Шпаргалка по "Экология"

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 20 Сентября 2013 в 18:20, шпаргалка

Краткое описание

1. Жер шарындағы проблемалар түрлері
2. Планетадағы демографиялық проблемалардың салдары
3. «Демографиялық жарылыс» және оның басталуы
4. Азық-түлік проблемаларының экологиялық мәселелермен байланысы
5. «Жасыл революция» және оның қоршаған ортаға әсері
6. Тұщы су тапшылығының фактілері
7. Шөлдену, оның түрлері және пайда болу себептері
8. Топырақтың деградацияға ұшырау себептері
9. Экологиялық проблемалардың аспектілері
10. Ғаламдық климаттың жылыну себептері
11. Озон қабатының бұзылу себептері және оның тіршілік үшін маңызы
12. Парникті эффектнің пайда болу себептері және оны анықтау
13. Қышқыл жаңбырлар, қоршаған ортаға әсері
14. Улы және фотохимиялық тұманның пайда болуы, түрлері

Прикрепленные файлы: 1 файл

глобальная экология.docx

— 288.41 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

 

 

 

 

49. Антропогендік  факторлардың әсерінен гидробионттар  түрлерінің өзгерулері, мысалдар  келтір.

Антропогендік фактор (грек. anthropos – адам, genos – тегі, пайда болуы, лат. factor – іс-әрекет) – адамның барлық тірі организмдердің мекен ортасы ретіндегі табиғатты өзгертуіне әкеп соғатын немесе олардың тіршілігіне тікелей әсер ететін сан алуан әрекеттері. Антропогендік факторға қоршаған ортаға адамның тигізген іс-әрекетінің нәтижесінде атмосфера, өзен-көл және мұхит құрамының өзгеруі, сондай-ақ технология қалдықтар мен радиоактивтік заттардың әсерінен топырақтың ластануы, сөйтіп, жалпы экожүйенің құрамы мен құрылысының бұзылуы жатады. Су – тіршілік ортасы ретінде өзіндік ерекшеліктермен ерекшеленеді,яғни, қысымы жоғары,қысымы бірден төмендейді, оттегінің аздығы,күн сәулесін күшті сіңіреді. Сулы ортада өмір сүретін ағзалар – гидробионттар деп аталады.Гиробионтар – суда  өмір сүретін экологиялық топтарға жататын –планктондар (өсімдіктекті ағзалар –фитопланктондар, жануартекті ағзалар – зоопланктондар) жатады.Судың жоғарға  қабатында өмір сүретін, ауалы қабатпен жанаса өмір сүретін ағзалар – нейстондардеп аталады.Суда жақсы жүзетін, су ағысына төтеп бере алатын жануарлар нектондар деп аталады. Су түбінде мекен етуші ағзаларбентостар деген атқа ие болды (Өсімдіктекті ағзалар – фитобентос, жануартекті ағзалар – зообентостар).

Гидробионттардың  бейімделу ерекшеліктері.Су жануарларының  сулы ортада бағытын табуы,көру бағытының  шектеулілігі, дыбысқа  жоғары бағыттылық (эхолокация –дыбыс толқындарының  таралуын қабылдау (киттәрізділер)) Фильтрация (сүзу)   -  қоректену көзі.Кейбір  гидробионттар қоректенуі жағынан өзгелерден ерекшеленеді , олар  көп мөлшердегі суды  сүзіп, ондағы  кездесетін  органикалық заттар текті ағзалармен көптеген ұсақ ағзаларды ұстап қорек етеді.Су тоғандарының кеуіп қалу жағдайларына бейімделушілік ерекшелктері.Бұндай су тоғандары негізінен  өзен тасқындарынан, қатты жаңбырдан, қардың көп мөлшерде еруінен кейін уақытша пайда болады да, жануарлар тоғанға  ерекше жағдайдағы өмірге – гипобиозға бейімделіп алады, ол кезде олар аз қозғалады,тіпті цисталық  кезеңдегі өмір кешеді десе де болады.

 

 

     

 

 

 

50. Табиғи және  жасанды экожүйелер, олардың айырмашылығын  атап көрсет.

Экожүйе және экожүйелер типтері

Экологияда «биогеоценоз» ұғымымен бірге «экожүйе» ұғымы қолданылады. «Экожүйе» ұғымын ағылшын ботанигі А.Д.Тенсли ұсынды. А.Д.Тенсли экожүйе  құрамына организмдер де, абиотикалық  орта да кіретін жер бетіндегі  тірі табиғаттың негізгі функциялық бірлігі деп есептеп, оның әр бөлігінің  екіншісіне әсер ететініне назар  аударды. Әдетте «экожүйе» және «биогеоценоз»  ұғымдарын синоним ретінде қарастырады. Алайда бұл бір-біріне дәл сәйкес келмейді. Экожүйеде әртүрлі дәрежедегі зат алмасу процесі жүретін жүйе болса, биогеоценоз - белгілі бір  өсімдіктер жамылғысы (фитоценоз) алып жатқан территориялық ұғым. Экожүйе - мөлшері әртүрлі табиғи (мұхит, тундра, орман, құмырсқа илеуі және т.б.) және жасанды (аквариум, ферма территориясы, қала) кешендерге қатысты қолданылатын кең ұғым. Экожүйе, экологияның ең негізгі обьектісі - тірі организмдер  жиынтығының қоректену, өсу және ұрпақ беру мақсатында белгілі бір  тіршілік ету кеңістігін бірлесе  пайдалануының тарихи қалыптасқан  жүйесі.

Биогеоценоз шекарасы көбіне түрлік құрылысы мен құрамы біртекті өсімдіктер жамылғысы қауымдастықтарымен анықталады. Биогеоценоз экожүйенің бір варианты болып табылады. Алайда экожүйе мен биогеоценоз арасында айтарлықтай айырмашылық болмағанмен, соңғы кезде «экожүйе» ұғымы кең қолданылады. Экожүйе - зат айналымы жүре алатын организмдер мен бейорганикалық компоненттер жиынтығы. Экожүйелер арасында биогеоценоздар арасындағы сияқты анық шекара жоқ, бір экожүйе біртіндеп екінші экожүйеге ауысады. Үлкен экожүйелер кіші экожүйелерден құралады. Мысалы, құмырсқа илеуі, томар, жануарлардың салған іні ішіндегі тіршілік ететін организмдерімен (микрожүйе) бірге орман экожүйелерінің (мезоэкожүйе) құрамына кіреді. Орман экожүйелері басқа экожүйелермен (шалғындық, су айдыны, егістік) бірге табиғи аймақ, физико-географиялық аудан сияқты (макроэкожүйе) одан да үлкен экожүйелер құрамына енеді. Жер бетіндегі барлық экожүйелер атмосфера және Әлемдік мұхит арқылы байланысып - биосфераны түзеді. Экожүйелердің құрамы көптеген факторларға, бірінші кезекте климатқа, геологиялық жағдайларға және адам әсеріне байланысты. Егер негізгі ролді автотрофты организмдер - продуценттер атқарса жүйені автотрофты деп атайды. Егер экожүйеде продуценттер болмаса немесе олардың ролі мардымсыз болса (мысалы, мұхит тереңдіктері, биік тау мұздықтары) мұндай жүйелерді гетеретрофты деп атайды. Экожүйелер табиғи немесе антропогенді болуы мүмкін, мысалы, ауыл шаруашылық, қала, өнеркәсіптік экожүйелер. Жер бетіндегі маңызды экожүйелер болып: тайга, тундра және полярлық белдеулер, мүхиттар, жағалаулар, батпақтар, мангралық тоғайлар, қоңыржай аймақтағы далалар мен ормандар, саванналар, таулар, аралдар және т.б. болып табылады. Экожүйенің бірнеше түрлерін ажыратады: - микроэкожүйе (мысалы, шіріп жатқан ағаш діңі); - мезоэкожүйе (орман, көл, батпақ); - макроэкожуйе (континент, мұхит); - ғаламдық экожүйе (Жер биосферасы).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

51. Қоршаған ортаның  ластануына байланысты туындаған  ғаламдық экологиялық проблемеларды  атап көрсет

Ғаламдық экологиялық  проблемалар 
Әлемді тұтас қамтитын табиғи-антропогенді, немесе антропогендік әсерден ірі көлемде табиғи процестерді өзгертетін проблемалар әлемдік экологиялық проблемалар деп аталады. Оған төменгілер жатады: климаттық өзгерістер, озон қабатының жұқаруы, қышқыл жаңбырлар, шөлдену, биологиялық әртүрліліктің азаюы, радиактивтік ластану, әлеуметтік-экологиялық проблемалар. 
Климаттық өзгерістер (парникті эффект) атмосферада әр түрлі газтәрізді заттардың мөлшерінің ұлғаюы, әсіресе газтәрізді қоспалардың, инфрасәулелердің шағылуы және Жер бетінен кетірілуі жағдайларын (жылылық таралу) нашарлатты. Жылулық сәулелердің ғарыш кеңістігіне кері кетуіне әсер етеді. Олар өте алмай жиналады да ауаның температурасын артуына (парниктік эффект) әкеледі. 
Мәліметтер бойынша соңғы жүз жылдықта Жер бетінде температура 0,3-0,6 градусқа жылынды. Ауа райының әрі қарай жылуы терістіктегі мұздықтарды ерітіп Әлем Мұхитының деңгейін көтереді. Оның әсерінен Мұхит жағалауындағы ойпаң жерлерді су басып, көптеген елді мекендерге зиян келтіреді. Сонымен қатар жазғы жауын-шашын 15-20 пайыз кеміп, шөлдену процесі ұлғаяды. 
Мұндай қауіптер 1990 жылы климаттық өзгерістер бойынша баяндамада Халықаралық Пленумда айтылған. Оны 125 мемлекеттің 170 беделді мамандары дайындаған. Мамандардың болжамы бойынша 2035 жылға дейін климаттың әлемдік жылуы орта есеппен 2,5 градусқа көтеріледі, ал мұхиттың деңгейінің көтерілуі 29 см, 2100 жылы - 65 см болады. Климаттық өзгерістердің қатерлі салдарын азайту үшін шығарылатын көмірқышқыл газының, азот оксидтер, хлорфтор көміртектердің көлемін 60 пайызға төмендету, метанды - 20 пайызға төмендету ұсынылады. 
Егерде адамзат бұрын суықпен күрессе, енді жылумен күресуді бастады. 1990 жылы парникті газдардың шығарылған қосындысы әр мемлекет бойынша төмендегі көрсеткіштерге жеткен: АҚШ - 35, Ресей - 17, Жапон - 8, Алмания - 7, Великобритания 4 пайыз. Евроодақ жалпы - 24 пайыз. 1992 жылы климаттың өзгеруі туралы Конвенция қабылданған. 1997жылы осы Конвенция шешуін жақтаушылар Конференциясында дамыған елдер үшін 2008-2012 жж, парникті газдардың шығару көлемі анықталған.

 

 

 

52. Қазақстандағы  су ресурстарының проблемасы, мысалдар  келтір.

Табиғат байлықтарының ішінде судың  орны ерекше. Сусыз жер бетінде  тіршіліктің болуы мүмкін емес.

Қазақстанның экологиясындағы  су проблемасының орны ерекше.Себебі атақты ғалымдардың айтуынша алыс емес болашақта адамзат су көзінде  тапшылықты сезінетін болғандықтан су басты ресурстардың біріне айналады, тіпті су үшін соғыстар кәдімгі үйреншікті көрніске айналуы мүмкін.Ал Қазақстанның өзінің су ресурстарының проблемаларын қарастырып,оны шешуі болшақ ұрпақтардың жарқын болашағы үшін өте маңызды.Бұндай міндетті түрде қарастырылып, шешілуі керек проблемаларға Арал теңізінің,Балхаш көлінің, Каспий теңізінің өзгеде өзендер мен көлдердің алдында тұрған қайғылы тағдырларын жатқызса болады

Орта Азия мен Қазақстан жерлері  суға кедей деп есептеледі. Ал көне замандарда бұл жерлердің көп  бөлігін су басып жатқандығы белгілі. Оңтүстік теңіз ғайып болғаннан  кейін оның орнында қазақ жерінде  үш су айдыны қалды. Олар: Каспий, Арал, Балқаш.

Каспий мұхиттармен жалғасып жатпағанмен  оның Волга, Терек, Жайық, Сулақ, Самура сияқты жан-жақтан толықтырып тұратын  өзендері көп.

Каспийге құятын өзендер электр қуатын алуға бөгеліп, төңірегіндегі  алқаптарды қолдан суғарып игеруге  кіріскеннен кейін сырттай келетін  су көлемі кеміп кетті. 1961 жылдың өзінде Каспий деңгейі230 смтөмен түскен.

Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы  құрғақ шөл даланың ортасында  ірі көлдердің бірі — Балқаш көлі орналасқан. Су бетінің көлемі 19 мың  шаршы километр. Бұл көлдің халық  шаруашылық мәні ете күшті. Осы көл  аркылы республикамызда таукен металлургия  өндірістері дамыды. Көл жағалауларында балық және кәсіптік аң аулау шаруашылықтары жетілді. 1950 жылдан бастап үздіксіз жүргізілген  бақылау көл суының минералдануының  аса өзгермегенін көрсетті.

Арал теңізі — ірі ішкі су алқаптарының бірі. Бұрынғы заманнан бері Арал теңізі балық байлығымен атағы шыққан. Амудария мен Сырдария өзен алқаптарында аңшылар  бір миллионға дейін ондатр терісін  алып тұрған.

Кейінгі жылдары Арал теңізіне көптеген ғылыми мекемелер назар  аударып отыр. Соңғы 10—15 жылдың ішінде судың гидрологиялық ырғағына айтарлықтай  өзгеріс енді, су деңгейі төмендеп оңтүстік және шығыс жағалауындағы  теңіздің таяз бөліктері кеуіп қалды. Теңіздің негізгі көзі Сырдария мен  Амудариядан су көп мөлшерде кеміді.

 

 

 

53. Қазақстандағы  экологиялық қауіпті аймақтарды  атап көрсет.

Каспий - жер шарындағы басқа мұхиттармен, теңіздермен тікелей де, не бұғаз каналдармен тікелей байланысы жоқ, тұйық су көзі. Каспий теңізі бұдан 1,5 миллион жыл бұрын дүниежүзілік мұхиттардан бөлініп қалған, содан бері оның көлемі бірнеше өзгерген. Арал теңізі – жас Тұран тақтасының үстінде орналасқан көл. Геологиялық тарихына қарағанда,  Каспий теңізінен едәуір жас. Қазіргі Арал теңізінің жасы 8-10 мың жыл шамасында.Арал теңізі – Қазақстанның інжу-маржаны, шөл белдеміндегі бірден-бір көгілдір су айдыны еді.Балқаш – Қазақстанның оңтүстік-шығысында орналасқан тұйық көл. Аумағы бойынша еліміздегі Каспий және Арал теңіздерінен кейінгі үшінші орында. Балқаштың әлеуметтік - экологиялық жағдайы жылдан жылға нашарлап барады. Оның негізгісі көлдегі судың көлемінің кеміп бара жатқанында. Балқашқа құйылатын өзендер, жолшыбай ауыл шаруашылық қажеттеріне қолданылып отыр. Әскери полигондар. Республикамыздың аумағында ядролық қарудың сыналғаны әлемге әйгілі.Шын мәнінде, қазақ даласының 19 млн.га жері 40 жыл бойы ядролық сынақтың полигоны болды. Ол жерлер Семей, Азғыр, Нарын, Тайсойған т.б полигондары алып жатқан табиғаты әсем, шұрайлы жайылымдар еді. Апатты аймақтардың қоршаған ортаға, шаруашылыққа тигізетін  зардаптары әсері.Батыс Қазақстан және Атырау облыстарының бірсыпыра жерлері 50 жылға жуық «Капустин Яр» атты әскери полигоны болғаны кейінгі кезде ғана халыққа белгілі болды.«Капустин Яр» және «Азғыр» әскери полигондарында жаппай қырып – жоятын жаңа қару – жарақты сынау жас келіншектердің бала туу қабілетінен айырып жібергені байқалады. Осыған орай адамдардың өсу процесі тежеліп  қалған. Осы аймақтағы келесі полигон – «Тайсойған» полигоны – Қызылқоға ауданында 7500 кмжерді алып жатыр. 1952 жылдан пайдаланып келе жатқан бұл аймақтағы полигон үш бөліктен тұрады. Полигондарға жақынырақ жерде тұратын адамдар арасында әртүрлі ауруға шалдығушылық байқалып жүр. Мысалы, мұнда әйелдер арасында анемия ауруы көп тарап келгендігін аңғарамыз. Аналардың күні жетпей босануы, сәбилердің дүниеге кеміс болып келуі баршылық. Ауданда жүрек-қан тамырлары ауруына шалдыққан адамдар саны азаймай отыр. Аурулардың ішінде бала көтеру мен босанудың қиындауы, үлкендер мен балалар арасындағы өкпе ауруы, рак біраздан бері бірінші болып келеді. 

 

 

54.Биоалуантүрліліктің  төмендеуі, себептер мен салдарын  атап көрсет.

Биоалуантүрліліктің экожүйедегі  байланыстарының толық болуының шарты және негізгі факторы бола отырып, оның ең маңызды қасиеті  – тұрақтылықты қамтамасыз етеді. Элементарлық (іс жүзінде бөлінбейтін) экожүйелердің  көптүрлілігі ең алдымен олардың  түрлік құрамымен анықталады. Ал ең ірі экожүйелер үшін алуан түрліліктің  артуына оларға кіретін кіші деңгейдегі экожүйелердің маңызы артады. Биосфераның  геологиялық тарихының барысында  онда тіршілік ететін ағзаларының түрлерінің саны тұрақты болмаған. Әрбір түр  белгілі бір уақыт қана өмір сүреді. Шамамен 10-30 млн жыл түрлерінің ішінде өмірі өте қысқа (бірнеше мың) және ұзақ өмір сүретін түрлер –  тірі қазбалар да бар. Мысалы, мүктер өзгермеген қалпында шамамен 500 млн жыл , жалаңаш  тұқымды ағаш – гингко дәуірінен  бері 150 млн жыл тіршілік етіп келеді. Жануарларының ішінен тірі туатын балық  латимерияны атауға болады. Ол 60 млн  жыл бұрын жойылып кеткен деп  есептелінді. Бірақ 1938 жылы Комор аралдарының  маңынан табылған.  
Экология ғылымы ең маңызды биоалуантүрлілік туралы ғылымды зерттейді. Табиғаттағы барлық биологиялық процестер биосфера мен экожүйелерден тыс жүрмейді. Осыдан биоалуантүрліліктің үш үлкен бұтағы тарайды. Әрбір бұтағы деңгейлерге бөлінеді. Биоалуантүрліліктің әр деңгейі бөлімдерге бөлінеді. Бұл бөлімдерде биоалуантүрлілік әртүрлі тірі ағзалардың арасындағы ерекше туындысы ескеріледі. Олардың арқасында көрсеткіші құрылады, қоршаған ортаға төзімділікті қамтамасыз етеді. Биоалуантүрліліктің жоғары деңгейде көптеген әртүрлі экожүйелер және ландшафтар орналасады. Табиғатта біртекті мекен орталары болмайды. 
Біз биоалуантүрлілік жайында сөз еткенде, ең біріншіден көптеген жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін жатқызамыз. Кез келген түр дараларды құрады. Генетикалық жағынан бір біріне өте жақын келеді. Олар еркін шағылысады және өсімтал ұрпақ береді. Сол уақытта кейбір даралар түрлері басқа даралар түрлерімен еркін шағылыса алмайды. Ғалымдар әрдайым жаңа жануарлар, өсімдіктер, саңырауқұлақтар және микроағзалар түрлерін сипаттап, жаңа түрлерін атауда. Біздің планетамыздағы түрлердің нақты санын ешкім келтіріп бере алмайды. Алайда жануарлардың түрлері өсімдіктер мен саңырауқұлақтардың, бактериялардың санынан әлдеқайда басым түседі. 
Егер ертеректе бір түр орташа алғанда 2000 жылда жойылып отырса, соңғы 300 жылда әр 10 жыл сайын жойылып отыр. 1600 жылдан бастап омыртқалы жануалардың 173 түрі (109 құстар және 65 сүтқоректілер) және өсімдіктердің 20 түрі жойылып кетті.  
П. Ревелль мен Ч. Ревельдің болжамы бойынша алдағы 20 жылда миллионға жуық түрлер жойылып кетуі мүмкін. Олардың көпшілігі тропиктік ормандарды мекендеушілер.  
Түрлердің санының күрт төмендеуі мен түрлердің жойылу себептері алуан түрлі. Көбінесе олар мекен ету ортасының өзгеруі немесе бұзылуымен байланысты. Омыртқалы жануарларға қатысты алсақ бұл факторға түрлердің жойылуының 60 пайызы жағдайлары сәйкес келеді. Екінші орында шектен тыс пайдалану , содан кейінгі орында азық қорының кемуі, зиянкестерді жою және кездейсоқ жемтік тұр.  
Экологиялық мәселелерді және биологиялық алуантүрлілікті сақтаудың бір жолы – Қызыл кітап. Табиғи ресурстары мен табиғатты қорғаудың халықаралық одағы (МСОП) бүкіл планетаның Қызыл кітабын құрастырған. 

 

 

 

 

 

55. Шөлдену проблемасы: себептері, салдары және оларды  болдырмау жолдары

Шөлдену – шөлге шектес жатқан жерлердің құнарсыздануы барысында шөлді аумақтардың ұлғаюы. Шөлденуге табиғи (климаттың циклдік өзгеруі нәтижесінде ағын сулардың өзгеруі салдарынан кезеңдік қуаңшылықтардың қайталанып отыруы) және антропогендік себептер (ауыл шаруашылық мен өнеркәсіптің дамуы, тағы басқа) басты әсер етеді. Шөлдену процесі кезінде өсімдік жамылғылары аумағының азаюы (әсіресе ағаштар мен бұталардың), топырақ эрозиясы (онымен қоса жел мен су эрозиясы), топырақтың тұздануы, көп жылдық өсімдіктердің жойылуы нәтижесінде құмдардың құнарлы жерлерді басуы байқалады. Ал адамзаттың шаруашылық іс-әрекеті нәтижесінде бұл процестер жеделдей түседі де Шөлдену аумағы тез өседі. Адамзат өз тарихында кезінде өнім беріп келген шамамен 1 млрд га-дай жерді шөлге айналдырған. Қазіргі кезде Жер бетінің 3,6 млрд. га жерін (Еуропа аумағынан 3 есе, немесе Жер бетінің бөлігін, яғни 25%-ға жуығын қамтыған) шөл және Шөлденуге бейім жерлер алып жатыр. Шөлдену процесі Антрактидадан басқа барлық құрлықтарда кездеседі және ол 110 мемлекет аумағын қамтиды. Шөлдену процесі 20 ғасырдың 70-жылдарынан бастап адамзатқа үлкен қиыншылықтар туғызуда. Мысалы, 1968 – 73 ж. аралығында Сахараның оңтүстік белдемінде (Сахелияда) қуаңшылықтың салдарынан 250 мың адам көз жұмып, малдың 40%-ы қырылған. Ал 80-жылдардың ортасында осы белдемдегі қуаңшылық салдарынан 3 млн-ға жуық адам қырылған. Мұның бәрі табиғатқа антропогендік келеңсіз әсерлер нәтижесінде болып жатқан құбылыс. Климаттың жаїандық жылуына байланысты Шөлдену үрдісі Еуропаның оңтүстік белдемдерін және Оңтүстік-Батыс Азия, Оңтүстік Азия, Орталық Азия елдерінің орталық және солтүстік белдемдерін қамти бастады.

шөлге айналу - шөл аумағының төңірегіндегі жерлер есебінен кеңеюі. Табиғи және антропогендік факторлар әсерінен болады. Табиғи факторларға құрғақшылыққа апарып соғатын климат пен су ағынының циклдік өзгеруі, ал антропогендік факторларға шөлмен көршілес аймақтағы ағашөсімдіктерінің азаюы (құрылысқа, отынға және т.б. пайдалану) мен шөптесін өсімдіктердің жойылуы (шамадан тыс мал жаю) жатады.

 

 

 

 

56. Арал экожүйесінің  әлеуметтік-экологиялық дағдарыс  салдары, мысалдар келтір.

Арал теңізі деңгейінің төмендеуі(1960-2010 жж.). Бұл проблеманың тууына себепші  болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді. Ғалымдардың айтуынша Аралдан ұшқан тұзды дауылдың бір ұшы Гренландия мұздықтары мен Норвегияның орманды алқабына да жеткенін дәлелдеген еді. Еліміздің көлемді атқарып жатқан іс-шараларының алды, аймақтың және жергілікті жердің экологиялық жағдайын көтеру. Арал өңіріндегі антропогендік факторлар ондағы тұрғындардың салт-дәстүріне, экономикалық-әлеуметтік жағдайына тікелей әсер етуде. Жұмыссыз қалған балықшылар әлеуметтік жағынан қорғаусыз қалып, басқа аймақтарға еріксіз қоныс аударуда. Қазіргі Арал өңірінде адамдардың денсаулығы күрт төмендеп кетті. Бұл өңірде соңғы мәліметтер бойынша туберкулез, бүйректе тас байлану, сарысу, өкпе-тыныс жолдарының қабынуы, жұқпалы аурулар республиканың басқа өңірімен салыстырғанда жоғары көрсеткішті беріп отыр. Арал теңізінің болашағы дүние жүзі халықтарын толғандыруда. Оның біржола жойыльш кетуі Орта Азия мен Қазақстанды ғана емес көптеген ШЫҒЫС елдеріннің тыныс-тіршілігіне өзгерістер әкелмек. Ал әлемдік климаттың өзгеруі, шөлге айналу, атмосферадағы ауытқу-шылықтар, антропогендік экожүйелердің тұрақсыздығын тудырады. Арал мәселесі соңғы 10 шақты жылда географ және эколог ғалымдар арасында жиі-жиі пікірталастар туғызуда. Арал мәселесі туралы халықаралық конференциялар ұйымдастырылды. Өркениетті елдер қаржылай көмек көрсетуде. Олар негізінен Орта Азия республикалары, Ресей, АҚШ, Жапония, т.б. мемлекеттер.

Информация о работе Шпаргалка по "Экология"