Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

Біздің көзқарасымызда, электрондық оқытудың құрылымын оқыту мақсатының қойылымынан бастап оның нәтижелерін талдауға дейін білімдік процестің субъектілерінің өзараәрекеттестігінің барлық процесін бейнелейтін құлшыныстық-мақсаттық, мазмұндық, операциялық-іс-әрекеттік және бағалау-нәтижелік құрамдас бөліктер құрады.

 Сонымен, электрондық оқыту процесінің мәнін айқындай отырып, біз оның әдіснамалық негізін, оның ерекшелігін, қызметін, құрылымын, қозғалтушы кішін және логикасын талдадық. 

Электрондық оқытудың әдіснамалық негізі таным теориясы, тұлғалық теория, іс-әрект теориясы болып саналады да өз кезегінде электрондық оқытуды іске асыруға әдіснамалық: тұлғалық-бағдарланған, жүйелік, аксиологиялық, технологиялық амалдарды анықтайды.

Электрондық оқытудың дидактикалық негізі оқытудың теориясы мен моделі болып саналады: үйретудің бихевиористік теориясы; меңгерудің гештальт теориясы; бірлестік-рефлекторлық, ақыл-ой әрекеттері мен ұғымдарды кезең бойынша қалыптастыру, мәселелік-іс-әрекеттік, дамытатын, бағдарламаланған, модульдік оқыту.

Біз электрондық оқытуды өзіне оқытудың барлық теориясын жинақтауға, педагогикалық теория мен практикада жинақталған озық дүниелердің барлығын өзіне кіріктіруге қабілетті оқытудың өзіндік түрі ретінде қарастырамыз. Осылай, белгілі бір логикада оның айқын әрекеттері процесінде бағдарламаланған оқытудан оқушы белсенділігінің өнімді идеясы, өзін-өзі бақылау негізінде өз әрекеттерін үнемі бекітуі, оқу-танымдық іс-әрекеттің дараландырылған ырғағы алынып пайдаланылады. Ақыл-ой әрекеттерін кезең бойынша қалыптастыру теориясынан нағыз оның мәні – іс-әрекеттің бағдарлық негізі пайдаланылады. Модульдік оқыту теориясынан модульдер ретінде пәндік білімдердің жалпы жүйесінің түсініктемесі пайдаланылады..

Электрондық оқытудың мәні білімдік процестегі ақпараттық-қатынастық технологиялардың трансфертінің және басты рөл оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті мен оның тұлғалық дамуына апаратын олардың педагогикалық технологиялармен кірігу негізінде білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік ақпарқатынастық өзараәрекеттестігінен тұрады.

Электрондық оқытудың ерекшелігі біртүтас педагогикалық процестің білімдік және дамытушы міндетін іске асырудағы ерекше үлесімен сипатталады.  Оқыту процесін іске асырудағы айтарлықтай басымдылықты типтері бойынша: бағытталған ақпараттық процесс, автоматтандырылған тұйық басқару оқуды басқаруды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін педагогикалық пен ақпарқатынастық технологиялардың кірігуін әкеледі.

Оқытудың тиімділігі ішкі жіне сыртқы өлшемдермен анықталады. Ішкі өлшемдер ретінде оқытудың табыстылығы мен академиялық үлгерімін, сондай-ақ білімдердің сапасын және біліктер мен машықтардың жұмыс істеушілік дәрежесін, оқитындардың даму деңгейін, сәуле қабылдаушылық пен оқып үйренушілік деңгейін пайдаланады. Оқитындардың академиялық үлгерімі оқу іс-әрекетінің шынайы және жоспарланған нәтижелердің сәйкес келу дәрежесі ретінде анықталады, Академиялық үлгерім балдық бағалауда көрініс табады. Оқытудың табыстылығы – бұл сондай-ақ барынша аз шығындар кезінде жоғары нәтижелерді қамтамасыз ететін оқу процесіне басшылық жасаудың тиімділігі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы

 

Жалпы орта білім беруді ақпараттандырудың жетекші факторларының бірі оның контенттік жасақтамасы болып саналады.

«Контент», «білім берудің контенттік жасақтамасы» ұғымдары қазіргі заманғы педагогиканың ғылыми базасына ену кезеңін тек енді ғана бастан кешіріп жатыр, дегенмен «контент» термині (ағылшынның content сөзі – бары, мазмұны, мән-мағына) әлдеқашан әлемдік практикада цифрлық форматта оқыту мазмұны көздерінің жиынтығы мәнінде жеткілікті түрде кеңінен пайдаланылады.

Ақпараттандыру жағдайында білім берудің мазмұны – бұл істің мәні бойынша оқушыға түсінікті болатын ақпараттың шектеусіз көлемі. Электрондық оқытудың материалданған негізі әр түрлі технологиялардың (кейстік (СD, DVD), ТV-технологиялар, желілік (Ғаламтор- және Ғаламтор-ресурстар, LMS және т.б.), әлбетте бұл қатар үнемі жаңарып, толықтырылып отырады, өйткені оны жаңарту ақпараттық-қатынастық технологиялардың дамуымен және білімдік процес қатысушыларының қажетттіліктерін өзекті етумен де байланысты) көмегімен дайындалына, таратыла және пайдаланыла алатын цифрлық білімдік ресурстар мен қолданбалы бағдарламалық өнімдер. 

М. Г. Мур білім беру мазмұнын іске асыратын қазіргі заманғы АҚТ-ды келесі түрде топтастырады:

  • сақтау технологиялары: білімдік ресурстары бар, әр түрлі орындардан қатынауға қолайлы, орталықтандырылған немесе үлестірілген мәліметтер базасы;  тасымалданатын аналогтық ақпарат тасуыш (аудио- немесе бейнеқұндақ); тасымалданатын цифрлық ақпарат тасуыш (цифрлық ақпараттың үлкен көлемін сақтай алатын және де сол уақытта әдеттегі тәсілдермен, мысалы, пошта бойынша, тасымалдауға болатын шағын-диск);
  • жеткізу технологиялары: оқу ресурстарын «тасымалдау» үшін, немесе нүктеден нүктеге дейін байланыс орнату үшін: жер үстіндегі телефон қоңырауы жағдайында мыс сымды («жер үстіндегі» сөзі жер үсті бойынша жүргізілетін кәбілге сүйенетін дәстүрлі байланыстың серіктік, және жылжымады ұялы телефониядан айырмашылығын көрсету үшін қызмет етеді, солай болғандықтан соңғысы  қатынастық мәліметтерді жеткізу үшін басқа «тасуыш» технологияларды пайдаланады); кеңжолақты байланысты және цифрлық мәліметтерді жеткізу үшін пайдаланылатын оптоталшық;  кеңхабарлық радио таралымын немесе тіпті цифрлық мәліметтерді таратуды таситын радиотолқындар; цифрлық мәліметтердің кеңхабарлық таралымы үшін, мысалы, телефония, теледидар, немесе Ғаламторға қатынас құру үшін пайдалануға болатын цифрлық серіктік байланыс пайдаланылады;
  • қабылдау технологиялары (ұсыну технологияларын да, осылай және интерактивтікті жасақтауды да енгізе отырып) – жаңғырту, алу мен бейнелеу үшін пайдаланылатын құралдар, сондай-ақ әр түрлі орындардан интерактивтік байланыс үшін  пайдаланылатын цифрлық тасымалданатын телефондық жинақ; кеңхабарлық сигналды қабылдауға арналған теледидарлық радиобекет; әр түрлі тасуыштарда жазылған материалды жаңғырту жүйесі, мысалы, бейнеплеерлер, мультимедиалық компьютерлер (жаңғыртудың интегралданған жетектерімен жабдықталған DVD  және электрондық поштаны, бейнеалқалы жиынды, чаттағы синхрондық қарым-қатынасты, сондай-ақ пікірсайыс форумдарындағы асинхрондық қатысуды жөнелту мен қабылдау үшін пайдаланылатын жинақы-дискілер); аудиоалқалы жиын үшін құрылғылар; аудио графикалық жүйелер, пошта қызметін және хат-хабардың басқа мысалдарын айтпағанның өзінде бейнеалқалы жиындар үшін тәуелсіз жүйелер [60].  

Әр түрлі АҚТ-дың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері уақыттың өтуімен өзгереді. Алайда, білім берудің мазмұнын сақтаудың, жеткізу мен ұсынудың негізгі педагогикалық міндеттері, сәйкес технологиялардың көмегі кезінде берілетін технологиялар мен мәліметтердің арасындағы айырмашылықтар сияқты, өзгеріссіз қалады: 

  • мәтіндік мәліметтер оқудың педагогикалық әдісін ұйғарады;
  • аудио мен бейне тыңдау мен қарап шығудың педагогикалық әдістерін ұйғарады;
  • интерактивтік мәліметтер сұқбаттық педагогикалық әдісін ұйғарады (М. Г. Мур [60]).

Ақпараттық ресурстар деп қандайда бір тасуышта жазып қойылған және оны сақтау мен пайдалануға жарамды ақпарат қорының бар болуы болатын қоғамның интеллектуальдық іс-әрекетінің өнімі түсініледі [21, с.10].

В. В. Ильиннің зерттеулерінде «ақпараттық білімдік ресурс» феноменінің бағдарламалық жасақтамаға, бағдарламалық құралдарға қиюласпайшылығы көрсетіледі. Ақпараттық білімдік ресурс В.В. Ильиннің түсінігінде: 1) өзі теориялық және ғылыми ақпарат, кәсіптік жоғары мектептің оқу және ғылыми процесіндегі іс-әрекетте падалану мақсатымен оны жинау, өңдеу, жүйелеу, түрлендіру болып табылатын динамиқалық құбылыс; 2)барлық ақпараттық ресурстарды әкімшілік бөлімшелерге кіріктіретін ақпараттық кешен, оқу процесінің ақпараттық жасақтамасы, ғылыми-әдіснамалық, ғылыми зерттеушілік, жаңашылдық іс-әрекет бойынша ақпараттық база және кітапханалық ақпараттық ресурстар [36].

Ресейдің «Білім беруді ақпараттандыру жүйесі» жобасында алғаш рет «цифрлық білімдік ресурстар» термині қабылданған болатын. С. Поляковтың пікірі бойынша, «цифрлық» анықтамасы «электрондық» дегенге қарағанда дәліректеу, өйткені соңғыға сондай-ақ электрондық құралдардың көмегімен дайындалынатын және ойналатын бейне- және аудиожазбаларды апаруға болады.

Ол болашақта электрондық пен цифрлық ресурстардың кірігуі болады деп санайды: енді қазір толықметражды фильмдерді жеткілікті түрде оңай компьютердің ішкі жадына орналастыруға болады, процессордың параметрлері оны экранда қиналмай ойнатуға мүмкіндік береді. Бірақ бүл кірігу барлық бейне мен аудионың цифрлық болуымен байланысты болатын болады. Одан басқа, «цифрлық» термині қазіргі заманғы жалпыәлемдік үрдістермен аса сәйкес келеді.

«Ресурстар» сөзіне не жатады, ол келесі негізгі үш құрамдас бөлікті қамтитын саланы жақсы сипаттайды:

– оқушылар жұмыс істеуге арналған ақпарат көздері (безендірулер, фото- және бейне материалдар, мұражайлық құжаттар және б.);

– көмегімен оқушылар әлде-нені өздері жасай алатын, сапалы түрде жаңа білімдік нәтижелерге қол жеткізетін жұмыс құралдары (мәтіндік редактор, геоақпараттық жүйелер, мектеп үшін автоматтандырылған жобалау жүйесі, физика, геометрия және т.б. бойынша виртуальдық зертханалар);

– ақпарат көздерін және аспаптарды белгілі бір дәйектілікпен құрамдастыратын білімдік процесті басқару жүйесі, оқыту әдісін береді, зерттеу тапсырмаларын, тестілейтін бағдарламаларды және т.б. енгізеді.

«Ресурс» сөзі тек аса бейтарап болып қана естіледі, бірақ білім берудің іс-әрекеттік сипатын айрықша атап көрсетеді. Мұнда терминологиялық нәзіктік жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктері қандай білімдік парадигмада пайдаланатынын көрсете отырып, философиялық-педагогикалық мәнге ие болады [79].

Жалпы орта білім беруді ақпараттандырудың қазіргі заманғы практикасы педагогикалық процестің жүйелік сипаты мен білімдік процестің тұтастығы мен сабақтастығын ескерместен, оқу процесінде контенттік жасақтаманы дайындауды және енгізуді жекеленген, жиірек әдістемелік пен әдіснамалық негізделмеген талаптанулардың арасында терең қайшылықтар бар екенін көрсетеді. 

Ақпараттық жағдайларында білім беру мазмұнының педагогикалық әдіснамасын дайындау мәселесі ашық қалады. Өйткені көбінесе білім беруді ақпараттандырудың контенттік жасақтамасын дайындауға әдіснамалық амалдарды таңдаудан оны енгізуден күтулерді іске асыруға байланысты болады.

Цифрлық білімдік ресурстардың типологиясына не жатады,  Ю. И. Шемакин, А. А. Романов білімдік энциклопедиалық өнімдердің топтастырылуын, танымдық мүмкіндіктері бар ойындық өнімдерді, әр түрлі пәндерді оқып білу үшін білімдік өнімдерді, табиғи шындықты модельдеу үшін білімдік өнімдерді, виртуальдық шындықтың білімдік өнімдерін енгізеді [105].

Мектептік білім беруді ақпараттандырудың контенттік жасақтамасына сондай-ақ белсенді оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыруға бағытталған әр түрлі құралдар жатады:

  • жалпыпайдаланушылық аспаптар: мәтін, графиктер, бейне және дыбыс редакторлары;
  • мектепке дейінгі білім беру және бастауыш мектеп – сөздік, графиктік, арифметикалық, логикалық және алгоритмдік сауаттылықты меңгеру үшін  виртуальдық әлемдер;
  • математика – алгебра, геометрия, информатикалық математика, ықтимальдық, мәліметтерді өңдеу бойынша виртуальдық зертханалар;
  • физика – механика, оптика, молекулалық физика бойынша виртуальдық зертханалар; процестердің бейнежазбаларын және олардың модельдерін үйлестіру құралдары, бейнежазбалар бойынша графиктер құру;
  • химия – виртуальдық үшөлшемді молекулалық құрастырушы;
  • биология – өсімдіктерді анықтауыштар;
  • география – геоақпараттық жүйелер;
  • история – уақыт таспасы, геохроноақпараттық жүйе, тұқымдас ағаштардың редакторы;
  • технология – автоматтандырылған жобалау жүйелері;
  • білімдік процесті ұйымдастыру – мектептің ақпараттық ортасын қалыптастыру мен қолдау жүйесі [45].

Педагогикалық ғылыммен параллель электрондық оқу өнімдерін дайындау практикасы белсенді етілді. Белгілі «сұраныс ұсынысты тудырады» деген экономикалық формула бойынша барған сайын бірлестіктердің көпшілігі мектептер үшін цифрлық контентті жаппай дайындауға кірісті. Егерде 5 жыл бұрын мұндай ұйымдар Ресейде 10-ға жуық, Қазақстанда 5-ке жуық болса, қазіргі уақытта олардың саны еселеп артты.

Сөзсіз, қазіргі заманғы ауқымды Ғаламтор желісінің жер шарының тіпті екінші жағында орналасқан бірегей білімдік ресурстарға қатынас құруды ұсынуының оң мүмкіндігін айрықша атап көрсету қажат. 

Ғаламтор желісіне орналастырылған ақпараттық-анықтамалық көздер жалпы ақпараттық қолдауды қамтамасыз етеді. Бұл энциклопедиялар, анықтамалар, сөздіктер, хрестоматиялар, географиялық және астрономиялық атластар, нормативтік-құқықтық және экономикалық жинақтар және б. Олар белгілі бір курсқа, бағдарламаға, дидақтикалық схемаға байланбаған, алайда шығармашылық оқу міндеттерін, оның ішінде оқу бағдарламаларының шегінен шығатындарды шешу үшін алғашқы материал ретінде пайдалануға бағытталған.

Сондай-ақ Ғаламтордың ақпараттық білімдік ортасын жалпы мәдени сипаттағы ЦБР құрады: әлемнің мұражайы бойынша виртуальдық серуендеу, қалалар, елдер және құрлықтар бойынша саяхат, әлемдік мәдениет классиктеріне, архитектура жауһарларына, бейнелеу өнеріне, әуендерге арналған басылымдар. Олардың мақсаты – тұлғаның жалпы мәдениетін, барлық оқушылардың әлемдік көзқарас кеңдігін дамытудың тең мүмкіндіктерін ұсыну.

Авторлардың көпшілігі мақұлдағандай, Ғаламторда қабылданған құжаттар стандартындағы дайындау мен айналымға жіберу құралдарының молшылығы мұғалімге қосымша күрделі бағдарламалау тілдерін үйренбестен және бөгде дайындаушылардың көмегіне жүгірместен, оқу материалын жеткілікті түрде оңай дайындауға мүмкіндік береді [34]. Яғни мұғалім екі қолын ысқылап, рахаттана отырып цифрлық материалдарды өзіне және басқаларға дайындау үшін барлық осы байлықты пайдалануға шақырады.

Мұндай пікірмен біздер келісе алмаймыз. Біріншіден, барлығымызға тамаша белгілі болғандай, қазіргі заманғы мұғалім «байланып қалған» деп аталатын жүктелген, оның сабаққа қосымша күнделікті дайындалуға уақыты жоқ, тағыда және «оқу материалдарын дайындау оңай». Екіншіден, мұғалімдердің көпшілігінде, біздің айқындайтын эксперимент көрсеткендей, бағдарламалаудың қосымша күрделі тілдерінің білімдері де емес, элементарлық компьютерлік сауаттылықтары да жетіспейді! Бұл дегеніміз, кейбір мұғалімдер компьютерді де бөгде адамдардың көмегінсіз қоса алмайды дегенді білдіреді, олар үшін «сайт» пен «e-mail» сол бір нәрсе. Үшіншіден, ақыр соңында, бұл мұғалімнің міндетіне жатпайды. Оқу материалдарын дайындау, оның ішінде цифрлық, бұл арнайы білімді, белгілі бір әдістемелік дайындықты, әр түрлі саладағы мамандардың күш салуын талап ететін, жеке, өзіндік іс-әрекет тегі.

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас