Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа
Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.
Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................
6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......
31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….
Жүйе мүмкіндіктері шектеулі оқушыларды, сондай-ақ БҰ оқушылары болып саналмайтын барлық тілек білдірушілерді, мысалы, шет елде тұратын және қазақ тілін оқып білуге тілек білдірушілерді, оқыту процесімен қамтамасыз етуі тиіс. Мұндай пайдаланушыларды тіркеу автоматтық режімде болуы тиіс. Сол кезде Жүйенің барлық мәліметтері ҚР БжҒМ-нің порталында есеп-қисаптылық пен статистикалық іріктеуді қалыптастыруға қол жетерлік бірыңғай мәліметтер базасында тұруы тиіс.
Жүйе ҚР БжҒМ инфрақұрылымының, ведомствоішілік құрылымдардың, басқарудың әр түрлі деңгейлерінің, ҚР БжҒМ порталындағы кіріккен білім беру ұйымдарының бірыңғай АҚТ-ы базасында жұмыс істеуі тиіс.
e-Learning жүйесінде иерархияның үш деңгейі бар болуы тиіс:
Тікелей мектеп аумағында сервер орналастырылған жағдайда мектеп деңгейінде келесі жүйелер ашылған болуы тиіс:
Мектепті басқару жүйесі (School Management System, бұдан әрі қарай – SMS) – бұл мектепті басқару процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама. Мектепте білімдік процесті тиімді басқару білімдік мақсаттарға қол жеткізуді жеңілдетеді, оң факторларды үйлестіреді және теріс әсердің орнын толтырады, болжаушылық, жедел ескертушілік сипатты алып жүреді, инновациялық процестерді белсенді және тиімді етеді, ұйымның технологиялық әдептілігін қамтамасыз етеді, басқарудың тұлғалық бағдарланған әдістерін қолдануды қарастырады, міндеттерді, ақпараттық, кадрлық қолдау көрсетуді үлестіреді, соның негізінде әкімшілік саясатты жақсартуды жүргізуге бола алатын болады.
SMS өзі Мектеп порталының
Метепті басқару жүйесі білім беру ұйымдарындағы ағымдық бизнес-процестерді есепке алып, іс қағаздарын жүргізуді автоматтандыруы, әкімшілік саясатты жақсарту негізінде жүргізілген есеп-қисапты қалыптастыруы тиіс.
SMS мұғалімдер мен ата-аналарға
оқушылардың үлгерімі мен
SMS пайдаланушыларына сапалы қызмет көрсету жүйелі және ретке келтірілген пайдаланушы интерфейсін қолдану арқылы қамтамасыз етіледі. Мектепті басқару жүйесінде сақталатын пайдаланушылардың бірегей реестрімен жүйеге бірыңғай кіру іске асырылған болуы тиіс, ол SMS пайдаланушыларын тіркеуді; пайдаланушының Порталға қауіпсіз кіруін; SMS ақпаратын қарап шығуды; SMS пайдаланушыларының жұмысын жасақтауды; пайдаланушылардың SMS-тен шығуын қамтамасыз етеді.
SMS
пайдаланудағы
Мектепті басқару жүйесі келесі негізгі модульдерді енгізеді:
Білімдік процесс пен басқарудың тікелей қатысушылары болып мектепті басқару жүйесін негізгі пайдаланушылар саналады: директор; оқу жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары; тәрбие жұмысы бойынша мектеп директорының орынбасары; мұғалімдер; сынып жетекшілері; оқушылар; ата-аналар; кітапханашылар; дәрігер қызметшілері; SMS басқарушылары.
Барлық ұсынылған пайдаланушылар SMS-те ресурстарға қатынас құру құқығын қамтамасыз ететін нақты міндеттері бар рөлді атқарады. Нақты рөл үшін пайдаланушылардың есепке алу жазбалары мен құқықтар жинағын баптауды SMS басшысы жүргізеді. Жүйеге кіру басшы тағайындаған логин мен құпия сөздің көмегімен жүзеге асырылады. Пайдаланушы басшыдан есепке алу жазбасын алып, жергілікті желідегі немесе алыстан Ғаламтор желісі арқылы белгілі бір адрес бойынша жүйеде авторлана алады.
Пайдаланушыға тағайындалған рөл мен құқық, осы мезетте ол белсенді пайдаланушысы болып саналатын білім беру ұйымынан әрі тарамауы тиіс. SMS пайдаланушыға бірден артық рөлі болуына мүмкіндік беруі тиіс, мысалы, мектепте жұмыс істеуші мұғалім бір мезгілде осы мектепте оқитын оқушыларының ата-анасы болып санала алады.
Сыныпты басқару жүйесі (Classroom Management System, бұдан әрі – CRMS) – бұл мұғалімге сабақтардың барысын толық бақылау жасауға, мультимедиалық кабинетте сабақтарды жүргізу бойынша негізгі міндеттерді: басқаруды, бақылауды және оқушылармен қарым-қатынас жасауды жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.
Бүгінгі таңдағы қазіргі заманғы сыныптарда ақпараттық-қатынастық технологияларды пайдаланып басқару қажеттілігі ешқашанда осындай ғаламат болған емес. Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін әрбір білім беру ұйымы қажетті жабдықтармен: компьютердің жаңартылған түрлерімен, Ғаламторға қатынас құрудың кеңжолақты жасақтамасымен және б. жабдықталатын болады.
CRMS мұғалімге оқушылардың зейінін қолдауға, олардың қосымшалар мен веб-сайттарды пайдалануын бақылауға, он-лайн көмек пен чат-сұраныстарды пайдалануға, жұмыс файлдарын жинауға, сыныптың сураныстарын тездетуге және нәтижелерін бірден көрсетуге автоматтық жөнелтудің арқасында уақытты үнемдеуге, компьютердің дидактикалық мүмкіндіктерін барынша пайдалану арқылы электрондық оқытудың тиімділігін арттыруға, оқу іс-әрекетінің алуан түрін қолдауды жүзеге асыруға көмектеседі.
CRMS-тың негізгі пайдаланушылары болып білімдік процестің тікелей қатысушылары: мұғалім, оқушы, басшы саналады. Пайдаланушылардың санаттары CRMS-тың қызметіне қатынас құрудың әр түрлі құқығына ие: басшы пайдаланушыларды техникалық қолдауды орындайды, жүйенің жұмыс істеуінің әдептілігін бақылайды; мұғалім оқушылардың әрекеттерін басқару, бақылау, толық тексеру құқығына ие болады; оқушы тек мұғалімнің рұқсатымен ғана жүйеге кіре алады, тек қатынас құруға ашық әрекеттерді ғана орындай алады.
CRMS мұғалімнің жұмыс орнынан оқушылардың жұмысын бақылау мен басқаруды, олардың өзараәрекеттестігін және шынайы уақыттағы аудио- мен бейнемәліметтерді жеткізуді қамтамасыз етеді, сабақ уақытын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.
Басшы тағайындаған логин мен құпия сөздің көмегімен мұғалімнің жүйеге кіруі. Жүйедегі оқушылардың авторлануының көмегімен оқушының сабаққа қатысу мәртебесін есепке алу.
CRMS кез келген (мәтіндік, графикалық, аудио-, бейне және т.б.) форматтың файлдарын қолдауды қамтамасыз етеді, Ғаламторға шыға алады және оқытудың әр түрлі әдістерін қолдану мүмкіндігін қамтамасыз етеді: жұптағы, топтағы жұмыс, дербес және жапай сауалнама, топтық талқылау және б. Оқытушы тарапынан бақылау оқушы үшін байқаусыз түрде және оны негізгі оқу іс-әрекетінен алаңдатпастан өтетін болады.
CRMS негізгі екі модульді енгізеді: Мұғалімнің Модулі және Оқушының Модулі.
Мұғалімнің модулі мұғалімнің компьютеріне орналастырылады да сабақтарды өткізу бойынша негізгі қызметтерді: өз жұмыс орнынан кетпестен компьютерлік сыныптағы сабақтардың барысын толық тексеруді ұсынатын басқаруды, бақылауды, оқушымен қарым-қатынас жасауды қамтамасызз етеді.
Мұғалімнің модулі:
қамтамасыз етеді.
Оқушының модулі оқушылардың компьютерлерінде орналастырылады да Мұғалімнің Модулімен өзараәрекетестік мүмкіндігін, сондай-ақ:
қамтамасыз етеді.
Оқытуды басқару жүйесі (Learning Management System, бұдан әрі LMS) – бұл оқу процесінің барлық қатысушыларына (мектеп әкімшілігіне, мұғалімдер мен ата-аналарға) on- мен off-line режімдерінде оқыту мазмұнына (контентке) қатынас құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық жасақтама.
LMS әрбір пайдаланушы үшін тұрған
орнынан тәуелсіз оны Порталға
Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас