Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

Жалпы орта білім берудің қазақстандық жүйесінің айтарлықтай ерекшеліктерінің бірі – ауылдық мектептерге басым ие болу және шағын жинақы мектептердің көптеген санының бар болуы. ҚР БжҒМ мәліметтері бойынша 7620 білім берудің жалпы білімдік ұйымдарының 6032 (79,2 %) жалпы білімдік мектептері, 4303 мектеп (ШЖМ) (56,4%) ауылдық жерде орналасқан [71]. Бүгінгі таңда шағын жинақы мектептен толықтай бас тарту мүмкін емес, өйткені елдің экономикасын дамыту үшін елді мекендерді сақтау қажет. Шағын жинақы мектептер үшін сыныптарды төмен және щекті төмен толықтолықтырушылық; үйлестірушілік, мұғалімдердің жүктемесінің көп пәнділігі тән. Бұл мектептерде педагог кадрлардың кетіп қалу және жетіспеушілік, мектептік оқулық ресурстардың әлсіз әдістемелік жасақталу және т.б. үрдісі байқалады. Мұндай мектептердегі мұғалімдердің айтарлықтай күш-қуаты сараланған оқыту процесін ұйымдастыруға, оқушыларды оқу іс-әрекетінің түрі бойынша бөлуге жұмсалады, осы жағдайда барлық оқушылар үшін бірдей тиімді толық құнды оқу процесін жүзеге асыру өте қиын. Электрондық оқытуды пайдалану шағын жинақы мектептердің оқушыларын басқа аса ірі білімдік мекемелерге ауыстырмастан сапалы білім алуға мүмкіндік береді.

2009-2010 оқу жылында Қазақстан  Республикасында 2 499 265 бала білім алатын және 300 мыңға жуық педагог қызметкерлер жұмыс істейтін 7801 жалпыбілімдік, 82 кешкі және 114 мемлекеттік емес мектеп жұмыс істеді. 20 интеллектуальдық инновациялық «Өркен» мектебі – халықаралық деңгейдегі білімдік бағдарламалар енгізілетін Қазақстан Республикасының бірінші президентінің мектебі құрылады.

Қазақстандық жалпы орта білім берудің елеулі ерекшеліктерінің бірі – ауыл мектептерінің басымдылығы мен шағынжинақы мектептер санының өте көп болуы.

Бүгінгі таңда шағынжинақы мектептерден толығымен бас тарту мүмкін емес, өйткені елдің экономикасын дамыту үшін елді пунктті сақтау қажет.  Осы жағдайда толып жатқан ұйымдастырушылық педагогикалық мәселелер туындайды, олардың арасында төмен және шекті төмен толмаушылық; сыныптарды қосарлау, мұғалім жүктемесіндегі көп пәнділік. Бұл мектептерде педагог кадрлардың кері кетуі мен жетіспеуі, мектептік оқу ресурстарымен нашар әдістемелік камтамасыздық және әр түрлі жастағы топтармен оқу процесін жүзеге асыру үрдісі байқалады.  

Осы бағыттағы істің жай-күйін өзгерту АҚТ-дың көмегі кезінде мүмкін болады. Қолданбалы бағдарламалық өнімнің негізінде электрондық оқытуды енгізу, әртүрлі сыныптарды қосарластырып оқыту кезінде мұғалімді ішінара алмастыру қажет болғанда, немесе мұғалімнің-қосымша істеушінің кәсіптік дайындығының жеткіліксіздігінің орнын толтыру ретінде, балаларды басқа ірілеу жалпы білімдік мекемелерге ауыстыру қажеттілігінсіз сапалы білім алуға ШЖМ-дің оқушыларына мүмкіндік береді.

Ақпараттандыру жалпы білімдік мектептің жоғарғы сыныптарында бейіндік оқытуды жүзеге асыруға да мүмкіндік береді.

Келесі мәселе. Елде 400 мыңға жуық мүгедектер өміп сүріп жатыр. Олардың көпшілігінің сапалы білім алуға қатынас құруы шектелген, мектепке, колледжге, жоо-на бара алмайды, сондықтан жоғары интеллектуалбдық әлуетке ие болса да, сезінерлік пайда әкелуге қабілетті болса да қазақстандық қоғамға керексіз болып қалады.

Соңғы уақытта Қазақстан Республикасында инклюзивтік білім беру қағидасын іске асыруға ерекше мән беріледі. Шектеулі мүмкіндігі бар балаларға сапалы білім беруді қамтамасыз ету қажет.

Елде жиынтығы 24 000 жуық балалар оқитын жалпы білімдік мектептердің жанында 101 түзетімдік мектеп, 816 арнайы сыныптар әрекет етеді. Мүлдем мектепке де бармайтын балалар бар. Мұндай балалар үшін шын мәнінде сапалы білім алудың жалғыз мүмкіндігін, әлеуметтік және білімдік ортаға барынша кірігу дәрежесін АҚТ-лар ғана ұсынады.

Мүмкіндігіктері шектеулі миллиондаған адамдарды оқыту үшін АҚТ-дың мүмкіндіктерін пайдалана отырып, оларды белсенді іс-әрекетке тартудың айтарлықтай тәжірибелері бар көптеген елдер бар екендігі белгілі. Мұндағы түйінді факторлардың бірі АҚТ құралдарының орын толтырушылық қызметі болып саналады – оларды жүйелі қолдану мұндай балалардың әлеуметтік ортаға бейімделуінің қуатты құралы бола алады. Дәл осылар орын ауыстыруға және қазіргі заманғы телеқатынастық технологияларға (скайп, бейнеалқалы жиын, чат) шектелуі бар балаларға да жатады.

Біз білім беруді ақпараттандыруды, мәні – ақпараттандыру педагогикалық жүйе ретінде және ақпараттандыру педагогикалық процес ретінде және диалектикалық бірлікті құратын педагогикалық құбылыс ретінде қарастырамыз. Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық процесін жетілдіру білім беруді ақпараттандырудың барлық жүйесінің қалыптасуын қамтамасыз етеді [ Г. К. Нургалиева, А. И. Тажигулова, 67].

Ақпараттандыру педагогикалық жүйе ретінде өзара байланысты және өзара шартты ішкі жүйелерден: нормативтік-құқықтық, ақпарқатынастық, бағдарламалық, кадрлық және контенттік жасақтамадан  тұрады, оларды ортақ мақсат – динамикалық дамитын АҚТ-дың негізінде жалпы ғаламшарлық ара қашықтықтық өзараәрекеттестік жағдайында ақпараттық қоғамда өмір сүруге, қатынас жасауға және келешек кәсіптік іс-әрекетке дайын тұлғалықты қалыптастыру [сонда].

Жалпы орта білім беру мен қоғамды ақпараттандырудың нормативтік құқықтық жай-жапсары тұтастай Қазақстан Республикасының заңдарымен анықталады.

2007 жылы ақпараттандырудың  құқықтық негіздерін тағайындайтын, электрондық ақпараттық ресурстарды  және ақпараттық жүйелерді дайындау, пайдалану мен қорғау кезінде  туындайтын қоғамдық қатынасты  реттейтін «Ақпараттандыру туралы» ҚР-ның Заңы қабылданған болатын.

Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік реттеудің мақсаттары Қазақстан Республикасының ақпараттық инфрақұрылымын, оның ішінде «электрондық үкіметті», сондай-ақ елдің әлеуметтік пен экономикалық жасақтамасын дамыту болып саналады.

Осы Заңға сәйкес электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік және мемлекеттік емес болып бөлінеді. Бюджеттік қаржының есебінен әзірленетін, игерілетін және жинақталатын электрондық ақпараттық ресурстар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары арқылы тағайындалған басқа заңдарының тәсілдерімен алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік болып саналады.  Олардың мемлекеттің экономикасы мен қауіпсіздігі үшін маңызды стратегиялық мәні барлары ұлттық болып саналады. Қоғамның құқылы және заңды мүшелерінің есебінен дайындалынатын және игерілетін, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасының тағайындалған басқа заңдарының тәсілдері арқылы алынған электрондық ақпараттық ресурстар мемлекеттік емес болып саналады.

Сонымен бірге, осы заң ҚР-ның авторлық құқық туралы заңдарымен реттелетін қатынастарды шектемейді, заңның әрекеті ақпараттың мазмұны мен тарату тәсіліне, оның ішінде білімдік сипатқа тарамайды. Заң ашық білімдік ресурстарды әзірлеумен және таратумен байланысты құқықтық қатынастарды қозғамайды. 

Білім беруді ақпараттандыру ҚР-ның «Білім туралы» (2007 ж.) Заңында мемлекеттік білімдік саясатты іске асырудың маңызды тетігі ретінде бекітілген болатын. Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің ішінде оқытудың жаңа технологиялары ҚР-ның Заңымен анықталған, оның ішінде қоғам мен еңбек нарығының өзгеретін қажеттілігіне кәсіптік білім берудің тез бейімделуіне мүмкіндік туғызатын кредиттік, ара қашықтықтық, ақпараттық қатынастық технологияларды енгізу мен тиімді пайдалану; жалпы оқыту, жұмыс істеу орны және еңбек нарығы қажеттіліктері бойынша оқыту арасындағы байланысты қамтамасыз ететін және білімдерге негізделген қоғамда әркімге өзінің жеке әлуетін  барынша пайдалануға көмектесетін ғұмыр бойы оқыту жүйесін дамыту.

Білім алушылар білім беру ұйымдарындағы кітапханалар мен ақпараттық ресурстарды, ҚР-ның Үкіметі тағайындаған  тәртіпте оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді және оқу-әдістемелік құралдарды тегін пайдалануға құқықтары бар. 

2005-2010 жылдарға Білім  беруді дамытудың Мемлекеттік  бағдарламасы біртұтас ақпараттық ортаны дайындау бойынша басымдықтарды анықтады, оның ішінде оқу процесіне АҚТ-ды енгізу бойынша нормативтік құқықтық базаны желдіру; білім берудің барлық деңгейінде ара қашықтықтан оқытудың технологияларын дайындау және енгізу; аймақтарда білімдік ақпараттық ресурстық орталықтарды және Минстрліктің білімдік порталын құру; білімдік бағдарламаларға сәйкес орта білім беру ұйымдарын электрондық оқулықтармен қамтамасыз ету; ҚР электрондық Үкіметінің біртұтас көліктік ортасымен кірігу негізінде портал мен аймақтардың ресурстық орталықтарын біріктіру үшін бар байланыс арналарының базасында бірлестіктік желілерді дамыту және т.б..

Стратегиялық маңызды құжат 2006 жылы 13 қазанда ҚР үкіметінің № 995 қаулысымен бекітілген 2007-2009 жылдары Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы болып саналды. Бағдарламада «ақпараттық теңсіздік: ҚР-ның азаматтары компьютерлік және басқа цифрлық, қатынастық техникаларға және компьютерлік технологияларды пайдалану машықтарына тең емес ие болу; азаматтардың  Интернет ресурстарына тең емес қатынауы жән т.б.» мәселелері атап өтілді. Бағдарламаның басты міндеті халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша ірі көлемді шаралар өткізу, өз ісін жетік білетін оқытушыларды дайындау болып саналды.

Біз осы Бағдарламаны қабылдау қоғамды және білім беруді ақпараттандыруды дамытуға маңызды алғы шарт болды деп есептейміз, өйткені мұғалімдердің компьютерлік сауаттылық деңгейін арттыру үшін жағдай жасалынған болатын.

Ақпараттық теңсіздікті төмендету бағдарламасының ауқымында Ұлттық ақпараттандыру орталығы халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша тренингтік курстардың, оқу-әдістемелік құрал мен электрондық оқулықтың бағдарламаларын дайындады, сондай-ақ бастамалық негізде халықты оқыту ретінде де, халықты on-line тестілеу ретінде де мүмкіндігі бар, халықты компьютерлік оқытудың Порталын — http://www.compobuch.kz, дайындады. Порталда халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту бойынша, еркін қатынауға болатын, оқу-әдістемелік құрал және басқа материалдар орналасқан.

2010 жылы 1 қаңтарда ҚР-ның  Президенті Н.Ә. Назарбаев қабылдаған  2020 жылға дейін Қазақстан Республикасын дамытудың стратегиялық планында келешекте экономикалық пайдалар жұмысшы күшінің сапасы мен өнімділігін елеулі арттыратын білім берудегі инвестициялармен берік байланыста болады. Сапалы қызметтер ұсынуды кеңейту бойынша білім беру саласының басымдық міндеттерінің қатарында қазіргі заманғы білім алу мен озат технологияларды пайдалануға мүмкіндік беретін білім берудің тиімді инфрақұрылымын жасау міндеті қойылған.  Стратегиялық жоспар білім берудің барлық саласын одан әрі қарай ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдарын анықтайды.

АҚТ-дың негізінде сондай-ақ жоғарғы оқу орны деңгейінде де жоғары білім беруді ақпараттандыру саласында нормативтік-құқықтың жасақтама дайындалынып жатыр.

Барлық жоғарғы оқу орындарының білім беруді ақпараттандыруда жоо-ның ақпарқатынастық инфрақұрылымдарын; ашық арақашықтық оқыту жағдайында мамандарды үздіксіз дайындаудың тұжырымдамасын дамытуға; жоо-ның ақпараттық білімдік  ортасын дайындау мен цифрлық білімдік ресурстар тұжырымдамасын дамытуға бағытталған өз бағдарламалары бар. ЖОО-ның Ғылыми кеңестері бекіткен АҚТ-дың негізінде жоо-ның білім беруді ақпараттандыру тұжырымдамасы Білім беруді ақпараттандырудың бағдарламаларында және оларды іске асыру бойынша шаралардың жоспарларында нақтыланады.

Жалпы орта білім беру саласында жалпы білімдік мектептердің ақпарқатынастық инфрақұрылымы, жалпы орта білім беруді ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдаумен (1997-2001 жж.) 1997 жылдан бастап мақсатты түрде қалыптаса бастады. 5 жылда бағдарламаны іске асыру барысында мектептерді компьютерлендіру 100% болды. Компьютерлік техникамен, негізінен, информатика бөлмелері жабдықталған болатын.

Көптілділік оқыту үшін ҚР мектептеріне 2005 жылдан  бастап мультимедиалық лингафондық бөлмелерді жеткізу іске асырылады. «Мultimedia Education Resource Interactive Teaching System (МERiTS)» бірлескен казақстан-сингапур жобасы жүзеге асты. Жобаны іске асыруда сингапур тарапынан ST Electronics (Training & Simulation Systеms) Pte Ltd, ал қазақстан тарапынан Білім беруді ақпараттандыру Республикалық орталығы (қазіргі – Ұлттық ақпараттандыру орталығы (ҰАО)) қатысты.

Ынтымақтастық процесі өте жемісті болды. Осы жобаның арқасында республикада алғаш рет мектептік білімге АҚТ-ды кешенді енгізу үлгісі іске асты: жабдықтарды жеткізу, оқытудың мазмұнын әзірлеу және оны іске асыруға мұғалімдерді дайындау. Мультимедиалық бөлмелерге, жергілікті желілерге қосылған оқушылар компьютерлері, сервер ретінде мұғалімнің компьютері орнатылды (2007 жылдан бастап мұндай бөлмелер сондай-ақ интерактивтік тақталармен толықтырылады). Арнайы құрылымдалған жиһазға барлық кәбілдер мен өткізгіштер құрастырылғын болатын, бұл қауіпсіздік техника талаптарына жауап береді (біздің мектептерде бұл жағдай жиі ескеріле бермейді). Осы жобаның ауқымында сондай-ақ алғаш рет біздің ресбубликада оқытудың желілік технологиясы енгізілген болатын: MERiTS CRMS — сыныпты басқару жүйесі; MERiTS LMS — оқыту процесін басқару жүйесі.

 Бірақ бұл жобаның ең маңызды құрамдастырушысы болып, біздің көзқарасымызда, мультимедиалық бөлмелерге MERITS COURSEWARE — 2 сыныптан бастап 11 сыныпты қоса LMS архитектурасына құрамдастырылған және ҚР-ның орта жалпы білім беру стандарттарына сәйкес әзірленген қазақ, орыс және ағылшын тілдері бойынша мультимедиалық оқытатын бағдарламалардың дайындалынуы мен орнатылуы саналады. Сингапур бірлестігі бағдарламаларды ағылшын тілі бойынша, ал ҰАО қазақ және орыс тілдері бойынша дайындаушы болды. 

MERITS COURSEWARE көптеген анимациялардың, дыбысталған мәтіндердің, сұқбаттардың, интерактивтік тапсырмалардың, ойындардың, кросвордтардың, тестілеуші жаттығулардың  және т.б. негізінде мектеп оқушыларын  сөйлеу іс-әрекетінің жетекші  түрлеріне: дыбыстауға, сөйлеуге, оқуға, хат жазуға қосуды қамтамасыз етеді. Қазақстанда осыған дейін осындай лицензиялық бағдарламалық жасақтама болған емес. Осы жобаның арқасында мұғалімдер іс жүзінде өз сабақтарының режиссурасына ұштасатын және бар ақпараттық жиымында оқушылардың шығармашылық өзіндік жұмысын ұйымдастыра алатын, сабақтардың дайын дидактикалық дайындамасын алды.

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас