Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

Тестіні орындау кезінде оқушылардың сұрақтар арасында орын ауыстыру және қиындық тудырған сұрақтарды кейінге қалдыру мүмкіндіктері бар болуы тиіс. 

Бақылау тестілеуі процесінде оқушы тапсырмаға дұрыс жауап берілді ме, көре алмайды. Нәтижелер оқушыға тестіні аяқтағаннан кейін көрсетіледі де автоматты түрде «Тестілеу қорытындысы» модуліндегі бағдарламаға жазылады.

ТMS тестілеуге қарым-қатынастар есебін қамтамасыз етеді – пайдаланушылардың әрекеттеріне бақылауды қамтамасыз ету үшін, қандай да бір себептермен тест үзілген жағдайда  сәтсіз  тестілеудің есебін алу үшін әрбір жүргізілген тестілеу тіркелуі тиіс.

ТMS-тің маңызды құрамдас бөлігі – «Тестілерді құрастырушы» модулі мұғалімге тестілерді дайындауға, қалыптастыруға, жариялауға және басқаруға мүмкіндік беретін құрал.

ТMS: тестілік сұрақтарды дайындау/редакциялауды; тестілерді аяқтау/жариялауды; тестілік тапсырмаларды өзгертуді; тестілерді қосарлауды (көшірмелеуді); тапсырманың құрылымын өзгертуді немесе оны сұрақтар тізімінен алып тастауды; тестілерді импорттауды; тестілерді мұрағаттау мен қалпына келтіруді; нақты сұрақтарға немесе сұрақтар тобына түсініктемелер үстемелеуді; күрделі сұрақтар тапсырмасы үшін мультимедиа файлдарын (графика, бейне, дыбыс, анимация) қолдауды және т.б. қамтамасыз етеді.

ТMS типтері әр түрлі тестілік тапсырмалар дайындауды қолдауды: жалғыз таңдауды, көптеген таңдау жасау керек болатын тапсырмаларды, сәйкестікті тағайындауды, тізбекті таңдауды, пайымдаулардың шынайылығы мен жалғандығын көрсетуді, санды қолмен енгізуді, мәтінді қолмен енгізуді, кесіндіге орын таңдауды, әріптердің орнын ауыстыруды және т.б. қамтамасыз етеді.

«Тестілеу қорытындысы» модулі өткен тестілеу нәтижелері мен оларға қатынас құру құқығына сәйкес нәтижелерді өңдеу туралы пайдаланушыларға ақпарат беру аспабы ретінде.

Мұғалімнің автоматтық режімде оқушылардың алған бағаларын қарап шығуы, бағаларды қолмен өңдеуі, тестінің орындалуына түсініктемелер беруі, оқушылардың тестіні орындау уақытын белгілеуі.

Оқушылардың, сыныптың қимасында тестілеу нәтижелері бойынша есеп-қисаптың әр түрлі формаларын қалыптастыру. Сынып, мектеп және т.б. бойынша, статикалық көрсеткіші бойынша білімдердің орташа деңгейін анықтау; тұтастай бірнеше жыл бойы жеке оқушының, сыныптың немесе мектептің білімдері туралы ақпарат мониторингі.

Тестілеу нәтижелерін кестелік/мәтіндік/графиктік редакторға шығару және нәтижелерді есеп-қисап формасында басып шығару.

 «Тестілеу қорытындысы» модулі  өткен тестілеу нәтижелері мен  оларға қатынас құру құқығына  сәйкес нәтижелерді өңдеу туралы  пайдаланушыларға ақпарат береді.

Модуль мұғалімнің автоматтық режімдегі оқушылардың алған бағаларын қарап шығуына, оларды қолмен өңдеуіне, орындалған тестілерге түсініктемелер беруіне, тестілердің орындау уақытын қадағалауына мүмкіндік береді.

Модуль оқушылардың, сыныптардың қимасында тестілеу нәтижелері бойынша есеп-қисаптың әр түрлі формаларын қалыптастыруға мүмкіндік береді; статикалық көрсеткіштер бойынша сыныптардың, мектептердің білімдерінің орташа деңгейін анықтауға мүмкіндік береді; бірнеше жыл бойына тұтастай жеке оқушының, сыныптың немесе мектептің білімдері туралы ақпараттың сараптамасын жүргізеді. Барлық нәтижелерді кестелік редакторға шығаруға және есеп-қисап формасында басып шығаруға болады.

 

Электрондық әдістемелік жүйе (Method Management System – MMS) – бұл қазіргі заманғы интерактивтік педагогикалық технологияға мұғалімдерді оқытуда кәсіптік біліктіліктер мен машықтарды жетілдіру бойынша педагогтардың өзіндік жұмысына әдіснамалық пен ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға бағытталып үйымдастырылған және құрылымдалған пәнаралық ақпараттың жылдам, ашық, дамитын, технологиялық базасы. Білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік саясатын жүзеге асыру тек осы процеске барабар педагог кадрларды дайындау, олардың әдістемелік іс-әрекеті мен біліктіліктерін арттыруды  ұйымдастыру шарты кезінде ғана тиімді болады, өйткені ақпараттық технологияларды практикаға енгізу дәрежесі мен сапасы атап айтқанда мұғалімдерге байланысты болады.

Біздің алдымызда педагогикалық тәжірибені сақтауға, жаңартуға, тиімді түрде пайдалануға, педагогты әдістемелік процестің белсенді субъектісі етуге, әрбір педагогқа өзін өзі тануға, өзін өзі  реттеуге, өзін өзі дамытуға мүмкіндік беретін пәндер бойынша электрондық әдістемелік жүйелерді дайындау міндеті тұр. Мұғалім ақпараттық қоғамда толық бағалы өмірге бағдарланған болуы, біртұтас әлемдік ақпарқатынастық кеңістікке өзінің қатысты болуын жете түсінуі, кез келген ақпараттық ресурсқа қатынас құруы бар болатын ғаламшарлық ойлауы бар оқушының тұлғалығын қалыптастыру қажеттігін жете түсінуі тиіс.

МMS электрондық оқыту жүйесінің (e-Learning) жүйе құрушы құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады, өйткені қазіргі заманғы интерактивтік педагогикалық технологияға кәсіптік біліктіліктер мен машықтарды жетілдіру бойынша мұғалімдерді оқытуда педагогтардың өзіндік жұмысына әдіснамалық пен ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға бағытталған,  педагог кадрлардың ұйымдастырылған және құрылымдалған пәнаралық ақпараттың дамушы технологиялық базасына олардың жылдам, ашық қатынас құруын қамтамасыз ету арқылы педагог кадрлардың біліктілігін арттыруға бағытталған.

MMS-ті пайдаланушылар болып білім  беру ұйымының педагог қызметкерлері  саналады.

MMS негізгі модульдерді енгізеді:

  • Құжаттама
  • Әдістемелік ресурстар
  • Педагогикалық технологиялар
  • Озат тәжірибе мектебі
  • Мұғалімнің портфолиосы
  • Мониторинг және диагностика
  • Қатынас

MMS-пен орындалатын міндеттер:

  • әрбір мұғалімнің кәсіптік дамуын ақпараттық және әдістемелік жасақтау және оның тұлғалық алға жылжуы мен өзін-өзі іске асыруына мүмкіндіктер туғызу;
  • педагогтардың әдіснамалық, әдістемелік және ақпараттық мәдениетін, мұғалімдердің оқу процесіндегі ақпараттық-қатынастық  технологияларды пайдалануға дайындығын қалыптастыру;
  • білімдердің психологиялық-педагогикалық, әдістемелік және пәндік-бағдарланған салаларын кіріктіруді қамтамасыз ететін ақпараттық білім алушылар ортасын үнемі жаңартушы ретінде ашық әдістемелік жүйені құру;
  • білімдік процестің бар технологияларын, әдістерін,  құралдары мен формаларын жетілдіру және жаңаларын енгізу – білімдердің пәндік саласында жиынтық (ұжымдық) педагогикалық тәжірибені дайындау;
  • озат педагогикалық тәжірибені анықтау, қорыту және тарату;
  • әдістемелік жұмыстың белсенді формаларын пайдалану;
  • жаңадан бастаған педагогтардың кәсіптік жетілуіне ықпал ету;
  • педагог қызметкерге аттестаттауға педагогикалық көмек көрсету, педагог қызметкердің біліктілігінің мамандық талаптарға сәйкестік деңгей анықтау;
  • өзекті психологиялық-пелагогикалық және әдістемелік мәселелер бойынша ара қашықтықтық ақпарқатынастық өзараәрекеттестікті ұйымдастыру.

MMS-ті енгізу  педагогикалық шеберлікті  қамтамасыз етеді, ақырында оқыту сабақтарын өткізу сапасын және тұтастай мектептік білім беру сапасын арттырады.

 

Кәсіптік бағдарлық менеджменттің жүйесі (PrOS) қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың негізінде әр түрлі кәсіп өкілдерімен қарым-қатынас жасаудың интерактивтік ақпарқатынастық ортасын құруға бағытталған. Ол өзі тұтынушыларға тек кәсіп, мамандық, біліктілік туралы ғана емес, және де оқушылар өздерінің әлуеттік мүмкіндіктерін анықтайтын тестілер мен сауалнамалар базасы туралы да біртұтас  түсінігі бар болатын ақпарат базасы болып табылады.

Кәсіптік бағдарлық менеджментінің жүйесі жалпы білімдік мектептің, кәсіптік лицейлердің және колледжлердің жоғарғы сынып оқушыларына жолданған. 

PrOS-тың мазмұны цифрлық форматта жоғары сыныптықтарды кәсіптік және техникалық, жоғары және жоо-нан кейінгі кәсіптік білім беру  мамандықтарының топтастырғыштарымен; кәсіптік іс-әрекеттің объектісінің маңыздылық сипаттамасымен; қазіргі заманғы талаптармен және біліктілік сипаттамалармен; еңбек нарығының сипаттамасымен; бос орындар туралы кәсіпорындардың жарнамасымен таныстыруы тиіс. Жүйенің сондай-ақ мамандармен (электрондық пошта, бейнежазба) сұқбаты; мамандықтар туралы оқу жоспары; кәсіптік және техникалық, жоғары және жоо-нан кейінгі кәсіптік білім беру  мамандықтары бойынша дайындықты жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының тізімі бар болуы тиіс.

PrOS-тың жұмыс істеуі кәсіптік  бағдарлық ақпараттық жиымда: кәсіптер  туралы, кәсіптік дайындаудың бағыттары  туралы, кәсіптік білім берудің  деңгейлері туралы, кәсіптің әлеуметтік мәртебесі туралы, өзіндік таңдалынған кәсіптің даму болашағы мен ерекшеліктері туралы  ақпараттық іздестіру жүйесін құруды ұйғарады. 

PrOS тұтастай әрбір оқушы, сынып, мектеп бойынша кәсіптік бағдарлық жүйе сапасы туралы толық және жүйелі ақпараты бар болатын мектеп әкімшілігінің анықтамалық жүйесін енгізуі тиіс.

PrOS сондай-ақ оқушылардың кәсіптік қабілетін он-лайн тестілеуге бағдарланған.

 

Ақпараттық-анықтамалық жүйе (Information Management System) ҚР БжҒМ-не білім беру жүйесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыруға, бақылауға және іске асыруға мүмкіндік беруі тиіс.

Ақпараттық анықтамалық жүйе LCD дисплейлер және/немесе мектеп ғимаратында орналасқан ақпараттық киоскілер арқылы мектептің іс-әрекеттері (сабақтар кестесі, сыныптан тыс шаралар кестесі, асхана менюі және т.б.) туралы қысқаша ақпарат алуды қамтамасыз етуі тиіс.

Ақпараттық анықтамалық жүйе барлық мониторларды және/немесе ақпараттық киоскілерді орталықтандырылған басқаруды, әр түрлі форматтағы картинкаларды (.PPT таныстырылымдар, .AVI, .MPG, .WMV фильмдер, .JPEG, .JPG .GIF, .BMP кескіндер) әр түрлі барлық тақталарға үлестіруді, картинкаларды бір синхронды көрсететін тақталардан топты дайындауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  

Оқушылардың дене қызметі мен психологиялық денсаулығының электрондық мониторингтік жүйесі оқушылардың дәрігерлік кәртішкесін жүргізуге, егу жұмысын жүргізуді жоспарлауға, жүйе баланың психологиялық жай-күйі туралы мәліметтерді алу және өңдеу үшін пайдаланушыларға сауалнама жүргізуге мүмкіндік беруі тиіс.

Сауалнама аты-жөні көрсетілмеген режімде жүргізілетін болады. Нәтижелерге қатынау құқығының баптауы бар сүраныс нәтижелерін шығарудың икемді баптауы бар болуы тиіс. 

Системаның интеллектіні зерттеу бойынша, оқу құлшынысын зерттеу бойынша, шығармашылық ойлау қабілетін зерттеу бойынша, теориялық ойлау қабілетін зерттеу бойынша тестілері бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электрондық оқытудың маңызы

 

Қоршаған болмыстың зерттелінетін құбылыстары мен процестерінің маңызы олардың бетінде жатпайды, тікелей бақылауға көнбейді. Сол уақытта мектепте электрондық оқыту теориясын дайындау көзқарасы тұрғысынан оның сыртқы жақтары мен белгілерін сипаттаумен шектелместен, оның маңызды терең сипаттамаларына жетуге ұмтылу қажет.

Кез келген процестің немесе құбылыстың маңызын айқындау үшін:

  • осы процесс/құбылыстың басқалармен байланысын талдау және осылайша оның ерешелігін анықтау;
  • осы процес/құбылыстың қызметін анықтау;
  • зерттелінетін процестің/құбылыстың құрылымын ашу;
  • талданатын процес/құбылысты динамикада, дамуда қарастыру  [7]

қажет.

Осы параграфтың мақсаты электрондық оқытудың маңызын және оның құрылымдық құрамдас бөліктерін жан-жақты қарастыру болып саналады, ол үшін біз келесі міндеттерді шешуге тиістіміз: 1) электрондық оқытудың әдіснамалық негізін анықтау; 2) электрондық оқытуды оқытудың басқа түрлерімен салыстыру және осылайша оның айрықша ерешеліктерін айқындау; 3) электрондық оқытудың қызметін анықтау; 4) электрондық оқытудың құрылымын қарастыру; 5) электрондық оқытудыі қозғаушы күшін айқындау; 6) электрондық оқытудың даму логикасын талдау.

Электрондық оқытудың маңызын анықтаудан бұрын ең алдымен «оқыту» ұғымын қарастыру қажет.

Оқытуды педагогтар мен психологтар, барысында оқушылардың білім алу міндеттері шешілетін процес ретінде қарастырылады, оның ішінде:  

  • ұйымның мақсатты педагогикалық процесі және ғылыми білімдер мен машықтарды меңгеру, шығармашылық қабілеттерді, әлемдік көзқарастарды мен ізгілікті-эстетикалық көзқарастарды және сенімдерді дамыту бойынша оқушылардың белсенді оқу-танымдық іс-әрекеттерін ынталандыру (И.Ф. Харламов [99]); 
  • оқушының әлеуметтік тәжірибе мазмұнының біршама бөлігін меңгеру мақсатымен мұғалім мен оқушының өзараәрекеттестік актісі (И.Я. Лернер [51]);
  • барысында оқушылардың білім алу міндеттері шешілетін оқытушылар мен оқушылардың мақсатты өзара әрекеттестігі» (Ю.К. Бабанский  [71, с.339]);
  • жан-жақты дамуды қамтамасыз ететін білімдер жүйесін, ғылыми әлемдік көзқарас негіздерін, еңбек пен ізгілікті тәрбиені, шығармашылық белсенділікті қалыптастыруға бағытталған мұғалім мен оқушылардың мақсатты, өзара байланысты, жүйелі түрде өзгеретін іс-әрекеті (М.Н. Скаткин [29, с.129]).

Оқыту процесінің белгілерін С.П. Баранов арнайы ұйымдастырылған танымдық іс-әрекет; дербес дамудағы танымды үдету; адамзат тәжірибесіндегі бекітілген заңдылықтарды меңгеру деп есептейді [7].

Зерттеушілер оқытудың іс-әрекеттік сипатын айрықша атап көрсететінін қалай байқауға болады, олардың көпшілігінде оқытудың маңызы оқыту мен оқудың екіжақты процесі ретінде, мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі ретінде қарастырылады.

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас