Автор работы: Пользователь скрыл имя, 23 Декабря 2014 в 12:24, курсовая работа
Осы тұжырымдама «Білім беру жүйесін әдіснамалық жасақтау» - «Білім беруді ақпараттандыру саласындағы оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша қызметтер» 008 бағдарламасы бойынша ҚР БжҒМ-нің мемлекеттік тапсырысына сәйкес дайындалынған.
Тұжырымдамада ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары сипатталады, электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі қарастырылады, электрондық оқытуға қазақстандық көзқарастың негізгі қағидалары және электрондық оқулықтар мен цифрлық білімдік ресурстардың негізінде электрондық оқытудың педагогикалық технологиясы ұсынылады.
Кіріспе …………………………………………………………………......
4
Ақпараттық қоғам жағдайындағы оқыту парадигмасының өзгеру факторлары ……………………………………………..............................
6
Электрондық оқытудың шетелдік тәжірибесі ………………………......
14
Қазақстандағы жалпы орта білім беруді ақпараттандыру ………..........
24
ҚР-ндағы Білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты ретінде электрондық оқытудың жүйесі (е-learning) .......
31
Электрондық оқытудың маңызы ...............................................................
51
Электрондық оқытудың контенттік жасақтамасы ....……………...........
74
Пайдаланылған әдебиеттер……………………………………………….
LMS мектепте оқып білетін әрбір пән бойынша оқу-әдістемелік материалдарды ұсынуға, әр түрлі теориялық сабақтарды өткізуге, оқушылардың жеке де, топтық та оқу іс-әрекетін ұйымдастыруға, оқу ақпаратының әр түрлі үзінділеріне қатынас құруға арналған кең құрал-жабдықтар болып табылады.
LMS пайдаланушыларға оған не керек, соны тез табуға, оқу контентінің керекті элементтерін табу мен сақтауға, оқытудың әр түрлі сатыларында әр түрлі білімдік мақсаттарда сол бір цифрлық білімдік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін түйінді сөздер бойынша іздестіру тетіктерімен жабдықталған.
LMS интерфейсі үш тілде қолдау
табады және ішкі түйсік
LMS білім беру ұйымына қызмет
ететін серверде
LMS келесі модульдерді енгізеді:
Оқытуды басқару жүйесін негізгі пайдаланушылар болып білімдік процес пен басқаруда белгілі бір рөл телінген тікелей қатысушылар: мұғалім, оқушы, қонақ, LMS басшысы саналады. Барлық ұсынылған рөлдердің ресурсқа қатынас құру құқығын қамтамасыз ететін айқын міндеттері бар. Жүйеге кіру басшы тағайындаған логин мен құпия сөздің көмегімен іске асырылады. Пайдаланушы басшыдан есеп жазбасын алып, жергілікті желідегі немесе Ғаламтор желісі арқылы алыстағы белгілі бір мекен-жай бойынша жүйеде авторлана алады.
LMS басшысы өзіне
Мұғалім LMS-тің ақпараттық-білімдік ортасының ресурстарын әзірлеу мен басқару құқығына ие болады, сынып пен жеке оқушылар үшін ресурстарға қатынас құруды анықтайды, оқушылардың жетістіктерін және олардың атқарушылығын тексереді; оқушыларға топтық және жеке тапсырмалар тағайындайды; хабарландыруларды орналастырады.
Оқушы оқып білу үшін мұғалім тағайындаған ЦБР-мен жұмыс істейді; on- немесе off-line тапсырмаларын орындайды.
Қонақ – бұл оқып білуге тағайындалған сабақтарды қарап шыға алатын авторланудан өтпеген кез келген пайдаланушы.
Оқытуды басқару жүйесі (LMS) педагогикалық қағидалар ескеріліп құрылуы тиіс, оның ішінде:
Ғылымилық қағидасы – оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы; пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі.
Түсініктілік қағидасы – оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну; оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.
Көрнекілік қағидасы – оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру; оқу материалын барынша көрінерлік ету.
Жүйелілік қағидасы – ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық-іс әрекеттік немесе бағалаушылық-нәтижелік.
Саналылық пен интерактивтік қағидасы – пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы; оқушылар мүддесіне тірек және оқу түрткілерін қалыптастыру; оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру; шынайы уақыт режімінде өзараәрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.
Теорияның практикамен байланыс қағидасы – оқу контентінің практикалық бағдарланғыштығы; контенттің қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.
Оқу бағдарламаларының модулі білімдік процесс қатысушыларының білімдік процесті реттейтін нормативтік құжаттарға: Білім берудің мемлекеттік жалпы білімдік стандартына, оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламаларына, авторлық оқу бағдарламаларына қатынас құруын қамтамасыз етеді.
Хабарландырулар модулі мұғалімге белгілі бір сынып немесе пайдаланушы үшін тағайындалған хабарландыруларды беруге мүмкіндік береді. Хабарландырулар оқып білу үшін белгілі бір ЦБР-ды, белгілі бір тақырыптармен жұмыс істеу датасын тағайындайтын, белгілі бір мерзім ішінде тапсырманы аяқтаудың қажеттілігі туралы еске салатын және т.б. хабарлар болып табылады.
Оқу контентін дайындау модулі мұғалімге оқыту мазмұнын дайындау, басқару және жүргізу, өзінің дидактикалық материалдарын, авторлық бағдарламалық өнімдерін, викториналарын, бақылау жұмыстарын және т.б. дайындау немесе жариялау үшін құрал-жабдықтар болып табылады.
Мұғалім дайындайтын оқу контенті статикалық (HTML беттері, мәтіндер) және анимация элементтері мен дыбыстық сүйемелдеулері бар интерактивтік бола алады. Оқу контентінің құрамдас редакторы тағайындалуы әр түрлі білімдік материалдарды біртұтас ұсынуды кіріктіруге мүмкіндік береді; мәтіндерді форматтауға, нөмірленген немесе маркіленген тізімді дайындауға, суреттерді немесе гиперсілтемелерді кірістіруге, кестелерді және көптеген басқаларды орналастыруға мүмкіндік береді.
Мұғалім әр түрлі форматтағы файлдарды (графикалық, дыбыстық, бейне, мәтіндік) жүйеге жүктей алады. Мұғалім дайындайтын немесе жүктейтін оқу контенді жүйенің бөлігіне айналады және сабақтар өткізу немесе оқушылардың өзіндік жұмысы үшін әлденеше рет пайдаланылатын бола алады. Ол үшін дайындалынатын немесе жүктелінетін файылға оқушыға түсінікті және оның мазмұны айқын бейнеленетін болуы тиіс атау телінеді.
Мұғалім оқушылармен жұмыс істеу және осы жұмысты бақылау үшін оның өзі дайындаған контентті тағайындау мүмкіндігінің бар болуы тиіс.
Оқу контентін тек мұғалім ғана дайындай алады, ал оқушылар мұғалім дайындаған ресурстармен тек қана жұмыс істей алады, тапсырмаларды орындай алады және мұғалімге жауаптарды жөнелте алады.
Оқушы орындалған тапсырманың нәтижесін бірнеше жеке файлдар түрінде, файл түрінде, мәтін түрінде серверге жөнелте алады. Модуль мұғалімге жауаптардың файлдарын қарап шығуға және әрбір оқушыға орындалған тапсырмаға түсініктеме беруге мүмкіндік береді.
Контентті басқару модулі пән бойынша оқу курсының құрылымдалуына сәйкес ЦБР-тармен жұмыс істеу және іздестіру құралы болып табылады. Модульдің цифрлық білімдік ресурстар каталогы бар және ол оқу процесінің құлшыныстық-мақсаттық, мазмұндық, операциялық-іс-әрекеттік және бағалаушылық-нәтижелік құрамдас бөліктері бойынша оқу контентінің элементарлық құраушыларын мақсатты ұсынатын тетік болып саналады.
ЦБР оқу пәндерінің тақырыптық элементтері бойынша дайындалынады. Әрбір ЦБР дербес және өзі белгілі бір міндетті шешуге бағытталған, дайындалуы аяқталған интерактивтік мультимедиа өнімі болып табылады. ЦБР-на қойылатын талаптар ілгеріде егжей-тегжейлі айтылатын болады.
Мұғалімнің тиісті веб-беттерге сілтеме жасап, пән бойынша Ғаламтор ресурстардың тақырыптық каталогын қалыптастыру мүмкіндігі бар. Жүйе интерфейсі арқылы осы құралдың көмегімен курс ауқымында Модульдің сыртқы веб-беттерді көрсету мүмкіндігі бар.
Тестілеу жүйесі (Test Management System, бұдан әрі қарай – TMS) білімдерді тексерудің тиімді құралы ретінде электрондық оқыту жүйесінің (e-Learning-тің) жүйетүзуші құрамдас бөліктерінің бірі болып саналады. Бұл үлгерімге ағымдағы бақылау жүргізуге, білім беру ұйымдары оқушыларының білімдерін, аралық мемлекеттік бақылау (АМБ) мен ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ-ге) оқушылардың дайындығын аралық және қорытынды тексеруге арналған бағдарламалық өнім, бұл материалды игеру деңгейіне бақылау мен өзіндік бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Білімдер деңгейін бақылау оқыту процесінің маңызды құрамды бөлігі болып саналады. Ол «білім алушы – педагог» жүйесіндегі кері байланысты қамтамасыз етеді. Білімдерді бақылау оқу процесінде бақылаушылық, үйретушілік, диагностикалық, тәрбиелік, құлшыныстық және басқа міндеттерді орындайды. Білімдік процестің әр түрлі кезеңдерінде оқыту процесін басқару үшін оқушылар оқу материалын қалай қабылдайтыны және меңгеретіні туралы педагогтың әрқашан мәліметтері бар болуы тиіс.
Тестілеу білімдерді тексеру әдісі ретінде педагогикада әлдеқашан баяғыда пайда болған. Компьютерлік тестілеу білімдік процеске белснді түрде ықпал етуге мүмкіндік береді, оқу материалын тиімді игеруге мүмкіндік туғызады және, бір тараптан, оқытушы ағымдағы, аралық және қорытынды білімдерді бақылауға, екінші тараптан, білім алушы өзінің дайындылық деңгейін өзі бағалауға пайдаланады.
Тестілеу жүйесі өзінің әмбебаптығы есебінен бақылауды автоматтандырылған қолдау және материалдың игерілу деңгейін өзін-өзі бақылау болып табылады, емтиханға дайындалу кезінде тренажер рөлін атқарады.
ТMS білім беру ұйымдарына тестілеу процесін жүйеге келтіруге, тестілеу нәтижесін лезде өңдеуге және сақтауға, олардың негізінде оқушылардың оқығандық деңгейін сапалы және мазмұнды талдауға мүмкіндік береді.
Одан басқа, оқушылардың ТMS-пен жұмыс істеуі оқу іс-әрекетінде компьютерді құрал ретінде пайдалану машығын қалыптастыруға көмектеседі, олады өзін-өзі бақылауға үйретеді.
Тестілеу жүйесі келесі модульдерді енгізеді:
ТMS өзінің барлық элементтеріне қатынас құру құқықтарын шектеуді, тестілерге рұқсат етілмеген қатынас құрудан қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Тестілеу жүйесін негізгі пайдаланушы болып белгілі бір рөлдерді иемденетін: мұғалім, оқушы, ТMS басшысы саналады. білімдік процестің тікелей қатысушылары саналады.
Жүйеге кіру басшы тағайындаған логин мен құпия сөздің көмегімен жүзеге асырылдады. Пайдаланушы басшыдан есепке алу жазбасын алып, жергілікті желідегі немесе Ғаламтор желісі арқылы алыстағы желіге белгілі бір мекен-жай бойынша авторлана алады.
ТMS басшысы, өзіне пайдаланушыларды жүйеге тіркеу мен қатынас құруын бақылауды басқару міндеттерін енгізетін, пайдаланушыларды басқару қызметін орындайды, АМБ жүргізудің тағайындалған тәртібін сақтауды, жүйенің жұмыс істеу әдептілігін және ақпараттық қауіпсіздік режімін қамтамасыз етуді бақылайды.
Мұғалім тестілеу үшін топты қалыптастырады, сыныптар мен жеке оқушылар үшін тестілеуге қатынас құруды анықтайды; оқитындарға топтық және дербес тестілерді тағайындайды; тестілерді дайындау және олардың нәтижеленін қарап шығу құқықтарына ие болады.
Оқушы тестілеу үшін мұғалім тағайындаған немесе ашық каталогта тұрған тестілерге қатынас құруы бар болады; on- немесе off-line тестілерін орындайды; өз тестілеуінің нәтижелерін қарап шығу мүмкіндігі бар болады.
«Тестілеу» модулі ашық қатынас құру тестілерінің көмегімен тренингтік және ағымдағы тестілеуді және шектелген қатынас құру тестілерінің көмегімен бақылау тестілеуін жүргізуге мүмкіндік береді.
Ағымдағы бақылау мақсатымен ағымдағы және жедел (диагностикалық) тестілеу ары қарай оқыту үшін оқушы дайындығының алғашқы деңгейін айқындау, оқу бағдарламасының белгілі бір тақырыптары, бөлімдері бойынша білімдерді меңгеру сапасын тексеру үшін жүргізіледі.
Тренингтік тестілеу оқушылардың өзіндік жұмысының түр өзгешелігі болып саналады. АМБ-ға мен ҰБТ-ге дайындалу кезінде тренажердің рөлін атқарады, блангтік құжаттаманы толтыру жаттығуын және АМБ мен ҰБТ тестілік тапсырмалар симуляторын қамтамасыз етеді. Тестілік тапсырмалардың барлық мысалдары Қазақстан Республикасы Ұлттық тестілеу орталығының ерекшелігімен сәйкес дайындалған болуы тиіс.
Ашық қатынас құру тестілері тестіден ақпаратты (өз жауаптарын, бағаларын, түсініктемелерді, дұрыс жауаптарды, жауаптан кейінгі түсініктемені) қарап шығу рұқсатын ұсынады.
Бақылау тестілеуі аралық немесе қорытынды тексеру, оқушылар білімін объективті бағалау мен олардың оқу жетістіктерінің деңгейін анықтау мақсатымен жұргізіледі. Бақылау тестілеуін бір рет жүргізу үшін белгілі бір дата тағайындалатын болады. Қажеттілік жағдайда оны қайталап тағайындауға болады.
Модульде пәндер бойынша, тақырып пен бөлім бойынша, арнаулы тағайындау бойынша каталогтар бар.
Тестілік сұрақтардың мазмұны жалпыбілімдік оқу бағдарламаларының негізінде қалыптастырылған болуы тиіс және олардың ауқымынан шыға алмайды. Тестілік тапсырма, жауабында екі мағыналықты жіберместен, айқын, анық, нақты қалыптастырылған болуы тиіс. Тапсырманың синтаксистік құрылымы шекті түрде қарапайым болуы тиіс. Тестінің басында, оқушылардың не керектігін анық түсінуін қамтамасыз ететін, оның орындалуы бойынша нұсқау орналасқан болуы тиіс.
ТMS тестілік тапсырмалардың шапшаң жүктелуін қамтамасыз етеді: оқушы ұзақ уақыт ағымында сұрақтың жүктелуін күтпеуі тиіс; тестідегі әрбір сурет, график оңтайландырылған немесе сығылған болуы тиіс; тестілік сұрақтарда артық ақпарат бар болмауы, тек қажетті бөлік енгізілуі тиіс.
ТMS оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес тестілеу уақытына шектеу беру мүмкіндігі бар бола алады. Осы жағдайда тестілеу кезінде оқушының тестіні орындауға қанша уақыт қалғанын көру мүмкіндігі бар болады.
Информация о работе Электрондық оқытудың тұжырымдамасы: қазақстандық көзқарас