталады. Мектепте жетекші іс-әрекет – оқу-танымдық, оқу, сондықтан мектептік білім беру үшін, біздің көзқараста, электрондық оқытудың ең қолайлы формасы, меншікті оқыту мазмұнынан басқа, осы мазмұнды оқушылардың меңгеруіне апаратын бағдарламанған оқу процесі.

Электрондық оқулықты біз педагогикалық және ақпараттық-қатынастық технологиялардың кірігуі негізінде оқу-танымдық іс-әрекет заңдылықтарын ескеріп білімдік процесс субъектілерінің арақашықтықтық өзараәрекеттестігінің автоматтандырылған процесін қамтамасыз ететін қолданбалы бағдарламалық өнім ретінде түсінеміз. Арақашықтықтық оқыту деп оқушылар мен электрондық оқулықтар авторларының жанама интерактивтік ақпарқатынастық өзараәрекеттестігі ұйғарылады.

Электрондық оқулық, көптеген авторлар түсінгендей, бейнеролиқтердің, аудиооқиға желістерінің және тестілеудің бар болуымен шектелмейтін нақты интерактивтікті қамтамасыз етуі тиіс, электрондық оқулықтың тапсырмалары мақсатты бағытталған және жүйелі түрде әр түрлі танымдық есептерді шешуге оқушыларды қатыстыруы, оларда пәндік және жалпыоқу біліктері мен машықтарын қалыптастыруы тиіс.

Контенттік жасақтаманы дамытудың жалпы үрдісі мультимедиа технологияларын қолдану болып саналады. Н. С. Анисимованың пікірі бойынша оқытуда мультимедиалық технологияларды пайдалану әдіснамасы ақпараттық тасуыштардың алуан түрлерінің кірігуін ұйымдастырады. Мультимедиалық технологияларды пайдалану техникалық, математикалық, бағарламалық, ақпараттық, әдістемелік, ұйымдастырушылық жасақтамаларға сүйенеді [5].

Әрине, мұндай оқулықты дайындау оңай емес. Бұған жеке мұғалімнің күші жетпейді. Сондықтан, жеке авторлар ұйғарғандай, мұғалімдерді жаппай электрондық оқулықтарды өзіндік дайындауға үйрету керек пе – олардың онсыз да мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеу бойынша тура міндеттері жеткілікті? 

В. П. Беспалькомен келіспеуге болмайды, оның айтуынша: «Аз-аздап күрделі өнімдер өндірісінің барлық саласында жалғызжарым кәсіпшілдер әлдеқашан жоқ, барлық жерде айқын еңбек бөлісі мен құрастырушы конвейер енгізілді. Тек оқулықтарды дайындауда ғана олардың педагогикалық мәні туралы жалпы ортақ жеңілтек түсініктен және олардың оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің сапасына ортағасырлық кәсіпшіл-жалғыз-жарым, «әрі тігінші, әрі орақшы, әрі сыбызғыда ойнаушы» ықпалы сақталды. Алайда оқулық авторы оқыту пәні бойынша әрі маман, әрі маман-психолог, әрі маман-әдіскер, әрі маман-педагог, одан басқа, тағыда тәжірибелі мұғалім-практик, сондай-ақ оқушы, бұл оқулық кімге арналған және сондай-ақ оның пікірімен ұқыпты санасу керектігі ұйғарылады. Егерде авторға (немесе авторлар ұжымына) аталған талаптарды қоятын болсақ, онда бірде бір оқулық жарық көрмейтіні түсінікті болады. Шығатын жол біреу: Оқулықтар өндірісі бойынша, жоғарыда аталған мамандар оқулықтың нақты және айқын теориясымен сәйкес оның белгілі бір жай-жапсарын игеру бойынша қолма қол еңбек ететін болатын қазіргі заманғы өндірістік кәсіпорын құру ...» [10, с.8-9]. Осы ой толық өлшемде және бірінші кезекте электрондық оқулықтарға жатады.

Электрондық оқулықтардың сапасы мен тиімділігі педагогтардың, оның ішінде ғылыми кеңесшілердің – білімдердің сол немесе басқа саласындағы ғалымдардың, педагог-дидактардың, әдіскерлердің және IT-мамандарының: бағдарламашылардың, дизайнерлердің, бейнеоператорлардың, дыбысоператорларының, дикторлардың және т.б. оларды дайындау процесіне тартылу дәрежесі мен күш салу жиынтығына байланысты екендігіне біздер сенімдіміз.

Сонымен, білімдік мультимедиаиндустрияны дамыту – бұл ең әр түрлі мәселелермен сүйемелденетін өте күрделі көпфакторлы процесс. Алайда, бұл ақпараттық қоғам жағдайында енді қашып құтылуға болмайтын сол жол.

Электрондық оқыту жүйесіне цифрлық білімдік ресурстар орналастарылатын болады. Оларға қатынас құру логин мен құпия сөздің негізінде жүйеге кіру арқылы жүзеге асырылады.

Цифрлық үйрететін контенті дайындаудың жаңа деңгейі оны сабақ бойынша жоспарлаумен анықталады. 

Цифрлық білімдік ресурстар (ЦБР) – бұл сабақта электрондық оқытуды немесе оқушылардың үйде өзіндік дайындықты іске асыру үшін арналған цифрлық форматтағы дидактикалық материалдар. ЦБР-дың мазмұны пән оқу бағдарламасына және Қазақстан Республикасы Жалпы орта білім беру мемлекеттік жалпы міндетті стандартына сәйкес болуы тиіс. Сонымен бірге, бұл оқу материалының мазмұнын цифрлық форматта абсолютті аударып алды дегенді білдірмейді. Электрондық оқыту оқытудың дәстүрді әдістерімен кірігуді білдіреді және мұғалімнің түсіндіруін, оқушының кітаппен, карталармен жұмыс істеуін, ауызша және жазбаша жауаптарын және т.б. өзгертпейді.

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас