Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

Электрондық оқыту ақырғы мақсатты және білімдік процестің негізгі мазмұнын сақтайды, бірақ таратушылық формаларының түрін сұқбаттықтарға, яғни негізделген өзаратүсіністік пен өзараәрекетке өзгертеді.

Өзараәрекет бірлескен оқу іс-әрекетін ұйымдастырады және қолдайды, субъектілердің осы іс-әрекетіндегі барлық қатысушылар дамитын болады. Ол оқыту процесінің негізгі заңдылықтары ескерілген кезде өнімді болады.

Барлық жүйені өз әрекеттерімен қамтитын заңдылықтар жалпы деп аталады, олардың ішінен оқыту мақсатының заңдылығын, оқыту мазмұнының заңдылығын, оқыту сапасының заңдылығын, оқыту әдістерінің заңдылығын, оқытуды басқару заңдылығын, оқытуды ынталандыру заңдылығын бөліп алуға болады [75].

Әрекеті жүйенің жеке құрамдас бөлігіне (жай-жапсарына) таралатын заңдылықтар: өзіндік дидактикалық, гносеологиялық, психологиялық, кибернетикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық және басқа бірқатар заңдылықтар жекелер (нақтылар) деп аталады. Электрондық оқытудың тиімділігі толық өлшемде осы заңдылықтарды жүзеге асырудан тәуелді болады.

Электрондық оқыту, сондай-ақ, бүтіндей оқыту процесі сияқты білімдік, тәрбиелік және дамытушы міндеттерді жүзеге асыруға бейімделген.

Оқыту процесінің осы міндеттерін бөлу шартты түрде жүргізілген, өйткені білім беру, тәрбиелеу мен тұлғалықты дамыту процестерінің арасындағы қыры салыстырмалы, және олардың кейбір жай-жапсарлары ортақ болып саналады. Осы міндеттер электрондық оқыту жағдайында тек оқушыға ғана емес, мұғалімге де бағытталған.

Электрондық оқытудың білімдік міндеті тұлғалық ғылыми білімдерді меңгеруді, арнайы және жалпы оқу біліктері мен машықтарын, оның ішінде тек пәндік қана емес, ақпараттық қоғамда өмір сүруге, табысты түрде оқуға немесе жұмыс істеуге көмектесетін әмбебап біліктер мен машықтарды ұйғарады.

Электрондық оқытудың дамытушы міндеті тұлғаның жалпы және арнайы қабілеттерін – рухани, денелік және еңбек қабілеттерін, сондай-ақ мінез-құлықтық процестерді дамытуды анықтайды, оқытуды ұйымдастырудың интерактивтік формаларын жүйелі пайдалану арқылы әрбір оқушының табиғи таланты мен қабілетіне байыпты түрде, жеке, өктемдік қысымсыз тұлғаның парасаттық, қатынастық, әлеуметтік және жалпымәдени дамуын қалыптастырады. Электрондық оқыту, оқушылар өздері саналы түрде шешімдер қабылдағанда, оқытудың өз траекториясын анықтағанда, өзінің көзқарасын баяндағанда, ұсынылған шешім үшін жауапкершілікті өзіне алғанда оларды белсенді ұстанымға аударатын үйретуші жағдаяттарды жасау есебінен тұлғалық даму тетіктерін іске қосатынын атап өту маңызды. Сонымен, оқитындар тұлғалық тәжірибеге ие болады.

 Электрондық оқытудың тәрбиелік міндеті ғаламшарлық ойлауы, әлемдік көзқарасы, ізгіліктік бағытталушылығы бар, шығармашылық белсенді және әлеуметтік жетілген әлем азаматын тәрбиелеу үшін тұлғаның әлемге, ақпаратқа, өзараәрекеттестікке, өзінің оқу-танымдық немесе кәсіптік іс-әрекетінде және т.б. АҚТ-ды пайдалануға құндылық-эмоциялық қатынастар жүйесін қалыптастыруға саяды.

Оқыту процесінің сипатталған міндеттерін оңашаланған түрде жүзеге асырылатындар ретінде қарастыру мүмкін емес. Олар күрделі түрде өрілген себеп-салдар байланыстарында тұрады, міндеттердің бірі екіншісінің салдары және бір мезгілде үшіншісінің себебі болып саналады. Осылай, АҚТ-ға құндылық қатынасты тәрбиелеу, олардың негізінде электрондық оқытудың тиімділігі үшін жағдай жасайды. Ал электрондық оқыту, өз кезегінде, осы сапаларды тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.  Осы міндеттердің барлығы бірге тұлғаның ақпараттық сауаттылығын, біліктілігін, мәдениетін және ділін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады.  

Электрондық оқыту незізгі дидактикалық қағидаларды, атап айтқанда: ғылымилықты, жүйелілікті және бірізділікті, ұғынымдылықты, көрнекілікті, саналылықты, тәрбиелеуші оқытуды, оқытудың практикамен байланысын, модульдікті, интерактивтікті және б. тек жаңа, жоғары деңгейде аса толық іске асыруға мүмкіндік береді.

Оқытудың ғылымилық қағидасы, бірінші кезекте, соңғы ғылыми жетістіктерді ескеріп, оқу материалының мазмұнын жеткілікті тереңдігі мен  әдептілігін білдіреді. Оқытудың ғылымилығын табысты іске асыру үшін, М. В.Данилов жазғандай: 

  • тиісті оқу пәнінің логикасын басшылыққа ала отырып, оқып білетін ғылымның ең маңызды мазмұнын іріктеу қағидаларын табу;
  • диалектикалық көзқарас негізінде, яғни оның дамуын және басқа пәндермен немесе құбылыстармен өзараәрекеттестігін ескеріп, әрбір жаңа оқып білетін пәнді немесе құбылысты қарап шығуды қамтамасыз ету;
  • дұрыс түсініктер мен ұғымдардың және  пайда болуы үшін және оларды осы ғылымда қабылданған анықтамалар мен терминдерде дәл айту үшін жағдайды қамтамасыз ету;
  • сол немесе басқа ғылыми ұғымды сәйкес ғылыми теорияның немесе болжамның мәтін мәнінде баяндау және оқып білетін ұғымды қарама-қарсы ұғымдармен салыстыру;
  • оқып білетін құбылыстардың ашылу тарихын ашу;
  • оқып білетін құбылыстың ашылуын ғылыми іздестірген әдістер туралы түсінік беру [26,с.129-132]

қажет.

АҚТ-ды пайдалану кезінде математикалық пен еліктететін моделдеу элементерінің көмегімен ғылыми іздестірудің, ғылыми жаңалық ашудың, ғылыми зерттеудің еліктету мүмкіндігінің арқасында, мультимедиа бағдарламалары мен виртуальды ақиқат орналасқан сондай ақпаратты ұсынудың формаларын қолдану кезінде пәндер мен құбылыстарды аса терең және жан-жақты оқып білу мүмкіндігінің арқасында оқытудың ғылымилық қағидасы жаңа, аса сапалы жоғары деңгейде іске асырыла алатын болады.

Ғылымилық қағидасымен өзара байланыста біз ұғынымдылық қағидасын қарастырамыз. «Атап айтқанда ішкі өзараәрекеттестік кезінде  осы қағидалар барлық дәрежедегі педагогтарға – және де мектеп бағдарламалары мен оқулықтарының авторларына және оқытушыларға ғылымилық қағида, солай және ұғынымдылық қағида ретінде талаптарды барынша қанағаттандыру кезінде оқытудың сол нәзік сызығын табу мүмкіндігін береді. Осы жағдайда ғылымилық қағида дерексіздік емес, нақты түрде мазмұндық мағынаға ие болады, ал ұғынымдылық қағидасы оқушылардың ақыл-ой және физикалық күш салу өлшемі болады» [102, с.121].

И. Ф. Харламов, оқытудың ұғынымдылығын жүзеге асыру оқушылардың ойлаушылық іс-әрекеті мен жадының тұлғалық ерекшеліктері ескерілуімен, сондай-ақ олардың дайындық пен даму деңгейлерімен байланысты деп санайды [100, с.172]. Ойлауы баяу, жадысы әлсіздеу оқушылар бар. Олар үшін оқытудың баяу ырғағы және оқытуға ықпал етуді әлденеше қайталау қажет. АҚТ арқылы жүзеге асатын оқытудың ұғынымдылық талабы оқушылардың дара және жас ерекшеліктеріне қарай оқу материалын оқып білудің теориялық күрделілігі мен тереңдік дәрежесін анықтау қажеттігін білдіреді. Оқушылар үшін осы материалды меңгеруге күш жетпейтін кезде, оқу материалының шамадан тыс күрделілігі мен жүктелушілік рұқсат етілмейді.

Оқушыларға электрондық оқытуды пайдалану кезінде олар үшін материалды оқып білудің ең қолайлы дара ырғағын таңдау, ақпаратты және т.б. ұсынудың әр түрлі формаларының алуан түрлі жинағын шебер пайдалану жағдайы кезінде оқу материалының күрделі сәттерін аса түсінікті баяндау есебінен оқытудың ұғынымдылығы артырыла алатын болады, яғни білім алушының білімдері мен біліктеріне, дара мүмкіндіктері мен психологиялық ерекшеліктеріне оқыту процесін бейімдеу қамтамасыз етіледі.

Электрондық оқыту кезінде ақыл-ой әрекеттерін және ұғымдарды кезең бойынша қалыптастыру теориясын іске асыру білімдерді меңгеру, қателіктерді өз уақытында түзету, білім алушы тарапынан өзіндік бақылауды ұйымдастыру процестерін басқаруға мүмкіндік туғызады. Сол немесе басқа әрекетті орындауда айқын бағдар білім алушылардың өз күштеріне сенімділігін қалыптастыруға мүмкіндік туғызады, бұл қалыпты жағдайда сасқалақтайтын және оқу міндеттерін шешуге шамасы келмейтін оқушылар үшін ереше маңызды болады.

Электрондық оқыту жағдайында оқушыға ақыл-ой әрекеттерін өзіндік қалыптастырудың барлық кезеңінен өту мүмкіндігі ұсынылады. Оған материалданған деп аталатын оқып білу объектілерімен әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін шынайы объектілердің виртуальдық орынбасарлары беріледі.  Электрондық оқыту кезінде қазіргі заманғы АҚТ-дың техникалық сипаттамалары оқушыға өз әрекеттеріне түсініктеме беру, мәтінді дауыстап оқу, компьютерге жауаптарын сөйлеп айту оқу материалын жақсы түсінуге және оны еске сақтауға көмектесетін мүмкіндікті ұсынады. 

Оқытудың көрнекілік қағидасын іске асыру талабы оқып білетін объектілерді, олардың макеттерін немесе модельдерін сезімдік қабылдау және оларды өздік бақылау дегенді білдіреді. Алғашқыда оқытудың көрнекілігі нақтыдан дерексіздікке таным жолы ретінде түсіндірілді. Қазіргі уақытта оқытудың көрнекілік қағидасының әр түрлі түсініктемелері бар.  М. А. Данилов: «Сезімдік таным сыртқы әлем туралы оқушылардың барлық білімдерінің көзі болып саналады. Алайда сезімдік танымның өзі  дерексіздік ойлауға бағытталған...» деп атап өтеді [26, с.122]. Осыдан оқытудағы көрнекілік пен алаңдатушылықтың, нақты мен дерексіздіктің өзара байланысы туралы қорытынды шығады.

Электрондық оқыту кезіндегі оқытудың көрнекілік қағидасының айырмашылығы оның дәстүрлі оқытудағы түсінігінен ерекшеленеді. Біріншіден, АҚТ-дың мүмкіндігі оқу материалын полисенсорлық қабылдауды қамтамасыз етеді, ал әдеттегі кітаппен, плакаттармен, кестелермен және т.б. жұмыс істеу кезінде тек көру қабылдауы пайдаланылады, яғни дәлме-дәл «көрнекілік». АҚТ-дың мүмкіндіктері тек көру ғана емес және де есту түйсігін тудыруға мүмкіндік береді. Оқу ақпаратының бір мезгілде оқушылардың бірнеше сезім органдарына әрекетінің қажеттілігін әлдеқашан Я. А. Каменский атап өткен болатын: «Сезім мүшелерімен қабылдау үшін мүмкін болатынның барлығы ұсынылуы керек, атап айтқанда: көрінетінді – көзбен, естілетінді – есіту сезімімен, иісті – иіс сезімімен, дәмге жататынды – дәммен, сипап сезілетінді – сипау арқылы қабылдау керек. Егерде қандайда-бір заттарды немесе құбылыстарды бірнеше сезім мүшелерімен бірден қабылдауға болса, онда бірнеше сезім мүшелеріне мүмкіндік беру керек» [44].

Екіншіден, АҚТ құралдары көрінерлік ақпараттың сапасын айтарлықтай арттырады, ол өте ашық, бояулы, динамикалық болады. Осы жағдайда ақпаратты үшөлшемді компьютерлік график, бейне, анимация түрінде  ұсынатын мультимедиа технологиясы ғаламат мүмкіндіктерге ие болады. Мультимедианың бар болуы ((multi -- көп, media -- орта) – оқып білетін құбылысты безендіру тәсілдерінің өте бай жинағы.  Мультимедиа өнімдерін алуан түрлі ақпаратта: компьютерлік мәліметтерде, теле-, бейнеақпаратта, сөз бен әуенде қолданады [5].

Үшіншіден, қазіргі заманғы ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде көру ақпаратын қалыптастыру тәсілі түбегейлі түрде өзгеруіне байланысты «көрнекі дерексіздікті» жасау мүмкін болады. Дәстүрлі оқытуда аталған объектілерді мұғалімнің демонстрациялайтын практикасынан өзгешелігі, кезең бойынша қалыптастыру теориясы осы объектілермен  оқушылардың меншікті іс-әрекетін: көшірмелеуді, жан-жақты мақсатты қарастыруды, өзгертуді және б. ұйымдастыруды талап етеді.

Сонымен, электрондық оқытудағы көрнекілікті қамтамасыз ету талабы, зерттеушілердің пікірі бойынша, табанды түрде жаңа, аса жоғары деңгейде іске асырылады.

Адамзаттық оқудың келесі ерекшелігі – оқушылардың өзіндік оқу белсенділігі.  Онсыз ешқандай оқу процесі бола алмайды, сондықтан оқыту процесіндегі оқушының белсенділік қағидасы дидактикадағы негізгілердің бірі болған және болады. Осы ұғым білімдер мен біліктерді, нәтижелік пен тәжірибені меңгерудің жететүсінушілік қажеттілігі мен әлеуметтік нормамен сәйкестігі құлшыныстың жоғары дәрежесімен сипатталатын іс-әрекетті білдіреді. Оқушының оқу белсенділігінің түрінен оқу процесінің жылдамдығы мен тәжірибені меңгерудің жететүсінушілігі байланысты болады. Осы уақытқа дейін оқушының өзіндік оқу іс-әрекетінен басқа, сыртқы ақпаратты оқушының басына қондырудың ешқандай басқа жолдары табылмады. Бүгінгі таңда сыртқы ақпараттың адамның басына қонудың жалғыз арнасы оның өзіндік оқу іс-әрекеті болып саналатыны тағайындалды. 

Электрондық оқыту осы қағиданы жаңа деңгейде іске асыру үшін жағдай туғызады. Оқытудың белсенділігін арттыру үшін электрондық оқыту әр түрлі оқу жағдаяттарын өзгертуге, әр түрлі мәселелерді қалыптастыруға, оқушыларға оқытудың сол немесе басқа траекторияларын таңдау мүмкіндігін, оқиғалардың барысын басқару мүмкіндігін ұсынуға қабілетті. Ақпараттық технологияларды пайдалану кезінде оқытудың белсенділігін айтарлықтай арттыруға болатындығы туралы талассыз түрде және барлық зерттеулерде атап көрсетіледі. Оқып білетін процестер мен құбылыстарды моделдеу, өте көп еңбекті талап ететін немесе жай мүмкін емес шынайы эксперименттерді адамзаттық білімдердің сол салаларында «компьютерлік эксперименттер» арқылы жүргізу мүмкіндігінің бар болуы. 

Олай болса, білім алушылардың іс-әрекетінің белсенділігін арттыру үшін ерекше үлкен мүмкіндіктер ұсынатын АҚТ-ды пайдалану кезінде, сондай-ақ оқытудың жаңашыл емес траекториясын шығарып тастау және сонымен бірге оқыту уақытын қысқарту үшін, оқыту процесін басқаруды арттыру қажет.

Электрондық оқыту кезінде оқытудың жүйелілік пен бірізділік талабы дегеніміз оқып білетін пән саласындағы білімдердің белгілі бір жүйесін оқушылардың тізбекті меңгеруін қамтамасыз етуді білдіреді.   Білімдер, біліктер мен машықтар белгілі бір ретпен қалыптасуы үшін жүйеде оқу материалының әрбір элементі басқалармен логикалық түрде байланысуы және келесісі алдыңғысына сүйенуі және жаңаны меңгеруге дайындауы қажет.

«Оқу процесіндегі мәселелер, танымдық міндеттер кездейсоқ жағдайлармен емес, оқу процесінің логикасымен алдын ала келісілген белгілі бір бірізділікпен ұсынылады» [27, с.96]. Электрондық оқыту кезінде сол немесе басқа ғылымның логикалық құрылымы оқу пәнінің логикалық құрылымына механикалық түрде тасымалданбайтынын есте сақтау қажет. Оқу пәнінің логикасында ғылымның жетекші идеялары және де оның оқыту бағдарламасына кіруі тиіс мазмұны ашылады. «Оқу пәнінің логикасы жалпы бағытты, яғни ғылым негіздерін оқып біліу «стратегиясын» анықтайтын ерекше маңызды санат» [27, с.97]. Алайда оқытудың нақты жолы енді оқушылардың білімдерді меңгеру қатынасы ретінде, танымдық қабілеттерін дамыту ретінде де тиімді нәтижелерді оңтайлы түрде қамтамасыз ететін оқыту қадамдарының бірізділігін білдіретін оқу процесінің логикасымен анықталады. «Оқу процесінің логикасы оқу пәнінің логикасымен тығыз, бірақ оған теңбе-тең емес, байланыста тұрады. Оқу процесінің логикасы тым қозғалымды, бұралаң, қарама-қайшылықты. Ол оқу пәні логкасының, оның бағдарламасы мен мазмұнының және оқулық мазмұнының қарапайым проекциясы болып саналмайды. Оқу процесінің логикасы дегеніміз оқу пәнінің логикасы мен оқытылатын оқу материалын оқушылардың меңгеру психологиясының қорытпасы» [сонда].

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас