Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа

Краткое описание

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

Прикрепленные файлы: 1 файл

Электронды окыту конференция.doc

— 1.19 Мб (Скачать документ)

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

 

«Ұлттық ақпараттандыру орталығы» АҚ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Электрондық оқытудың тұжырымдамасы:

қазақстандық көзқарас

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Алматы, 2011

 

 

 

 

 

Баспаға Ұлттық ақпараттандыру орталығының

Ғылыми кеңесі ұсынған

 

 

 

 

 

 

Сынпікір айтушылар:

 

 

Р.К.Бекмағамбетова, педагогика ғылымдарының докторы, профессор

С.Т.Мухамбетжанова, педагогика ғылымдарының докторы, доцент

 

 

 

 

 

 

Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас – Алматы: «ҰАО» АҚ, 2011. – 87 б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.

Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.

 

 

 

 

 

Мазмұны

 

 

 

 

Кіріспе …………………………………………………………………......

4

Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................

 

6

Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......

14

Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........

24

ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......

 

31

Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................

51

Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........

74

Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….

177


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Әлемдік қоғам өзінің эволюциялық дамуының жаңа фазасына – ақпараттық қатынастық технологиялардың (АҚТ-дың) адамның тіршілік іс-әрекетінің барлық саласына қарқынды енуімен сипатталатын ақпараттық қоғам фазасына кірді,  ал ақпараттық ресурстар заттық пен энергетикалық ресурстарға қарағанда кем емес маңызды рөл атқаратын болды.

Әлемдік қоғамдастыққа және сәйкес түрде ғаламдық ашық ақпарқатынастық кеңістікке  кірігу – әрбір ел үшін өте маңызды дүние. Сондықтан жаңа технологиялар мен мектеп бір бірінен бөлінбейтін болуы тиіс, өйткені барлық жоғары технологиялар: био-, нано- мен ақпар- және т.б. технологиялар берілетін жүйелі білімдерге негізделгендіктен, мектеп болашақ қоғам үшін кадрлар «инкубаторы», ал оларды дайындау мен дамыту АҚТ-мен үзіліссіз байланысты болып саналады. 

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтің Жарлығымен 2010 ж. 1-ақпанында  бекітілген Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейін дамытудың стратегиялық жоспарында барлық білім беру жүйесін одан әрі ақпараттандыру мен электрондық оқытуды жаппай енгізу бағдары анықталған болатын. 2011-2020 жж. Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында адамзаттық ресурстардың әлуетін арттыру мақсатында білім беруді түбегейлі жаңартудың басым бағыты болып электрондық оқыту аталған. Электрондық оқытуды 2015 жылға дейін республика мектептерінің 50%-ына, ал 2020 жылға дейін 90%-ына енгізу жоспарланды.

ЮНЕСКО ұлттық жүйелерді жаңарту мен дамытуда незізгі рөлді электрондық оқытуға (e-learning) береді. Білім беру дағдарысының салдарын төмендету үшін, білім алушыларды білім берудің жаңа мәнеріне бағдарлау үшін және бүкіл ғұмыр бойы одан әрі оқыту үшін олардың біліктері мен машықтарын дамытатын e-learning технологиясы ең тиімді ретінде анықталды. Дамыған елдерде (Филляндия, Норвегия, Сингапур және т.б.) е- learning-ті инновациялық іс-әрекеттің машықтарын дамытуға көмектесетін негізгі әдіс ретінде мемлекеттік деңгейде қарастырады. 

Сонымен бірге, жалпы білімдік мектептегі электрондық оқытудың теориясы мен практикасында шешілмеген бірқатар өзекті мәселелер қалып отыр. Біртұтас, жалпы қабылданған, тұрақталған ұғымдық-санаттық аппарат жоқ, электрондық оқыту, ақпараттық білімдік орта және т.б. ұғымдардың анықтамаларында бірлік жоқ, электрондық білімдік өнімдердің көптеген топтамалары байқалады.

Электрондық оқытудың педагогикалық әдіснамасын дайындау мәселесі ашық қалып отыр. Электрондық оқыту көп жағдайда ересектерді оқытудың қағидалары мен заңдылықтарына сүйенетін жоғары және қосымша кәсіптік білім беру үшін толығымен жарамды электрондық веб-технология негізінде  оқыту секілді ұстанымға бағытталған. Ал сол уақытта жалпыбілімдік мектепте оқыту процесі балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты өз заңдылықтарымен және қағидаларымен ерекшеленеді. Сондықтан электрондық оқытуды жүзеге асырудың шынайы жолын анықтау және оның тұжырымдамасын дайындау қажет.

ХХІ ғасырда білім беруді дамытудың стратегиясы, ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастықтың өзараәрекеттестігі негізінде, қағидасы «ғұмыр бойы оқу» болуы тиіс, мектеп бітірушілерді дайындауға бағдарланған болуға тиіс. Мектеп қабырғасында оларды дайындаудың тұғыры, заңды объективтік процесс ретінде, оқытудың жаңа ақпарқатынастық парадигмасы болып саналады. Оқытудың жаңа парадигмасына өту механизмі, оқытудың тиімдігін түбегейлі арттыру мен жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін, педагогикалық пен ақпараттық қатынастық технологиялардың кірігуі негізіндегі электрондық оқыту екендігін біз көріп отырмыз.

Электрондық оқытудың арқасында, бірінші кезекте, әрине, оқып үйренетін пән бойынша білімдер мен біліктіліктерді, тағы да ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау сияқты әмбебап амалдарды, алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуды меңгеру, сондай-ақ ақпараттық қоғамда тұлғаның  толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне қажетті, ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын, ақпарқатынастық өзараәрекеттестіктің нақты тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін дәстүрлі оқу процесін оқушылардың танымдық іс-әрекетіне түрлендіру болады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту

парадигмасының өзгеру факторлары

 

Ғылымда тұжырымдама деп «қандайда бір құбылыстарды түсінудің, түсіндірудің белгілі бір тәсілі, негізгі көз қарас, оларды түсіндіру үшін жетекші идея; іс-әрекеттің алуан түрлерінің жетекші ой желісі, сындарлы қағидасы» [90]; «көзқарастар жүйесі, құбылыстарды, процестерді солай немесе басқаша түсіну» [91] және т.б. түсініледі.

Бұл ұғымды біз зерттелетін процестер мен құбылыстарға белгілі бір көзқарас, қарастырылатын мәселені шешуге белгілі бір амал ретінде түсіндіреміз.

Парадигма — бұл ғылыми міндеттерді шешу үлгісі ретінде қабылданған және ғылыми қоғамдастың барлық мүшелері бөлісетін теориялық, әдіснамалық және аксиомалық тағайындаулар жүйесі. «Парадигма» сөзі гректің paradeigma — өнеге, үлгі сөзінен шығады. Үлкен энциклопедиялық сөздіктің анықтамасы бойынша, бұл алғашқы тұжырымдық схема, мәселелердің қойылыс моделі мен олардың шешімі, ғылыми қоғамдастықтағы белгілі бір тарихи кезең ағымындағы үстем болатын  зерттеу әдістері [12].

Философиялық әдебиетте парадигма «...ғылыми қоғамдастыққа белгілі бір уақыт ағымында қойылған мәселелердің моделін және олардың шешімдерін беретін, көпшілік ғалымдар мойындаған ғылыми жетістіктер [49] ретінде; ғылыми қоғамдастықтың кәсіптік қатынастарының салыстырмалы толықтығын және кәсіптік пікірлердің салыстырмалы пайымдауларын қамтамасыз ете отырып, біртұтас бүтінді құрайтын және біртұтас бүтін ретінде қызмет ететін тегі әр түрлі ретке келтірілген құрамдас бөліктердің «пәндік матрицасы» ретінде [37] анықталады.

Ғылымда парадигма тұжырымдамалық (құндылық бағдарланған), теориялық-әліснамалық және технологиялық міндетті орындайды. Бұл негізді қалайтын ғылыми теорияларды кіріктіретін, әлемнің құрылысын, ол туралы жаңа білімдер мен ғылыми қоғамдастықтың басым құндылық бағдарын іздестіру тәсілдерін түсіндіретін сондай әдіснамалық құрылым (Е. В. Бондаревская [13]).

Ал білімдік парадигма – бұл мектептегі жай ғана меншікті оқыту әдісі ғана емес, ол адамның өмірлік іс-ірекетінің сол немесе басқа кезеңінде үстемдік ететін және кейбір базалық қағидаларға негізделген шындық пен ойлаудың типі (С. А. Смирнов [72]). Білім беру парадигмасы, оқыту парадигмасы – бұл білім берудің барлық жүйесі ретінде де, жеке алынған сабақтың режиссурасы ретінде де бағыттылықты анықтайтын сол философия, сол әдіснама. 

Білім берудің парадигмасын іздестіру қоғамның өз дамуының жоғарырақ сатысына өтудегі білім беру жүйесінің реакциясы ретінде қарастырылады. Оны алмастырудың үлкен мәні бар, өйткені білім беруді одан әрі дамытуға жол ашады. Сондықтан қоғамның жаңа шақыруына жауап беретін жаңа парадигманы іздестіруге ұмтылу педагогика ғылымында жеткілікті тұрақты түрде қөрініс табады. Өткен ғасырда осындай рекция болды, мәселен, шетелде бірлестік-рефлекторлық, бихевиористік және іс-әрекеттік ілім теориясы [108, 109], «мектептер-фабрикалар» мен «мектептер-отбасылар» [40], кеңестік педагогикада – тұлғалық бағдарланған көзқарастағы ынтымақтастықтар педагогикасын дайындау (Ш. А. Амонашвили [3, 4] және т.б.). 

Қазіргі заманғы ғалымдар да білім берудің жаңа парадигмасын іздестіруде. Әлдеқашан бірнеше ондаған жыл бойы зерттеушілер өркениетті дамудың постиндустриалдық векторына білімдік жүйелердің даму деңгейінің    парапар еместігін атап келеді (К. К. Колин [43]). Үнді ғалымы К. Синкхтің сөзі бойынша білім берудің ұлттық жүйесі ондаған жылдарға ескірді, олардың негізінде ядролық пен ауқымды ойлау, өмір сүруі өткен ортодоксальдық көзқарас пен ескірген бағдар жатыр, және олардың адамзаттың әл-ауқаты мен өмір сүруі үшін қазір керек болатын жаңа парадигманы ұсына алатын жайы жоқ [69,  248 б.]. Өткен ғасырдың аяғында ЮНЕСКО ұсынған ХХІ ғасыр үшін білім беру бойынша Халықаралық комиссияның баяндамасында білім беру жүйесі, ең алдымен мектеп жүйесі «бір орнында қалғанын, және тұтастай өткеннің астында көміліп қалғанын; сонымен мектеп оқушылары мен студенттердің зерігуін тудыра отырып, ескірген білімдерді беру үшін ескірген әдістер қолданылатынын, тіпті оқуға жиіркеніш тудыратынын атап өтті» [сонда, 111 б.].

Парадигманың тұжырымдық, құндылық-бағдарлық міндетінің көзқарасы тұрғысынан ғылымда тұтастай осы уақытта және жақын болашақта қалыптасқан білім жүйесінің көмегімен осы қоғам, ел, мемлекет қол жеткізуғе тырысатын, саналы түрде межеленген нәтиже ретінде қарастырылатын білімдік мақсаттарды қайта қарастыруы қажет. Егерде білім берудің ескі парадигмасының мәні «Білім беру – бүкіл ғұмырға» ұранында айтылса, ал жаңа парадигма – бұл өз тегінде жетекші қағидалары ЮНЕСКОда жарияланған қағидалар болып саналатын, болашақ үшін білім беру стратегиясы: әлемдегі ең озық идеялар мен білімдерді қабылдауға және жүзеге асыруға қабілетті ғаламшарлық ойлауы бар әлемнің азаматтарын тәрбиелеуді қамтамасыз ететін «Білім беру бүкіл ғұмыр бойы» — «Life Long Learning (LLL)» және «Білім беру барлығы үшін» стратегиясы.

 Қазіргі заманның мұқтаждығына  жауап беретін білім берудің мақсаттары ЮНЕСКОда «Білім беру барлығы үшін» қозғалысының «Төрт бағаны» ретінде сипатталған, атап айтқанда: өмір сүруді үйрену; тани білуді үйрену; істей білуді үйрену; қатар өмір сүруді үйрену. 

Білім беру парадигмасының технологиялық міндеті «оқыту парадигмасы» сияқты ұғыммен қабысқан. Әрине, оқыту парадигмасын таңдау сондай-ақ қоғамның әлеуметтік тапсырысына байланысты болады, ол өзгеретін педагогикалық мақсатты ұйғарымға жауап беруі, тұлғаның дамуына қоғамдық сұраныстың сипатындағы шынайы өзгерістерді ескеруі және белгілі бір әдіснамалық амалдарға негізделуі тиіс. Былайша айтқанша, парадигма, барлық мектеп үшін маңызды, жай бір ғана сұраққа жауап беру үшін қажет: оқушыларды оқыту керек пе, немесе ол оқып үйренуі керек пе?

Ғылым мен мектептік білім берудің дамуының көптеген ғасыры ішінде индустриальдық қоғам педагогикасында қазіргі дәстүрлі деп аталатын оқыту парадигмасы қалыптасты (Е. А. Сорокоумова [92], В. Д. Шадриков [104] және б.).

Бұл парадигма білімнің құндылығына бағдарланған. Оның әдіснамасы өзара байланыс жүйесінің қатарласуына әкелетін ғылыми жаңашылдық логикасына сәйкес келеді: мұғалім – жетекші, оқушы – жетекке еретін, оқу процесі – педагогикалық түрде оқушыға объектілік рөл берілетін, білместіктен білуге қарай оның басқарылатын қозғалысы. Осы кезде баланың өзінің тұлғалық мүмкіндіктері, тілектері, мұқтаждықтары, ережедегідей ескерілмейді. Мұндай жүйе білімдерді тарату қағидасын іске асырады: дәстүрлі жағдайда оқыту процесі адамзат тарихындағы ғылыми, мәдени, техникалық, тарихи, әлеуметтік білімдердің, тәжірибелердің және т.б. барлық жинақталғанынан балаға барынша мүмкін мөлшерін беруді қарастырады.    Мұғалім негізгі білім беру мазмұнының жалғыз ғана көзі бола отырып, осы білімдерді (оқулықта не баяндалса, соны қайталай және одан сырт ауытқымастан) қалайда таратады, ал оқушы, бірінші кезекте, тұлғаның репродуктивтік қабілетін дамытуға әкелетін ол мазмұнды жаңғыртады. Осыдан және педагог оқушыларды білімге «тартатын», ал оқушы білімдер, біліктер, машықтар жинақталатын өзіндік «жинақ» рөлінде қарастырылатын білімдік процестің сол бағдары қалыптасады.

В. Д. Шадриков атап өткендей, мұндай көзқараста мектеп оқушысы болмай қоймайтын енжар тыңдаушының, бақылаушының рөлін атқарады, мінез-құлыққа білімнің рөлі мен әлеуметтік талаптарды абсолюттейді және гиперболиттейді. Осындай парадигмаға жауап беретін мұғалімнің іс-әрекеті тәрбиелеуге, талап қоюшылыққа, білім беруге, бұйрық беруге, мәжбүр етуге, күнделікті тапсырмалар беруге және оларды бақылауға бағдарланған, ал оқушы білімдердің алдында екінші қатарға шегінеді [104].

Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас