Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа
Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.
Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................
6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......
31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….
2003 жылы Әлемдік банк
Ал біздің мектеп оқушыларымен және студенттерімен жұмыс істеудің шынайы тәжірибесі, олар ақпаратпен жұмыс істеу кезінде қиындықтарды бастан кешіретінін көрсетті. Бұл мектеп оқушылары схема бойынша жұмыс істеуге әдеттенгендіктен болады: келесі сабаққа нақты параграфты оқып келу және механикалық түрде қайталап айтып беру немесе есепті шығару, әлбетте шешім бір мәнді болуы тиіс болды. Ал өзіне керекті материалды қалай табу, қажетті ақпаратты қалай таңдап алу мен құрылымдау, осының негізінде қандайда бір өзінің креативтік өнімің қалай дайындау керектігін біздің мектеп оқушылары білмейді және осыны істей алмайды.
Жаңа парадигманың қажеттілігіне байланысты факторлар қоғамның жаңа өркениетті кезеңіне өтуге байланысты білім берудің мақсаттарындағы, міндеттеріндегі, мазмұндарындағы және сипаттарындағы өзгерістер болып саналады. Қоғамдық құрылыстың жаңа типі – қоғамдық өмірдің барлық саласына ақпараттық қатынастық технологияларды кешенді ендірумен байланысты ауқымды әлеуметтік-экономикалық өзгерістермен сипатталатын ақпараттық қоғам қалыптасады [2, 9, 42, 43, 57, 80 т.б.].
Ақпарат пен қатынасты ұсынудың цифрлық технологиясы әрбір адамның өміріне дәлме дәл жөргектен, тіпті одан да ерте, екпіндете кіреді, бір жағынан қазіргі заманғы баланың тұлғалығының дамуына және оның қоршаған әлемді түйсінуіне белгілі бір із қалдырады, екінші жағынан мектептік білім жүйесіне белгілі бір талапты қалыптастырады. Өткен 5-10 жылда мектепке келген балалар елеулі түрде өзгерді. Ата-аналар мен педагогтарға қарағанда елеулі жақсы бағдар жасай білетін цифрлық ойындар, плеерлер, смартфондар, ықшам компьютерлер бүгінгі таңда балалар өмірінің маңызды бөлігі болып саналады. Сондықтан мектепке келе салып, балалар «... өздерінің алдында тақта мен бордан басқа ештеңе көре алмастан, көңілі қалатын болады. Ал мұғалімнен бүгінгі таңда баланы еліктіру, оның «білім алауын» жағу, оған таным қуанышын ашу үшін бұрынғыға қарағанда елеулі үлкен күш талап етіледі» [Е. А. Набиев, 61].
Ғалымдар қазіргі қоғамды сондай-ақ білімге негізделген қоғам («knowledgebased society) деп атайды, сондықтан қоғамдық ілгерілеу адамзаттық білімдерді алу мен пайдалану мақсатымен ақпаратты табу, өндіру, өңдеу, түрлендіру, тарату және пайдалану мүмкіндіктеріне негізделген. Қатынас пен ақпарат мәселесі бойынша Юнеско директорының орынбасары А. В. Хан «білімдер қоғамы» мен «ақпараттық қоғам» ұғымдары өзара бірін бірі толықтырушы болып саналатынын айрықша атап көрсетеді. Оның пікірі бойынша, ақпараттық қоғам білімдер қоғамының қызметтік блогы болып саналады: Ақпараттық қоғамның тұжырымдамасы «технологиялық инновациялар» идеясымен байланысты болады, ол кезде білімдер қоғамы ұғым ретінде түрленулердің әлеуметтік, мәдени, экономикалық, саяси және экономикалық құқықтық жай-жапсарларын, сондай-ақ дамумен байланысты болашаққа пікір еркінділігі көзқарасын қамтиды. «Менің көзқарасым тұрғысынан, «білімдер қоғамы» тұжырымдамасы болып жатқан өзгерістердің күрделігі мен динамикасын жақсы бейнелейтіндіктен «ақпараттық қоғам» тұжырымдамасынан беделділеу» [63] дейді.
Білім алатын қоғамда құндылық білімдерді игеру процесінің өзі болып табылады (А. А. Кочетова [46]), ал әрбір адамның аман-саулығы АҚТ негізінде ақпаратқа қатынас құруымен және онымен жұмыс істеу біліктілігімен анықталады.
Ақпараттық қоғамның маңызды сипаттамаларының бірі сондай-ақ жалтақтамастан ғылыми-техникалық ақпаратты қарқынды жаңарту болады –өндірістік те, әлеуметтік те технологиялардың жаңару циклы, буындар алмасуының ырғағынан оза отырып, 6-8 жылды құрайды, бірақ рет және бүкіл ғұмырға білім беру мүмкін еместігіне әкеледі (А. Ю. Единак [31]). Бұл, демек, АҚТ-дың техникалық дамуы соншалықты динамикалық түрде болады, ақпараттың ескіруі мен жаңаруы орта мектепте оқытудың аяқталғанына қарағанда елеулі тезірек болатындықтан, бүгінгі мектеп оқушыларының болашақ өміріне қандай білімдер мен біліктер керек болатынын алдын ала болжау қиын.
Бүгінгі таңда мектеп қабырғасынан шығатын қазіргі заманғы буын бұрынғыдай бүкіл еңбек іс-әрекетінің ағымында өзіне бар болғаны бір кәсіпті иелік етуге мүмкіндік бермейді. Болашақ әркімнен жан-жақты болу дайындығын және ғұмыр бойы оқуды жалғастыруды талап етеді. Адамдардан, ағылшын мәтелінде айтылғандай, «to think globally and act locally» ауқымды түрде ойлау мен жеткілікті әрекет етуді талап ететін болады. Болашақ маманның тұлғалығын қалыптастыру үздіксіз білім беруді, кәсіптік іс-әрекеттің білімдерін, мазмұны мен құрылымын тұрақты дамытуды қамтамасыз ететін процесс болуы тиіс [62].
Кез келген еңбек іс-әрекеті түрінің сипаты мен мазмұнынындағы тұрақты өзгерістер, мектептік оқытудың тетіктері мен мазмұнын қайта қарау қажеттілігіне байланысты біздің кезеңнің бөлінбес сипаттамасы болды. Жалғыз амал мектеп бітірушілердің жаңаны өздері игеру қабілетін қамтамасыз етуден тұрады. Бастысы, мектепте біз неге үйретуге тиіспіз – бұл ойлау, салыстыру, талдау, сұрақтар қою қабілеттілігіне [20]; болмысты түрлендіру тәсілдерін игеруге және өзіндік білім алудың құралдары мен әдістеріне, үйрену біліктілігіне ие болуға адамзаттың өткендегі тәжірибесінің тек үлгілерін ғана жаңғыртумен, оқу тәрбие процесін қайта бағдарлау қажет [11].
Ю. Н. Афанасьев, білім беру, ең алдымен, нақтының барлық көріністерін тұлғаның өзіндік ұғыну қабілеттілігін қалыптастыруға бейімделген, өмірдің өзіндік мәнін түсіну үшін барлық оқушыларға мүмкін болғанша үлкен мүмкіндікті беру қажет деп есептейді. Сол кезде осы ойды тек жариялап қана қоймай, осының мәнін түсіну үшін құрал ұсыну қажет. Мәнісі бойынша, барлық осы үрдістердің әрекеті мектептегі оқыту парадигмасының алмасуын да, оқытудың репродуктивтік әдістердің басым болуынан және оқушының селқос рөлінен де бас тартуды талап етеді. Сусыз жүзуді үйренуге болмайтындай, ақпараттық қатынастық өрістен, ақпараттық білімдік ортадан тыс тұрып, ақпаратпен және оның ағымдарымен жұмыс істеуді үйренуге болмайды [6].
Интернеттің дамуының арқасында, қазіргі қоғам «қатынастардың саны мен сапасы үздіксіз өсіп отыратын, олардың кезектесуі тоқтаусыз үдеп отыратын, барлық көптеген адамдар қатынастық процеске тартылатын, жеке қатынастардың арасындағы өзара байланыс барған сайын кеңейе беретін, желісі ауқымды мөлшерге жететін қашықтықтан әрекет ететін қатынастар өсе беретін «бір кішкене ауыл» болады. Қатынастардың өсуі адамдарды бұрынғы шектеулерден, әлеуметтік бақылау жүйелерінен және мәжбүрлеуден босататын жаңа мүмкіндіктерді ашады» [84]. Бұл шекараның ашықтығына, бір елде өмір сүре отырып – еңбек, білім беру нарығының кеңеюіне әкеледі, басқа елде оқуға немесе жұмыс істеуге болады. Осыған өсіп келе жатқан буынды тағы да мектепте дайындау қажет.
АҚТ-дың негізінде оқытуды технологияландыру мәселелеріне арналған оқытудың жаңа парадигмасының әдіснамалық негізін дайындау көптеген халықаралық ғылыми-практикалық алқалы жиындардың көру өрісінде жатыр. Тунисте 2005 жылы ұлттық мақсаттарда АҚТ-ды пайдалану саласында, оның ішінде білім беру сапасына қойылатын жоғары талаптарды анықтаған ұсыныстарды белгілеген, ақпараттық қоғамды құру мәселеріне арналған әлемдік саммит (World Summit on the Information Society) болды.
«Сегіздер тобы», Бразилия, Үндістан, Қытай, Мексика, Оңтүстік Африка мемлекеттері-қатысушылары басшыларының, ТМД мемлекеттері басшылары Кеңесінің Төрағасының, Африкалық Одақтың төрағасының және «ХХІ ғасырдағы инновациялық қоғамдар үшін білім беру» халықаралық ұйымдары жетекшілерінің Біріккен мәлімдемесінде айтылғандай: ««Сегіздер тобы» ауқымды ақпараттық қоғамының Окинав хартиясының және Тунистегі Бүкіләлемдік саммиттің қорытындысы бойынша ақпараттық қоғам туралы Мәлімдемесіне сәйкес біз білім беруде АҚТ-ды аса тиімді пайдалану міндеттемемізді қайтадан бекітеміз. АҚТ жоғары технологиялық экономиканың білімдік мұқтаждықтарын қанағаттандыну ісінде шешуші рөл атқарады. Қол жетерлік білімдік ресурстар – тым әділетті және тиімді ауқымды ақпараттық ортаны құрудың маңызды құралы».
Сөз барған сайын жиірек АҚТ-ға негізделген жаңа білімдік парадигма туралы айтылады. Сөз бойынша, білім беруді ақпараттандырумен байланысты оқу ісінің мазмұнындағы, әдістері мен ұйымдастыру формаларындағы өзгерістер – жеке педагогтардың ойдан шығарғаны емес, ақпараттық қоғамның қалыптасуы тудырған экономиканы ауқымдандыруға, тұлғаға қойылатын талаптардың артуына және өмір сүрудің күрделенуіне мектептің мәжбүрленген жауабы [А.В. Уваров, 97].
Біз ақпараттық қатынастық технологиялар негізінде ара қашықтықтан өзараәрекеттестікке және кәсіптік ынтымақтастыққа қабілетті ғаламшарлық ойлауы бар адамдардың жаңа түрленуін қалыптастыруға бағытталған, философиясы ақпарқатынастық өзараәрекеттестігі болып саналатын, білімдік процес субъектілерін оқытудың ақпарқатынастық парадигмасы туралы мәлімдеу қажет деп есептейміз [Г.К. Нургалиева, Е.В. Артыкбаева, 65].
АҚТ-дың қабілеттілігі оқу процесінің ақпараттық кеңістігін елеулі кеңітеді және оңтайландырады, оқытудың вербаллдық-сөздік әдістерінен білім алушылардың өзіндік жұмыс қорларын кеңінен пайдаланып, ғылыми ізденіс, мәселелік элементтерді енгізе отырып, тұлғалық іс-әрекетке өтуді жүзеге асыратыны туралы Б. Баймухановтың, Е. Ы. Бидайбековтың, Я. А. Ваграменконың, Б. С. Гершунскийдің С. Г. Григорьевтің, В. В. Гриншкуннің, Н. А. Завалконың, В. А. Кайминнің, Ж. А. Караевтың, В. С. Киселевтің, М. П. Лапчиктің, А. В. Осиннің, С. Паперттің, Е. С. Полаттың, И. В. Роберттің, А. Л. Семеновтың, А. Н. Тихоновтың, С. А. Христочевскийдің және басқа зерттеушілердің жұмыстарында атап өтіледі.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар деп ақпаратты пайдаланушылардың мүдделері үшін оны жинау, өңдеу, сақтау, тарату, бейнелеу және пайдалану мақсатымен ұштасқан әдістердің, өндірістік процестердің және бағдарламалық техникалық құралдардың жиынтығы түсініледі [83].
Оқытудың ақпарқатынастық парадигмасы, шүбәсіз, білім беру мазмұны үшін жаңа талаптарды анықтайды. Білім беру мазмұны ғылыми білімдердің, практикалық біліктер мен машықтардың, сондай-ақ әлемдік көзқарас пен адамгершілік-эстетикалық идеялардың, оқыту процесінде меңгеруге қажетті әлеуметтік, танымдық және шығармашылық тәжірибенің жүйесі болып табылады [17].
Білім беру мазмұнын (ұсыну формаларын) тасымалдаушылар болып оқу жоспары, оқулықтар, әдістемелік құралдар, жеке оқу пәнін сипаттайтын құжат ретінде оқу бағдарламасы саналады.
Білім беруді ақпараттандыру жағдайында білім беру көздері, АҚТ-ды пайдалану есебінен, тек өз түрін ғана емес, маңызын да елеулі өзгертеді, осы көздердің бірқатары және ақпараттың көлемі іс жүзінде шектелмейтін болады: СD, DVD-де де, сондай-ақ Интернетте де таратылатын цифрлық білімдік ресурстардың әр түрлі типтері; ақпараттық білімдік порталдар; бейнеалқалы жиындар және б. Мектеп оқушылары бар уақыттың көпшілігін дәстүрлі оқулықтағы емес, ауқымды желідегі, онлайын кітапханаларындағы керекті ақпаратты іздестіруге жұмсайды.
Мазмұнды іске асыруда іс-әрекеттілік жай-жапсардың маңыздылығы артады, біліктіліктерді қалыптастыру – шынайы жағдайда оқушылардың практикалық есептерді шешу үшін тек оқулық қоршамындағыны ғана емес, игерілгенді қолдану қабілеттілігі [97].
Оқытудың ақпарқатынастық парадимасында басымдылық оқытудың интерактивтік әдістеріне, оқушылардың өзіндік оқу-танымдық іс-әрекеттеріне беріледі. Мұғалім тек ақпаратты тасушы, нормалар мен дәстүрлерді сақтаушы ғана емес, оқушының тұлғалығын қалыптастырушы және дамытушы, оны білімге тарту шамасына тәуелсіз осы тұлғалылықты құрметтейтін болуы тиіс [92].
Ақпарқатынастық парадигма оқушының тұлғалығын және оның дамуын негізге қоятын, оқытуды тұлғалық-бағдарланған ететін, инновациялық оқытуды өзекті етеді. Инновациялық оқыту деп өнімді шығармашылық іс-әрекет ретінде оқуды құрылымдауға мүмкіндік беретін сол әдістерді және алдымен бірлескен, ал содан кейін өзін-өзі ұйымдастыратын оқу-тәрбие процесінің барлық кезеңдерінде әлеуметтік түрде толық құнды өнім жетістіктерімен байланысты оқытушыларды да, оқушыларды да түсінеді [55, 87].
Сонымен, жалпы білімдік мектептегі барлық оқу процесі – мақсаттан нәтижеге дейін – ақпараттық қатынастық технологиялармен өтетін болуы тиіс. Оқытудың ақпарқатынастық парадигмасына өту ақпараттық қоғамның объективті мұқтаждығы болып саналады. Оқыту парадигмасының өзгерісін детерминациялайтын факторлар:
болып саналады.
Сонымен оқытудың жаңа парадигмасына өту тетігі электрондық оқыту болып саналады.
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі
Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас